1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары


XV-XVIII ғасырлардағы қазақ фольклорының дамуының негізгі бағыттары



бет16/23
Дата03.05.2023
өлшемі52,29 Kb.
#89408
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
77 сурак

46. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ фольклорының дамуының негізгі бағыттары
қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк, И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады.
Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.
47. Қазақ мәдениетінде ақындар мен жыраулардың мәртебесі
Жыраулар поэзиясы – ауызша және жазбаша сөз өнері поэзияның көшпелі тұрмыс мәдениеті жағдайындағы өзгеше құбылысы. Қазақ мәдениетінің көшпелі тұрмыс аясындағы сипатында адамгершілік тәрбиесі маңызды орын алады. Қазақ әдебиеті ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерекшеленеді. Мемлекетті басқарған хандардан бастап, есі енді кіре бастаған балаларға дейін сөз өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық ықпалын қабылдайды. Халық «Өнер алды – қызыл тіл» десе, сол тіл өнерін жете меңгерген, аузын ашса болды көмейінен күмбірлеп жыр құйыла жөнелетін адамның жұрт алдында зор беделге ие болуы заңды құбылыс.
48. Қазақтың дәстүрлі музыкасының генезисінің жалпы бағыттары.
Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдікке ие болды.
Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш. Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И. Левшин былай деп айтқан: «Қазақтар адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады» деген.
Қазақ музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар – жыр, толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет