1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары


Монументалды сәулет өнері орталықтары



бет19/23
Дата03.05.2023
өлшемі52,29 Kb.
#89408
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
77 сурак

52.Монументалды сәулет өнері орталықтары
Жауабы: Монументті өнер, пластикалық өнердің шығармаларын нақты архитектуралық орта үшін кеңістік-идеялық жағынан толықтыру мақсатымен жасалады. Монументті өнердің бірнеше түрі бар; ескерткіштер (көшеде, алаңда қойылатын), монументтер (ірі тарихи оқиғаларға байланысты қойылатын), мүсінді – архитектуралық ансамбльдер, т.б. Бұл өнерге өте қатты, төзімді материалдар: гранит, қола, мрамор, т.б. қолданылады. Қазақстан жеріндегі Монументті өнер қола дәуірінен (Алматы облысы Там-ғалы шатқалындағы, Маңғыстау түбегіндегі, Балқаш жағалауындағы және Оңтүстік Қазақстандағы тас таңбалар-петроглифтер) басталады. Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі сырлы сурет көріністері мен қабырғаларының мозаика қалауы – орта ғасырлардағы Қазақстан Монументті өнерінің жоғары деңгейін танытады. Монументті өнер КСРО тұсында біршама дамыды Осы жылдары 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы паркте монументтік Даңқ мемориалы (1975) тұрғызылды. Тарихи тақырып Монументті өнер түрлерінде көрініс тапты. Олар: Алматы қаласындағы А. Иманов (1947) және Ә.Жангелдин ескерткіштері (1975). Облыс орталықтарындағы алаңдар мен парктердегі тарих, мәдениет, өнер қайраткерлеріне орнатылған ескерткіштер: Жамбыл бюсті (1971), Абай ескерткіші (1960), Т.Рысқұлов (1979), М.Әуезов (1981) ескерткіштері болды.
53.Қазақтың дәстүрлі киіз үйі
Жауабы: Ата-бабаларымыз таулы өңірде мекенденгендіктен, орман-тоғайдың ен байлығынан мейлінше игіліктенген. Қауымдық қоғам кезіндегі ата-бабаларымыздың алғашқы баспаналары тас үңгір, күрке, жер үй – лопы, балаған, қақыра, қалытқы, саргер, шарбақ үй, т.б. болғаны шындық.
Шаруашылықтың шалқуына ілесе тас үй, тасқора, тас үңгірлерді тастап, дөңбек үйлері, дөңбек қоралары, кірпіш үйлері бар тұрақты қоныстар құрып мекенденумен бірге көшпенді тұрмысқа лайықты киізүй қаңқасын, киізүй жамылшыларын жарыққа шығарған. Демек киізүй – көшпенді тұрмыстың төл туындысы. Халқымыздың үйағаш басатын шебер үйшілері, шаңырақшылары, үйдің ағаш мүкәмәлін, ағаш ыдыс-аяғын жа­сайтын даңғайыр ағаш шеберлері артына ағаш ісмер­лігінің мол қазынасын қалдырды да, үйағашылық, үйшілік өнері – дара ұлттық ерекшелігімен бүгінге жетті. Киізүй мал­шаруашылық өңірлерінде қазір­ де пайдаланып отыр.
Жүйеден, киізүй көшпенді тұрмыстың жемісі болғандықтан, орталық және Орта Азианы қоныстанған басқа да мал өсіруші тайпалар қырғыз, тәжік, өзбек, моңғол т.б. ұлттарда «киіз туырлықтылар» атанды.
Алайда, әр ұлттың ұлттық салт-сана, діни наным-сенім­деріндегі, тұрмыс мәдениетіндегі өзгешеліктеріне қарай киіз үй­лерінде айқын парықтар болды. М: қалмақ үйі – (моңғол халқының «гер» деп аталатын киізүйі) сүйегі кереге – «терім»; уығын –«унын»; шаңырағын – «харач» деп атайды. Шаңырағы шағын, уықтары түзу ағаштан жасалады. Сондықтан үй төбесі қиық конус тәрізді, еңсесіз, аласа. Қазақ үйінен тар келеді. Уықтарына бау орнына бүлдірге тағылады. Туырлықтары кереге бойы келеді де, жоғарғы жағына үзік жабылады.Үзік етегі жайылып тегіс түседі. Туырлық үзіктерінің пішіліп тігілуі қазақ киізүй жамылшыларындай күрделі болмайды. Бұл моңғұл халқының тігетін баспанасы болып – қытай тілінде мыңгу бау қалмақ үйі делінеді.
Ал қазақ киіз үйлерінің уық балағы кереге басынан жоғары отызда елу сантиметірдей сыртқа тебіңкі, доғалана иін жасап керегемен қосылады да, табиғи биіктеп еңселі көрінеді. Сондықтан, қазақ киізүйі моңғол үйінен биік те, еңселі кең келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет