12. PIRLS халықаралық зерттеулер тәжірибелеріне мысал келтіріңіз.
PIRLS - зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сынып - тарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Аталмыш зерттеу ісінің халықаралық сарапшылар ойына келісе отырып,«Оқырман сауаттылығын»- бұл адамның өмірде толыққанды қалып - тасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті. Соның негізінде адамзат және қоғам үшін білім саясатында басты принцип қалыптас - тырады. PIRLS - зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады.(5 - слайд). Білім беру саласында әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нәтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі. Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және олардың тиімділігі. Зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау. Ғылыми дәлелденген әлемдік ақпараттық қауымдастықтың мәліметтерін алу.
Тәуелсіз елдер нәтижесін, сонымен қатар білім саясатын жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсынады. Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды, себебі оқытудың алғашқы төрт жылы нақты барлық білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі. Мазмұны және формат бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек. Бастауыш мектептен бастап балаларды оқытудағы негізгі жетістіктердің бірі ол - оқушылардың ақпараттық біліктілігі қалыптасады. Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы болып табылады. Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын, әдіс - тәсілдерін тауып қолданып табу талап етіледі.
Оқу сауаттылығын бағалайтын Халықаралық салыстырмалы PIRLS -
Progress in International Reading Literacy Study зерттеуін - Оқушылардың
білім жетістіктерін бағалау IEA (International Association for the Evaluation of
Educational Achievement) бағдарламасы жүзеге асырады.
Зерттеу жобасын жүргізу және оның материалдарын құрастыруға әлемнің
кӛптеген ғылыми-зерттеу орталықтары: Білім беру саласындағы тестілеу
қызметтері (АҚШ), Канадалық Статистика Орталығы (Statistics Canada),
Халықаралық білім жетістіктерін бағалау жӛніндегі қауымдастық мәліметтерін
ӛңдеу орталығы (Германия), Халықаралық орталық – Бостон колледжі (АҚШ)
қатысады. Бұндай мекемелердің қатысуы мектеп оқушыларының оқу жетістігін
бағалаудағы педагогикалық ӛлшеуді эксперименттік және апробациялық
халықаралық стандарттар негізінде PIRLS зерттеу жұмысын жоғары сапада
ұйымдастыруға және ӛткізуге жол ашады.
Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін
анықтайды, себебі оқытудың алғашқы 4 жылы нақты білімді және үйрену
қабілеттерін шыңдаудың негізі. Мазмұны және формат бойынша білімді
табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін
осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек.
Халықаралық PIRLS зерттеу құралдарына кіреді:
· Тест тапсырмалары бар дәптерлер;
· Оқушыға арналған сауалнама;
· Мұғалімге арналған сауалнама;
· Ата-аналарға арналған сауалнама;
· Мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама;
· Ұлттық бақылаушы ӛкіліне арналған нұсқаулық;
· Облыстық үйлестірушіге арналған нұсқаулық;
· Мектеп үйлестірушісіне арналған нұсқаулық;
· Зерттеуді ӛткізу туралы нұсқаулық;
· Тапсырмаларды бағалау бойынша нұсқаулық.
Халықаралық зерттеулер шеңберінде білім сапасын бағалаудың тиімді
жаңа әдістері мен технологиялары құрастырылуда. Осыған байланысты
PIRLS зерттеуіне қатысушы елдер алдыңғы кезеңдердің нәтижесін қолдану
арқылы ұлттық білім беру жүйесіндегі білім үрдісін жетілдіру мен мазмұнын
жаңашалайды.
PIRLS-2001 зерттеуінің бірінші кезеңіне 35 елден 150 мың бастауыш
мектеп оқушылары қатысты. Зерттеу нәтижесі бойынша алдыңғы позицияны
йеленген елдер қатарына : Швеция (561), Нидерланды (554), Англия (553),
Болгария (550), Латвия (545), Канада (544), Литва (543), Венгрия (543), АҚШ
(542), Италия (541) жатады. Ең тӛменгі нәтижелерді Кувейт (396), Марокко
(350), Белиз (327) елдерінің оқушылары кӛрсетті.