1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата15.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9852
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

295
түрде жүрген Балуанды бұл тойда ешкім елей қойған жоқ, оның 
өзі де тойдың думанына еліре сапырылысқан жұртқа ел етерліктей 
ешбір қылық көрсеткен жоқ. 
Күндізгі думан өтіп, тойға келгендер кешке қарай төңіректегі 
ауылдарға бөліне тарқасты. Көппен араласқан балуан да бір ауылға 
кеп түсті. 
Балуан  түскен  ауылдың  адамдары,  осы  ауылға  келген  қонақ-
тардан  «Кебекең»  атты  бір  ақсақалға  ерекше  құрмет  көрсетті. 
Балуан жұрттың əңгімесіне құлақ түрсе, «Кебекеңнің» шын аты –
Кебекбай екен. Ол бүкіл Дулат атаулының əрі ақсақалы, əрі сəуегейі 
боп саналады екен. 
Қасына ере келген адамдары осы «Кебекеңнен»: 
–  Егер  рұқсат  етсеңіз,  мəжілісімізді  көріктендіруге  Кененді 
алдырсақ қайтеді? – деп өтінді. 
– Алдырсаңдар, алдырыңдар! –  деді Кебекбай. 
–  Бар,  тап  та  шақырып  кел! – деп  жұмсаған  жігіт  кеткеннен 
кейін, бұл ауылға жиналған қалың жұрттың аузында Кененнің кім 
екендігі сөз болды. 
– Сол жігітті аса əнші деп жүр ғой, – деп сұрады біреу, – қай 
ауылдан келген өзі? 
– Дулат ішіндегі Жаныс көрінеді ғой ол. Жаныс ішінде Қасқарау. 
Оның  ішінде  Сати-Боти.  Мекендері  Мəтібұлақ  көрінеді.  Əзірбай 
дейтін  кедей  шал  болатын  Сатида.  Соның  қартайған  кезінде
туыпты  ғой  бұл  бала.  Жасынан  жетім  қап,  бай  ағайындарының 
қой-қозысын  баққан  екен.  Ержете  аузына  жел  бітіп,  қазір  бүкіл 
Дулаттың  атақты  ақыны  болғанға  ұқсайды.  Өзі  сымбатты  да, 
көрікті  де  жігіт  боп  өскен.  Дауысы  да  керемет  өзінің – аққудай 
сұңқылдайды!.. Əн де шығарады өзі, өлең де шығарады. Өлеңі онша 
қырғын емес. Ал əні бар ғой – бұлбұлдың сайрауына бергісіз!.. 
– Үлгіні кімнен алды екен, бұл? 
– Балуан Шолақтан!.. 
– Не дейсің? Жолығып па екен Балуан Шолаққа? 
– Арқадан Жетісуға келе жатқан Балуан Шолақ, Сати-Боти елін 
аралап жүріп «Доланқара» тауына кездессе, қой жайылып жүрген 
тас арасынан əдемі əн естіледі. Айтушыны Балуан Шолақ тапты-
рып  алса,  он  бестер  шамасындағы  қойшы  бала  екен  дейді.  Əлгі 
бір, қойшы баланың зарыққан мұңын бозторғайға шағатын əні бар 
ғой, сол əн, сол қойшы баланың шығарған əні екен дейді... 
– Апырау, не дейді?!.. 
– Дауысы да, əні де ұнаған баланы Балуан Шолақ қасына ер-
ген нөкерлерімен ала кетпек болған екен, баланың да барғысы кел-

296
ген екен, жалдаған бай жібермепті... Балуанның жүрген жері ұлы 
думан көрінеді ғой. Қасқарауда ол Ноғайбай дейтін байдың үйіне 
түссе керек. «Балуан Шолақ келді» деген соң, қалың Қасқарау жи-
налса  керек.  Сонда  əнін  мақтаған  Қасқарауға  Балуан  «менен  де 
зор əнші өздеріңнің араларыңда жүр, бірақ əн айтып жүрген жоқ, 
қой  бағып  жүр»  деп,  Кененді  өлердей  мақтап, «нанбасаңдар  кө- 
рің дер!» деп əдейі ат жібертіп алдыртса керек, Балуанның айтқа -
 ны  расқа  шыққан  соң,  қалың  Қасқарау  Кененді  басына  көтеріп 
əкетсе керек... 
–  Жақсы  адамның  аса  сөйлемей,  баса  сөйлейтін  əдеті  ғой... 
Балуан Шолақтың өзін баса, Кененді көтере сөйлеуі содан болған 
шығар, əйтпесе, өз даусына жан пар келмейді деп естігеміз; айғай 
салған  дауысы  тауды  жаңғырықтырып,  тасты  сілкіндіреді  деп 
естігеміз;  жүз  бұралып,  мың  құбылады  деп  естігеміз!..  Кенен  де 
керемет  көрінеді  ғой!..  Сонысына  қарағанда,  Балуан  Шолақтан 
бата алып, аузына түкірткен ғой ол!.. 
– Апырай десейші! –  деп ду ете түсті үйдегілер... 
–  Ал,  енді,  мен  сендерге  бір  қызық  айтайын, – деді  біреу, 
көпшіліктің шуын басқысы келгендей, қатты дауыспен: 
– Иə! – деді де, шу тын бола қалды. 
– Осы Кенен бар ғой, сол Балуан Шолақтың бар əнін аузынан 
қағып алған!.. 
– Не дейді?!.. 
– Дегенімді айтайын: Балуан Шолақ Ноғайбайдың үйіне қонған 
күні мен де сол үйде едім. Балуанның əнін есітеміз деп келген жұрт 
үйге  сыймайтын  болған  соң,  халықтың  тілегін  орындап,  Балуан 
далаға шықты. Ауыл Мəтібұлақтың жағасында, таудың арасында 
отырған. Балуанға ере тысқа мен де шықсам, таудың саласындағы 
адамның қалыңдығына көз тұнады!.. Айт пен тойға да мұндай көп 
жиналмас жұрт!.. 
– Жұртты қоя тұрып, Балуанды айт! – десті үйдегілер. 
– Айтсам, Балуан таудың төскейіндегі шыңға көтерілді де, əн 
шырқады. Мана үйде бірер əнді айтқанда, дауысы аса зор сияқты 
емес еді, қоңырлау, бірсыдырғы əдемі ғана еді. Тысқа шығып сол 
əнді қайта айтқанда, дауысы биіктеп көтерілді де кетті. Сонда ол 
айқайлаған жоқ, əдемі нақышымен, қоңыр ғана айтты. Осы дауы-
сы тауды жаңғырықтырып, тасты сілкіндіріп жіберді... 
– Аруақ біткен адамның əдеті емес пе, топты көрсе арқаланып 
кететін!.. Аруағы көтеріп кеткен ғой, оның даусын. 
–  Сонымен,  қызық  болды, – деді  Балуан  Шолақтың  өнерін 
баяндаушы. 

297
– Иə?.. 
–  Ол  түні,  таудың  саласында  Балуанның  жəне  оның  нөкер-
лерінің əнін тыңдаған жұрт кірпік қаққан жоқ. Балуан қызық кісі 
екен. «Мынау  пəлен  деген  əнім,  мынау  түген  деген  əнім»  деп, 
əрбір əнінің бір-бір ауызын өзі бастап береді екен де, нөкерлеріне 
«ендігісін  сендер  айтыңдар!»  дейді  екен.  Олар  қосылып  айта 
жөнеледі екен... 
– Қызық екен онысы!.. 
– Одан да қызығы бар... 
– Иə?.. 
– Балуанның да, оның нөкерлерінің де əдемі əндерін құмарта 
тыңдаған жұрт, күздің ұзақ түніне шыдамағандай, үркер төбеден 
ауа  у-шуын  азайтып  бəсеңси  бастады...  Сол  кезде,  Балуанның 
нөкерлері  қосылып  айтқан  бір  əннің  ішінен,  болатты  болатқа 
соққандай шыңылдап, аспанға найзадай шаншылып, тыңдаушылар 
бұрын естімеген бір биік дауыс көтерілді де кетті!.. Құр ғана биік 
дауыс емес, мөлдір судай кіршіксіз дауыс, көктемнің даласындай 
сəнді дауыс, шебердің кестесіндей нақышты дауыс!.. 
– Апырау, кімнің дауысы екен? –  десті, кім екенін тез білуге 
асыққан жұрт. 
– Кененнің... 
– О қайдан кеп қапты?.. 
– Балуан Шолақ кешке жіберген кісі Кененді тауып əкелгенше 
түн  ортасы  ауып  кетсе  керек...  Балалық  шағында  Кенен  бұйығы 
екен  дейді.  Сондықтан,  келе  сала  Балуанның  алдына  жетіп  бар-
май, көптің арасына отыра кетіпті... Арқасыз адам əн айта ала ма?.. 
Балуан мен нөкерлері айтқан əндерге Кененнің де арқасы қозып, 
əуелі алысырақ отырған ол, əн айтқан топқа жақындай-жақындай, 
бір мезгілде қасына кеп қапты... Одан кейін өзін-өзі ұстай алмай, 
Балуанның əн айтқан нөкерлеріне қосыла кетіпті... Əлгі дауыс сол 
екен!.. 
– Иə, сонан?.. 
– Əн айтылып болған соң, Балуан орнынан түре кеп, Кененнің 
қасына  барады  да, «ə,  сен  келіп  қап  па  ең?»  деп,  қол  берген 
Кененді  бауырына  баса  құшақтайды. «Уа,  жұрт, – дейді  Бал- 
уан сонан кейін жиналған топқа, – сенің бұлбұлың осы!.. Əзірбай 
баласы Кенен мұның аты-жөні. Өзіңнің Дулатың бұл бала. Оның 
ішінде Қасқарау, оның ішінде Сати-Боти. Бірақ, бұл, қалың Дулат, 
сенің  ғана  сыбағаң  емес, «шебердің  қолы,  шешеннің  тілі  ортақ» 
дегендей, барлық қазақтың сыбағасы. Бірақ, бүгінгі күні, бұл бала, 
қалың Дулат, сенің əншің емес, қойшың боп жүр. Қазіргі халінің 

298
қандай екенін баланың өз əнінен, өз құлағыңмен есті. Ал, Кенен, 
айт, мына жұртыңа «Бозторғай» деген əніңді!..» 
Кенен «Бозторғай» əнін айтқанда, қойшы баланың ауыр халін 
көз  алдына  келтіріп,  тыңдаушылар  мұңайып  қалады.  Сонда  Бал-
уан Кененге «енді Көкшолақ» деген əніңді айт!» дейді. Кенен бұл 
əнін айтқанда, жұрт ішек-сілесі қатып күлді. Содан кейін Балуан: 
«Міне, көрдіңдер ме, жұрт, қойларыңның қиының арасында қандай 
алтын жатқанын? Алыңдар, ол алтынды қи арасынан!.. Бұдан бы-
лай тотықтырмай, жарқыратып ұстаңдар!» –  деді... 
Балуан Кененді өзімен бірге алып та кетпек болған екен, əрі, 
жалдаған  байы  жібермейді,  əрі  «қартайған  шағымда  көзімнен 
таса  қылмаймын»  деп  əкесі  босатпайды.  Бірақ  Балуанның 
айтқаны  да  далада  қалмайды:  қалың  Дулат  Кененді  айт-тойына 
шақырып көтереді де кетеді. Ол əн де, өлең де шығарғыш болып 
алады,  үні  де,  сөзі  де  бал  татыған  тамаша  болады.  Сонан  кейін 
аруағы  ұшып,  Дулатта  Кенен  қатынаспаған  ойын-тойдың  көркі 
болмайды... 
Ойын-тойларда  Кенен  өз  əндерін  ғана  айтпайды,  халықтың 
əндерін,  басқа  əншілердің  əндерін,  əсіресе  Балуан  Шолақтың 
əндерін көп айтады... 
Осы  кезде  көп  адам  қосылып  айтқан  əн  естіле  қалды.  Оған 
елеңдеп, ауылдағы көпшілік те, Балуан да далаға шықты. 
Бұл ымырт жабылып, қас қарайған кез еді. Белесті құмдардың 
арасында отырған ауылға, үндері аспанды жаңғырықтыра қосылып 
əн  айтып  келе  жатқан  көп  дауыс  жақындай  береді,  жақындаған 
сайын əдемілене, биіктей берді... 
– Кенен!.. Оның нөкерлері!.. – деп шуласты күткен жұрт. 
– Дəл Балуан Шолақ! – деді əлдекім. – Кенен өлеңдерін соның 
үлгісімен айтып келеді... 
Кененнің əндеткен тобы ауылға кеп түскенде, құмның арасы-
нан адам өскендей, қалың жан қыбырлап, төңірекке сыймай кетті. 
Мұншама  адамды  сыйғызатын  ешбір  үй  болмағандықтан,  əн 
далада, қалың құмның арасында айтылды. «Халық өзінің тамаша 
əншісінің кескінін көріп отырсын» дегендей, əн басталар алдын-
да, ашық аспанға он төрт жасына толған ай көтерілді. Дала сүттей 
жарық боп кетті... 
«Кескінін де түгел көреміз, əнін де түгел естиміз» деп, халық 
Кененді  биік  бір  құм-шоқының  төбесіне  отырғызды.  Өздері  сол 
шоқының  төбесінен  төмен  сорғалай,  етекке  жайыла  орналасты. 
Осы қалың көпшіліктің арасында төбеге жақындау тұста, белгісіз 
адамның біреуі боп Балуан Шолақ та отырды. 

299
Шоқының төбесіне отырған Кененнің кескіні Балуан Шолаққа 
жасырақ  кезінде  айнадан  көрген  өз  кескіні  сияқтанып  кетті. 
Ана  жылы  көргенде  бала  пішінді  Кененнің  қазір  сақалы  да, 
мұрты  да  өскен  жəне  дəл  Балуан  Шолақтың  сақал-мұртындай, 
мұрты  ұзара  қалыңдап,  қаршығаның  жазған  қанатындай,  сапа-
ры  сүйрие,  иығына  қарай  қайырылып,  сақалы  иегіне  шоқтала, 
бір тұтамдай ғана қып-қысқа боп өскен! Маңдайы да сондай кең, 
қасы да сондай қою, мұрны да сондай қоңқақ... Тек қана айырма-
сы – Балуанның жүзі, бəлкім, дөңгелектеу, Кененнің жүзі, бəлкім, 
сопақтау, Балуанның қалың қабағының астына біткен көзі, бəлкім, 
шүңіректеу жəне қысыңқылау, Кененнің жұқалау қабағының асты-
на біткен көзі томпақтау жəне бадырайған үлкен, Балуанның иегі, 
бəлкім, сүйірлеу, Кененнің иегі жалпақтау... 
Аздаған  сондай  айырмалары  бола  тұра,  Кененнің  кескінінен 
өз кескінінің бейнесін тапқан Балуан, ішінен «менің əндерім мен 
өлеңдерімді  айтар  ма  екен,  айтпас  па  екен?  Айтса,  қалай  айтар 
екен?» деп ойлады да, Кененнің əндеріне құлақ тікті... 
Жетісу ақындарының бір əдеті – жиын-тойда кезіккен тыңдау-
шыларына  əуелі  өлеңмен  амандасып  алатын,  Кенен  де  соны 
істеп,  қоңыр  дауыспен  амандық-саулық  айтқанда,  Балуанға  үні 
ұнағанмен, өлеңі көңілін қозғарлық əсер бере алған жоқ. 
Кенен əнге шырқай бастағанда, Балуан оның кескініне қадала 
қарап, қатты да қалды. Ана жылы балалық лебі есетін жіңішке дауы-
сы енді қалыңдап жəне тым биіктеп кеткен екен. Балуан Дулатта 
Сарыбас дейтін ақынды көріп еді, ол əнін айғайлап бастап, оң жақ 
құлағын  қолымен  бұрап-бұрап  жіберетін.  Кенен  де  сөйтеді  екен. 
Бірақ  бұл  Сарыбастай  қылғына  айғайламайды,  еркін  шырқайды, 
сонда  мүлтіксіз  қоңыр  дауысы  жер-көкті  жаңғырықтырып,  кең 
даланы  тұндырып  жіберді.  Балуанның  бағалауынша,  мұндай  да-
уыс, ол естіп жүрген үндерде, Біржан салдан басқаға біткен емес!.. 
«Міне,  қайда,  əдемі,  кең  жəне  биік  дауыс!»  деп  сүйсініп  қояды 
Балуан  ішінен.  Бірақ  жиынға  сыр  бергісі  келмеген  қалпын  өз-
гертпей, орнында тастай қатқан түрінен қозғалмайды, ың етіп ды-
быс бермейді... 
Кененнің əндерін сүйсіне тыңдағанда Балуанның байқағаны –
ажырасқан  аз  жылда  жас  əнші  бірталай  əн  шығарып  тастапты. 
Бұл əндер арғымақ пен қарабайырдан туған құлын сияқтанып, кей 
жерінде  Арқаның  екпінді  биік  əніне  де,  кей  жерінде  Жетісудың 
келтелеу шұбалаңқы əніне де ұқсап кетеді екен. 
Кененнің өз əндеріне біраз сусындап мейірі қанғандай болған 
қалың көпшіліктің арасынан: 

300
– Балуанның əнін, Балуанның! – деген дыбыстар шықты. 
– Қайдағы Балуанның? – деп сұрағандарға: 
–  Балуан  Шолақтың  жер-көкті  күңіренткен  əндерін  естімей, 
құлағың  керең  болған  біреу  ме  ең,  немесе  үйіңнен  шықпайтын 
біреу ме ең? – деп, қасындағылар ұрсып тастады. 
– Иə, Балуанның əнін, Балуанның! – деген дауыс көбейіп кетті. 
– Болсын! –  деді Кенен қолын көтеріп, шуды басқысы келген-
дей қалың дауыспен. 
Шу тын бола қалды. 
– Ал, халық! – деді Кенен. –  Өлеңнің де, əннің де мінезі мен 
қылығы  шығарған  иесіне  тартатынын  жақсы  білесіңдер.  Бал-
уан – асау мінезді, өр қылықты адам. Оның əндері мен өлеңдері 
де өзіне ұқсас асқақты, екпінді келеді. Мен жұмсақ мінезді, жуас 
қылықты  адаммын.  Балуанның  əндері  мен  өлеңдерін  өзінен 
ауызба-ауыз үйреніп қалғаным рас. Бірақ мен, ол шығарған əндер 
мен  өлеңдердің  ырғағын  келтіргенмен,  екпінін  келтіре  алмай-
мын. Балуанның əндерін естігендерің де, естімегендерің де болар. 
Естімегендеріңе  оқасы  жоқ.  Ал  естігендеріңе  «Балуан»  дегенің 
оның киімін киген «Кенен» боп шықса, сөге көрмеңдер!.. 
– Оны тыңдай көрейік, – десті жұрт. 
Балуанның  əнін  естуге  құмартқандар,  Кененнің  аузына  төне 
қалды. Бойы дірілдеп, Балуанның өзі де төнді... 
– Мен Балуанның он екі əнін айтам, – деді Кенен домбырасын 
күйлеп алғаннан кейін. 
– Ал, тыңдадық! – деп гу еткен дауыс тез тына қалды. 
Кенен əуелі Балуанның бозбала шағында қыз-келіншекке шы-
ғарған «Ыңғай көк», «Діңкілдек», «Сегіз келін» сияқты жас жігіттің 
жан гүліндей жайнаған əдемі əндерін өте нақыштандырып айтып 
берді. Бір кезде бұл əндерді өзі де осылай айтатын Балуан албырт 
жастықтың  адуынды  мінезінен  егде  тартқан  шағында  ұялған-
дай,  басын  төмен  түсіріп,  бүгежектей  тыңдады. «Діңкілдектің» 
аяғындағы: 
Жастайымнан атандым «Шолақ дəу» деп, 
Бұл дүниені кім ойлар шолақ-ау деп, 
Мал-мүлік пен байлықты тəрк етпеймін, 
«Ақыр бір күн артымда қалады-ау» деп, – 
деген  сөздерін  айтқанда,  Балуан  қасындағыларға  сездірмей  күр-
сініп қойды. «Қос барабан» деген əні, əсіресе, ол əннің: 

301
Көкшетауым, күнде жауын, 
Сексен көл айдын шалқар, 
Қайран ауылым! – 
деген  қайырмасы  айтылғанда,  Балуан  қаттырақ  күрсініп  қап, 
маңындағыларға дыбысын естіртіп алды. Ол қасындағылардың: 
– Не болды, сонша ауыр күрсініп? –  деген сұрауына жауап бер-
ген жоқ... 
Жетісуға  келе,  алыста  қалып  аңсаған  Ғалиясына  арнап, 
«Сұрша қыз» деген əн шығарған еді. Кенен сол əнді де шырқап, 
қайырмасындағы: 
Сөйтіп жүрген Сұрша қыз, 
Көкшетауда қалдың-ау, 
Ау-өй, Сұрша қыз, 
Енді есен бол-ай! – 
деген  сөздерді  айтқанда,  Балуанның  көзінен  жас  ыршып  кетті. 
Егер, Кенен бұл əннен кейін, Балуанның қайрат-жігеріне арналған 
«Құлан  кісінес»  аталатын  екпінді  əнін,  одан  кейін  «Қос  перне» 
аталатын  соған  ағайындас  əнін  елірте  айтып  жібермесе,  Бал-
уан  қасындағыларға  жылауын  да  сездіріп  алар  еді.  Айғырдың 
арқырауы  сияқты  «Құлан  кісінес»  пен  домбыраның  екі  ішегін 
бірдей  сөйлетіп,  əуелі  қоңыр  басталғанмен,  арты  шырқап  биікке 
шығатын,  тынысы  мол,  ырғағы  көп  «Қос  перне»  айтылғанда, 
батырлық қалпына келгендей, Балуан сергіп кетті. Соңғы əннің: 
Өз атым əкем қойған Нұрмағамбет, 
Халқымнан көріп жүрмін қадір-құрмет. 
Бас қосқан оязнайдың съезінде, 
Көтердім кірдің тасын елу бір пұт! – 
деген  сөздері  айтылғанда, «пау,  шіркін!»  деп  көтермелегендерге 
даусын қалай қосқанын Балуан аңғармай да қалды. 
«Желдірме»  аталатын  желіге  айтылатын  термелі  əнге  тіпті 
желіге  бастаған  Балуанның  көңілі, «Жай  қоңыр»  аталатын  баяу 
ырғақты əнінің: 
Салайын «Жай қоңырға» жəйіменен, 
Барады өтіп өмір айыменен,– 
деген  сөздері  басталғанда,  тағы  да  бəсеңси  қалды.  Өмірінің  өтіп 
бара жатқаны есіне түсті оның. Осы ойын қалыңдата түскісі кел-
гендей,  Кенен  Балуанның  өмір  жолы  туралы  шығарған  «Өтетін 
өмір» атты термесін төпеп кетті: 

302
Бір жасқа жеткенімше құндақтайсың, 
Екіде тек былдырлап тіл қатпайсың. 
Бес жаста безіп үйден, тал ат мініп, 
Он жаста жарда ойнаған ылақтайсың. 
Келгенде жиырмаға сазда өсетін, 
Балауса бейне балғын құрақтайсың.
Отызда ор қояндай аспанға атып, 
Қырқыңда мүшеленген құр аттайсың.
Елуде ақыл-ойың тегіс толып, 
Төскейден сарқыраған бұлақтайсың. 
Алпыста бар асылың түгел жайнап, 
Маңыңа сəуле шашқан шырақтайсың. 
Жетпісте тұра берсең жер таянып, 
Жарыңнан құдай қосқан жырақтайсың. 
Сексенде буындарың діріл қағып, 
Болдырған арық аттай бұрақтайсың. 
Тоқсанда өлсең де өлдің, өлмесең де, 
Сұм дүние, енді кімге тұрақтайсың?.. 
Бұл сөздеріне тағы да тұнжырай қалған Балуанның құлағына 
кейінгі кезде шығарған «Кенже қоңыр» деген əні естілді: 
Бір аты əндерімнің «Кенже қоңыр», 
Тең болмас арғымақ пен қара шобыр. 
Армансыз Үйсін, Дулат араладым, 
Көп жатып бір ауылды етпей ығыр. 
Əнімнің əркім құмар мұқамына, 
Кей жігіт қарап отыр тұтамына. 
Сайраған Сарыарқаның бұлбұлы едім, 
Жетісу, қонақтадым бұтағыңа... 
– Осымен Балуан Шолақтың он екі əні бітіп те қалды білем, – 
деді Кенен жұртқа қарап. 
– Он бір-ақ! – деді санап отырған біреу. 
– Қайсысын қалдырып кеттім екен, сонда? –  деді Кенен. 
–  Кəне,  аттарын  аташы,  санайық! – деп  көпшілік  пен  Кенен 
айтылған  əндерді  санай  бастағанда,  Балуан  отырған  биігінен 
төменге сырғып түсті де, шылбырынан сексеуілге байлап қаңтарған 
атына қарай кетті. 
«Несіне  отырам, – деген  ой  келді  оған, – менің  ойымдағы 
сырдың бəрін де Кенен халыққа айтып берді. Енді несіне көрінем 
ол халыққа?.. Босқа шулату үшін бе?.. Кімге қажет ол шу?.. Қой, 
онан да осы белгісіз бетіммен кете берейін!» 

303
Ол аттанып жүре бергенде, манағы жоғалтқан əнін тауып алған 
Кененнің биік дауысы аспанға көтеріле берді. Балуанға таныс əн – 
өз əні! 
Балуан  ұзаған  сайын,  əн  биіктей  берді.  Жетісуда  қалып  бара 
жатқан Кенен оған өз бейнесі сияқтанып кетті. Қайтып оралмай-
мын деп бара жатқан елде, əрдайым, өз көзіндей көретін мұрагері 
қалуы оның қуанышын теңіздей тасқындатты. Кеудесіне сыймаған 
бұл тасқын Балуанның көзінен жас боп сорғалады... 
33. ТАУДЫҢ ТАҒЫСЫ 
Балуан Шолақ еліне белгісіз қайтам дегенмен, ол «келе жатыр 
дейді» – деген хабар алдынан айшылық жерді орап отырды. Хабар 
əртүрлі естілді: 
– «Іздеп  барған  ағайыны – Үйсін –  Балуанды  басына  хан 
көтеріп қарсы алыпты дейді. Елі бай екен дейді. Он мыңдаған қой, 
мыңдаған түйе иттің құлы итақайда өреді екен дейді. Балуанның 
өз тұқымдары да өте кеткен бай боп шығыпты. Олар Балуанға екі 
ақ үй тігіп беріпті, екі қатын əперіпті. Балуан Шолақ осы күні ен 
байлықтың үстінде қаздай қалқып, үйректей жүзеді дейді, малында 
есеп жоқ дейді. Қырық қатын сауыншысы, қырық жігіт бақташысы 
бар  дейді.  Үйіне  күнде  келген  қонақ  ас  пен  тойға  жиналғаннан 
кем емес дейді, ошағының басы қан сасып, ту қойлар мен ту бие-
лер  есепсіз  сойылып  жатады  дейді.  Балуанның  өзі  тентектігін 
қойып, сол елдің үлгі айтатын биінің бірі бопты дейді, аузы дуалы, 
айтқанын халқы екі қылмайды дейді, əке-шешесін қатын-баласын 
Жетісуға алып кетуге келе жатыр дейді...» 
«Бұл  жақтағы  күші  күш  пе! –  деп  соқты  бір  хабар. – Онда 
барған  соң,  адамның  арыстаны  боп  кетсе  керек.  Ағаш  үйлерді 
қолшатырдай көтергенін көрген кісі бар. Ол жақтың ұлықтары осы 
күшінен  қорқып,  шаш  етектен  алтын  сыйлап,  қазынадан  тамаша 
сарай салдырып, патшадай ғып күтіп тұр дейді». 
«Ол  сөз  өтірік  дейді, – деді  тағы  бір  хабар –  бұл  жақтың 
ұлықтары  Балуанды  Жетісуға  айламен  жіберген  екен.  Онда  бар-
ған  соң-ақ  Жетісудың  ұлықтары  ұстап  ап,  темірден  соққан  үйге 
қамапты дейді...» 
«Қамалғаны рас екен, – деп тарады бір хабар, – сонда бір досы, 
айласын  тауып,  темірді  нандай  турайтын  алмас  пышақ  жеткізіп 
беріпті  де,  Балуан  темір  үйді  тесіп  қашып  кетіпті.  Көкшетауға 
қайтып  келе  жатқан  себебі – ол  жаққа  да  сыйыса  алмауы  болса 
керек...» 

304
«Бұл  жақтан  кеткен  соң  қойдан  қоңыр,  қозыдан  жуас  болуы 
рас дейді, – десті біреулер, – жолда аты өліп, өзі жүдеп барған соң, 
Жетісуда ешкім елемей, ит қорлықта жүріп, елге жаяулап жалғыз 
келе жатыр дейді, өзі аппақ қудай шал болған дейді». 
Осылар  сияқты  толған  өсек  Балуанның  алдынан  желдей  есіп 
жатты. Оның көбін Ғалия да, Балқаш та естіді. Бұл кезде Қалампыр 
мен  Баймырза  қайтыс  болған.  Қалампыр  Балуанның  Жетісуға 
кетуіне  көмекші  болғанмен,  сүйікті  ұлы  аттанғаннан  кейін  ауыр 
ойда  құса  боп  өлді,  Баймырза  аурудан  өлді.  Балқашты  əркімдер: 
«Ол саған енді жоқ, байға ти» деп азғырды. Балуан Жетісуға кетер-
ден бұрын жүкті болған одан ұл туып, атын Тəукен қойған. Балқаш 
Бəтен  мен  Тəукенді  бағып,  қайнағасы  Төлеубайдың  үйінде  тұра 
берген. 
«Балуан  Шолақ  қайтып  келе  жатыр  дейді»  деген  хабарды 
естігенде,  Ғалия  не  істеуді  білмей  сасып  қалды.  Бір  жағынан 
оны  кеудесіне  сыймаған  қуаныш  састырды.  Балуанның  Жетісуға 
кетуіне  көмекші  болғанмен,  ол  аттана  сала  төсегіне  шөке  түсе 
жатып  ағыл-тегіл  жылаған  Ғалия,  сол  қалпынан  қозғалмай  айға 
жақын  жатқанда,  сүзек  болған  адамдай  арсаланып  қалған.  Дос-
жарандарының  кейбірі  оған  «сен  осындай  жасық  па  едің?»  деп 
ұрсып,  біреулері  «жамандық  шақырып  бұ  не  қылғаның?»  деп 
қорқытып, енді біреулері «қорқыныштың ыстық-суығы басылған 
соң  қайтып  келеді;  сарғая  күткен  əрбір  күндерің  жылдай  болса, 
ертең аман-сау қайтып келсе, бірнеше жыл дегенің бір күндей де 
болмайды» деп үміттендіріп, ақыры, көптің талқысы оның басын 
төсектен көтерткен. Төсектен тұрғанда ауру бас, біртіндей жазыла 
кеп,  күн  алыстаған  сайын,  жыл  алыстаған  сайын  сауығып,  біраз 
жылдардан  кейін  Балуан  оған  алыстағы  арман  ғана  сияқтанып, 
кейбір  күндерде  оны  жүрегі  сыздай  еске  түсіргенмен,  кейбір 
күндері ұмыт та болып кеткен... 
Міне, енді сол Балуан көп жылдардың ұзақ сапарынан келе жа-
тыр. Бұл хабар Ғалияның сөнгендей болған махаббат отын қайта 
тұтатты. Оның жүрегі қайтадан жалындай бастады. 
«Бірақ, – деген ой ғана бəсеңдетті бұл лапылдаған жалынды, – 
мен бұлай жалындағанмен, оның жалындап келе жатқанын қайдан 
білем?.. «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» дегендей, жан азығын 
жолынан тауып əкеле жатпауына кім кепіл?..» 
Елде тараған бір хабарға қарағанда, Балуанның Жетісудан іздеп 
барған туыстары алдына мал салып, үстіне үй тігіп, қойнына жар 
салып  қайтарған...  Бір  өсектерге  қарағанда, «оның  қатыны  біреу 
емес, бірнешеу... жəне... бəрі де сұлу...» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет