8.Портфолиоларды түрлеріне қарай топтастырыңыз.
Портфолио – студенттің, педагогтың оқып білімалу және басқада салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын жүйе, тәсіл.
3 Портфолионың түрлері: 1. Кәсіптік портфолио (дәрігер, агроном…) 2. Лауазымдық портфолио (лауазым иесі) 3. Шығармашылық портфолио(ақын, жазушы) 4. Тақырыптық портфолио (магистрант, ізденуші мұғалім, оқушы ізденісі-ғылыми еңбек) 5. Қызметтік портфолио 6. Студент және оқушы портфолиосы 7. Электрондық портфолио
СТУДЕНТ ПОРТФОЛИОСЫ Студенттің оқу үдерісіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу үдерісінің студент үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио студенттердің бірлесе жұмыс жасап, оқытушылармен әрекеттесуге мүмкіндік береді, өйткені студенттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына студенттердің өздері мен оқытушының қатысуын талап етеді. Портфолио студенттердің пән бойынша үлгерімін нақты бағалауға мүмкіндік береді.
5 Портфолионы қолдану: -студенттің таңдаған бағыты бойынша үздіксіз өзін- өзі жетілдіруге ұмтылысын талаптандыруға; -студенттің танымдық қабілеттерін дамытуға, ізденімпаздыққа баулуға; -студент өзінің іс-әрекетінің барысы мен нәтижесін, жеткен жетістігін бақылап, бағалауға, яғни рефлексиялауға; - студент өзінің пән бойынша нені біліп, енді нені меңгеруі қажет екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |