1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет48/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сыздықова Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар, 2009.
2. Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқарған сөздер. Астана, 2009.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы, 2008.
4. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
5. Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 2004.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Номинация теориясы және таным үдерісі. Неологизмдердің жасалуындағы интралингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар. Тезис жазу. Презентация қорғау.
3. Жалпыхалықтық және жеке авторлық қолданыстағы неологизмдер.
4. БАҚ-ғы жаңа атаулардың қолданысына талдау жасау.
5. Көркем шығарма тіліндегі авторлық неологизмдерге мысал теріп жазу.
6. Тарихи шығармалардағы көнерген сөздердің атқарып тұрған стилистикалық қызметі.


7. Мәтіннен көнерген сөздерді тауып, олардың мағынасын түсіндіріңіз және түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Үлгі: болыс, ұлық – тарихи сөздер; шекпен, оқа – архаизмдер.
Болыс – бұрынғы кездегі аумақтық-әкімшілік бөлік.
Оқа – жібек және зер жіптерден өрнектеле тоқылған зер.

Мәз болады болысың,


Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.

Құдай берген бұл достық – кәннің бірі,


Мұңдасқанда қалмайды көңіл кірі.
Қолдан достық жасап ем болар-болмас,
Итмұрындай наданның жыртты бірі.
Ел жайын біліп қансаңыз,
Айтайын құлақ салсаңыз:
Кейбіреуі дүрсіп жүр,
Жер тәңірісіп кер мағыз.
Кейбіреуі – зәкүншік,
Оңдырмассып, берсе арыз.
Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз (Абай).

Әзірше жігіттердің көпшілігі сойыл-шоқпарларын қолтықтарына қысып, кейбірі ердің қасына көлденең салыпты. Жарасбайдан бұл партия мал да, пұл да көп шығарды. Қалышқа шынымен көңілі ауып қызықты ма – әйтеуір бір сұлу тоқалды болғысы келді. Солайша достық түбін сүйек айырсын деп, Досай ауылына күйеу болып Қалышты айттырды. Соны ойлап: Қоқыш, Сәрсен, Жарасбай болып ақылдасып, Бәйтен аулына қарғыбау мен қалың малды бірге қосып, қарбытып бір-ақ жіберген. Билердің жүзі көрнеу тұрған қиянатты, әдейі арсыздыққа жеңгізіп, арамды ақтың үстіне не айламен болса да шығарамыз деп, жұмыла қарайып алған. Сөз біткен сияқты көрініп, мың батпан жауыздықты ұятсыз, арсыз қалың кеудемен өрге сүйреп жөнелді. Бақтығұлға кесік айтылуға жақындап қалды (М.Әуезов).




7. Мәтіннен термин сөздер мен неологизмдерді теріп жазып, оларды жасалу тәсілі бойынша түсіндіріңіз:
Боллон үдерісіне ендік, халықаралық дәрежеде танылған шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнаттық. «Заман Қазақстан», 24 желтоқсан 2009 жыл. № 51. Қарақшылық аудио-бейне өнімді сатушылар сырттан келіп, уақытша тұрақтарында осы өнімдерді өткізуге күш салады. «Заман Қазақстан», 24 желтоқсан 2009 жыл. № 51. Бүгінгі таңда заң бұзушылық түрі бойынша 700 көлік құралының жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Егемен Қазақстан», 14 қараша 2008 жыл. № 345-346. Көрсетілімге қойылған әскери техникалар мен құрылғылар депутаттар көңілінен шыққандай әсер алдық. «Егемен Қазақстан», 23 мамыр, 2009 ж. №181. Жуырда елордалық «Фолиант» баспасынан «Менің Отаным – Қазақстан» сериясымен журналист, көсемсөзші Сырым Бақтыгерейұлының «Ойыл» атты кітабы жарық көрген болатын. «Егемен Қазақстан», 24 ақпан, 2009 ж. № 72-73. Мәселен, шілденің алғашқы онкүндігінде «Үлкен сегіздік» елдерінің басқосуында аштықтан зардап шегуі ықтимал мемлекеттерге, әсіресе, қара құрлық елдеріне 1 млрд. доллар бөлінетіндігі белгілі болды. «Егемен Қазақстан», 27 тамыз 2008 ж. № 263- 266. Бұл телехабар ‒ сіздің шығармашылығыңыздың жемісі, төл перзентіңіз бе? «Айқын», 24 қаңтар 2009 ж. № 10. Жапонияның бүкіл трансұлттық компаниялары демпингтік жағдайда жұмыс істеуге көшті. «Айқын», 12 ақпан 2009 ж. № 23. АҚШ Иордан өзенінің батыс жағалауында «Қауіпсіздік қабырғасының» салынуына орай Израильге қарсы қаржылық ықпалшараны іске асыру туралы шешімнің әзірге қабылданып үлгермегендігін мәлімдеді. «Егемен Қазақстан, 29 тамыз 2008 ж. № 326-329. Қазақстан – үлгі аларлық үдерістері көп мемлекет. «Егемен Қазақстан, 19 мамыр 2009 жыл. № 175-176. Олимпиада мен әлем чемпионаттарында Аспанасты елінің зілтеміршілері медальдарды күреп алып жатыр. «Айқын» 14 мамыр, 2009 жыл. № 84. Одан «қара алтын» мен «көгілдір отын» саласының кілтін қалтасына басып отырған ұлттық оператор да қалысар емес. «Айқын, 3 наурыз 2009 жыл. № 36.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет