11. Қаңлылардың саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті Қаңлылардың астанасы – Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған. Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уəзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, əр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен əкеден балаға берілген.Қаңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы.
Б.з.б. 6 ғасырда жазылған ежелгі Иранның қасиетті кітабы “Авестада”: “Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бəрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді” деп жазылған. “Канха”, “кангүй” сөздері Қаңлы атауына ұқсас.Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты.
Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мəдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған. Қауыншы жəне Отырар-Қаратау мəдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған.Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мəдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), əйелдердің қабірлерінен көбінесе əшекей заттары:
моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды. Отырар-Қаратау мəдениетіне жататын ескерткіш - Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Олардың көпшілік бөлігі — оба астындағы жерден қазылған шұнқырлар. Обаның айналасында кішкене ор қазылғаны аңғарылады. Қабір шұнқырлары əдетте солтүстіктен оңтүстік бағытына ұзынынан бағдарланған. Өлген адамның мəйіті қамыстан тоқылған төсенішке ұзынынан жатқызылып оралып, шұңқырдың түбіне немесе лақатқа салынған. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.