4. Берілген сөздердің лексикалық мағыналарын құрамдас бөліктерге (материалды денотат, иедалды денотат, сигнификат, коннотациялық мағына) бөліп жазыңыз: қасқалдақ, тас, су, қайың, ішу, жеу, қара, отыз, күлу.
5. Сөз мағыналарының семасын анықтау үшін көкек және қарлығаш сөздерінің семаларын салыстырайық:
Мұндағы 1 және 5 семалық белгілер жалпылаушы семалар деп аталса, 2,3, және 4 семалар даралаушы семалар деп аталады.
Жалпылаушы сема (архисема) сөздерді бір лексика-семантикалық топқа жинақтауға негіз болса, даралаушы (дифференциалды) сема сөз өзге сөздерден ажыратып тұрады.
Тапсырма:жоғарыда берілген үлгіге сәйкес бұта, өзен, жапырақ, қарындас, адам, тас, жолбарыс, түлкі, аю сөздерін семалық белгілеріне қарай ажыратыңыз.