Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірінен мәлімет алмасуы.
Жанама кері байланыс — психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсіну әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсінісу қиынырақ болады.
Жанама кері байланыс — психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсіну әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсінісу қиынырақ болады.
Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет.Яғни коммуникация процесінде келіп түскен мәліметті дұрыс түсіну (интерпретация) проблемасы туьшдайды. Біріншіден, мәліметоң формасы мен мазмұны коммуникатордың жеке-даралық ерекшелігі, рецепиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым-қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты. Екіншіден. оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке-дара психологиялық ерекшелікгеріне, көзқарасы, шкірлеріне, жағдайға байланысты өзгеріске түседі. Мәселен, бастығы мен өзінің ұлынан естіген бір мәлімет екі түрлі психологиялық реакцияға әкеледі. (Бастықтың айтқанын зейінмен тыңдаса, баласыныкіне ашулануы мүмкін).Мәліметті әртүрлі қабылдау бірнеше себептерге байланысты. Солардың ішінде маңыздысы-коммуникативтік барьердің болуы (түсініспеушілікке әкелетін тосқауыл), ол – коммуникативтік процестің екінші ерекшелігі. Түсініспеушілік барьері, әлеуметгік – мәдени барьер, қарым-қатынас барьерлері болуы мұмкін.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірінен мәлімет алмасуы.
Түсініспеушілік барьерінің бірнеше түрлері болады:
1) фонетикалық барьер жатады. Әртүрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тіддегікемістік(немеседикция),тілдіңграмматикалық құрылымының өзгеруі. Өте тез сөйлеу, сөзді анық айтпау, қосымша дыбыстардың болуы да осыған себеп болады.
2) Семантикалық барьер сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әртүрлі жаргондар, слэнгтер. Әртүрлі ортаның өзіне тән”мини-тілі”болады.Өздерініңқалжыңдары,тілінің оралымдары,т.с.с. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет.
3) Стилистикалық барьер – коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе рецепиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді.
Мысалы, балаларға берілген мәлімет қызықты түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тілде айтылса, осындай құбылыс байқалады. Сондықтан коммуникатор өзінің реципиенттерінің көңіл-күйі, жағдайларын сезіне білуі керек, қарым-қатынас жағдайларының өзгерістерін тез сезініп, саған байланысты өзгерістер енгізуі қажет.
4) Логикалық барьер, коммуникатордың ұсынган логикалық тұжрымдарыөтекүрделіболғандатуындайды.””Ерлер логикасы”,”әйелдер логикасы”,”балаларлогикасы”,т.б. логикалар туралы айтуға болады.
Қарым – қатынастағы әлеуметтік – мәдени ерекшеліктерге саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға болады. Қарым-қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады: вербалды, вербалды емес.