1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет11/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Түс

Дыбыс

Дәм

ақ
қызыл
көк
қоңыр
қара



айқай
жаңғырық
сықырлау
арсылдау
гүрсілдеу
тақылдату



тәтті
қышқыл
дәмді
ащы
тұщы

Бұл жерде тек түс, дыбыс мен дәм атауларына қатысты бірліктердің таксономиялық тізімімен ғана шектелдік, берілген атаулардың семантикалық өрісін неғұрлым көлемді көрсету үшін олардың тіркесімділік қабілетіне назар аудару қажет. Мысалы: көк көз, қызыл көз, қоңыр көз; қызыл алма, көк алма; қоңыр үн, қоңыр дауыс, қоңыр тіршілік және т.б.




Лексикалық мағынаның кіші семантикалық құрылымы. Сөз – тілдің лексика-семантикалық жүйесінің негізгі бірлігі. Сөздің ауызекі сөйлеу тіліндегі мағынасын тілдік жүйе тарапынан түсіндіруге болады. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде берілген лексикалық мағынаның көрінісіне назар аударайық:
ағаш – «қатты сабағы (діңі) мен бұтақтары бар өсімдік»;
бұтақ – «жерден бастау алатын бұтақтары бар өсімдік»;
шөп – «жіңішке сабағы бар кішкентай өсімдік».
Берілген осы үш элементке ортақ белгі «өсімдік» болса, бірінші және екінші сөз элементіне ортақ белгі «сабақ» екендігін көреміз. Мұндай ортақтық осы заттардың білдіретін ұғым-түсінігіндегі ортақ белгілерінен туындайды. Енді осы лексемалардың семантикалық мазмұнын толығымен қарастыру үшін сөздікке назар аударайық:


ағаш
- «бұтақты, жапырақты, қатты түбірлі көп жылдық өсімдік»;
- «өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі екі метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер»
- «жалпы ағаш атауы;
- «тұрмыс қажетін өтеу үшін кесіліп, қиылып алынған ағаш кесінділері» [ҚТС, 14].
бұта
- «жер бетінен биігірек түп-түп болып өсетін бұталы өсімдік» [ҚТС,120];


бұтақ
- «ағаш дінінің бүйірінен өсетін тармақ-тармақ сабақ, өскін»;
- «кесілген бөрене мен тақтай бетінде қалған бұтақтың орны» [ҚТС,121].


шөп

  • «жалпы шөптесін өсімдік атаулы» [ҚТС, 739];

  • «жұмсақ және жіңішке жасыл сабағы бар өсімдік».

Берілген лексемалар арасындағы семантикалық жақтан метатіл (түсіндірмелі сөздік) фактілері арқылы ғана емес, сондай-ақ сөз тіркесімі арқылы (ағаш өседі, шөп өседі; ағашты кеседі, бұтақты кеседі; шөпті орады) дәйектеуге болады. Дегенмен өзін тән ерекшеліктері ұқсастықтарына қарағанда көбірек.


Ағаш пен бұта градуалды шкала бойынша бір-біріне жақын тұр, өйткені барлығына ортақ «өсімдік» семасымен қатар, «бұтақтары» деген екінші семалық белгісі бар. Яғни, салыстырылып отырған лексемалар арасындағы семантикалық жуықтық туралы айтуға болады. Кейде өн бойындағы белгілердің қарама-қайшылығын байқауға болады. Мәселен, бұта «түп негізінен бастау алып таралуы» болса, ал ағаш «діңнен бастау алып бұтақтануы» деген сияқты қарама-қайшы семалық белгілерді иеленеді. Осылайша сөздің семантикалық құрылымы негізінде сөз мағынасы өз ішінен кіші семантикалық құрылымдарға бөлшектеніп кетеді.
Сөз мағынасының ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші бөлігін сема деп атаймыз. Егер бір сөзде бірнеше мағына болса, оның өзі бірнеше семалық бөлшектерден тұрады. Мысалы, таңқурай және құлпынай сөздерін алайық.



Сурет 2. Лексикалық мағынаның семалық көрсеткіштері

Бұдан, біз, сөз мағынасы бірнеше семадан тұратындығын көреміз. Сөз мағыналарының семалары әртүрлі болып келеді де, олар ірілі-уақтылы топтарға топтарға жіктелінеді. Жоғарыда әр сөздің бес семасы көрсетілген. Олардағы жалпылаушы семалар – жидек, қызыл түсті және көп жылдық өсімдік болса, қалған семалары даралаушы семалар болып табылады. Сөздерді өзара байланыстырып тұратын, оларды белгілі бір лексика-семантикалық топқа біріктіруде негіз болатын семаны жалпылаушы сема, кейде архисема деп те атай береді. Ал бір сөзді екінші бір сөзден ажыратып тұратын семаны айырушы (дифференциалды) сема деп атайды. Сөздің лексикалық мағынасында негізі семалармен қатар қосалқы семалар да болады. Оларды жеке сөздердің бойында ұшырасуына орай потенциалды (ықтималды, салыстырмалы), тіркескен жағдайда пайда болуына қарап конотатты семалар деп атайды. Мәселен, эмоционалды-экспрессивті сөздерде «баға», «эмоция», «экспрессия» коннотатты семалары кездеседі. Қай сөздің мағынасында семалардың саны көбірек болса, сол сөздің семантикасы жайылыңқы, абстарктілі, бірнеше мағыналы болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет