1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Қазіргі қазақ фразеологиясының құрылымдық-семантикалық жүйесі



бет49/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Қазіргі қазақ фразеологиясының құрылымдық-семантикалық жүйесі

1. Қазақ фразеологиясының қалыптасуы және зерттелу аспектілері.


2. Фразеологизмдердің типологиялық жіктелімі.
3. Фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты.
4. Фразеологизмдердің стильдік-экспрессивтік жіктелімі.
5. Фразеологизмдер семантикасындағы стереотип, эталон және символдық компонент.


Қазақ фразеологиясының қалыптасуы және зерттелу аспектілері. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40 жылдары қалыптасты. Қазақ тіл білімінде фразеологияның зерттеу нысаны мен тілдік табиғаты, фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты мен лексика-грамматикалық ерекшелігі, олардың стилистикалық қызметі мен фразеологиялық құбылыс заңдылықтары І.Кеңесбаев, М.Балақаев, М.Копыленко, Т.Қордабаев, Ө.Айтбаев, А.Ысқақов, Н.Уәли, Г.Смағұлова сынды ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттелді.
Фразеологияның жеке зерттеу пәні ретінде қалыптасуы жөнінде І.Кеңесбаев мынадай пікір білдіреді: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын фразеология деп атау әбден орынды» [1, 589]. Сондай-ақ, тілші-ғалым тұрақты тіркестердің құрылымдық сипаты туралы өз ойын былайша тұжырымдайды:
- біріншіден, тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орны, еркін тіркес құрамындағы сөздердің орнына қарағанда әлдеқайда тұрақты, бекем болады.
- екіншіден, тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерінен туатын бір бүтін мағына оны құрастырушы сыңарлардың мағынасынан басым болады.
- үшіншіден, тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері бір тілден екінші тілге аударуға икемсіз келеді, әсіресе оларды тікелей сөзбе-сөз аударуға болмайды [1, 590].
Н.Уәли құрылымы жағынан тұрақты әрі тиянақты, сыңарлары біртұтас мағынаны білдіретін және жеке-дара тұлғаланатын, сондай-ақ тұтас күйінде өзге де сөздермен тіркеске түсе алатын, форма жағынан синтаксистік единица (сөз тіркесі, сөйлем), мазмұн жағынан лексикалық единица (сөз) түріндегі тілдің мағыналық бірлігін фразеологизмдер деп атайды [2, 75].
Ө.Айтбаев фразеологизмдерді өзге тілге аудару мәселелерін қарастыра келе, эмоционалды-экспрессивті қызметі туралы мынадай пікір білдіреді: «Қандай тілде болмасын фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай-қайсысында да мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздердегі тәрізді тұрақты сөз тіркестерінде де эмоционалды-экспрессивтік бояу мол. Көбіне осы өзгешелік басым. Яғни фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады. Экспрессивті-эмоционалды бояуы бұрыннан бойында бар фразеологиялық единицалар көркем әдебиетте қолданылып, сөйлеушінің адамзат, құбылыс турасындағы өз көзқарасын мәлім етеді. Экспрессивті тұрақты тіркестер сезімге айрықша әсер етеді» [3, 388].
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер жүйесін тақырыптық және лексика-семантикалық тұрғыдан топтастырған тілші-ғалым Г. Смағұлова адамның көңіл-күйін білдіретін эмоционалды-экспрессивті мәнді фразеологиялық бірліктердің өте жиі кездесетіндігін көрсетеді. Тілші-ғалым эмоционалды-экспрессивті мәнді фразеологиялық бірліктердің өте жиі кездесуін қазақ халқының ұлттық психологиялық ерекшелігімен байланыстыра келе, ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде кездесетін фразеологиялық факторлар табиғи тіл дамуының ажырамас көрсеткіші болуы керектігін айтады [4].
М.Копыленко тілші-ғалымдардың түрлі пікірлерін негізге ала отырып, фразеологизмдердің құрылымы жағынан тұрақты, семантикалық тұтастыққа ие, «узуалды шектеулі контекстке ие», лексемалардың саны жағынан шектеулі болатындығын айтады. Тұрақты тіркестер құрамындағы лексемалардың құрылымы жайлы айта келіп, М.Копыленко өз ойын былайша тұжырымдайды: «Кез келген (жеке не топтық) лексемалардың тіркесімділігі тіл фактісі саналады, сондықтан лексемалар тіркесімділігінің өзіндік заңдылықтарын жеке зерттеу пәні ретінде қарастыратын тіл ғылымының саласы қажет, осы қажеттілікті тіл ғылымының фразеология саласы қарастырады» [5, 24].
М.Копыленко өзінің ұсынған фразеологиялық концепциясында фразеологизмдерді «лексема» (сөздің дыбыстық жағы) және «семема» (сөздің ішкі мазмұндық жағы, сөздің лексика-семантикалық варианты) терминдерімен байланыста қарастырады. Тұрақты тіркестердің семантикалық құрылымындағы денотативті және коннотативті ақпараттардың қолданысын тілші-ғалым былайша сипаттайды: «Денотативті семема ретінде (Д¹, Д² деңгейінде) қоршаған ортадағы зат, құбылыс, іс-әрекеттердің шынайы белгілерімен ассоциациялық қатынаста болатын алғашқы аталым, түбір сөздер не екіншілік аталым, яғни туынды сөздерді танимыз. Ал коннотативті сема денотативті семемаларға ие лексемалардың семантикалық тіркесімділігінің кеңеюі негізінде түзіледі. Коннотативті семамаға ие лексемалар өз бойында қосымша бағалауыштық мағыналарды таңбалайды дей келе, коннотативті семемалар таңбалайтын зат, нәрсе, құбылыс туралы жаңа көзқарасты ұсынады. Салыстырыңыз: туча – грозовая, большая, темная и туча птиц, т.е. много птиц, но они летят большой, темной массой. К¹ және К² семемалар денотативті семемамен уәждік байланысы бар не жоқтығымен ерекшеленеді, ал К³ лексемасының денотативті семамен байланысы кейде мүлде үзілген болып саналады» [5, 25].
Жалпы қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдер жүйесі зерттелуінің үш ірі парадигмасын көрсетуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет