1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет51/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69
Фразеологизмдер типі

Фразеологизмдердің типтік белгілері

Тілдік фактілер

фразеологиялық тұтастық

уәждік белгісін жоғалтқан идиомалар

бить баклуши, собаку сьесть

фразеологиялық бірлік

ішкі формасы айқын көрінетін идиомалар

сидеть на мели, кот наплакал, стрелянный воробей

фразеологиялық тізбек

еркін тіркес негізінде жасалған бірліктер

оказывать помощь, зло берëт, твëрдый характер

фразеологиялық сөйлемше

терең мазмұнды, тура не ауыс мағынада қолданылатын сөйлем

не имей сто рублей, а имей сто друзей

Кесте 2. В.Виноградов ұсынған фразеологизмдер типологиясы

Н. Шанский фразеологимдерді өзіндік белгілері негізінде төмендегідей типтерге бөліп көрсетеді [11, 56-57]:





Фразеологизмдер типі

Өзіндік белгілері

Тілдік фактілер

Фразеологиялық тұтастық

тұрақты тіркестің ішкі формасы, уәждік белгісін айқындау мүмкін емес, омонимдік сипатқа ие

перемывать косточки, точить балясы

Фразеологиялық бірлік

уәждік белгісі айқын, семантикалық тұтастық тән, омонимдік еркін тіркесімділікке ие

закинуть удочку, тянуть лямку, мелко плавает

Фразеологиялық тіркес

семантикалық жіктелімге ие, омонимдік еркін тіркесімділік тән емес

крокодиловые слёзы, заварить кашу

Фразеологиялық сөйлемше

семантикалық жіктелімге ие, омонимдік еркін тіркесімділік тән емес

у чёрта на куличках; ни пуха, ни пера

Кесте 3. Н. Шанский ұсынған фразеологизмдер типологиясы

К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» атты еңбегінде фразеологизмдердің семантикалық категориялары, өзіндік ерекшеліктері мен түрлері туралы пікірін білдіре отырып, В.Виноградов пен Н.Шанскийдің жіктелімі негізінде қазақ тілінің фразеологиялық жүйесін семантикалық тұрғыдан төрт топқа бөліп қарастырады:


-фразеологиялық тұтастық;
-фразеологиялық бірлік;
-фразеологиялық тізбек;
-фразеологиялық сөйлемше.
Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді фразеологиялық бірліктер қатарына кіргізу не кіргізбеу даулы мәселе екендігін айтады [12, 65]. Ал Т. Қордабаев, А. Ысқақов тұрақты тіркестерді идиомалық тіркестер және фразалық тіркестер деп екіге бөліп көрсетеді.
Фразеологиялық сөйлемше туралы Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев, К.Аханов семантикалық және құрылымдық жағынан мақал‐мәтелдердің фразеологизмдердің елеулі өзгешелігі болатындығын көрсетеді. Тілдік жүйеде даяр қалпында қолданылуы жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Дегенмен мақал-мәтелдер белгілі бір мақсатты ойды жүзеге асыруда тыңдаушы жаққа ерекше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдердің мағыналары ауыспалы, әрі образды мәнге ие болса, мақал-мәтелдер уағыздау, үндеу сипатында келеді. Мақал-мәтелдер ауыспалы мағынада айтылғанмен, құрамындағы сөздер өздерінің лексикалық мағыналарымен байланысты болып келеді.
А.Салқынбай фразеологиялық сөйлемшеге байланысты мынадай пікір білдіреді: «Фразеологиялық бірліктер номинативтік аспектіден екіншілік атау ретінде танылады. Ал мақал мен мәтелдер танымдық тұрғыдан сұрыпталған, тиянақты пікірді білдіреді, коммуникативтік қызмет атқарады. Мақал‐мәтел мен қанатты сөздер арқылы ұлттық дүниетаным қалыптастырған білім, тілдік білім көрініс табады. Сондықтан мақал‐мәтелдер мен нақыл сөздер жеке дара атауыштық қызмет атқара алмайды, яғни фразеологиялық деңгейде қарастырылмайды» [13, 157].
А.Айғабылұлы: «Мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы ойды түйіндеп айту басым болады, сол себепті құрылысы жағынан сөйлемге ұқсайды. Фразеологизмдер нақтылы бір ұғымды астарлап айтып, тұтас алғанда жеке сөзге теңесіп тұрады. Фразеологизмдер, әсіресе идиомалар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді. Ал мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударыла береді», ‒ дейді [14, 154]. Қорыта айтқанда, мақал-мәтелдер этномәдени лексиканың қайнар көздерінің бірінен саналады, алайда құрылымдық сипаты мен семантикалық табиғаты жағынан фразеологизмдер жүйесінен бөлек қарастырылады.
Қазақ тілінің фразеологизмдер жүйесін арнайы зерттеген І.Кеңесбаев тұрақты тіркестерді өз ішінен екі түрге жіктейді: фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес. Фразеологиялық тіркестің өзін жасалу жолы мен құрамындағы мағыналарының ұйымдасуына қарай түйін тіркес және түйіс тіркес деп бөліп көрсетеді [1, 12]:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет