5. Жоғары сынып оқушылардың критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптарға реттеңіз, жасаңыз.
Оқушының тоқсандық және жылдық бағалары Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген критериалды бағалау жүйесі бойынша есептеледі. Критериалды бағалау – жиынтық және формативті бағалауды білдіреді.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау. Қалыптастырушы бағалаудың негізгі мақсаты – білім алушылармен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету үшін оқытудың мониторингін жүргізу болып табылады, бұл әдіс оқытуды жақсарту үшін (assessment for learning) пайдаланылады. Қалыптастырушы бағалауды білім алушылардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, әлсіз тұстарын дамыту үшін қолданады.
Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (бөлім бойынша жиынтық бағалау - БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (тоқсандық жиынтық бағалау - ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. Қойылған балл негізінде оқу кезеңі және жылдық бағалар бойынша автоматты түрде есептеледі.
Тоқсандық және жылдық бағалар төмендегі бағалау өлшемдері (коэффициенттері) негізінде есептеледі:
85% - 100% аралығы - «үздік»
65% - 84% аралығы - «жақсы»
45% - 64% аралығы - «қанағаттанарлық»
0% - 44% аралығы - «қанағаттанарлықсыз»
Оқушылардың бағаларын Edupage жүйесі арқылы көруге болады. Кез-келген баға жүйеге енгізілген кезде, Edupage мобильді қосымшасы арқылы оқушыға және ата-анаға хабарлама келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |