1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата15.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9852
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

235
Түлкімұрт Сүтемген оқыған əрбір сөйлемді жеке аударды. 
Хаттың  сөздерінен  үйдегілердің,  əсіресе  Терентий  Диякович 
пен оның əйелінің үрейі ұшты. 
– Босат!.. Босат!.. Тез босат!.. – деп айғайлады Долгоносовтың 
əйелі еріне!.. – Босат тез, ұстағандарыңды!.. Əйтпесе құрыдық! 
Аузы  көпіріп,  көзі  аларып  талып  кеткен  əйелді,  сол  үйде 
отырған үйездік емші камфара, тағы сол сияқты дəрілерді иіскетіп, 
əрең дегенде ақылына келтірді. 
Сең  соққан  балықтай  сенделген  ояз  қасындағыларға  ақылда-
сып еді. 
– Босату керек, – деді олар, – мұны енді ашуландырмайтын ша-
ра қолдану керек. Егер ашуланса, не өледі, не ойдағысын істейді. 
22. КӨКШЕНІҢ КЕУДЕСІНДЕ 
Мына дүние қай дүние – күлкі дүние! 
Таудан қашқан сылаңдап түлкі дүние! 
Сексен сұлу сылаңдап тұрса-дағы, 
Ғалияның алмаймын кірпігіне! 
Ойпырмай, жан сəулем Ғалия... 
(Балуан Шолақ өлеңінен) 
Татьянаға  мінгізетін  атты  жетекке  алған  Балуан  Шолақ  тура 
Көкшетау  тауына  тартты.  Көкшетау  қаласынан  Көкшетау  тауы 
жетпіс  шақырым  жер  еді.  Шоқытып  отырған  жүріспен  қаладан 
тауға  таң  атқанша  жететінін  шамалаған  Балуан,  аттарды  қыса 
айдаған жоқ. 
Татьяна  салт  жүруді  жақсы  көретін  қыз  еді.  Бала  жасынан 
салт мініп үйренген ол, əкесіне Омбыдан жазған хаттарында «эх, 
папа! Шіркін, салт атқа мінсем!..» деп аңсайтын. Жыл сайын, жаз 
айларында  демалысқа  келгенде,  үнемі  салт  атпен  серуендейтін. 
Фаэтонға мініп серуендеуді ол биыл жаз ғана шығарған. Онда да, 
биыл көбірек оқыған Тургенев романдарының əсерімен... 
Балуан  Шолақ  салт  атқа  еріксіз  мінгізіп,  жетектеп  ала 
жөнелгенде, қорыққаннан басы айналып құлай жаздаған Татьяна, 
былай шыға сергіп кетті. Алдынан жаздың самалы үрлеп, шоқыта 
шапқан  аттың  үстінде  қараңғы  түнде  отыру  оған  аса  бір  рахат 
сияқтанды. 
Жылы  түнде,  самалдың  жұмсақ  алақанына  бетін  сипата 
жортып  келе  жатқан  Татьяна  біраздан  кейін  қауіптен  арылып, 
еріккендей болды. Ол əлденені айтпақ боп Балуанға бірнеше рет 

236
оқталды да, атын тебініп, үзеңгі қағыса қатарласты, бірақ батылы 
жетіп үндей алмады, үндесе, жортуылшы жолбарысты шошытып 
алатын сияқтанды. 
Балуанда  да  үн  жоқ.  Оның  өткір  көзі  қараңғыда  əлдеқайда 
қараңдағандай  болған  Көкшеге  қадалған.  Бар  ынтасы – Көкшеге 
тез  жету...  кеудесіне  тез  шығу...  Ол  кейде  қасындағы  қызды  да 
ұмытып  кетіп,  жалғыз  өзі  келе  жатқандай  əндете  беріп,  қыздан 
ыңғайсызданғандай аузын жия қояды. Жетекке алған Татьянаның 
аты кейде Ақбоздың ұтқыр шоқағына ере алмай тартынады, Бал-
уан атын тежеңкірейді де, қыздың атын қатарластырады... 
Бұндай жүріспен келе жатқанда, егер қыз қапысын тауып, же-
текке алған атының шылбырын қиып жіберіп, кейін қалып қойып 
қашса, бейқам Балуан байқамаған да болар еді. 
Таңға  жақын  жартыланған  ай  туды.  Ашық  аспанның  шығыс 
жақ жиегін белуарлап Көкше көзге түсе кетті. Жер шамасын Бал-
уан байқаса, жетем деген жері енді алыс емес сияқты. 
Ентіккен  атын  тыныстау  үшін,  ол  тежеді  де,  жүрісін  аяң 
жортаққа салып, Татьянаға қарады. Бұқпадан аттанғалы қызға бұл 
бірінші қарауы еді. 
Ай  сəулесі  себілген  қыздың  беті  Балуанға  дүниедегі  ең  сұлу 
сияқтанып  кетті. «Жұмақ  бар,  онда  хордың  қызы  бар,  хор  қызы 
күннен  сұлу  болады», –деген  сөзді  Балуан  кітаптан  көретін  еді, 
оларды  көруге  құмарланатын  еді.  Мына  Татьяна  дəл  осы  сəтте 
сол  хордың  қызы  сияқтанып  кетті.  Аспандағы  айдан  бұл  нұрлы 
көрінді. Қыздың жалаңаш басында желбеңдеген сары шашы оған 
шығып келе жатқан күннің шашыраған сəулесі сияқтанды... 
Балуанның көз қыры қызға қадала қалды. Қадалған сайын қыз 
оған  ұнаңқырай  түсті. «Атқа  отыруы  қандай  тамаша! – деп  ой-
лады  Балуан.  – Денесін  қандай  нық  жəне  тік  ұстайды!..  Қандай 
тəкаппар пішінмен отыр өзі!» 
Осы  ой  көңілін  аулаған  Балуан  Шабақ  поселкесіне  жақын-
дағанын білмей қапты. Шақырған тауықтың, үрген иттің дауысы-
на көңілі бөлінген ол, алдына қараса, поселке жақын тұр. 
Осы арадан Көкшеге баратын жол екіге айырылады: бір жол –
Шабақ  көлінің  ығымен,  Көкшенің  күнгей  жақ  биігін  жағалай, 
Оқжетпестің ығына қарай асады; екінші жол – Көкшенің теріскей 
жақ биігін жағалап, үлкен Шабақ көлінің жарымен, Оқжетпестің 
желіне қарай асады. Ыққы жол əрі жақын, əрі оңай, бірақ ол жол-
мен жүрсе, поселкені жарып өту керек. 
«Тауық  шақырып  жатыр.  Бұл – таңның  хабары.  Поселкенің 
адамдары бұл кезде оянды. Егер қыз айғайласа, олар қамап ұстап 
алуы мүмкін?!» – деп ойлады ол. 

237
«Теріскей  жақ  жолмен  барсам,  əрі  алыс,  əрі  тауға  шығуы 
қиын, – деп ойлады тағы да Балуан, – онымен шыққанша таң атып 
кетуі мүмкін!» 
«Тəуекел! – деп бекінді Балуан, – поселкені жарып, жұлдыздай 
ағып өтейін! Кім білер дейсің. Білсе не істейді?!» 
Татьянаның  атын  қатарластыра,  Балуан  Шолақ  поселкеге 
шоқыта  шапқан  қалпымен  кірді  де  кетті.  Көше  бойлай  шапқан 
оларға тұс-тұстан шабаланып иттер қосылды. Поселке үйлерінің 
терезелерінде  жарық  жылтырайды. «Кім,  əй?» – деп  біреулер 
айғайлады  да,  оған  Балуан  құлақ  тіккен  жоқ,  көшеден  ағып  өте 
шықты. 
Қаладан  шыға  ол,  қуғыншы  жоқ  па  екен  дегендей  артына 
қараса,  далақтап  екі-үш  ит  қана  келе  жатыр  екен,  олардан  басқа 
қуғын көрінбейді. 
Балуан  қызды  поселкеге  кіре  бақыра  ма  деп  қауіптенген  еді, 
қыз  үн  шығарудың  орнына,  тойға  бара  жатқандай  Балуанмен 
қатарласа, атын тебіне түсті. 
Шабақ  қаласынан  шыға  таудың  етегі  алыс  емес  жəне  таудың 
төбесін жаба өскен қалың қарағайлы орман поселкені жиектей кеп 
тоқтаған. 
Поселкеден шыға орманға кірген жол екі таудың жықпылымен 
жоғары  көтерілді.  Астасқан  екі  таудың  оң  жағы – Өркешті,  сол 
жағы – Көкше. Көсіле біткен Көкшенің биік жонының батыс жақ 
тұмсығында «Ақылбай қыстауы» аталып аз үйлі ауыл отыратын. 
Бұл  ауылда  жер  де,  жерді  жерлік  мал  да  жоқ.  Ауылдың  кəсібі  –
таудың қазыналық орманын күзету, одан қалған уақытында Шабақ 
көлінен балық аулау. Аз үйдің ішіндегі шекшығар пысықшалауы, 
Ақылбай, ол Балуан Шолақпен көңілдестеу адам. 
Ақылбай  ауылына  Балуан  Шолақ  пен  Татьяна  таң  сіберлей 
жетті. Ауылдың иті бұларды үріп қарсы алғанда, аржағынан: 
– Бұл кім, əй! – деп бір еркек дауыстады. 
Балуан дыбыссыз жақындады. 
– Кімсің? – деді еркек қарсы жүріп. 
– Өзің кімсің? – деді Балуан. 
–  Сен  өзің  қызық  адам  екенсің  ғой, – деді  еркек, – жолаушы 
жөнін айтпай, ауыл адамы айтқанын қайдан көріп ең? 
– Көрмесең көр! 
«Бұл кім?» дегендей еркек Балуанға жақындап келді де: 
– Жаным-ау, мынау Балуан ба?! – деді. 
– Ақылбай емеспісің? – деді Балуан. 
– Иə, Ақылбаймын. 

238
Ақылбай  Балуанның  атын  тізгінінен  ұстай  ап,  қолтығына 
қолын созды: 
– Түс! 
– Түспеймін! – деді Балуан. 
– Е, неге? Мынау қасыңдағың кім? 
– Aт үстінен сыр айтты деп сөкпе. Бұл əкеп тұрған – барымтам. 
– Қайдан? – деді Ақылбай үңіліп. – Адам ба «барымтаң?!» Қой, 
Балуан, маған ойнап айтып тұрған шығарсың. 
– Расым. «Жығылсаң жығыл нардан, ажалың əлдеқайдан?» де-
гендей, барымталап əкеп тұрғаным – Көкшетау оязының қызы. 
–  Ояздың?!  – Ақылбай орыс тілін жақсы білуші еді. Сондықтан, 
анықтамақ боп: – Сіз ояздың қызысыз ба? – деді Татьянаға. 
–  Иə, – деді  қыз,  күмістей  сыңғырлаған  ашық  үнмен, – мен 
ояздың қызымын, –Терентий Диякович Долгоносовтың!.. 
– Балуанның сізді зорлықпен əкеп тұруы рас па? 
– Рас!.. 
Ақылбай не деуге білмей қалды. 
– Ендігі жай былай, – деді Балуан, – жүз таныстығың болмаса, 
сенімен онша сырлас болған, я ісім түскен кісі емессің. Жұмыстың 
жайын айтпай-ақ шамалаған шығарсың. 
– Жоқ, шамалай алмай тұрмын!.. 
–  Ендеше,  кейін  шамаларсың.  Ал  енді,  менен  қорқамысың, 
болмаса серіктікке жараймысың? 
– Өзің қалай ойлап келдің? 
–  Сыртыңнан  бір  кесіп  жер  жалы  бар  жігіт  деп  еститін  едім. 
«Ханның ісі қараға түседі, батырдың ісі балаға түседі» деген, саған 
паналауға келдім. 
– Ендеше, түс! – деді Ақылбай. – Тірі болсаң – бір төбедемін, 
өлсең – бір шұқырдамын. 
–  Бірақ  мен  мұнда  түспейін. «Батырға  да  жан  керек».  Жау 
мықты, сақтану керек. Мына Көкшенің басына шығып көрген жоқ 
ем, шыға алам ба? Шықсам – паналар орын бар ма? 
– Табам. Жан адам тіміскілеп таба алмайтын жер табам. 
– Атың бар ма, қолда? 
– Бар. 
– Мін де жүр, ендеше! 
– Атымды қазір ерттейін, – деді Ақылбай, – қатын-қалаш, бала-
шағаның  аузы  жеңіл  болады.  Көздері  шалса,  сөз  таратар.  Ауыл-
да менен басқа оянған жан жоқ. Сен мына ауылдың сыртын орап, 
Көкшеге  беттеген  соқпақпен  жөнеле  бер,  мен  артыңнан  қуып 
жетем! 

239
Балуан жөнеле берді. Қыз тартынбады. 
«Осы қызда не ой бар? – деп ойлады Балуан. – Не тіл қатпай ды, 
не шыдамсыздық, я осалдық көрсетпейді. Бұл бұның ақылды лығы 
ма, ақылсыздығы ма?!» 
Қыздың  ойы: «Бұлқынғанмен,  бəрібір  босанбаймын.  Одан 
да  тағдырдың  салғанын  көрейін.  Əкем  айтқандай  бұзық  болса  –
қорлар,  өлтірер;  жұрт  айтқандай  ер  болса – басқа  бір  ойы  бар 
шығар; несі болса да сабырмен күтейін!» 
Европаның корсарлар
1
 туралы да, рыцарьлар
2
 туралы да жаз-
ған  романдарын  көп  оқыған  Татьянаға,  бұл  сапардың  арты  сон-
дай бір романға соғатын сияқтанды, бірақ айтылған екі романның 
қайсысы жасалуына көзі жетпеді… 
Ақылбай  Балуан  мен  Татьянаны  қуып  жетті.  Олар  Көкшенің 
етегіне келгенде таң аппақ атты. 
Бір жіңішке соқпақ Көкшенің тік көтерілген шыңына арқандай 
шұбала асылып тұр. 
– Осы жолмен өрлейміз биікке, – деді Ақылбай. 
– Ат шыға ала ма? – деді Балуан. – Тым тік екен! 
– Қиыны қиын, – деді Ақылбай, – бірақ байқап жүрсе, шығады 
ат.  Алдына  мен  түсейін.  Қызың  ортада  жүрсін.  Атының  шылбы-
рын маған ұстат. Сен артынан жүр. 
– Дұрыс. 
Сол  жобамен  Ақылбай  бастай  жөнелді.  Қыз  ортада,  Балуан 
артта. 
Таудың жолы тым тік екенін Балуан мен Татьяна тауға өрме-
легенде  етектегіден  айқынырақ  көрді.  Егер  олар  ердің  қасы  мен 
аттың жалына жармаспаса, шалқаларынан құлайтын. 
Етектен қарағанда Көкшенің басы жақын сияқты еді, ілгерілеген 
сайын  биіктей,  алыстай  берді.  Етекке  көзі  түскен  Татьянаның 
басы айналып, жүрегі өрекпіген соң, сыр бермейін деп көзін тарс 
жұмды  да,  аттың  жалын  қолына  орап  ұстап  aп,  тізгінді  бос  қоя
берді. 
Ақылбайдың астында бүкіштеу келген топырыш торы бие еді. 
Жазықтағы жүрісте Ақбоз бен қара арғымақтың маңайына ілесетін 
жылқы  емес,  ал,  тауға  тырмысқанда  мысық  сияқты,  егер  артына 
абайламаса, Балуан мен Татьянадан қарасын үзіп кететін.
Мұндай  биікке  өрлеп  көрмеген  Ақбоз  да  алқынды,  ал  қара 
арғымақ  əуелде,  алдына  бие  түскенін  көріп  кіжіңдеп,  оқыранып 
1
Теңіздің талаушылары.
2
Тəкаппар, ұлы жанды серілер.

240
бітіп  еді,  тауға  тырмысқаннан  кейін, «байтал  түгіл,  бас  қайғы» 
боп, өз денесін өзі əрең сүйреді... 
Қара айғыр əлденеше жерде алқынып тұрып та қалды. Ақылбай 
ол кезде биесін тоқтатып, айғырға дем алғызды. Одан кейін тағы 
да тырмыса жылжығанмен, сарқылған күш орнына түгел түспей, 
əлсін-əлсін  болдыра  берді.  Осы  зорлықпен  қиналып  əрең  келе 
жатқан  айғыр,  тау  биігінің  орта  кезіне  барған  кезде,  құзға  қарай 
домалай  құлады.  Балуан  қызды  əрең  дегенде  айғырдың  үстінен 
алып  қалды.  Дөңбектей  домалаған  айғырға  төменде  кедір-бұдыр 
тастар  да,  құлаған  қарағай  да,  ағаштың  түбірі  де  кездесті,  бірақ, 
былқылдап  екпінмен  домалаған  дене,  не  кездессе  де  резеңке 
топтай  аржағына  ырғып  түсе  берді.  Əуелі  ақырын  домалаған 
айғыр,  аздан  кейін  жел  қуған  қаңбақтай,  төменге  зымырап 
кетті... 
Құлаған  айғырдың  қарасы  үзілгеннен  кейін  Ақылбайдың 
айтқаны: 
– Жері жақын болғанмен, ең қиыны алдымызда. Лепіріп келе 
жатқан көңіліңді баспайын деп тоқтау айтқан жоқ ем, Балуан!.. Бұл 
асу осындай қиын. Ең биікке шығасың ба, болмаса, осы маңайда 
да адам таппайтын бекініс бар, соған паналай тұрасың ба? 
– Бет алған жағымнан қайтқанымды қашан естіп ең, Ақылбай, –
деді Балуан, – абақты қажытты деп ойлағаның ба, бұл? 
– Неге олай дейін! 
– Ендеше, жүреміз ілгері. Менің атыма қыз мінсін. 
– Сен ше? 
– Мен жаяу жүрем. 
–  Сенің  тілегіңді  мен  берейін,  менің  тілегімді  сен  бер.  Мін, 
менің атыма! 
Ақылбай атынан түсті де, Балуанға ұсынды. 
– Өзің қайтесің? 
– Балуандығыңда, серілігіңде, ақындығыңда дауым жоқ. Көңі-
ліңе  келсе  де  айтайын,  нақ  тауға  өрмелеуге  сен  мендей  емессің. 
Намыстансаң  да  айтайын, «Мақпал»  мен  «Бүркіттіден»  басқа 
тауға  шығып  көрдім  деймісің,  сен?..  Тау  ма  олар?  Жаман  ат-
пен  басына  шоқытып  шығатын  төбе  емес  пе? «Тау»  деп  аспанға 
таласқан, мына Көкшені айт!.. Бірақ, бұл, өзгеге биік болғанмен, 
маған  биік  емес.  Аяқты  апыл-тапыл  басқалы  төбесіне  күнде  бір 
шығатын Көкше бұл; сөзді қой, мін, мына биеге! Əлде биеге қалай 
мінем деп намыстанып тұрмысың? Бұл қияда Ақбозыңнан менің 
бием артық! 
– Жеңілдім! – деді Балуан. 

241
Балуан – биеге, Татьяна Ақбозға мінді. Айтқандай-ақ, Ақылбай 
тауға өрмелеуге тамаша екен. Аяқтары қаздаңдап, аттардан озып, 
еліктей ентелеп барады. Балуан да, қыз да Ақылбайдың бұл жүрі-
сіне қайран қалды. 
Олар  Көкшенің  кеудесіне  шыққанда  күн  түске  тармасып 
қалды. Батыстан шығысқа қарай созыла біткен Көкшенің жонында 
түйенің өркешіндей шаншылған шыңдар болғанмен, күнгей жағы 
жерге шейін тік қиылып түскен жылтыр тас, əрі, адамның қарауға 
басы айналатын терең; көлбеңдей біткен теріскей жағы мен жота-
сы қалың орман. 
Ақылбай «аңның жымы» деп атаған бір жіңішке жолмен олар 
жүріп отырып, аз үйлі ауыл сыйып қонғандай алапқа шықты. Алап-
та  қазанға  құйған  судай  қара  тастың  шұқырына  біткен,  төңірегі 
сақинадай дөп-дөңгелек кішкене көл бар екен. 
– Осының тереңдігі жүз кез дейді, – деді Ақылбай. 
– Көлемі мынау, – деді Балуан, – қайдан жүз кез болады! 
– Өлшеп көрген бір орыс солай депті... 
– Болса болар... 
Кеңесе келе, Ақылбайдың Балуанға айтқан өтініші: 
– Атыңа қанық, өзіңе танық едім. Сенің керегіңе жарасам, ар-
маным жоқ. Төсімді ашып дос болам, қи, маған достығыңды! 
Мəңгілік  достықтың  белгісіне,  олар  түрегеп  құшақтасты  да, 
төстеріне төстерін басты. 
Балуанның  амандығын  əкесі  мен  шешесіне  ғана  айтуға,  ояз-
дың  іздеуі,  тағы  сол  сияқты  хабарларды  тасып  тұруға,  ас  əкеп 
тұруға уəде қылды Ақылбай. «Болашақта не істеуді, қайда баруды 
жағдайға қарай көрерміз», – десті олар. 
– Қайыр, қош! – деді Ақылбай əзірге үйіне қайтпақ боп атына 
мініп. – Құсың құтты болсын! 
– Менде өзім сүйген бір ғана құс бар, – деді Балуан күрсініп, – 
одан басқа бұлбұлдың да, тотының да керегі жоқ. 
– Кім ол? 
– Ғалия. 
– Естіп ек! Бірақ əйел – түлкі, еркек – бүркіт емес пе? Алдынан 
сылаңдап түлкі қашса, бүркіт шыдай алар ма екен. 
– Томаға кигізсе, тырп ете ала ма, бүркіт? 
– Қай томаға ол? 
– Ғашықтық!.. 
– Шыдасаң көрерміз... 
– Көрсең көрерсің. «Сексен сұлу сылаңдап тұрса-дағы, Ғалия-
ның алмаймын кірпігіне!» – деп шығарған əнімді естіп пе ең? 

242
– Естігем. 
– Сол сөзім – сөз!.. 
Бұл  сөзге  сенерін  де,  сенбесін  де  білмеген  Ақылбай,  кешке 
қарай ас-су əкеп бермек болды да, жүріп кетті. 
23. СЫНАСУ 
Ғалияның қолында бұйда пышақ, 
Ғалияны көрдім де, жайдым құшақ. 
Отыр ма екен Ғалия, жатыр ма екен, 
Айдын көлде таранған аққу құсап? 
(Балуан Шолақ өлеңінен) 
Көкшенің қыр арқасына түйенің өркешіндей шаншыла біткен 
бір шың таста Татьяна жалғыз отыр. Бұл шыңнан төңіректегі көз 
жетер жерде көрінбейтін жер жоқ. 
Əкесі жер-көкке сыйғызбай мақтаған соң, былтырғы жазда Та-
тьяна Бурабайға кеп, таудың ішін аралаған еді. Сонда Оқжетпестің 
тас  діңгегі,  қай  жағынан  қараса  да,  оған  бұл  арадағы  таулардың 
ең биік қиясы сияқтанған еді. Қазір, Көкшенің басынан қарағанда, 
сол Оқжетпес – үйген тезек сияқты шоқырайған бірдеме. 
«Бұл  таудың  бойында  сексен  көл  бар», – деген  еді  əкесі 
Татьянаға. «Сонша көл қай жеріне сыяды», – деп, Татьяна ол сөзге 
сенбеген  еді.  Қазір,  Көкшенің  төбесінен  қараса,  сексен  түгіл, 
жүз алпыс деуге де сыярлық; етегіне, өңіріне күміс қадаған қазақ 
қыздарының жасыл барқыт қамзолы сияқты, жасыл даланың беті 
жарқырап күн сəулесіне жалтылдаған көлге сыңсып сыймайды. 
Көкшенің  төбесінен  қарағанда,  əлдеқайда  алыста  сағыммен 
бұлдыраған көп таулар ұшырайды, бірақ олардың бəрі Көкшенің 
қасында төмпе сияқты. 
Көкшенің төбесінен қарағанда көзге ұшырайтын көп қала ның 
біреуі – Көкшетау. Жетпіс шақырым жердегі ол бұл шоқы ның ба-
сынан, ең көп болса жиырма-отыз шақырымдай ғана сияқтанады. 
Қаланың күндіз күнге шағылысқан бояулы қаңылтыр шатырлары 
мен  түнде  терезелерінен  жарқылдаған  сəулелері  көрі ніп  тұрады. 
Жалпы  жобасын  көріп,  жеке  үйлерін,  көшелерін  еркін  болжай 
алмағанмен, қаланың бар бейнесі Татьянаның алақанында сияқты. 
Татьяна,  кейде,  биік  шыңның  басына  шығып,  қаланың  нұсқасын 
көреді де, аз уақыт көзін жұмып отырып, ойымен ішіп аралайды, 
үйіне барады, əке-шешесін құшақтайды, сүйеді, еркелейді... 

243
Көзін ашып ойласа, Татьянаға бұл еркелігі, бұдан былай, шын-
дықтағы емес, қиялдағы еркелік қана сияқтанады. Оның бұл ойы 
түсінікті болу үшін, əңгімені əртініректен бастайық. 
Татьянаны  Балуан  Шолақтың  алып  «жейтін  аңым»  деп 
емес,  ояздың  қара  күшіне  қарсы  қара  күш  жасау  ретінде  алып 
қашқаны,  Көкшенің  биігіне  оны, «ояз  адамшылыққа  келсе,  мен 
де  адамшылыққа  келем»  деген  ниетпен  апаруы  бізге  мəлім. 
Балуанның  қолына  алғаш  түскенде,  Татьяна  өзін  қасқырдың  ау-
зына түскен тоқтыдай көргенін де, бірақ Балуан жетектеген салт 
атпен былай шыға, қауіпке бойы үйреніп, тағдырының алдына не 
сый тартқалы тұрғанын салқын қанмен күтіп алуға бекінгенін де 
біз жақсы білеміз. 
Ақылбай  бұларды  Көкшенің  кеудесіне  апарып  орналастыр-
ғаннан  кейін  қайтып  кеткенде,  Татьянаға  өзінің  жақын  туысы 
қайтып кеткендей сезім пайда боп, қарасы үзілгенше қадала қарап 
отырды да, қарасы үзілген соң өксіп жылап жіберді де, бетін екі 
алақанымен басып, кесек тасты жастана жата кетті. 
Татьянаны  шын  көңілден  аяу  сезімі  Балуанның  көңіліне  сол 
сəтте ғана ұялады. Оны бассалып құшақтағысы келді Балуанның, 
əлдилеген  баладай  алдына  алып  тербеткісі,  көз  жасын  орамалы-
мен сүрткісі, неге əкелген ниетін айтқысы, қорықпауын, көңіліне 
жаман ой алмауын өтінгісі келді. 
Ақыл  таразасына  салып  көргенде,  бұл  ойларының  бəрі  оған 
жеңілдіктің белгісі сияқтанды. «Алып қашуға асыққанмен, адам-
шылық көрсетуге асықпайын» деген тиянаққа тіреді ол ойын. 
Сол оймен орнынан тұрып кеткен ол, жақын жердегі байлау-
лы Ақбозының ер-тоқымын алып, көзін орамалымен сүртіп, біраз 
уақыт  əуреленді  де, «не  халде  екен!»  дегендей,  жолбарыстың 
жүрісіндей  еппен  басып  Татьянаның  қасына  келді.  Қимылы  жоқ 
қыздың бетіне ол үңілсе, ұйықтап кеткендей, мұрны ақырын ғана 
пысылдайды. 
Расында  да  ұйықтап  кетуіне  көзі  жеткен  Балуан, «шошытып 
алмайын» деген оймен, еппен ғана басып, алысырақ тұстағы кесек 
тасқа  барды  да,  қасына  жантая  отырды.  Оның  ойына  өзі  білетін 
өмірдің кейбір философиялық жайлары түсіп кетті. 
«Бұл не ғажап?! – деп ойлады ол. – Мен көрген өмірде осалды 
мықты  жейді.  Түлкі  тауықты  жейді,  қасқыр  қойды  жейді,  бүркіт 
қоянды  жейді  деп  кінəлаймыз.  Адам  адамды  жегенде,  оларға  не 
жорық?.. Аң емес пе, олар?..» 
«Адам  адамды  неге  жейді?!»  деген  сұраудың  жауабын  Бал-
уан  ойлап-ойлап  таба  алмады.  Дінге  сенетін  Балуан: «Адам  бір 

244
қорықса  құдайдан  қорықса  керек  еді,  бірақ  одан  да  қорықпайды 
ғой,  мықтылар?..  Аузында  алласы  отырып,  сілесін  қатырады  ғой 
олар осалдардың?..» 
Құдайдан  ауызша  қорыққан  боп,  іс  жүзінде  қорықпайтындар 
есіне  түскенде, «сондайларды  неге  жеміріп  жібермейді  екен, 
тəңірі?!» деген бір қиялға кетіп қалды Балуан... 
«Бірақ  болған  емес  қой,  ондай  іс! – деген  өкінішке  түсті 
Бал уан. – Зорлығы  үшін  көрінеу  көзге  тəңіріден  жаза  тартқан 
мықтыны ешкім көрген емес қой?!.» 
«Жазаны  ахиретте  тартады»  деген  сөз  түсіп  кетті  Балуанның 
есіне. «Оған дейін қашан! – деп торықты Балуан. – Бұл дүниеде 
қайтпаған кек, ол дүниеде қайтқанда не болады?!.» 
«Сол дүниең, сол құдайың бар ма екен, өзі?!» деген күдік туа 
берген  Балуан, «астапыралда,  күнəлі  болмайыншы!»  деп,  олай 
қарай шашырап бара жатқан ойын жинап буа қойды. 
«Шіркін, – деп кіжінді ол, – кек атаулы ол дүниеде емес, бұл 
дүниеде қайтатын болса!..» 
Кектің  қайтуына  сүйенбек  болған  үміті  тайғанақтай  берген 
соң, ол ойынан торыққан Балуан, «ал, енді, дүниеде əділеттік бар 
ма?» деген ойға келді. 
«Бар, ол əділеттік! – деді ол даусын шығарып, біраз уақыт ойла-
нып алғаннан кейін. – Əділеттік болмаса, халық неге жақсы көреді 
мені?.. Жəне есепсіз, қалтқысыз жақсы көреді ғой, ол мені?.. Мені 
ғана емес, қиянатсыз адамның бəрін де жақсы көреді ғой ол?.. Ен-
деше, шын əділеттік халықта емес пе?.. Рас, əділ ол!.. Жəне оның 
əділдігі адал, шын əділдік!.. Күші жеткен жерге дейін аямайды ол 
əділдігін... Күші жетпеген жерде амалы жоқ!..» 
«Күш»  деген  сөздің  өзіне  мəн  беріп  байқады  Балуан. «Көп 
қорқытады, терең батырады» деген мақал түсті оның ойына. «Ол 
рас! – деген ой кеп кетті Балуанға. – Егер мені көпшілік қолдамаса, 
елдің күштілері əлдеқашан түтіп жеп қояр еді ғой?.. Істей алмады 
ғой оны?.. Сонда, менен емес, көптен қорықты ғой?!.» 
«Сол көптен ұлықтар... мысалы, ояз неге қорықпайды?!» деген 
ой кеп кетті Балуанға... 
«Білдім! – деді ол ұзақ ойланбай. – Мылтық – олардың көпті 
қор қытатын қаруы. Атбасарда қолма-қол төбелессем, қолға түсер 
ме едім мен?.. Мылтыққа ғана бағындым ғой мен?.. Халық та сон-
дай. Ол да мылтықтан қорқып отыр. Ұлықтың қолынан мылтығын 
алшы, қорлық көріп отырған халық не істер екен?.. Əлегін аспан-
нан келтірер еді, күлін көкке ұшырар еді!..» 
«Шын, халықтың өз қолына мылтық беріп көрер ме еді?!» де-
ген арман туып кетті Балуанның басына. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет