1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»



бет10/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

13.Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясатқа көшудің (ЖЭС) әлеуметтік-экономикалық негіздері (наурыз, 1921 ж.)


Қазақстанда ірі байларды тәркілеу мәселесі 1923ж. Наурыз айында облыстық ІІІ партия конференциясында қойылды. Алайда ол кезде экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға бағытталған жаңа экономикалық саясат стратегиясы коммунистерді тежеп ұстап тұрды. Алдағы экономикалық аласапран мен идеологиялық догманың біреуін таңдауға тура келді. 20жж. Дағдарыстан күйзелген жүйе біріншісін таңдап алды. 1927ж. Қараша айында Қазақстанның IV партия конференциясы байларды экспроприациалау идеясына қайта оралды, “олардан мал мен құрал-жабдықтың бір бөлігін тартып алуды мүмкін” деп есептеді, жергілікті партиялық “теорияшылдардың” пікірінше, бұл — “ауылды орташаландыруға және оның өндіргіш күштерін дамытуға апарып жеткізуге, сөйтіп пролетариаттың ауыл еңбекшілерімен одақ құруы линиясын бұрынғыдан бетер бекітуге тиіс” болды. 1927ж. Желтоқсан айында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. 1928ж. Наурыз айында Қазақстан өлкелік Комитетінің Бюросы заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылай түсті және онымен бірге БК(б)П ОК мен БОАК-ты таныстырды. Осы жылы тамыз айында Өлкелік Комитет науқанға тікелей басшылық ететін комиссияны құрды. Комиссия төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, О.Жандосов және басқалар кірді. 1928ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауылдарға тікелей мыңнан аса өкілдер жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс атқарды. Қаулыға сәйкес Республика бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар (ірі қараға шаққанда) жартылай көшпелі аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 аса малы бар шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928ж. 1 қарашасында аяқтау жоспарланды (кейін ол 10 күнге ұзартылды).Науқан қорытындысы туралы құжаттарда, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, оның 619 тұрған округтерінен тыс жерге жер аударылды. Олардан ірі қара малға шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды.Алайда жарияланған статистикалық құжаттарды талдаған кезде, тәркіленіп алынып “тең” бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қараған кезде, кедей жарлылардың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді. Мысалы, Қарқаралы округінде тәркіленген малды 198 малсыз шаруашылық, қарауында 1-ден 5-ке дейін малы бар 1374 және қолдарында 6—7-ден малы бар 27 шаруашылық алды. Шамамен есептегеннің өзінде, бұл шаруашылықтардың халыққа ең аз мөлшермен алғанда, барлығы 12.139 мал қажет еді. Ал, оларға барлығы 2065 мал ғана берілді, яғни 5 мың мал жетпей қалған. Қызылорда округінде жетпеген мал саны 9 мың бас болды. Басқа округтерде де жағдай тура осындай болды. Бұл санақ тек бір нәрсені байқатады: шаруашылықтардың кейбір бөлігінде шаруаны жүргізуге қажетті мал саны ең төменгі мөлшердің өзіне де жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту үмітінен айырылды, “ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды”, қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шындығында бұрынғыша қауымның кіріптар мүшесі болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Уақытында Т.Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осы жағдайға аударған болатын.Тәркілеу тек оң іс деп танылды, себебі қаулы бойынша, ол ауылды “қансорғыш-қанаушылардан” азат ету мақсатын көздеді деп көрсетті. Бірақ, тәркілеуді өткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шегінен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын, қарауында 300—400 қоралы қойы бар, орта дәулетті адамдарды да есепке алды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге бұл мал соншалықты байлық болып көрінді, оны тез арада тәркіге салып, қолма-қол жарлы-кедейлерге берілуі қажет деп санады. Осындай “ауыл байларын” жойып, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралдарын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш-жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, өте байлар малы тартылып алынып, кезінде өздеріне сауынға берген малы тәркіге тағы да түсіп азып-тозды. Барлығының нәтижесі бірдей болды.

1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді.


1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. Басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 ж. Бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. Пұт деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. Пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. Пұтты көрсетті. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті. 1920–1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді.Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі “Сібірдегі артық астықты алу туралы” декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке сай 1921 жылдың тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. Пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. Пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді. Тапсырманың 26 млн. Пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек Қостанайдың өзінен 6 млн. Пұт астық алынды. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы, мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр болды.Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында – 100 мың, Оралда – 400 мың, Семей губерниясында – 500 мың, Орынбор – 445, Ақтөбеде – 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тұра келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді.


Мұндай жағдай “соғыс коммунизм” саясаты тұсындағы әкімшілік басқару әдістерін жандандырды. Экономикалық даму жүйесіне әкімшілік тұрғыдан араласу большевиктердің негізгі жұмыс әдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік, шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды. Экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды. Дағдарыстардың бәрі осы жоспарлаудағы кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті партия және кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан көпукладты ұдайы өндірістік жүйенің қатар даму барысын шектеді, яғни 20-жылдардың аяғында ұсақ товар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни ЖЭС тоқтатылды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет