213
– Шешемісің, жоқ па? – десті қамағандар, енді түстерін суы-
тып, өздері шешіп алуға ыңғайланып.
– Жоқ! – деді Балуан, ақырған қатты дауыспен...
Көп адам оған жабыла кетті... Ол алыса кетті!.. Күшінің
көптігінен бе, əлде аналар шетінен əлсіз бе, – жабылған адамдарды
Балуан шопақ құрлы көрмей, жұлып алған тымақтай жан-жағына
шашырата лақтырып-лақтырып жіберді!.. Маңында адам сиреп
қап, бірен-саран жақын тұрған адамдар ұстауға бата алмаған кезде:
– Кəне, қайсың барсың тағы да! – деді Балуан алысуға
ыңғайланып. – Келіңдер, алысуға ойласаңдар!..
Əлгі арпалыста қолының тегеуріні қаттырақ батты ма, неме-
се, əлдері келмеуіне көздері жетті ме – ұмтылушылар болғанмен,
ешкім жақындап кеп ұстаса қоймады.
– Бұл не қылған балуан? Кім өзі, мұнша күшті?! – деп шулаған-
дарға:
– Мен, Баймұрзин Нұрмағамбет!.. Халқым қойған атым – Бал-
уан Шолақ! – деді ол енді еркінсіп ап.
– Нұрмағамбет! – деген сөз сап ете түсті оның құлағына.
«Бұл кім?» деп ойлауға үлгертпей, əлдекім оны құшақтай алды.
«Алысқысы келген біреу ме?» дегендей, Балуан оны денесінен
итермелейін деп еді.
– Нұрмағамбет!.. Мен!.. Андрей!.. – деді құшақтаған адам.
Андрей Кургановтың дауысы!.. Бірақ кескін-кейіп оныкі емес,
бет-аузын қауғадай сақал жапқан біреу!.. Үсті-басы далба-дұлба!..
Ол расында да Андрей болып шықты. Досын тар жерде тапқан
Балуан баладан жаман егіліп жылады, оны ұзақ уақыт уату қиын
болды...
Уанғаннан кейін сұрастырса, алыстағы Сібірге айдауға кеткен
Андрей жуық арада қашып келген екен де, қолға қайта түскен екен.
Ол абақтыдағыларға қысқаша Балуанның кім екенін таныстырды.
Одан əрі шүңкілдесіп сырласулар кетті...
18. ƏЗƏЗІЛДЕР
Мен не қылдым, япыр-ай, жақыныма?!
Тұзым ащы жақынға татыды ма?
Абақтыда жатқанда бір келмеді,
Шолақ қол батқаны ма тақымына?
(Балуан Шолақ өлеңінен)
Балуан Шолақ абақтыда айға жақын жатты. Оны сыйлайтын
адамдардың қолынан келгені – дəм татыру. Қолынан келер басқа
214
ешнəрсе жоқ. Достарына риза Балуанның ренжитіні – туысқан
ағайындары, əке-шешесі, ағасы – Төлеубай, əйелі – Балқаш. Бал-
уан абақтыға түскелі олардың ешқайсысы ат ізін салған емес, дəм
əкелген емес.
«Бұл қалай?! – деп таңданды Балуан Шолақ. – Естімей жатыр
ма? Естісе неге келмей жатыр?!»
«Ағайыным момын еді, – деп ойлады ол кейде, – көлеңкелерінен
қорқатын еді. Олардың келмеуіне себеп сол шығар; мұндайда от
пен судан тайынбайтын – адамның алған жары мен ата-анасы
болар еді. Олардың да тым-тырыс жатуы неліктен екен?! Əлде,
Балқаш менің Ғалиямен аз күн сайрандағанымды естіп, қызғанып,
қызғаныш аяғын тұсап жібермей ме екен?»
Атбасардан конвоймен жөнелтерде Ғалия Балуан Шолаққа
анадайдан амандасып, артыңнан іздеп барам деп қалған, одан да
хабар-ошар жоқ.
«Адамның сезімі алдамаса, Ғалияға сеніп ем, жолымда жа-
нын қияр дос таптым ба деген ем. Іздеймін, келемін деп уəде ай-
туы қалай? Уəдесін орындамауы қалай? Шіркін, оның да опасыз
болғаны ма? Əлде, сорлыны жаман, қызғаншақ күйеуі арқандап
жібермей жүр ме?»
Ғалияның келмеуі туралы Балуан Шолақтың жобасы дұрыс еді.
Ақмола қаласының күнгей жағында, отыз шақырымдай жер-
де «Майбалық» атты шалқар көл бар. Сол көлді айнала мекен-
деген Арғын руының Ағыс атанатын бұтағында болатын. О да
серілеу, ауқатты, оның үстіне, «білсе барымта, білмесе сырым-
та» дегендей, өштескен адамын ұрлап құртатын озбырлығы бар
адам да.
Ғалияны қыз кезінде алам деп талпынғанның біреуі осы Қор-
дабай да, бірақ əкесі – Тілеу көп қалыңмалға емексігенмен, Ғалия
көнбеген еді. Арманда қалған Қордабай Ғалиядан келіншек болған
соң да күдер үзбей, «тым болмаса ойнап-күлуіңді қимаймысың», –
деп қыңыратқи беретін еді. Ішкі ойы алыс жатқанмен, Ғалия
Қордабайдың жігітшілік əзіл-оспағына қызығып, қалжыңның
ұзын арқан, кең тұсауынан босатпайтын...
Ғалияның Атбасар базарына баратынын естіген Қордабай,
«қанша қашаған болғанмен, осы жолы бұғалығыма неғып ілікпес
екен?» – деп дəмеленген.
Атбасарда Ғалияның көңілін аулауға Қордабай күн бұрын қам
жасап, Қарқаралы жақтағы өзектес ұрыларына хабар айтып, мой-
ны алыс жерден бір айғырдың үйірі –15 шақты қысырақты алдыр-
ды да, Атбасарға айдады.
215
Ғалия мен Біржанды ол жолда жолықтырып, Атбасарға бірге
барды. Жолшыбайғы əзіл сөздерінің арасында Қордабай Ғалияға
15 байталды сол үшін əкеле жатқанын ұқтырды. Ондай өзеуреп,
жоққа шабылатын жігітті олжалану Ғалияның кəнігі болған ісі
еді. Бұл ойын күйеуінен жасырмай, құрғақ ойын-күлкіден қыз-
ғанбауына уəдесін алды.
Ғалия емексіткен соң, Қордабайда ес қалған жоқ. Он бес
байталдың ақшасын судай сапырған оның негізгі тұрағы Бір жан-
ның үйі болды. Ғалия оған Біржанды аз күнде Ақмолаға қайтаруға
уəде берді. Бұл қулықты шынға жорыған Қордабай тіпті шала
бүлінді...
Балуан Шолақ келгенде үйде жоқ Қордабай, ол аттанып
кеткесін келді. Жігіттер оған Ғалияның қас-қабағы Балуанға қалай
болғанын айтты.
Аяғын тік басқан еркекте өзінен артық адам бар деп ойламай-
тын еді Қордабай. Балуан Шолақтың атағын естіген еді. Жұрты
Балуанды «пəлен-пəшпеден» деп көтермелегенде, «өй, тəйір-ай,
кім дейсің сонша ардақтайтын, – деп ойлайтын еді Қордабай, о
да біз сияқты, бір қатыннан туған шығар!.. Ол да біз сияқты, екі
аяқты, жұмыр басты пенде шығар... Азар болса күші артық шығар,
одан басқа несі артық дейсің? Күшімен кімді жеңеді ол? «Білегі
толық бірді жығады, білімі толық мыңды жығады», білімі артық
болмаса болғаны!»
Жігіттер Ғалияның Балуан Шолаққа қылмыңдауын айтқанда,
Қордабай мұрнын шүйірді:
– Қой, əрі! – деді ол. – Соны да сөз деп айтып отырсыңдар ма?
Жолап көрсін, Ғалияға, күшті болмақ түгіл, бұл заманның Əзірет
Əлісі болса да, əлегін аспаннан келтірейін!..
Балуан Шолақ Ғалияға оралып келген түні, онымен табақтас
бола тұра, Қордабай ойдағы қайратын көрсете алмады. Не ғажабы
барын білмейді, қанша сұқтанғанмен, батып сөз айта алмады, бо-
йынан сығымдап əкелген намыс пен ашу, не тіліне, не білегіне ора-
ла алмады. Ғалия азғырылып болды деп түсінген ол, қапысын та-
уып Балуанды атпақ та болып еді, реті келе тұра қолы көтерілмеді...
Қордабай осындай толқымалы халде жүрген кезде Балуан
Шолақ ұсталды.
«Балуан Шолақ ұсталды», – деген хабар базаршылар ара-
сына найзағайдан тез тараған еді. Бұл хабарға қуанушылар да,
қайғырушылар да болды; қуанушының біреуі – Қордабай.
Ұсталған Балуан Шолақты солдаттар Атбасар қаланың жел-
кесіндегі қазармаға алып жөнелерде, сол араға Қордабай да жеткен
болатын. Ол барған кезде Ғалия талықсып жатыр екен.
216
– Əкел, маған! – деді, Қордабайдың қаталдығы шектен шығып,
салт аттың үстінде тұрып. – Əкел, қаншықты, өлімтігін күйеуінің
үйіне апарып тастайын!..
Сол араға жиналған жігіттер талықсыған Ғалияны көтеріп
əпергенде, Қордабай лақтай алдына өңгеріп алып, қымызға тігіл-
ген үйіне қарай шапты да кетті.
Үйіне барып есін жиған Ғалия Балуан Шолақтың соңынан кет-
пек боп еді, Қордабай қайрап қойған Біржанның сөзі қысқа болды:
– Мойныңа тағылған арқаның мен екенім есіңде болсын, – деді
ол, – тырп етіп көр, қалай қылғынар екенсің!..
Ғалияны Біржан мен Қордабай арқанмен сүйрегендей Ақмолаға
алып қайтты. Ғалияның Көкшетауға, Балуан Шолақтың артынан
келе алмаған себебі осы.
Енді Балқаштың келмеген себебіне тоқталайық:
Балуан Шолақтың ұсталғанын оның елі Көкшетауға жетпей
естіді. Өзге туыстарымен бірге, бұл оқиғаға Балқаш та ағыл-тегіл
жылады.
Жұрттың бəрінен көп жылаған Қалампыр. Бірақ, ол, жылай
отыра, қайғылы дүйім жұрттың бəрінен артық қайрат көрсетті.
– Балқаш, шырағым! – деді ол, хабар естілген күні кешке. –
Жылаумен Нұржанды құтқара алмаспыз. «Болған іске болат
бол», – дейтін Əткем. Белді бекем буайық. Төлеубай екеуің
жассыңдар ғой, аяқ-қолдарың жеңіл, Көкшетауға аттаныңдар,
Нұржанға ас апарып беріңдер.
Балқаш бұл сөзді мақұлдады. Ұлықтың пара алатын кезі.
Параға беруге өз қолдарында пұл жоқ Баймырза: «Ел ақтап, жылу
жинасам қайтеді», – деп еді, Қалампыр ұрысты.
– Жігерсіз бар болғыр! – деді ол. – Енді сұраншы болуың ғана
қалып еді. Досқа – күлкі, дұшпанға таба болғың келіп пе еді? Жаны
ашыған ағайын болса жəрдемін берер, бермесе, ешкімнен ешнəрсе
сұрама!
Төлеубай бір байдың жылқысында еді, иесі оны «шықсаң
біржола кет, əйтпесе жібермеймін» деп, босатпады. Оның істеген
«рақымы» – Төлеубайдың ақысына уəде қылған қойын күн бұрын
берді. Сол қой сойылып, көршілердің біреуі атын беріп, Балқаш
пен Баймырза піскен етті арбаға салды да, екеуі Көкшетауға жүріп
кетті.
Ауылдан ерте шыққан олар, күн түске тармаса бір көлдің
жағасына кеп ат шалдыруға тоқтаса, сол арада Атбасардан қайтқан
Тоқсанбайдың Сыздығы, Жұманның Əлжаны, тағы сондай мыр-
залар жатыр екен. Баймырза мен Балқаш солардың қасына жақын
жерге ат ағытты.
217
Ат шабандау жəне арықтау еді. Баймырза атты арбасынан
ағытып, көл жағасына апарды да, аяғын тұсап, қасында қисайып
жатты. Балқаш арбаның үстіндегі астауға салынған піскен етті
жынығып кетер деп жайды.
Балқаш пен Баймырзаны анадайдан таныған Сыздық пен
Əлжан олардың қайда бара жатқанын айтпай-ақ жобалап, өзара
сөйлесті.
– Жаман Баймырзаның мына қимылын қарай гөр, жасаған! –
деді Əлжан. – Бұған да намыс бітіп, тұтқындағы кісіні іздейтін
болған соң, өзгеге не жорық!..
– Түсінбей айтасың, – деді Сыздық, – кешегі жаман Баймырза
бүгін жақсы бола қалды деймісің? Оны жақсы ғып отырған кім
екенін білемісің?
– Кім?
– Қатыны Қалампыр. Баймырза соның айдауымен келе жа-
тыр. Ол қолының қысқалығымен ғана қотанға сыйып жүрген
қатын. Егер ауқатты адамның қатыны болды бар ғой, ел билеген
бəйбішенің біреуі болар еді.
– Анау арбасының қасында қалған əйел келіні болды ма екен?
– Əрине.
Екеуі де ойлап Балқаштың атын таба алмады.
– Кім болса да мейлі, – деді Сыздық, – ал, енді, біз бір қызық
істейік («Не істейміз?» дегендей, Əлжан оның кескініне қарады).
Осы қатынды азғырып кейін қайырайық.
– Қалай?
– Ғалиямен Атбасардағы қылығын айтсақ, тулауы мүмкін. Өзін
қызғаншақ қатын дейтін.
– Егер оған болса!
– Болдырамыз. Жүр, барайық!
Сыздық пен Əлжан Балқашқа барып амандасты, жол сұрады.
Балқаш жол жайын айтты.
– Осындай қатыны бар кісінің арманы бар ма екен? – деді
Сыздық Əлжанға. – Біздің басымызға жаманшылық келмесін де,
егер келе қалса, қатындарымыз үйден де шықпас еді, бар бітіргені
жылау болар еді. Міне, қарашы, жұрттың қатыны еркек сияқты!
Ерге – ер, серіге – сер.
– Осал қатын алса ол Балуан Шолақ бола ма? – деді Əлжан
Сыздыққа көзін қысып қойып. – Елден таңдап алып қашқан
қатыны емес пе?
– Жаман қатындар бізді төсектің құлы деп ойлайды, аяғыңды
қия бассаң қызғанып, төбеңе əңгіртаяқ ойнатады. Біздің күнə-
218
сұмдығымыз Балуан Шолақтың қасында – дария қасында шұқ а-
нақтай. Міне, ақылды қатын мен ақылсыз қатын осындай
таршылықта байқалады, – көзін қысып, – қарашы, мына ақылды
қатынды. Балуан Шолақтың қанша күнə-сұмдығын біле тұрса да,
артынан іздеп келе жатыр! Біз осылай болсақ, қатындарымыз ар-
тымыздан күл шашып табалар еді.
– Балуан да қатынына сенген соң солай еркін жүреді де. Егер
сенбесе, кеше, Атбасардың айдай əлем жиналған қан базарында
қымызшы Ғалиямен ашық сайрандар ма еді?..
Манадан бері елеусіз тыңдаған кеңеске Балқаштың құлағы
тү ріле қалды. Базардан ерте қайтқан бір құрбысы, бұдан бұрын
да қалжыңдаймын деп, Балқашқа Балуанның Атбасарда Ғалияға
əуліккенін айтып қойған еді. «Қайтер дейсің басыбайлы меншік-
тенбес», – деп, Балқаш сыр бермеген болғанмен, ішінде қызға-
ныш оты лаулап, егер анық болса – Балуан келген соң жанжал
шығармақ еді.
Міне, сол сөз енді жолынан тағы кездесті. Қызғаныш оты
ішінде тағы лапылдаған ол, Сыздық пен Əлжанға сыр бере қоймай,
қалжыңмен əңгіменің анығына жетпек болды. Осы қулықпен
əзілдескен оған Сыздық пен Əлжан Балуан Шолақтың Ғалиямен
базарда қалай сайрандағанын өсіре айтып берді.
Сыздық пен Əлжан Балқаштан қулығын асырды. Қалжыңдасам
дегенмен, оның ішінде қызғаныш оты жанып жатқанын екі қу
айтпай-ақ ұқты. Сондықтан олар, қоянды тосқауылдап қуған қас-
қырлардай, Балқашты қақпақылдап, кезек-кезек қызғаныш отын
үрлей түсті.
Басында сыр бермеген Балқаш, Ғалия кеңесі айқындалған кез-
де ызаға шыдамай жылап жіберді.
– «Құлақ естіген – өтірік, көз көрген – шын» деген, – деді
Сыздық жылаған Балқаштың қызғанышын қоздата түсірейін деген
мақсатпен, – Көкшетауға барсаң, Ғалия алдыңнан кездеседі.
– Айтпақшы, солай екен ғой, – деді Əлжан, – Ғалия Балуанның
артынан кетті деген.
– Кеткенің не? – деді Сыздық. – Мен өз көзіммен көрдім. Бізбен
аржағынан бірге кеп, дəл, мына, Көкшетау қаласының желкесінен
айырылды. Біз сұрағанда – «жетсе – мал, жетпесе – бас, ізденем»
дейді.
– Сонша құмарлануына қарағанда, осылардікі жай ойын-
күлкіден артығырақ-ау деп ойлаймын, – деді Əлжан.
– Ойын-күлкің не? – деді Сыздық кейіген боп, – Атбасардың
имамы – Əлғазы ишанға барып неке оқытқанда ішінде болған
кісі бар.
219
– Ə, онда, мына замандастікі арамтер ғой.
Балқаш жылауын үдетіп жата кетті. Мақсаттары орындалған-
дай болған Сыздық пен Əлжан орындарынан тұрып жүре берді.
– Ойдан шықты, – деді Сыздық кетіп бара жатып, – артын ба-
ғайық, немен тынар екен?
– Баймырза ақылына түсіріп жүрмесе?!.
– Долы қатын дейтін. Оған көнбес. Көнсе барсын. Қызғанышын
бір тұтатуға тұтаттық. Енді оны сөндіру оңай болмас.
Аздан кейін атын суарып, қайта отқа қойып Баймырза келді.
Келсе, келіні жылап жатыр.
Əлгі келген адамдар тағы бір жамандық хабар айтты ма деп
зəресі кеткен Баймырза, олардың не айтқанын сұрамақ боп, сөзін:
– Шырағым, жылама! Жамандық шақырма! Жаны аман болса,
аз күнгі азабы дəнеңе етпес! – деп сыпайылай бастап еді:
– Өлмесе өрем қапсын! – деді Балқаш басын жерден жұлып
алып.
– Кімді айтасың?! – деді Баймырза түсінбей.
– Балаңды!..
– Қай баланы?..
– Əлгі, тұтқында жатқан!..
Баймырзаның зəресі ұшып кетті:
– Апыр-ай, келін-ай, не деп отырсың?
– Рас айтам! – деді Балқаш шаптығып. – Мүрдем кетсін, ұлың!
– Ойпыр-ай, келін-ай, қарағым-ай! – деді Баймырза үрейлі
кескінмен. – Жынданудан аманбысың?
– Жындандым!.. Мені жындандырған балаң!..
– Неғып?!.. Қалай?!.
Балқаш жауап бермей, бетін топыраққа төсей, жата қап жылады.
«Əлгілер азғырған екен ғой!» – деген ой келді Баймырзаға.
Олардың кім екенін Баймырза білмеген еді. «Кім де болса жолы-
ғайын» деген оймен барса, – Сыздық пен Əлжан!.. Олар жөнін
айтудың орнына, Баймырзаны сықақ қылды.
Өзі өз болғалы Баймырзаның кісімен ұрысқанын естіген адам
жоқ еді. «Пəленмен қатты сөзге кепті» дегендегі оның ең ауыр
сөздері «шіркін» мен «мұндар» болатын!
Сыздық пен Əлжанға ашуланғанда оның айтқаны:
– Момынның сілесі қатты болады. Шіркін, не жаздым мен сен-
дерге, бүйтерліктей? Өркендерің өспес мұндарлар!
Баймырза жөнеле берді. Сыздықтың бір жігіті Баймырзаны
сабамақ боп ұмтылып еді, Баймырзадан емес, Балуан Шолақтан
қорыққан Сыздық тоқтатты.
220
Баймырза оттағы атын арбасына жекті. Балқаш əлі етпетінен
жатыр. Жылауын қойған. Ұйықтаған сияқты.
– Кəне, келін, жүрейік! – деді Баймырза атты жегіп болып,
жайылған етті астауға сап орап, атының басын Көкшетауға қарай
бұрып.
– Мен бармаймын! – деді Балқаш долдана түрегеп, бет-аузы саз
топырақтанып.
– Келін, қарағым! – деді Баймырза жалынып. – Қой, айналайын,
ашуды!.. Дұшпан айыруға не демейтін еді? Сыздық пен Əлжан біздің
Нұржанға дос па еді? Дұшпан емес пе еді, олар? Дұшпан сөзіне еріп
дұшпан боламысың, Нұржанға? Келін шырағым, біздің босағаға
келгеніңе бірнеше жыл болды. Содан бері саған тіл қатқаным осы
шығар. Мені сыйласаң, аруақты сыйласаң, арбаға мін!
– Өзің бара бер, мен бармаймын! – деді Балқаш сазарып.
Кісімен жанжалдаспаса да, Баймырзада томырықтық мінез бар
еді. Сонысы ұстап:
– Ал, келін! – деді ол атын айдап. – Мен кеттім!
Баймырза жөнеліп кетті. Балқаш сазарып тұрған қалпынан
қозғалмады.
Баймырза артына қарамады. Қарайын десе, келіні емес, ал-
басты тұрған сияқтанды. Көкшетау жолына түсіп ол ұзады. Ашу
буған Балқаш əлі тұр...
– Неғып тұрсың? – деді сол кезде Сыздықтың бір жігіті келіп. –
Жүр!.. Ауылыңа алып қайтайық.
Ашу бұлты жапқан Балқаштың ақыл аспаны енді ғана жа-
дырады. «Мұным қата болды, – деген ой келді оған, – кешпес
күнə істедім. Балуан күнəлі болған күнде де кінəні əуелі өзіне
аударуым керек емес пе еді? Əткем айтқандай, мүмкін жаудың
өсегі шығар!..»
Балқаш қараса, Баймырза бір қырдан асып барады екен.
– Əтке!.. Əтке!.. – деп, Балқаш бар даусымен айғай салды.
Дауысты естіді ме, жоқ па – Баймырза артына айналмай қырдан
асып кетті.
Балқаштың басына «ендігіміз айырылу ма?» деген ой кеп
кетті... Бұл ойдан зəресі ұшып кетті оның.
«Əтке!..» деп айғайлаған ол, өкпесін қолына ала, Баймырзаның
соңынан ұшты. Ұстауға ұмтылған Сыздықтың жігітін ол қағып
жіберіп жығып кетті.
Жүгірген Балқаш алқынып қыр басына шықса, арғы сайдағы
бір томарда Баймырза атын тоқтатып, арбасының қасында кейін
қарап тұр екен.
221
«Мені күтіп тұр екен ғой», – деп ойлады Балқаш.
Ол Баймырзаға аса разы боп кетті. Əлгінде ғана бұзылғандай
болған семьялық ұясы, Балқашқа енді жаңа ғана түзелгендей бол-
ды. Өкпесінің алқынуына қарамай, ол тағы да жүгірді..
Баймырзаның тоқтаған себебі басқа еді. Қырдан аса ақылы са-
басына түскен ол, «ет не болды екен?» деп ойлады. Мана, атын
тұсап арба қасына келгенде, арбаның үстіне жайылған етте қаптап
қонған шыбындарды көріп еді. Жаз шыбын қонған еттің тез
құрттайтыны Баймырзаның ойына қырдан аса ғана түсті.
«Ет құрттамаса игі еді!» – деп қауіптенген ол, атын тоқтатып,
астаудағы етке қараса, арасында аппақ құрттар илеудегі құмы-
рсқадай быжынап жүр!..
Баймырза жылап жіберді. Жыламай қайтсін: артында тағы соя-
тын қойы бар ма, оның?..
– Мұндар, құдай-ай! – деп жылады ол. – Тым болмаса Нұржанға
үйдің дəмін қызғанбасаң едің!..
Шыбынды, құртты жаратқан құдайға атар оғы болмаған Бай-
мырза, жасқа булығып тұрғанда, Балқаш та жетті.
– Əтке! – деді ол Баймырзаны құшақтай ап, демі таусылғандай
буыны босап. – Кешір, Əтке!..
Балқашты аяп кеткен Баймырза үн-түнсіз қатты да қалды... Ол
екеуі қосыла жылады.
Біраз жылап басылғасын:
– Енді кейін қайтамыз, – деді атасы.
– Неге?! – деді келіні.
– Немізді апарамыз енді? Елге барып, тағы да қой іздейік...
Олар кейін ауылға қайтты...
19. КЕПІЛДІК ЖƏНЕ СОТ
Айналайын Ғалия, сен бір тоты,
Сені айтпасам келмейді көңіл хошы.
Сен есіме түскенде, Ғалияжан,
Бір тиындай болмайды өгіз соты.
(Балуан Шолақ өлеңінен)
Балуан Шолақтың бір досы Ыбырай бастап жəне тағы бірнеше
досы қостап, Балуан Шолақты сотына шейін кепілдікке алуға
Көкшетауға барды.
Көкшетаудың ұлықтарына олар жалынды да, пара да ұсынды,
бірақ өзге қылмыстың бəріне «мейірімді» ұлықтар, Балуан Шолақ-
222
қа қатайып, маңына жолатпады. Параға қызыққан судья «кепіл-
дікке берсек қайтеді?» деп оязға ақылдасқан еді:
– Қазақ даласына өрт тұтатайын деп пе ең? – деп ақырды ояз
оған. – Балуан Шолақ – сіріңкесі емес пе даланың?..
Балуан Шолақтың достары судьядан күдер үзген соң, оязға
жолықпақ боп арыз ұсынып еді, ол айтар жауабын Сүтемген ар-
қылы қайырды.
– Ояздың көзіне көрінбеңдер! – деп қорқытты Сүтемген арыз-
шыларды. – Егер көрінсеңдер, бəріңді де жауып қояды.
– Неге жабады? Шағым берген кісіні жаба берсе, ұлық бола
ма? – деп дауласты қазақтар.
– Ендеше, – деді Сүтемген, – «əкесі өлгенді де естіртеді», ту-
расын естігілерің келсе, «Балуан Шолақ, үкіметтің дұшпаны, –
дейді ояз. – Оны қорғаған кісі де үкімет дұшпаны. Арызшылар бұл
қылықтарын қоймаса, Балуанға қоса сотталады...»
Ояздан, басқа ұлықтардан тауалы шағылған Балуан Шолақтың
достары Омбыға, губернаторлық мекемелерге ізденуге кетті.
Омбыда айдан артық жатқан олар, адвокаттың жəрдемімен,
прокурордан «Балуан Шолақты кепілге жібер» деген қағаз ап
қайтты. Өзге шығыннан басқа, жалғыз осы қағаздың өзі оларға
мың сомға түсті. Балуанның күші келмейтін бұл ауыртпалықты ел
боп көтеріп кетті...
Балуан Шолақ кепілге босанып үйіне келді. Балқаштың қылы-
ғына қатты ренжігенмен, Баймырза мен Қалампыр, Балуан ның
былай да жүдеу көңілін одан жаман жүдетерміз деп, Балқашқа де-
ген өкпесін Балуанға білдірмеді.
Бірақ «ел құлағы – елу», «отыз тістен шыққан сөз отыз ру елге
жетеді».
Балуан Шолақ Балқаштың қылығын жата-жастана елден естіді.
Бұл жайда ерекше ынта көрсеткендер Тоқсанбайдың Сыздығы
жұмсаған адамдар. Солардың айтуынан Балқаштың неге іздеп кел-
меу себебін өсірген түрде естіген Балуан өкпе мен ашудан жары-
лып өле жаздады. Оның ойына Балқашты өлтіріп тастау ниеті де
келіп кетті. «Бəрібір сотталған бас, құнын бір-ақ берейін?» – деп
ойлады ол.
Бұл ойын ол іске де асырар ма еді, қайтер еді, егер өткен
көктемде Балқашпен арасынан бала тумаса. «Бəтен» қойған бұл
қыз, Балуан сергелдең жолда жүргенде, бүлдіршіндей боп өсіп
қалған екен. Баланы жанындай жақсы көріп кетті ол. Ашу алғаш
қысқанда, үйінде оңаша отырған Балқашты бассалып сабауға,
тіпті өлтіріп жіберуге бел байлаған Балуан үйіне кірсе, семіз, əдемі
баланы Балқаш емізіп отыр екен.
|