1. Бактериялардың морофлогиялық негізгі топтары. Анықтамасы. Мысалдар. Сфера пішінді



бет33/53
Дата13.03.2022
өлшемі213,59 Kb.
#27816
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
(Уникальность100.00%)

Туберкулез (лат. Tuberculum - туберкулез) - бұл микобактериялардың әртүрлі түрлерінен (M. tuberculosis және басқа да жақын туындылар) немесе басқа жолмен Кох таяқшаларынан туындаған адамдар мен жануарлардың кең таралған дүниежүзілік өзекті мәселені тудырып отырған жұқпалы ауру. Туберкулез әдетте өкпеге әсер етеді. Туберкулез микобактериясы науқас сөйлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде ауа-тамшы жолымен таралады . Көбінесе, микобактериялармен жұқтырғаннан кейін ауру асимптоматикалық, жасырын түрінде өтеді.

Туберкулездің қоздырғыштары фагоцитозды қоздыратын экзотоксин бөлмейді. Микобактериялар жасушалардан тыс болып, баяу көбейеді, ал ұлпалар біраз уақытқа дейін өзінің қалыпты құрылымын сақтайды. Қоздырғыш көбейе беретіндіктен және иммунитет әлі қалыптаспағандықтан, қоздырғыштың популяциясы айтарлықтай артады.

Ұзындау келген, кішкене иіліңкі, грам оң, қозғалмайды, споралар мен капсулаларды түзбейді. Және бұл таяқшалар Циль-Нильсен әдісімен боялады. M.tuberculosis-те вакуоль, рибосома секілді цитоплазмалық қосындылар, ядролық субстанция, жасушалық мембрананың көп қабаттысы және микрокапсула бар екен электронды микроскоппен бақылау кезінде анықталғған. Сыртқы орта әсеріне байланысты өзгергіштік қасиет тән. Қоздырғыш – полиморфты, яғни, жіп тәрізді, дән секілді, кокк сияқты, L-пішінді түрлерін түзе алу қабілетіне ие. Сыртқы ортаның қышқылдық, сілтілік орталарына, кептіруге және дезинфектанттарға төзімді келеді.

Туберкулезге диагноз қою үшін микробиологиялық әдістер жүргізіледі:

-жарық және люминесценттік микроскоптарды зерттеу;

-бактериологиялық әдіс;

-дақылдық әдіс;

-биологиялық әдіс;

-радиометрикалық әдіс(бұл микробтың өсуін зерттейді)

-ПТР.

Бұл зерттеу әдістеріне қақырық, аспират, бронх, асқазанның шайындысы мен эксудаттар, отадан кейінгі материалдар зерттеу материалы ретінде қолданылады.



Науқасқа препарат тағайындау кезінде қоздырғыштың көбеюін тежейтін және жоятын, яғни бактериостатикалы мен бактерицидтік әсер беретін препараттар тағайындау маңызды. Антибиотиктерді ұсыну – туберкулезбен науқастанғандарды емдейтін басты әдіс. Препаратты резистенттілігіне қарай тағайындайды және олар 2 топқа бөлінеді:

  1. Бірінші қатарлы препараттар, бұлармен сезімтал микобактерияларды бөлетін алғаш ре туберкулезге шалдыққандарды емдеу үшін қолданады:изониазид, рифампицин, стрептомицин, т.б.

  2. Екінші қатарлы препараттар(резервтік) :этионамид, канамицин, циклосерин, т.б.

Туберкулезді емдеудің жаңаша бағыты - моноклондық антиденелер. Юұл тәсіл препараттардың улы әсерін төмендетіп, емдеу тиімділігін жоғарылатады.

Туберкулезді болдырмаудың алдын алу – БЦЖ тірі вакцинасын егу. Әрбір 5-7 жылда егіледі. Бұның пайдасы – вакцина салынған балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулезді жұқтырған адамдар саны 4 есе, туберкулезді жұқтырып өлетіндер саны 9 есе азаяды. Жаңа туылған нәрестелерге 4-7 күннен соң осы вакцинаны салады. Вакцина енгізгеннен кейін пайда болатын иммунитеттің сақталуы 5-7 жылға дейін барады.Бірақ, бқдан кейін ревакцинация жүргізіледі. Ревакцинациядан алдын Манту сынамасы қойылады.Бұдан бөлек гигиеналық сақтық шараларын ұстануымыз қажет. Қоғамдық орындарда эпидемиологиялық бақылауды үздіксіз жүргізу де маңызды. Тірі вакцинаны енгізу спецификалық алдын алу шарасына жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет