17.Ашық және жабық тесттерге мысал келтіріңіз.
Жабық түрдегі тестік тапсырма.
Жабық түрдегі тестік тапсырма ұсынылған кезде сұрақтарға балама жауап автоматты кездейсоқтық орын ауыстыруы мүмкін. Сынаққа түсушіден бір жауапты ғана таңдау талап етіледі. Егер сынаққа түсішуге ұсынылған тапсырмаға жауап дайын болмаса, онда ол бұл тестік тапсырманы өткізіп жіберуі мүмкін, кейін бұл тапсырма қайталанып келеді. Пайдаланушының білімінің нақты бағасын жоғарлатуында осындай жүйелерде жауаптардың нұсқалар саны көбейтіліп, мүмкін нұсқаларының бірнешесі ұсынылынады.
Ашық түрдегі тестік тапсырма.
Мәтіндік өрісте білім алушы еркін түрдегі мәтіндік жауап енгізуі керек. Ашық түрдегі тапсырманың нұсқасын пайдалану, дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігінің төмендігіне байланысты, білім деңгейі мен баға сапасы жоғарланады.
Сәйкестікке байланысты тестік тапсырма.
Сәйкестікке ұсынылған тапсырмалар, әрбір жаңа тапсырмада кездейсоқ орын ауыстыруы мүмкін. Білім алушының алдында тұратын мәселе тапсырманың бір топ нұсқасын екінші топ нұсқасымен сәйкестігін табу керектігі. Топтағы элементтер саны көп болуы мүмкін.
Дұрыс тізбектілікті табу тестік тапсырмалар
Білім алушының алдында тұратын мәселе сұрақта қойылған шарттарға сай тапсырма нұсқаларын дұрыс тәртіпте орналастыру керек. Ұсынылған тапсырманың мағыналы элементтері, әрбір жаңа тапсырмада кездейсоқ орын ауыстыруы мүмкін.
Тестілеудің нәтижесі
Тест аяқталғаннан соң пайдаланушыға оның нәтижесі ұсынылынады. Ол болса өз жағынан сол тақырып бойынша, жүйемен жұмысты аяқтауы мүмкін әлде басқа тақырып бойынша жұмысты жалғастыруы мүмкін. Тестілеудің нәтижесі, тестілеуші туралы мәліметтер және тесті өту туралы ақпарат, деректер базасында сақталынып, енгізіледі.
Тұжырым
Білімді тестілеу жүйелерінде негізгі түрлері бар, олар келесі: «жабық» түрі, “ашық” түрдегі тестер, “сәйкестік”тестер, “дұрыс тізбектілікті табу ”тестері.
17. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қағидалар дайындаңыз. (критериалды және дискриптивтік, қалыптастырушы және анықтаушы бағалаудың бірлігі, жете түсіну, критериалды бағалаудың диагностикалық негізі т.б.).
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулықәдістемелік құжаттар негізінде берілген:
• Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта);
• Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары;
• Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері;
• Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі;
• Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
• Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар;
• Пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы.
Достарыңызбен бөлісу: |