Гликопептидтер. Аралас типті әсер етеді. Мысалы: ванкомицин, даптомицин т.б.
Линкозамидтер. Емдік қасиеттері макролидтерге ұқсас. Мысалы: делацин С т.б.
Рифампициндер. Бактерицидті әсер етеді. Кең спектрлі. Мысалы: рифампицин т.б.
Фторхилондар. Кеі спектрлі. Бактерицидті әсер етеді. Гонококк, шигелла, холера, туберкулез микобактерияларына қарсы қолданылады. Мысалы: левофлаксацин т.б.
Әртүрлі антибиотиктер. Мысалы: фузидин, фосфомицин т.б.
Антибиотиктерге қойылатын талаптар.
Антибиотиктер медицнада кеңінен қоладнылатын болған соң, оларға қойылатын талаптары да жоғары болады. Олар:
1-Төменгі концентрация өзінде де – ауру қоздырғышын өлтіру, әлсірету, өсуін тежеп немесе көбеюін тоқтата алуы керек. Яғни, бактрицидтік не бактериостатикалық әсер көрсете алуы керек.
2-Антибиотик белсенділігі – организм сұйықтытқтары әсерінен төмендемеуі қажет.
4-Антибиотик адам организміне зиянды әсер етпеуі керек не болмаса бұл әсері өте төмен болуы қажет Оның аллергиялық және токсикалық әсері – дозаны бірнеше рет енгізгеннен кейін де көрініс бермеуі керек.
5-Антибиотик – адам организмінің реабилитациясы/жазылу/ мен регенерациясына теріс әсер көрсетпеуі керек.
6-Антибиотик иммунитет пен иммундық жауап деңгейін төмендетпеуі керек.Яғни, органимзнің иммундық жүйесіне ешбір тері әсер тигізбеуі керек.