1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


«Түрік этнонимі»: Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы жəне саяси тарихы



бет9/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
12. «Түрік этнонимі»: Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы жəне саяси тарихы. Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мəліметтер 542 жылдан бастап кездеседі. Түркілер жужан қағанына салықты темір түрінде төлеген. Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті. Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді.
Қытай жазбаларында айтылғандай Бумын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған
552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды
(аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары жəне Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды.
Мемлекеттің ыдырауы. VI ғасырдың соңы — VII ғасырдың басында Қытайдың күшеюі билік басындағы түркі əулетінің өз ішінде қырқыстың басталуымен жəне даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келді. Мұның бəрі қағанатты дағдарысқа ұрындырды. Түркілердің қарсылығын əскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. Біртұтас мемлекет Батыс Түрік жəне Шығыс Түрік қағанаттарына бөлінді. Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді.
13. Батыс Түрік қағанаты (он оқ) - құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.
Батыс Түрік (603-704жж) қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған. Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.
Он тайпа бес нушеби жəне бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын əскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде əлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай əскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.
Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші жəне əскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.
Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады. Батыс Түрік қағанаты ішкі жəне сыртқы шайқастардан əлсіреп, 704 жылы құлады. Орнына Түргеш қағанаты келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет