1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Ақ Орда мемлекеті: аумағы, тайпалық құрылымы, саяси тарихы



бет14/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

25. Ақ Орда мемлекеті: аумағы, тайпалық құрылымы, саяси тарихы.
Алтын Орданың күйреуімен монғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздікке ие болып Қазақстан жерінде жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет - Ақ Орда хандығы. 1227 жылы Жошы ханның қайтыс болуымен билік оның екінші ұлы Батудың қолына өтті. Бұл туралы Әбілғазының «Түрік шежіресінде» мынадай дерек кездеседі: «Жошы ханның өлімін естіген Шыңғыс хан қайғы жамылып, аза тұту жариялады. Ол Отчигинге Дешті Қыпшаққа аттанып, Жошы ханның орнына Сайын хан деген лақап атпен белгілі, оның екінші ұлы Батыны сайлап, оның бұл дәрежесін ағалары мен бүкіл әмірлеріне мойындатуды бұйырды... Бәрі бірауыздан оның билігін мойындады». Мұрагерлік мәселесіне қатысты бұл шешім жөнінде Рашид ад-дин «Орда інісі Батының хан тағына отыруын қолдап, әкесінің тағына оны өз қолымен отырғызды», - деп жазды. Бату Шығыс Еуропаға жасаған жорығынан оралған соң өз ұлысын әке ордасынан бөліп алды. Өз ордасының батыс шекарасын Жайықпен шектеп, одан шығысқа қарайғы жерлер ағасы Орда Ежен билігіне өтті. Ақ Орданың негізін қалаған да осы Орда Ежен. Рашид ад-дин: «кімде-кім Орда ұрпағынан келіп, Баты ұрпақтарының орнына хан болып отырмайтын, өйткені олар бір- бірінен алыста болды және әрқайсысы өз ұлысының жеке билеушілері саналды», - деп көрсетеді. Ақ Орда алғаш құрылған кезде Алтын Ордаға формальды түрде тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды.
Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ Алтайдан қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды.
Ақ Орданың әскери-саяси күшінің шырқау шегіне жетіп күшейген мезгілі Шымтайдың мұрагері Ұрыс ханның тұсы. Осы кезде Алтын Орда тағы үшін болып жатқан билікке таластан Ақ Орда билеушілері де шет қалмады. Ерзен мен Мүбарак хандар тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан оқшаулана бастады. Мүбарак хан 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғаларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, 1376 жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкенді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет