5)Неолит кезеңіндегі Қазақстан. Археологиялық ескерткіштері. Шаруашылығы мен мәдениеті. «Неолиттік төңкеріс». Неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.
Тас өңдеу биік деңгейге көтерілді. Ұсақ тастардан өткірленіп алынған ұштар мен кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін қолданылды. Мұндай құралдарға жебе мен найза, жүзі өткір тастардан жасалған пышақ пен орақтар жатады. Құрамалы құралдар екі түрлі материалдан құрастырылып, құралдың ұшы немесе жүзі ұсақ өткір тастан жасалған. Неолиттік тұрақтар мен қоныстар еліміздің аумағында көптеп кездеседі. Олардың жалпы саны 500-ден астам. Неолиттік тұрақтар адамдар уақытша және ұзақ уақыт аралығында тұрақты өмір сүрген қоныстар болып екіге бөлінеді. Ежелгі адамдардың негізгі аулайтын аңдары аша тұяқты болып, жайылымын жиі өзгертетін болғандықтан, аңшылар олардың соңынан жылжып көшіп отырған. Сондықтан мекендердің көпшілігі уақытша болған. Неолиттік тұрақтар: Усть-Нарым (Шығыс Қазақстан), Қарағанды, Зеленая Балка (Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан). Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап тапты. Мата тоқып, киім тігуді үйренді. Қыш құмыра (керамика) жасауды біліп, ыдыстарға өрнектер салған. Сондықтан бұл дәуірді “қыш құмыралар заманы” деп атайды. Саздан жасалған қыш ыдыс көзе деп аталады.
Петроглифтерде мифологиялық сюжеттер, діни-нанымдар, әдет-ғұрып сахналары – «Көкке табыну», «Құрбандық шалу салты», «Көк Тәңірге жол тарту» көріністері бейнеленген. Сондықтан да, қажылыққа барып тәу етушілер мен мистиканы әр түрлі жақтаушылар мұнда жиі келеді.Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басын солтүстік-батысқа қаратып, шалқасынан жерлеген. Бұл о дүниеге деген сенімнің болғандығын білдіреді.
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Неолит дәуірінде адамдар тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналыса бастайды. Осы кезеңде адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Кен кәсібі, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда бұл кезеңде рулық қауым дәуірі болып табылады. Мұнда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан құрылды.
Ескерткіштері: