1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет46/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
а қы жәрдемақы бейне таспа
өтемақы түсірілім
пәтерақы камера
сыйақы клип
төлемақы фильм
шәкіртақы баян

Біріккен, кіріккен сөздермен қатар кейінгі жылдары қос сөз түрінде келетін терминдер мен атауларды баспасөз беттерінен кездестіруге болады. Мәселен, арыз-тілек (петиция), әл-ауқат (благосотояния), көші-қон (миграция), өлім-жітім (летальность), сауда-саттық (аукион), іс-шара (мероприятия), іс-әрекетсіздік (бездеятельность). Сол сияқты терминжасам шығармашылығында сөздерді тіркестіру арқылы жасалған екі, үш сыңарлы атаулар елеулі орын алады. Қазіргі қазақ баспасөзінде мынадай екі-үш сыңарлы жаңа терминдер қолданылып жүр: айлық есептік көрсеткіш, жол-көлік оқиғасы, төлқұжат үстелі, ырықты экономика, біртұтас әкімшілендіру, жан сақтау, көлік құралы, дыбысжазғыш құралы, бірреттік жәрдемақы т.б. [2, 22-23].


4. Орыс тілі негізінде енген неологизмдер. Тілдің сөздік құрамына жаңа ұғымдармен, жаңа заттармен, техникамен бірге басқа тілдерден жаңа атаулар келіп енеді. Тіліміздің лексикалық құрамына орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден көптеген жаңа сөздер енді. Мысалы, трамвай, телеграмма, телефон, трест, купе, проза сөздері о баста неологизм ретінде енгенімен, қазіргі таңда бұл атаулар жалпыхалықтық сипатқа ие болып, неологизм дей алмайтын сатыға көтерліген. Дегенмен қазіргі таңда телеграмма атауының «жеделхат» түрінде аударылып, жиі қолданылатындығы белгілі. Тағы бір айт кететін жайт, қазіргі тілімізде бір бөлшегі төл сөз, екінші бөлшегі кірме сөз болып келетін атаулардың саны күрт өсті. Бұған мысал ретінде қазіргі баспасөз беттерінен алынған мынадай мысалдарды келтіруге болады: авиатасымал, автожолгеосаясат, велошабандоз, киноөндіріс, еуроодақ, биоотын, экоорталық, фотокөшірме, этносаясат, фотоайғақ, трансұлттық т.б.
5. Калькалау арқылы пайда болған неологизмдер. Неологизмдердің бұл түрі көп жағдайда баспасөз арқылы халық арасына кең тарап, жиі қолданылуына қарай тілдің лексикасына еніп қалыптасып кетеді. Жалпы тілдегі жаңа атаулар мен терминдердің жасалуында калькалау тәсілі өнімділік танытуда. Мысалы, ашық есік күні (день открытых дверей), сауда нүктесі (торговая точка), сенім телефоны (телефон доверия), зымырантасығыш (ракетаноситель) т.б. Бұлар толық калькалану нәтижесінде алынған күрделі атаулар. Бұған жартылай және семантикалық калькалану нәтижесінде жасалған атауларды қоссақ, бұлардың саны арта түспек.
3. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер үлкен екі топқа бөлінеді:
а) ғылыми-техникалық әдебиеттердегі неологизмдер; ә) көркем әдебиеттегі неологизмдер.
Қазіргі қазақ тілінде Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде, негізінде, орыс тілінің әсері арқылы көптеген неологизмдер пайда болған. Мысалы: базальт, боксит, кидлит, плутон сияқты терминдер орыс тілі арқылы алынды. Бұл – геология терминдері – сол ғылымның жергілікті мамандары үшін де неологизм болады. Бұл сөздер қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамында аударылмай, тікелей келіп кірсе, терминдер қазақтың байырғы сөздерінен де жасалады. Бірақ бұлардың өзі де неологизм түрінде болады. Мысалы: алтын шаю (золотопромывание), атпа (извержение), желі (жила), керегетас (горсть), шөктіру (осаждение), шөгінделер (осадки). Мысалы: желі – бұрын тек бие байлау уақытында құлындарды тізіп байлап қою үшін қазыққа керілген арқанды (лексикалық мағына) білдірсе, осы лексикалық мағына негізінде геология, физика, компьютер салаларында терминдіктіркестер пайда болған. Мәселен, компьютерлік желі, электр желісі, желі теориясы [2, 192].
Неологизмдердің бір түрі ретінде қаралып жүрген жеке авторлық қолданыстағы жаңа сөздерді айтып өтуге болады. Автордың стильдік мақсатта қолданған өзіндік жаңалығы сол күйінде неологизм болып қала беруі, актив лексика қатарына енбеуі де мүмкін. Ал жеке автордың қолданысында пайда болатын жаңа сөздер – стильдік мақсатпен туындайтын, әдеби тілімізге кіру қабілеті шектеулі, мағынасы жағынан контекстке байлаулы, жасалуы жағынан тіл заңдылықтарына үйлесе де, үйлеспей де келетін, үнемі жаңашылдығымен ерекшеленетін сөздер. Мысалы, Қ.Мырзалиевтің мынандай қолданыстарын атауға болады: дертхана, ұшарман, Азалыстан.
Кейде көркем әдеби тіл нормасына ғана тән окказионализмдер тілдік нормамен үйлесімділік тауып, оған еніп те жататын кездері болады. Мәселен, Ш.Ш.Сарыбаев «Казахская региональная лексикография» деген еңбегінде балмұздақ, аялдама, теледидар сөздерінің алғашқы кезде окказионализмдердің қатарында болғанын, кейіннен әдеби тілімізге қабылданғанын атап көрсетеді. Сонымен бірге 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде І.Жарылғаповтың көрермен, оқырман деген өзіндік жаңа сөздері берілді. Бұл қолданыстар бүгінгі күні әдеби тілімізге қабылданып, одан орнықты орын алып отырған сөздердің бірі болып табылады. Әрине, берілген сөздер алғаш қолданылған кезден әдеби тілімізге енген жоқ. Бірақ кейіннен көпшіліктің қолдауы негізінде тілімізде тұрақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет