1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


)Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті



бет6/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

7)Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданыныңНикольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялықэкспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайықпен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.
Ботайлықтар бүкіл Еуразия даласында алғашқы жылқы малын қолға үйреткендер болды. Ботайлықтарды жылқы өсірген бақташы тайпалар деп атауға болады. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылған. Жылқыны қолға үйрету, оны салт мініп жүруді, көлік ретінде пайдалануды ойлап табу адамзат дамуында прогрестің болғанын дәлелдейді. Осылайша адамның уақыт пен кеңістікті игеруінің негізі қаланды. Ботайлықтар адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білген, итті кие тұтып, оны табалдырық астына көметін ғұрыптары болған. Иттің өз иесінің үйін түрлі қауіптен қорғауы, иті өлген соң да қорғап жүреді деп сенуі Ботайлықтарды итке кие тұтуға алып келді. Далаға апарып көміп тастамай,табалдырық астына көмген. Өлген ит табалдырық астында жатқанда қорғай алады деген сенім болған.
8. Ерте темір тайпаларының этносаяси жəне əлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар. Сарматтар.
Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дəуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер əкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы жəне көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия жəне Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең – байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) жəне басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Тарихшылардың еңбегінде сақтардың ержүрек, батыл тайпа болғаны айтылған. Сақтардың ержүрек, жауынгер тайпа болғанын сақ патшайымы Томирис туралы аңыздан да аңғаруға болады. Томирис патшайым б.з.б 570-520жж өмір сүрген, сақтардың билеушісі.
Деректерге сүйенсек, б.з.б 530 жылы Кир бастаған парсы əскері сақ жеріне басып кіреді. Сол уақытта сақтарды Томирис патшайым билеген болатын. Жəне əйел екеніне қарамастан, ол парсылармен қиян-кескі соғыс жүргізеді. Кир əскері Сырдария аумағына дейін келіп, сақ билеушісіне елші жібергенде Тұмар патшайым онымен келіссөз жүргізуден бас тартады. Оған ашуланған Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Кир Томиристің ұлы Спаргаписті өлтіреді. Бұл шайқас нəтижесінде, парсылар жеңіліп, Томирис Кирдің басын қан толы ыдыстың ішіне салып, "сен қанға тоймаушы едің, енді тойғаныңша іш" дейді.
Ал, Шырақ есімді сақ малшысы туралы аңыз сақтардың өте ақылды жəне жауынгер болғанын тағы бір дəделдемек. Сол заманда Шырақ есімді малшы жігіт өз денесін пышақпен тілгілеп, алдынан шыққан жауға сақ көсемдерінен қорлық көрдім деп, ақылдылығымен жау əскерін алдап түсірген. Оның қызыл-ала қан болған денесін көрген жау қолы малшы жігіттің сөзіне сеніп, оның артынан еремін деп, шөл далада адасып, қырылып қалады.
Массагеттер дегеніміз – ежелгі грек авторларының айтуынша Арал бойын,
Амударияның жəне Сырдарияның жағалауларын, Үзбойдың аймақтарын мекендейтін тайпалар бірлестігі болып табылады. Негізінде сақтар мен массагеттер бір тайпа. Көне деректерді зерттеген тарихшылардың ойынша, Массагет атауына біріккендер қатарында бірнеше тайпалық бірлестіктер топтары болған, жəне олар б.з.б. І мыңжылдықтың орта шеніне дейін осы атауды жоғалтпаған. Геродоттың айтуынша, Массагеттер көшпелі тайпалар. Олар соғысқа атпен де, жаяу да шыққан, ат əбзелдерінің бірнеше түрлері болған. Қару-жарақтары мен əшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған.
Сармат тайпаларының қалыптасуы өте ерте заманнан басталады. Бұл тайпаның аты б.з.б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Олар б.з.б. 3 жəне б.з. 4 ғасыр аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген. Олар алғашында, б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б.з.б. II ғасырдан бастап ірі саяси одаққа бірігіп, Оңтүстік Орал, Еділ бойына, Қазақстанның батыс аумағына қоныстанған. Б.з. IV ғ. ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударған. Сармат ескерткіштерінің бірі Батыс Қазақстан жерінен табылған Сынтас қорымы болды. Қорымның бірінші обасы бөренелермен шатырланып салынған. Бұл обаның ішінде үш сармат жауынгері жерленген.
III-V ғғ. зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу əдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б.з. бірінші мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар. Сармат тайпалары Еуразияның саяси-экономикалық жəне мəдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді. Савроматтар - Жайық өңірі мен Еділдің төменгі сағасын мекендеген көптеген ежелгі тайпалардың атауы. Савроматтар - сармат тайпалары түркі халықтарының, қазақ ұлтының қалыптасу тарихына терең із қалдырған алғашқы мемлекет бірлестіктерінің бірі. Көптеген уақыт бойы Савроматтар тайпаларының тарихи отаны белгісіз болып келді. Соңғы археологиялық зерттеулердің нəтижесінде Савроматтар мəдениеттің ошағы б.з.б. 6 ғ. төменгі Еділ мен Жайық алабы екені анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет