245
Ойы осы сияқты «тұманға» сүңгіп, одан табар сəулесі жоғына
көзі жеткендей болған Балуан отырған мекеніне қайта оралды.
Сол кезде, оның алыстағы буалдырға тіккен көзі қимылсыз жатқан
Татьянаға түсіп кетті. Оның басында тағы да қиянат пен əділеттік
салмақтаса қалды. «Қайсысына баруым керек, сол екеуінің? –де-
ген сұрау туды оның басына. – Қиянатқа барсам, мына қыз менің
уысыма түскен жемім, мұны менен арашалап алар ешкім жоқ...
Бірақ дұрыс па соным?.. Бар тағдыры қолымда қалған бейшараны
шыңғыртып жеуім адамшылық па?.. Жоқ, емес ол!.. Онда менің де
талағыш көп иттің ішіндегі көк ит болғаным!..»
Балуанның «жоқ, мен ит емеспін, адаммын!» деген дауысы
қатты шыққандығы сондай, даусынан сескенгендей, өзі де орны-
нан атып түре келді, ұйықтап жатқан Татьяна да шошып оянған
түрмен, есеңгіреп құзға қарай қаша жөнелді... Сол бетімен құзға
құлайтын оны Балуан əрең қуып жетіп, биік жартастың қабағына
жақындай бергенде, белінен құшақтай алды... Қасқыр тістеген
киіктей шошынған Татьяна бақырып қалғанда:
– Қорықпа, қорықпа! – деді Балуан. – Мен аң емеспін, адаь-
мын!..
Есін сонда ғана жинаған Татьяна, «рас па?» дегендей, Балуан-
ның кескініне қарады да, үндемеді. Шын мағынасындағы адамның
аса жылы кескіні сияқтанып кетті Балуанның беті оған.
Балуан Татьянаны сол көтерген қалпынан жерге түсірмей,
манағы отырған тасына əкелді де, алдына алып отырып, тілі жет-
кенше, бұндай іске неге барған сырын шертіп кетті. Балуанның
орыс тілін олақ сөйлеуі Татьянаға оның ойын ұғуға бөгет болған
жоқ. Бөгеттігі былай тұрсын, жанының жалынындай ақтарылған
бұл сөздер Татьянаның сана-сезімін қорғасындай балқытып
əкетті... Балуанның сөздерін əуелде сынай тыңдаған Татьяна, ар-
тынан жылай тыңдады...
Бір кезде Балуанның өзі де жылағандай сезілген соң, Татьяна
көзін сүртіп кескініне қараса, расында да солқылдап жылап отыр
екен!..
– Сізге не болған?! – деді Татьяна Балуанның алдынан атып
тұрып, басын құшақтай ап. – Ақыл мен қайраттың жентегі сияқты
сіз жылағанда, адам баласында жыламайтын кім?.. Өзгеңізді
мақұлдағанмен, мұныңызды мақұлдай алмаймын!.. Мен сізді
аса биік адамға санап қалған едім, егер төмендегіңіз келмесе,
тыйыңыз, көз жасыңызды!..
Бұл сөзге балқыған сезімі серги қалған Балуан, көз жасын
жеңімен сүртіп жіберді де:
246
– Мен өзгеге емес, дүниеге адам болып келуіме ғана жылай-
мын, – деді.
– Неге?!
– Азаттығы жоқ тіршіліктің кімге керегі бар?
– Өзгеде менің жұмысым жоқ, – деді Татьяна, – жұмысым
болғанмен, өзгенің қиянатын түзеуге менің əлім келмейді. Оған
сіздің де əліңіз келмейді. Менің əлім келетін адам – əкем. Оның
тарапынан бұдан былай сізге ешбір қиянат болмауына мен уəде
бере алам. Сеніңіз, осы сөзге.
Балуан үндемеді.
– Сенуіңізді өтінем! – деді Татьяна түрегеп, жалбарынған да-
уыспен. – Əкеме өтінішімді қабылдатудың үстіне, егер мақұл
көрсеңіз, сіздің өмірлік досыңыз болғым келеді...
– Оны өмір көрсетер, – деді Балуан да түрегеп. – Асығыс сөз –
ауыздан шыққан дем, қайтып оралмайды ол. Менің тек қана айта-
рым, дос болам деген кісіге менің достық құшағым даяр!..
Расын айтқанда, Балуан Татьянаның уəдесіне сенуді де, сен-
беуді де білмеді. Сенбейін десе – аузынан уызы кеппеген сəби
адам, өтірік сөзді қалай айтады?.. Сенейін десе – жауласып отырған
адамның қызы… ол жаулықтың аяғы немен тынары мəлімсіз…
қыз, мүмкін, уəдесін адал-ақ беpiп отырған шығар... бірақ əкесі
оның тілегін орындауына кім кепіл бопты?.. Егер орындамаса, бұл
қыз, əкесін бұған айырбастай ала ма?..
Балуан осы оймен қызды бір күнде емес, көп күнде сынауға
бекінді.
Оның бірінші сынынан Татьяна да, Татьянаның бірінші сыны-
нан ол да əдемі өтті. Татьянаның сыны – «дос болам» деп уəде
бермеуіне қарап, «кегі ішінде екен, оның арты неге соғар екен?» деп
күдіктенген Татьяна, «егер ойы олай болса, бүгін түнде сыр беруі
мүмкін» деп қорыққан еді, «бүгін сыр бермесе, адамгершілігінің
рас болуы мүмкін» деп үміттенген еді; Балуанның сыны – «бұл
қыз мені жəй сөзбен ғана жұбатып, ішкі пікірін ішіне сақтаса, осы
түнде мені ұйықтатып тастап, қашып кетуі мүмкін» деп күдік-
тенген еді.
Ақылбай оларға асты күн баюға жақындаған кезде əкеп берді.
Балуан жеп-ішер деп ол піскен сүр жəне қымыз əкелді де, қызы
жеп-ішер деп орыстың қалашын жəне піскен қаймақ əкелді.
Балуанның Татьянаға деген сенімі осы астың үстінде тұтана
бастады. Қарны ашты ма, əлде, Балуанның сенімін арттыруға көз
жасағысы келді ме, «келіңіз!» деп шақырған дастарқанның қасына
247
отыра қалды да, серіктерін қулық сөздер айтып күлдіре отырып,
асқа тыңқия тойып алды. Қыздың мана жабырқаңқы кескінін
көріп, «бұл байғұстың халі не болар екен?!» деген уайымда кет-
кен Ақылбай, мына жолы жадырай қалуына, асты қомағайлана
ішуіне қарап, «осы екеуі келісіп қалған ғой, тегі!» деген арам ойға
тоқырады.
Ақылбай атына өңгеріп, үйінен төсек-орын да ала келген еді.
Ол кете, тастардың қуысындағы жел-күнге тигізбейтін бір жайлы
орынға Балуан төсекті салды да:
– Сен енді тынық! – деді қызға.
– Сіз ше?
– Мен кейінірек ұйықтаймын.
– Қайда?
– Тас арасында орын көп.
– Оған дейін не істейсіз?
– Ананы ермек қыла тұрам, – деп, Татьянаға Балуан Ақылбай
əкеп берген, таста сүйеулі тұрған домбыраны көрсетті.
– Сіз жақсы ойнайсыз ба? – деді Татьяна.
– Өзіме қажетті мөлшерде.
– Сізді əнші жəне ақын деседі жұрт, рас па сол сөз?
– Өзіме қажетті өлеңді де, əнді де шығаратыным рас.
– Маған тыңдауға бола ма ол өнерлеріңізді.
– Əрине, болады.
Тасқа аралары алшақтау қатар отырғаннан кейін, Балуан
қарағайдан жасалған ескілеу домбыраны қолына алды да, күйіне
келтіріп, құлаққа жағымды əлдене қоңыр əнді, домбыраның ішек-
терін шолақ қолының үсік саусағымен, іліп-қағып ойнап жіберді.
Бұл əні жүрегіне жылы тиіп кеткен Татьяна аз уақыт тынысын
ішіне тарта тыңдап отырды да:
– Енді дауыс қосуыңызды өтінем! – деді.
– Жақсы, – деді Балуан, – бірақ айтар əнім бұл емес, басқа.
– Қандай əн?
– Ғашығыма шығарған...
– Жаңылмасам, естуімше, ғашығыңыздың аты Ғалия болу ке-
рек? – деді Татьяна Балуанның бетіне күлімсірей қарап.
– Оны қайдан естідіңіз?
– Халық арасында тараған əңгімені мен неге естімеймін?
– Не деп естідіңіз?
– Ол жырды маған өзіңіздің айтуыңызды өтінем.
– О да болсын!
248
Хат жазайын, Ғалия, саған арнап,
Сипатыңа, екінші, құрмет айлап.
Анда-санда көзіме бір көрінсең,
Қарға аунаған түлкідей қалам жайнап! –
деп бастап, Балуан «Ғалия» əнін айта жөнелді. Дауысы шынында
зор ма, əлде, мына биік таудың басы, қалың қарағайдың іші көтеріп
əкетті ме – құмарта тыңдаған бұл əдемі əнді айтқанда, Балуан
Татьянаға дүниеде дауысы ең зор, ең нақышты адам сияқтанып
кетті. Оның даусына бүкіл дүние қосылғандай, кең дүниенің
ішінде осы əннен басқа үн жоқтай, сол кең дүниеге мынау əдемі əн
əрең сыйып тұрғандай көрінді Татьянаға... Не деген тамаша əн!..
Не деген тамаша үн!..
Сол əннің қызығына түсіп, екеуі де қас қарайып, ымырт
жабылғанын байқамай қапты...
– Тынығар уақыт бопты, – деді Балуан, бір кезде Татьянаға,
домбыраны қасына сүйей сап.
– Тағы да, Балуан!..
– Əр нəрсе дəмімен, Тəнəй-жан! – деді Балуан.
«Татьяна» деген сөздің орнына «Тəнəй-жан» деген сөз аузы-
на қалай түскенін Балуан байқамай да қалды. Татьяна ол сөзге
түсінбегендіктен мəн бермеді.
– Мөлшерден артық ішсе, тəтті де жүректі айнытады. Бүгінге
осы да жетер. Қалғаны ертең.
– Жақсы! – деді Татьяна.
– Онда, жат, қарындасым!
– Жалғыз жатуға қорқам.
Балуан «неге?» демеді. Елсіз-күнсіз биік таудың басында,
қараңғы түнде, баспанасыз жерде жалғыз жату оңай боп па?
– Онда қайтем? – деді Балуан.
– Мен сіздің құшағыңызда ғана ұйықтай алам!..
Қызды шекпеніне бөлей, құшағына ап, төсекке өзі киімшең
қисайған Балуанның жан-жағынан нəпсінің аңдары арсылдай
ұмтылғанмен, берік жəне батыр жүрек сертінен жаңылмады. Қалай
қалғып кеткенін ол білмей де қалды...
Балуан оянып кетсе, дала жап-жарық. Қарағайлардың арасы-
на, бетіне күннің əлсіз сəулесі түсіп тұр... Мұрны ақырын ғана
пысылдап Татьяна құшағында ұйықтап жатыр... Бір қырындау
жатқан оның да бетін күн сəулесі шалып, былай да сұлу кескіні
тіпті нұрланып кетіпті... Егер қимылдаса, қасындағы қыздың рахат
тиыштығын бұзатындай көрген Балуан, оған тек көз қырын ғана
249
тастап, сұлулығына қайран қалды. Өзінің ерлігіне ол одан да артық
қайран болды. «Адам егер шындап кіріссе, нəпсіні сындыруға бо-
лады екен-ау! – деп таңданды ол. – Осындай сұлу қыздың қасында,
осылай жатуға болады дегенге, көзі көрмеген кісі нанбас еді-ау!»
Балуанға мұндай ерлік, тек, оның ғана қолынан келетін сияқты
тəкаппарлық пайда болды. Бұл қылығы адамдық-ерліктің биік
шыңы сияқтанып кетті оған. Егер өзі тілесе, адамның қолынан
келмейтін ерлік жоқ деген ойға келді ол. Өзінің сондай адам боп
тууына мақтанғандай болған ол, «адам!..» деп айғайлап қалды.
«Неге өйттім?» дегендей, ол аузын бос қолымен басып үлгермей,
Татьяна оянып та үлгерді. Шошып оянып есеңгіреуі ме, əлде дұрыс
оянып, ақылының əмірін орындады ма, басын төсектен көтере бер-
ген Татьяна да «адам!» деген сөзді бар даусымен айтып, Балуан-
ды құшақтай aп, денесін денесіне қатты қыса, сақалы өскен түкті
бетінен құшырлана сүйді...
Достықтың осы қаймағын ешбір нəпсінің дауылы соғып бұза
алмады. Балуан бұл дауылға емендей иілмей, қасқиып қарсы
тұрды. Сана-сезімінің буыны əлі бекіп болмаған жастығынан ба,
бұған дейін сүйген ешкімі жоқтықтан ба, Балуанның кісілігімен
қатар жігіттігіне де сүйсінуден бе, біраз күн бірге жүріп-тұрғаннан
кейін Татьяна өзін-өзі байқап көрсе, Балуанға жігіт деп те қызығып
қалған жайы бар. Осы сезімін сыртына шығарар, шығармасын
білмей азаптанып жүргенде:
– Сен бүгін қайтасың! – деді Татьянаға, ертемен етекке түсіп
келген Балуан.
– Қайда?
– Үйіңе...
Балуан Татьянаға абақтыда жатқан туыстары түгел босанғанын,
ояздан «қызымды аман қайтарсаң, саған да, туыстарыңа да
тимеймін» деген хат келгенін айтты. Бұл хабарға қуанған Татьяна:
– Үйіме өзіңіз апарып салыңыз да, əке-шешеммен де достасып
аттаныңыз! – деген өтінішін айтты.
– Ол өтінішіңді орындай алмаймын, – деді Балуан.
– Неге?
– Достық – жүректің ісі. Жүрек сырласып сеніскен адамымен
ғана дос бола алады.
– Менің əке-шешеммен сырласып сенісуге болмай ма?
– Болмайды, достым!..
– Неге?!
– Ол ұзақ кеңес жəне оны сізге айтудың қажеті де жоқ. Ал,
сенімен?.. Егер сертіңде тұрсаң, бұдан кейін я жолығармыз, я
250
жолық паспыз, бір-бірімізге ісіміз я түсер, я түспес, «дос болам»
деген сертімде мен берік тұрармын, оған бүгінге дейін сертінен
айнымаған ар-ұятым куə!..
Соңғы сөз Татьянаны тағы бір тұйыққа əкеп қамады: Балуанның
Ғалияға деген серті бұзылмастай берік екендігіне оның көзі жетіп
болған. Егер көзі олай жетпесе, осы арада «мен сені сүйем!» деген
сөзін айтқалы даяр тұр...
Бұл сөзді Балуанға Татьяна тек түнде, Көкшетау қаласының
көшесінде, өз үйінің қақпасының алдында ғана айтты. Олар қалаға
түн ортасы ауа, қала шырт ұйқыда жатқан кезде салт атпен кірген
еді. Екі ат та Балуандікі.
Үйіне кіріп-шығуға Балуанды бұған дейін көндіре алмаған Та-
тьяна, қақпасының алдына кеп атынан түскен Балуанға өтінішін
қайталаған жоқ.
Татьяна түскен аттың шылбырын қолына алған Балуан, тауда
еркелетіп қойған атымен:
– Ал, Тəнəйжан, енді қош бола тұрасың да! – деді қолын
ұсынып.
Татьяна оған қол берудің орнына, басын кеудесіне баса, белінен
құшақтады да, қараңғы түнде көзі жұлдыздай жаутаңдап, еркелеп
дағды алған қазақ сөзімен:
– Аға! – деді.
– Əу, Тəнəйжан! – деді Балуан.
– Сіз ғой, енді «Тəнəй-ай!» деп маған шығарған əніңізді
ұмытасыз?.. – деді Татьяна жыламсыраған дауыспен.
– Əн ұмытыла ма, Тəнəй-жан? Жəне «Тəнəй-айдың» қасында,
«Тəндə менің жан-ай, əй!» деген сөз бар емес пе?
– Бар...
– Білесің бе, «жан» дегеннің не сөз екенін?
– Білем!..
– Ендеше, кеудемде жан тұрғанша жасайды ол əн.
– Сенем, аға!.. Менің кеудемде де сіз солай жасайсыз!..
Өйтпегенде ше?.. Бұрын романдардан ғана оқитын шындықты сіз
маған іс жүзінде көрсеттіңіз!.. Рақмет сізге!.. Мен енді дүниеде
адам барына да, достық барына да, махаббат барына да сенем!..
– Рақмет, Тəнəйжан!..
– Дүниеде екі сүю бар ма, аға?
– Жоқ!..
– Ендеше, мен сізді ғана сүйем!.. – деді де, қыз өксіп жылап
жіберді.
Қызды бауырына басқан Балуан не сөз айтарын білмей қалды.
251
– Ал, қош, сүйікті Тəнəйжан! – деді Балуан, аз уақыт үнсіз
тұрғаннан кейін.
– Қош! – деді Татьяна əлсіз дауыспен, одан əрі сөйлесудің
қажеті жоғын ұғып.
Балуан жылдам қимылмен Ақбозына қонды да, Татьяна мініп
келген атты жетекке алып жүріп кетті...
24. «ЕРДІ КЕБЕНЕК ІШІНДЕ ТАНЫ»
1
Көк ала үйрек ұшады көл дегенде,
Менің діңкем құриды сен дегенде.
Ғашық болып қосылған Ғалияжан,
Сусын болар лебізің шөлдегенде!
(Балуан Шолақ өлеңінен)
Татьянаны Көкшетауға апарып қайтқаннан кейін Балуан
Шо лақ атын өктемей, жолда бір күн тыныстады да, ертеңіне тура
үйіне барды. Абақтыдан қашқалы үйіне бірінші баруы болға-
ны мен, оның қайда не істеп жүргені семьясына да, өзге жұртқа
да мəлім еді.
Семья да, халқы да оны дағдылы жылау-сықтаумен қарсы
алды.
– Батыр, енді сабыр! – деп өтінді ағайындары мен дос-жаран-
дары. – «Аса қайрат – бас жарады» деген аталарың, «Балуанмен
күреспе, ұлықпен тіреспе!» – деген аталарың. Албырт жастық, пен
басыңды тауға да, тасқа да соқтың. Енді сақал-мұртың шығып,
көңілің тоқырайтын жасқа жеттің, мал малданатын, жан жандана-
тын кезің болды. «Тек жүрсең – тоқ жүресің», – деген атаң. Малын
бағып қана тиыш жүргендер өлген жоқ, олар да күн көріп жүр.
Ұлық
тан алған қағазың сенімді көрінеді. Енді өзің тимесең, ұлық
саған тимейді, тоқтал, жарқыным.
Қуғыннан қажыған Балуан Шолақтың алғашқы кезде бұл
ақылды алғысы келді. Сол оймен ол үйіне біраз уақыт тұрып та
көрді.
Өзін Балуанның алдында кешілмес күнəһар көрген, бірақ Бал-
уаннан айырылу деген ойды басына жуытпай, жуиын десе, жаны
1
Халық мақалы. «Кебенек» – жазалыны масқаралауға кигізетін шоқпыт құрым,
халықтың «Кебін кигеннен түңіл, кебенек кигеннен түңілме» деуі де осыдан
шыққан.
252
түршіккен Балқаш, Татьянаны алып қашуды қоса Балуанның бар
кінəсін ұмытып, шамасы келгенше жақын тартуға, көңілін алғаш
қосылған кездегі қалпына түсіруге тырысты. Балқашқа Балуан да
бұрынғыдай тыжырынбады, өзеурей қоймағанмен, «күйеуіңмін»
деген ұғым беруге тырысты.
Қызын аман көргенмен, Балуанға тимеуге қолынан заңды под-
писка бергенмен, «балам қолыма бүлініп тиді» деген ұғымдағы
Долгоносовтың кеудесінен кек кеткен жоқ. Балуанға тура соқтығуға
жүрексінген ол, өзі сенетін ауыл адамдары арқылы қастық қылмақ:
өлтіртпек, я у бермек те болды. Ол планын да іске асыруға батылы
жетпеген Долгоносов «бұдан бұлай қайтер екен» деп, Балуанның
артынан тыңшылар жүргізді.
– Əзірге бұрынғы бұзақылық қалпы жоқ, – деп хабарлады тың-
шылар, – үйінде тиыш жатыр.
– Олай болса, осыған тимейік, – деп ұйғарды ояздық мекеме-
лердің ұлықтары, – өзі де қажыған шығар, мүмкін жуасып кетуі.
Тағдырдың ноқтасына басын ұсынған Балуан Шолақ аз жа-
сында көрген өзге зорлық-зомбылығын ұмытуға тырысты жəне
ұмытты да, бірақ, өзгені ұмытқанмен, оның жүрегінен жабысып
айырылмайтын бір ғана дерт бар. Ол – Ғалия. Неге екенін өзі
де білмейді: оны ойламай қоя алмайды, ойласа іші уылжиды да
тұрады...
«Ендігі толқытатын Ғалия болуы мүмкін» деп қауіптенген
адамдар, Балуанның көңілін суытамыз ба деген оймен, ол туралы:
«Атбасардан қайтқан соң Ғалия күйеуі – Біржаннан айырылысып-
ты. Содан кейін ол бұзықтық əдетке салынып, көлденең кездескен
көк аттыны құр өткізбейтін бопты», – деген өсек таратты.
Ғалияның аты аталған сайын, Балуанның оған құмарлығы арта
түсті. «Күйеуінен айырылысыпты», – деген сөзге Балуан тіпті
елегізді. «Атбасардан қайту!.. Айрылу!.. – деп ойлады ол. – Егер
бұл өсек рас болса, кінəлі мен емеспін бе? Біреудің ұясын бұзып,
енді не болсаң ол бол деуім ерлігіме сыя ма? Жоқ, мен анықтайын,
мұны!.. Барайын Қараөткелге!.. Егер Ғалия өзгермесе, бұрынғы
көңілі қалпында болса, оның қарғысына қалмайын!..»
Осы ойға белін бекіткен Балуан бір күні Балқашқа шынынан
жарылды. Алғашқы қосылуын, одан кейінгі өмір кезеңдерін баян-
дай кеп, Балуанның Балқашқа айтқаны:
– Екі қатын алған қазақта мен ғана емес. Сен көнсең, Ғалия
көнеді. Екінің бірі боп отырам десең де ықтияр; ал оған көн-
беймін, кетем десең де ықтияр!.. Таңдағаныңды ал! Мүмкін, мен
сенің бағыңды байлаған шығармын, ол кінəмді мойынға алам.
253
Ренжіскен күндеріміз де болды. Қазір ешбір қалтқысыз шын сыр-
ласып отырмын. Сен де шыныңды айт. Айырылсақ та, бірге тұрсақ
та, бір-бірімізге жауықпайық.
Балқаш не дерін білмеді. Ол ызаға шыдамай жылады да, тула-
тып алармын деген қауіппен өзін зорлап күлді де. Күлкілі көз жа-
сымен ол «осыған мойымас па екен» деп, бойына бала біткенін, ұл
болу үміті барын айтты. Бірақ Балуан беріспейтін мінезіне бағып,
«екі сөздің қай таңдауы сенікі» деген сөзінен танбады.
Балқаш қатты қиналды. Ол екі сөздің біріне де жолай алма-
ды. Айырылғысы келмегенде, Балқашта қазір Балуанға байланып
жатқан жүрек жоқ. Балуанның жүрегіне қосақталған оның махаб-
бат жібі қызғаныш оты алғаш тұтанған күні жанып кеткен. Со-
дан бері Балқашқа Балуан «сүйікті Балуан» емес, «еркек Балуан»
ғана. Сөйте тұра, Балқаштың одан ажырай алмайтыны: бір жақтан,
«Балуан Шолақтың қатыны» деген атақтан айырылғысы келмеуі;
екіншіден, бір байға тиген əйелді, ескі ауыл əдетінде қатыны өлген
кəрі-құртаң біреу болмаса, үйленбеген я əйел таңдаған адам ала
қоймайды. Өз ойында Балқаш бір əйелден кем емес. «Сонда да, –
деп қауіптенеді ол, – Балуаннан айырылған соң мен таңдағаныма
тие алам ба?»
Болашағын ойлаған Балқаш жылау-сықтаудың артынан Бал-
уанға кесімді ойын айтты:
– Ғалиядан қызғанам, – деді ол, – сонда да сені қимағандықтан
рұқсат берем. Бетіңнен жарылқасын. Тіпті қайырылмай кетсең де,
осы орнымнан қозғалмаймын.
Балуан Шолақ Балқаштан рұқсат ап, ыңсыз-шыңсыз, «Қараөт-
келде жұмысым бар» деді де, жүріп кетті.
***
Атбасардан Ғалияны зорлықпен алып қайтқан Қордабай,
Ақмолаға жеткенше Біржанның мұқалған намысын қылшылдата
қайрап келді.
– Айырылған қатының еді, – деп келді ол Біржанға, дос
болғансып, – «аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын»
деген мақал бар. Сені Балуан Шолақтың сонша басынғанына
сайтаным ұстап кетті. Қайрақтының сексен өгізін ұрлап қашып
жүрген немені ұлыққа көрсетіп, ұстадым да бердім. Өмірде босан-
байтын бұғауды аяғына кигіздім. Одан құтылу оңай болмас. Арсыз
қатының біржола Балуан Шолақтық боп алған екен. Ол ұсталғанда
соңынан қуам демесі бар ма? Сайтаным мұндай келмес! Жо-
ны-сыртын бірдей ғып сабағым кеп тұрдым да, тағы да: «Сенің
254
аяғыңда жатқан қатын еді ғой» деп қол қатпадым. Жауыңнан айы-
рып, қатыныңды қолыңа аман бердім. Енді басындырма! Итаяқтан
су ішкіз, бəлеме! Араша түскен кісіні көріп алайын мен!..
Бұл сөздің бəрін Біржанға Ғалиядан оңаша айтқан Қордабайдың
ойы мен аузы екі тарапта еді. Ауызша дос болғансыған ол, ішінде:
«Ғалияны солай қыстай бастаса, Біржанға көңілі суиды да,
намысқор əйел айырылады, содан кейін маған тимегенде қайда ба-
рады?» деген арам ой сақтаған еді.
«Сынықтан басқаның бəрі жұғады» дейді мақал. Ғалияға
қосылғаннан кейін, оны еліктеймін деп Біржан əнге, домбыраға
əуестеніп, салсымақтау боп, екінші жақтан, Ғалияны байбатша
мырзалардан жеңіп алдым дегендей кеудесіне нан пісіп, нығызси
бастаған еді.
Қордабайдың сөзі Біржанды желіктірді. Ол Ғалияға қоқаңдап,
тіпті сабағысы да кеп кіжіңдей бастады. Бұл жақтан көңілі жай
тапқан Қордабай енді Ғалияға қамқорсып:
– Мына жаманың қайтеді? Оған сенің сілімтірің де кеп емес
пе? «Байғұстың аузы асқа тисе, мұрны қанайды» дегендей, мұны
түлен түртейін деген екен! – деп желіктіруге тырысты.
Қордабайдың «қамқорлығына» Біржан түсінбегенмен, Ғалия
түсінді. Түсіне, тура ол Атбасардан қайтқан соң көп кешік-
пей Біржаннан айырылды. Айырылмауға Біржанның қыңқылы
шыдатпады.
Басында: «Ғалия бұлай келе қоймас, қорғалар, мұқатып, жуасы-
тып алайын» деп ойлаған Біржан, Ғалия айырылуға бел байлағаннан
кейін «араздықты тастайық, мен кештім, сен де кеш» деп жалын-
ды. Ғалия «қайтқан көңіл – шыққан жан» деп мойырылмаған соң,
қорқытып көндірем бе деген ниетпен: «Балуан Шолақпен сырлас,
оның бар пəлесін осы біледі», – деп, оязға арыз берді. Ақмоланың
оязы Троицкий деген қартаңдау, қазақуар, қымыз бен сүрді жақсы
көретін адам болушы еді. Ғалияның қолынан ол талай дəм татып,
тəтті қымызын ішкен, тəтті сүрін жеген. Ғалияны да, Біржанды да
ол жақсы біледі
Біржанның арызы қолына тигеннен кейін Троицкий екеуін
де шақырып алып табыстырмақ болды. Оның сөзіне Біржан
көнгенмен, Ғалия көнбеді. Тройцкий өзін «прогрессивный адам-
мын» деп ұғатын еді, ол əсіресе əйел мəселесінде «гуманистпін»
деп түсінетін. Ғалияның көнбейтінін көрген Тройцкий оны оңаша
алып қалды да, ақыл айтты:
– Айырылғыңыз келсе, судьяға айтам да айырам жəне сізге
күйеуіңіз тимейтіндей етем. Бірақ бір шартым ғана бар: Балуан
|