1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары


Алаш хан кесенесі мен Абат-Байтақ дала мемориалдық сәулет өнерінің конструктивті және көркемдік ерекшелігі



бет18/23
Дата03.05.2023
өлшемі52,29 Kb.
#89408
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
51.Алаш хан кесенесі мен Абат-Байтақ дала мемориалдық сәулет өнерінің конструктивті және көркемдік ерекшелігі
Жауабы: Алаш хан кесенесі — Ұлытауда XV-XVI ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық ескерткіш. Кесене Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай ауылынан 2 шақырым жерде салынған. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген. Алаш хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы — 9,73 х 11,9. Биікт. — 10 м. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Олардың көлемі 230 х 14 х 60 мм, 260 х 230 мм, 320 х 320 х 60 мм, т.с.с әртүрлі болып келеді. Құрылыс үстінен биіктігі екі жарым метрге жуық (231 см) барабан — күмбез мойындығы салынып, одан күмбез шығарылған. Барабан сатыланып кішірейе түсетін төрт белдеуден тұрады. Көпқырлы және цилиндр тәрізді етіп жасалған бұл белдеулердің диам. — 743, 673, 643 см.
Абат-Байтақ КЕСЕНЕСІ- Бұл кесене XIV ғасырдың соңы - XY ғасырдың бас кезінде салынған сәулет ескерткіші. Алтын Орда мен Ноғайлы дәуірінің көзі десек те болады. Академик Әлкей Марғұлан көшпелі өркениеттің ерекшеліктерін, өзіне тән дүниетанымы мен бейнелеу өнерін талдай келіп «Ең көркем құлпытастар, сұлу күмбездер, кешендер, сағана тамдар Сағыз өзені бойында, Қобдада, Маңғыстауда сақталған» деп бағалаған екен. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы ұсынған «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының «Діни ғұрыптық және ғибадат орындары» санатына қосылған тізімде Абат Байтақ кесенесі бар. Дәл осы сипаттағы ескерткіш Еуразия бойынша Хорезм мен Челябі жерінде ғана болған. Абат-Байтақ кешенінің маңыздылығы XVIII – XX ғғ. басында бұл жерде қазақтың аса зор қорымының бой көтеруімен байланысты. Оның құрамына шикі кірпіштен салынған мазар мен 200-ден астам құлпытас кіреді. Олар қабір үйіндісі мен шикі кірпішті қоршаулардың батыс жағында орнатылған. Профессор С.Әжіғалидың зерттеулері бойынша мавзолейдің қалыңдығы 3 метр, биіктігі 5 метрге жуық қасбеті (портал) болғандығын дәлелдеді. Мавзолейдің жалпы биіктігі 16 метр болған, қазіргі сақталып тұрған биіктігі 14,5 метр. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстанда 78 тарихи-мәдени ескерткішке реставрация жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет