26.ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстандық қала сәулетінің ерекшелігі . XX ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің маңызды ерекшелігі кәсіптік өнердің әр алуан түрлерінде ұлттық мектептің қалыптасу үрдісімен байланысты болды. Бүкіл кеңес құрылысының контекстінде айтулы деңгейге қол жеткізіп, көш басындағы орындардың бірін иеленген сәулет өнері солардың ішіндегі басым жағдайды ұзақ уақыт бойы сақтап қалды. Бұрын соңды еш нәрсесімен қызықтырмаған Қазақстан сәулет өнері, 1960 жылдардың басынан бастап ұлттық сәулеттік тәжірибе саласына байланысты шығармашылық белсенділікті айқындап, мамандардың ерекше зерттеу нысанына айналды. Отырықшылықтан көшпенді мәдениеттің басымдығын, яғни, дәстүрлі қазақ құрылыстарының түрлері мен ерекшеліктерін тарихи үрдістің сипаты түсіндіреді. Көшпенділікпен тығыз өзара әрекеттестікте дамыған қаланың құрылыс мәдениеті гүлдену дәуірін (XII ғ.) және одан кейінгі құлдырауды басынан өткізіп, XVIII ғасырда әлде қайда кіші көлемде қайта жанданды. Қазіргі мәденитарихи негізде, өте қысқа мерзімнің ішінде (жиырма жыл шамасында), кең ауқымда ұлтқа арналған жаңа ғимараттар түрінің, жаңа құрылыс техникасы мен материалдарының ұсынылуымен кәсіби жетілген бүгінгі сәулет өнерінің пайда болуын өзіндік әлеуметтікмәдени және архитектуралық тәжірибе ретінде қарастыруға болады. Кішігірім қиындықтар ұлттық мектепті дүниеге әкелумен байланысты болды. Қазақстан сәулет өнерінің тарихтағы балаңдығы өзгешелік мәселелеріне ерекше өзектілік берді. Ұлттық мектептің ерекшелігі мен динамикасы Алматы құрылысында өзін толық көрсетті, ол қала құрылысы бойынша материалдардың басымдығын анықтады. Қазақстан сәулет өнері дамуының әрбір кезеңінде ұлттық мектеп күткендейақ өзіндік мәселелерін шешу басым тұрды. Өзіңнің уақытыңның құрылғыларымен ерекшеленген осы бағыттағы жұмыстың теориялық және практикалық нәтижелелері Қазақстан Республикасының кәсіби мектебі қалыптасуының күрделі үрдесін бақылауға мүмкіндік береді.
28.Салт-дәстүр. әдет-ғұрып, ырым-жороалар. Мұра. Дәстүр Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған.
Әдет-ғұрып — белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.
Қазақы әдет-ғұрыптар (арабша адәт және урф) көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған. Әдет-ғұрып – Құран, сүннет және сахабалардың пәтуәларында кездеспейтін қандай да бір қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы табылмаған кезде ғұрып дәлелге саналады. Өз кезегінде ғұрып – «дұрыс» және «бұрыс» болып, екіге бөлінеді. Дұрыс ғұрыпқа – шариғатқа қайшы келмейтіндер, ал бұрыс ғұрыпқа – діни негіздерге томпақ келетін ғұрыптар жатады. Сондықтан, әдет-ғұрып Құран, сүннет, ижма және сахабалардың амалдарына теріс келмеуі шарт. Әбу Ханифа үкім берерде адамдардың салт-дәстүрі шариғатқа қайшы келмесе оны дәлел ретінде санаған.
Мысалы, сауда-саттықта сатушы – «саттым, ал тұтынушы – «алдым» деп айтуы шарт. Алайда, халықтың арасында нақты осы сөздерді қолданып жатпай тек ақшасын беріп, затты сатып алу әдетке айналып кеткендіктен, бұл сөздерді қолданбай-ақ ақысын төлеп, затты алып кете беруге рұқсат берілген.