Бақылаудың негізгі түрлері
Қазіргі бақылау жүйесінде білімді тексеріп бағалаудың(диагностикалаудың) алуан түрі қолданылады.
Уакытша фактор бойынша бақылаудың келесі түрлерінбөліп қарауға болады: алдын ала (кіріспе, қорытынды, алдын ала), ағымдық, кезеңдік (тақырыптық, сатылы, аралық) және қорытынды (емтихандық).
Алдын ала бақылау оку басында оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ак даму денгейінаныктауға арналған бақылау. Көбінесе оку басында немесежаңа тақырыпты (бөлімді) окыту алдында қолданылады. Сыныпқа жаңадан келген оқушыларға да қатыстыпайдаланылады.
Ағымдық бақылау - бұл оқушылардың білімдері, ептіліктері мен тәжірибелік дағдыларын жүйелі тексеру, әдетте оқу барысында қолданылып, көптеген құрамасабақтардың маңызды бөлігі болып табылады. Білімнің, ептіліктер мен дағдылардың, практикалық әрекеттіңқалыптасу деңгейін, тереңдігін, беріктігі мен толықтығынДәл анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім бұл жағдайдаағымдағы оку материалын тексеріп қана қоймай, өткентақырыптардан алған білімдерін қайталауды қамтамасызетеді. Ауызша сауалнама, жазбаша тексеру жұмыстары, фронталды әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |