1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


Өзін-өзі бағалау кестесін өз сөзіңізбен айтыңыз



бет49/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   94
13.Өзін-өзі бағалау кестесін өз сөзіңізбен айтыңыз

Өзін-өзі бағалау – тұлғаның өткен тәжірибесін жалпылауы және өзінің «Мен»-іне жаңа ақпарат ұйымдастыруының когнитивті сызбасы болып есептеледі. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау, әсіресе тұлғаның қабілеті мен мүмкіндігі туралы айтылса, тұлғаның белгілі бір үміттену деңгейін көрсетеді. Тұлғаның үміттену деңгейі әр түрлі жағдайларға, себептерге байланысты. Мысалы: достарының арасында мақтаншақ бала, мұғалім мен өзін басқалай бағалайды. Сол себептен өзін-өзі бағалау өзін жетілдіру құралы болып, айналасындағы адамдарға өзі туралы жағымды әсер беру үшін жағдай жасау.


Тұлға өзін екі жолмен бағалайды: 1) өзінің үміттену деңгейі мен іс-әрекетінің шынайы нәтижесін салыстыру арқылы; 2) өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы. Тұлғаның үміттену деңгейі жоғары болған сайын, оны қанағаттандыру қиынға түседі. Іс-әрекеттің жетістіктері мен сәтсіздіктері индивидтің өзінің қабілетіне баға беруіне әсер етеді. Жалпы өзін-өзі бағалауда тұлғаның жеке-дара ерекшеліктерін де ескеру қажет. Тұлғаның өзіне берген бағасы тұрақты емес, ол әр-түрлі жағдайларға байланысты өзгереді.

Тұлғаның өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін:

шынайы «Мен»-мен идеалды «Мен»-ін салыстыру қажет. Тұлға өзін қандаймын деп есептейді және ол қандай болғысы келеді;

басқалардың берген бағасына қарап, адам өзін-өзі бағалайды;

өз ісін бағалау арқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет