1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



Pdf көрінісі
бет23/29
Дата15.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9852
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29

255
Шолақтан  күдер  үзесіз.  Ол  үкіметке  қарсы,  яғни  бізге  дұшпан 
адам. Егер күдер үзбеймін десеңіз, маған өкпелемейсіз. 
Троицкийдің  бұл  шарты  ауыр  болғанмен,  Біржанға  ерегіскен 
Ғалия, «кейін көре жатармын» деген оймен, ояздың сөзіне көнген 
болды. Содан кейін аз күнде Ғалия Біржаннан талақ қағаз алды. 
Біржаннан  айырылғаннан  кейін  де  Ғалия  қымыз  сату  кəсібін 
тастаған жоқ. Балуан Шолақты ойлап іштен жүдеген Ғалия, нарлық 
көрсетіп,  сыртын  жүдетпеді.  Баяғы  ойыны – ойын,  сауығы – 
сауық. 
Троицкийге берген уəдесі бойынша, Балуанды біраз күн аузы-
на алмаған Ғалияның іштен сағынуы үдеп, шыдай алмастық халге 
жетті. Содан кейін «жаным Балуаннан ардақты ма, азар болса ояз 
мені де абақтыға жабар» деген оймен ол Балуанды іздемек болды. 
Сол  кезде  біреу  Балуанды  «жер  ауды»  деп,  біреу  «атылды»  деп, 
біреу  «қашты»  деп,  қырық  құрау  өсек  тарап,  қайсысына  сенерін 
білмей, Ғалияның басы қатты. Сөйтіп жүргенде, Балуанның Татья-
наны алып қашқаны естілді. Бұл хабардың анығына Ғалияның көзі 
жетті. 
– Тақыр мұзға отырдың ба? – деп табалады Ғалияны Қордабай 
да,  басқа  өштер  де. – Балуан  сендей  күн  қақты  қақ  байталды  не 
қылсын, аз күн алдап жайдақтады да, тастап кетті. Ояздың қызы 
сұлу деген. Енді Балуан соны алады да, шоқынады. 
«Мұнысы  қалай?! – деп  таңданды  Ғалия  Балуанға. – Бұндай 
қылықтың адамы сияқты емес еді ғой ол?!» 
Өсек үстіне өсек жамала берді: 
–  Бұл  маңға  сыймайтын  болған  соң  Балуан  Тескентау  өтіп 
кетіпті, – десті біреулер. 
– Қуғыншылар үстінен қапылыста басып, табан аузында атып 
тастапты, – десті біреулер. 
–  Ояздың  қызын  өзіне  қайырып,  адам  тимейтін  қағаз  алып, 
бұдан  бұлай  Қараөткелде  Ғалиямен  бірге  тұрам  деп  келе  жатыр 
дейді, – десті біреулер. 
Осы  өсектің  қайсысына  нанарын  білмеген  Ғалия  не  істеудің 
қыбын таба алмай, қайғының қара теңізіне бата берді... 
...Күздің былғаныштау жаңбырлы бір күнінде, ішінде Қордабай 
бар,  бірсыпыра  жігіт  Ғалияның  үйінде  қымыз  ішіп  отыр  еді, 
қақпаға боз атты біреу кіре берді. Оны Ғалияның да, Қордабайдың 
да көзі шалып қалды. 
«Жаным-ау,  Ақбоз  ба?»  – деп  ойлаған  Ғалияның  өңі  қу қыл-
данып  кетті.  Ақбоз  дейін  десе,  үстіндегі  адамның  киім-кешегі 
жүдеу сияқты. 

256
«Жаным-ау, Ақбоз ба!» деген ой Қордабайға да кеп, о да сұрлана 
қалды. Ғалия да, Қордабай да бір-біріне жаутаңдап қарады. 
Үйге  біреу  кіріп  келді.  Дене-тұлғасы,  бет  бітімі – Балуан 
Шолақ.  Бірақ  киімі  де,  кескіні  де  жүдеу:  сақал-мұрты  қаудиып 
өскен,  басында  үлкен  сеңсең  тымақ,  сыртында  көнетоз  қой  жүн 
шекпен, аяғында байпақты саптама етік. 
«Балуан  ба,  жоқ  па?!» – деп  күдіктенген  Ғалияның  бойы 
əлденеге  қалшылдап,  орнынан  тұра  бере  екі-үш  рет  жығылып 
оңалды. Сонда да ол өзін-өзі күштеп, түре келсе, қадала қарағаны 
Балуан Шолақ!.. 
Ғалияның бұрынғы ойы – Балуанды көрсе құшақтау, үйде бол-
са – үйді  жаңғырта,  далада  болса – даланы  жаңғырта  айғай  сап 
жылау, көз жасын көл дария ғып ақтару еді. 
Қазір оның аузынан леп, көзінен жас шықпай қалды. 
Үйге аяғын салқындау басып кірген Балуан Шолақ, Ғалияның 
сасып  қалғанын  білді,  бірақ  неге  сасқанын  түсінбеді.  Ғалияның 
сасуын,  Балуанның  шыдамын  көрген  үйдегілер  де  тым-тырыс. 
Олардың ойындағы сөз: «Не болар екен?» 
Аузына сөз түспей, буыны дірілдеген Ғалия, ішінен «ойпыр-ау, 
маған  не  болды!»  дегендей,  өзін  өзі  күштеп,  əлсіз  денесін  зорға 
сүйреп  Балуанның  қасына  барды  да,  оның  кеудесіне  сүйеніп, 
қолын иығына арта, кескініне қарады. Сонда ғана тіл бітіп: 
– Балуан! – деді ақырын. 
«Балуан»  деген  сөз  Ғалияның  көз  жасын  байлаған  тоған 
сияқтанды. Аузынан осы сөз шығуы мұң екен, көз жасы ағытқан 
тоғандай  саулай  жөнелді.  Балуанның  кеудесіне  бетін  басып, 
Ғалия солқылдап ұзақ жылады. Балуан көзіне жас алған жоқ. Оны 
қатайтқан ой – «бұл жылауың сағыну ма? Əлде күнəңді жуу ма?» 
Əдейі, Балуан естісін деген оймен, жігіттерге сыбырлаған боп, 
Ғалияны қызғанған Қордабайдың айтқаны: 
– «Балуан!  Балуан!» – деп  көтеретін  едік.  Асқаралы  таудай 
көретін ек. Төмпедей-ақ қорамы бар екен ғой мынаның!.. Бір бей-
нетке шыдамай, осынша ұнжырғасы түсіп, осынша азғаны несі?.. 
Ғалия енді несіне қызығып жылап тұр? 
– «Ерді  кебенек  ішінде  танысын»  деген  емес  пе? – деді 
Қордабайдың  бұл  сөзін  ұнатпаған  біреу: – Киіміне  бола  жақсы 
көрді деймісің? Сүйегін танып жақын болған шығар. Бұл жылауы 
да сүйегін танығандық шығар. 
– Рас айтасыз! – деді бұл сөзді құлағы шалып қалған Ғалия, ке-
нет ширап. – «Ерді кебенек ішінде таны!» деген сөзді халық босқа 
айтпаған. 

257
25. ТАҒЫ ДА ТҮРМЕДЕ 
Аз  күн  аялдап  демалғаннан  кейін,  Балуан  Ғалияға  біржола 
қосылып,  бірге  тұруға  келген  ойын  айтты.  Ғалия  бұл  сөздерге 
алғаш көне қойған жоқ, сондағы дəлелі: 
– Мен саған бəрібір берілген кісімін ғой, сондықтан сені сүю 
жолында  не  қиындыққа  болса  да  шыдап  жатырмын.  Менің 
уайы мым – өзім  емес,  сенсің.  Маған  сенің  амандығың  қымбат. 
Амандығыңа  қажет  десе,  өзімнен  бастап  қолымда  бардың  бəрін 
құрмалдыққа  шалуға,  садақаға  беруге  əзірмін.  Бақытыңа  бөгет 
болатындармен шамам келгенше алысуға да əзірмін. Қосыл десең 
қосылайын.  Менің  тек  қана  қорқатыным – «батырдың  ажалы 
маржадан»  деп  еді,  ажалыңа  я  бейнетіңе  себеп  болсам,  ол  менің 
жүрегіме  жазылмастай  түсетін  жара  болады.  Осы  жағын  ойлан, 
Балуан!.. 
Балуан өз сөзін қостай берген соң, «жүзін жырта бермейін, не 
де болса тəуекел!» деді де, Ғалия ризалық білдірді, екеуі молдаға 
барып некелерін қиғызды. Балуан мен Балқаш некесіз қосылған, 
сондықтан Ғалия Балуанға бірінші заңды əйелі болды. 
Бұл  оқиғадан  кейін  Балуан  еліне  кетті  де,  Балқашқа  арала-
рындағы ерлі-зайыптылық қатынас біткенін айтты. 
– Мен ешқайда бармаймын, – деді Балқаш, – осында тұра бе-
рем. «Ат айналып қазығын табады» дегендей, мені таппағанмен, 
бірі  сырттағы,  бірі  іштегі  екі  балаңды  таппай  кете  алмассың; 
қазіргі ерік өзіңде. 
– Оны уақыт көрсетер, – деді Балуан. 
Балқашпен  қарым-қатынасын  анықтаған  Балуан, «бір  қысша 
менің  қасымда  бол»  деген  өтінішпен,  қасына  шешесі – Қалам-
пырды алып Ақмолаға жүріп кетті. 
Əкесі – Тілеудің  үйінде  тұратын  Ғалияға  оралып  келген  Бал- 
уан,  дос-жарандардың  ақылын  да  алып,  өзі  де  сондай  ойға  кеп, 
«сен  тимесең,  мен  тименнің»  тұрмысымен,  тыныш  қана  өмір 
сүруге  кірісті.  Бірақ  ол  мақсатына  Балуан  жете  алмады. «Таң 
атпайын  десе  де,  күн  қоймайды»  дегендей,  Ғалияны  қызғанған 
Қордабай  қыр соңынан қалмайтын болды. 
«Ауыл итінің құйрығы жуан» дегендей, ол əуелі, өзін орнықты 
адамға,  Балуанды  қаңғырғанға  санап,  тілін  алатын  жігіттерімен 
кеп  білек  көрсетпек  болып  еді,  Балуан  білекке  білек  жұмсап, 
үйінен айдады да шықты. «Қапысын тауып көшеде сабайық» деген 
ойынан да Қордабай ештеңе шығара алмады, Балуанды сабаудың 
орнына өзі таяқ жеді. 

258
Ақыры,  қол  күшпен  Балуанды  не  қорқыта,  не  мұқата  алмай-
тын  болған  соң,  Қордабай  заңды  құрал  етуге  кірісті.  Ол  ояздық 
начальник  Троицкийдің  атына  «қалаға  осындай  бұзық  келді» 
деп,  Балуан  туралы  білетін  сөздерінің  бəрін  жазып  арыз  берді. 
Балуанның Ақмолаға келгенін Троицкий сол күні біліп, кеңсесіне 
оны шақыртып алды да, Долгоносов берген подписканы көргеннен 
кейін, «қалада тұруға рұқсат, бірақ сотқарлық қылма» деген ақыл 
айтты.  Балуанға  солай  дей  тұра,  Троицкий  сол  күні  Омбыдағы 
далалық генерал-губернатор Мамонтовқа Долгоносовты Балуанға 
подписка бергендігі үшін сөгіп, өзінің не істеуі туралы хат жазып 
ақыл сұрады. 
«Ол адамды мен де білем, – деп жауап қайырды Мамонтов, –
қылықтарын  да  естідім.  Долгоносов  подписка  беруді  маған 
ақылдасқан еді, қызды құтқару туралы басқа істер айла болмаған 
соң, мен подпискаға рұқсат берген едім. Балуан Шолақты ұстау-
да  ең  қиындық – халқының  арасында  аса  беделді  көрінеді.  Бал-
уан Шолақты ұстасақ, былай да зорлықпен бағындырып отырған 
қазақтардың  үкіметке  наразылығы  үдеуі,  тіпті  көтеріліс  шығуы 
мүмкін,  сондықтан  əзірге  оған  тимеуіңізді  мақұл  көрем.  Бірақ, 
егер қауіпті боп бара жатса, себебін тауып тұтқынға алыңыз!» 
Троицкий  Балуан  Шолақтың  қимылына  қарауыл  қойды.  Оны 
Балуан Шолақ білді де. Бірақ ол жасқанған жоқ. Бойын бұқтырған 
жоқ. Сауық-сайраны баяғы қалпы, баяғы бойын еркін ұстауы əлі 
де сол. 
Балуанды  ерекше  бақылаған  Ғалия.  Оның  бар  ынтасы – ша-
масы  келгенше  жанжалдан  аулақ  ұстау,  ойын-сауықтан  басқаға 
араластырмау. Осы оймен Ғалия Балуанды қанша тізгіндеймін де-
генмен,  кейде  айырылып  қалады. «Қорғалап  өлем  бе?  Тəңірі  өзі 
берген жанын өзі алмай ма?» – деп, ол намысына тиген жерлер-
де сыбағасын жібермейді, ерегіскен адамына қолы да, тілі де тиіп 
жүреді. 
Балуанның  үйірі – сол  маңайдың  ақындары,  əншілері,  салда-
ры: Доскей, Ғазиз, Исабай, Əздембай, Сəтмағамбет. Бұлар қашан 
да  Балуанның  маңайынан  шықпайды.  Қайда  барса  да  бəрі  бірге, 
сауық-сайрандары ортақ. 
Ақмолада жарты жыл дəурен сүрген Балуан Шолақ, серіктердің 
намысын қорғаймын деп, зор екі жанжалға килікті. Бір жанжалы 
Ғазиз ақын туралы. 
Ғазиздің əкесі Файзолла Ақмола оязындағы атақты байлардың 
біреуі – Мəті, Дəулен дейтін он екі мың жылқы біткен ағайынды 
екі  байдың  ауылында  молдалықта  тұратын  еді.  Молда  əкесінің 

259
тілін алмай салдық құрған, əрі ақын, əрі əнші, əрі сырнайшы Ғазиз, 
Мəтінің  Мұхаметжан  дейтін  баласының  қызы – Мұқышты  алып 
қашты. Ғазиз əкеткенін естіп, артынан қуғын жіберген Мұхамет-
жан қызын тартып алып қалды да, Ғазизді бауыр сыртын бірдей 
ғып сабап жіберді. Осы жөнде Ғазиз Балуан Шолаққа келді де: 
Мұқыш қыз сұлу еді табын-дағы! 
Кербесті ат жүйрік еді бабындағы! 
Тұсында Ащылы айырық ұстап алып, 
Қайтейін бір байланған бағым-дағы! –
деп  бастап,  көрген  қорлық-зорлығын  өлеңмен  айтып,  мұңын 
шақты. 
Балуан Ғазизді ертіп Мəті, Дəуренге бармақ, Мұқышты тартып 
əкелмек боп жиналып жатқанда, қыз ұзатылып алысқа кетті деген 
хабар келді. Балуан да, Ғазиз де санын соқты. Сол кезде Ақмолаға 
Дəуленнің Шəріп дейтін болыс баласы кеп, Балуан оны іздеп бар-
ды  да,  қисынсыз  жанжал  шығарып,  сілейте  сабады.  Əрі  бай,  əрі 
болыс адам бұл ызаға шыдамай, оязға «ұрлық малына қағаз жасап 
бер деген тілін алмаған соң, Балуан Шолақ сабады» деп арыз берді. 
Ойдан шығарған ұрлыққа ойдан шығарған иелер тауып, олардың 
атынан арыздар оязға жауып жатты, «көрдік, білдік» деген өтірік 
актілер келіп жатты... 
Ол  арыздар  зерттеле  бастағанда,  Доскей  ақын  елінен  бір 
қызды алып қашып келді. Бұл қыз – бүкіл Ақмола оязына беделді 
бай – Саңырықтың Нұрланы дегеннің жесірі еді. Намысы қозған 
Нұрлан,  заңнан  бұрын  қол  жұмсамақ  боп, «Доскейді  де,  қызды 
да байлап əкел» деп, елінен жүз жігіт аттандырады. Олар Ақмола 
қаласына кеп, пəтерде тығылып жатқан Доскейді де, қызды да бай-
лап жатқанда, Балуан Шолаққа хабар тиді. Ол жалма-жан Ақбозға 
міне  сап,  Доскей  жатқан  үйге  барса,  жігіттер  Доскей  мен  қызды 
арбаға байлап əкеткелі жатыр екен. Араша сұраған Балуанға тілі 
тиген соң, ол ашуына мінді де, көшеде сайыс сап, қамшымен ұрып, 
шетінен  отай  аттан  түсірді.  Беті  қайтқан  жаудан  ол  Доскей  мен 
қызды тартып алды да, өз үйіне алып келді. 
«Ойда отыз сиырдың мүйізі сырқыраса, қырда қырық сиырдың 
мүйізі  сырқырайды»  дегендей,  далада  ғана  емес,  қалада  ояздық 
əкімдер тұрған жерде Нұрлан жіберген жігіттердің Балуан Шолақ-
тан  таяқ  жеуі  жалғыз  Нұрланға  ғана  емес,  қала,  даланың  құлақ 
естір жердегі мықтыларының бəріне батты. 
– Мынау сұмдық болды! – десті олар. – Егер бұған тыйым са-
лынбаса, қала, дала түгіл, үйіміздің ішіне кіріп ап сабар, мынау!.. 

260
Қой,  бұлай  басындырмайық  бұны!..  Қайткенде  де  көзін  жояйық 
бұның!.. 
Сол кезде, Ақмола қаласында, осы ояздағы болыстардың басы 
қосылған  жиын  бола  қалды.  Балуанның  көзін  жою  туралы  ақыл  
осы жиында қорытылды. Ұсынысты Мəтінің Шəрібі жасады. 
– Балуан Шолақ малымызды ұрлады деген приговорлар біздің 
елден келіп, зерттеліп жатыр, – деді ол, – осыған өзге болыстар да 
дауыс қосып, өз елдеріңнен жоғалған малды Балуанға жабыңдар 
да,  сендер  де  приговор  беріңдер.  Бəріміздің  сөзіміз  бір  жерден 
шықсын: «Балуан  Шолақтан  құтылмай,  елге  жарық  сəуле  жоқ» 
дейік. 
Сөз осыған құйылды да, болыстар қол қойып, мөр басқан при-
говорлар ояздық начальник Троицкийдің атына қаптап кетті. 
Бұл  кезде  Троицкийдің  өзі  де  Балуан  Шолақты  осы  қаладан 
кетірудің  амалын  іздеп  жүр  еді.  Оған  бір  себеп – Балуан  туралы 
қалада қаңқу көбейіп кетуі болса, екінші себеп – Омбыда губер-
натор  кеңсесінде  қызмет  атқаратын  əйелінің  інісі  жуық  арада 
Долгоносовтың  қызы  Татьянаға  үйленіп,  жақын  арада  апасына 
қонаққа  келеді  деген  хабар  алды.  Балуанның  қолында  біраз  күн 
барымтада жүрген Татьянаны балдызы біліп алды ма, білмей алды 
ма – ол арасы Троицкийге көмескі. Ал өзі алуына разы емес. Оның 
ойынша, қыз Балуаннан бүлінуі тиіс. Жəне, естуінше, сол қыз Бал-
уанды аса сүйеді дейді. «Ендеше, жас келін апасына қонаққа емес, 
ғашығын көруге келе жатқан жоқ па екен?!» деп күдіктенеді ояз. 
«Осыдан бүліншілік шықпаса не қылсын?! – деп те қорқады ол. 
Сондай қорқынышқа кірген ол, қонақтары келерден бұрын Бал-
уанды  бір  жаққа  тайдырудың  амалын  таба  алмай  сасып  жүр  еді, 
Шəріп  берген  арызға  қосымша  арыздар  жауа  қалды.  Ол  қуанып 
кетті.  Оның  бекіген  ойы – арыздарды  сылтау  қып,  істі  анықтау 
мақсатымен тұтқынға алу. 
Осы ойға бекінген Троицкий астыртын кісі жіберіп, Балуанның 
түнде қайда жататынын, қандай сақтықпен жататынын біліп алды 
да, қаннен-қаперсіз ұйқыда жатқан Балуанды қарулы жандармдар 
қапыда басты. Ол абақтыға жабылды. 
26. МЕҢДУАНАҒА МАСТЫҚ 
Балуанды  түн  ортасында  ұстап  əкеткеннен  жылаған  Ғалия, 
жастыққа  бетін  төсей  шөке  түскен  қалпынан  сəске  көтерілгенше 
жылады.  Баста  оған  қосыла  жылаған  Қалампыр,  біраздан  кейін 
ақыл айтты: 

261
–  Шырағым,  қой  жылауды! «Кебін  кигеннен  түңіл,  кебенек 
кигеннен  түңілме», – деген  бұрынғылар.  Аман  болса  бұдан  да 
құтылар. Шын жаның ашыса, Нұржанды құтқарып алудың қамын 
ойла. 
Ғалия бұл сөзге құлақ аспай, тыйылудың орнына үдей берген 
соң, Қалампыр ұрысты: 
–  Нұржан  осынша  құмартып  соңыңнан  қалмағанға,  мен  сені 
ерге – ер, серге – сер қатын екен десем, сен де ұзын етектің бірі 
екенсің  ғой,  тəйірі!..  Нұржан  құр  жылтыраған  бетіңе  қызыққан 
екен  ғой!..  Сенен  басқа  қатынның  байы  ұсталмап  па?  Бекет  ба-
тырды  патша  ұстап,  Итжеккенге  жер  аударғанда,  қатыны – Зере 
соңынан қуып барып, жасырып алып қайтқан жоқ па еді? Патша 
осы Қараөткелден ұстап ап, Тескентау өткізіп жіберген Жиенбай 
батырды, қыздай отырған қалыңдығы Балқия да құтқарып əкелді 
деп естігеміз. Нұржан солардай теңін тапқан екен десем, көз жасы-
нан басқаға əлі келмейтін салды балақ қатынның бірі ме едің? Қой, 
əрмəн, ағыл-тегіл болмай!.. 
Қалампырдың  қайрат  берген  сөзі  Ғалияның  жасын  тыйды. 
Балуан  Шолақ: «Апам,  Апам!»  дей  беруші  еді,  неге  олай  дейтін 
себебіне Ғалияның көзі жаңа жетті. 
Жасын  тыйған  Ғалия,  Балуанның  іздеп  кеп  қолға  түскен 
өкінішін айта кеп: 
–  Аз  күн  бейнеті  ешнəрсе  етпес  еді,  бірақ  тез  шықса!  Мен 
шығармай  ма  деп  қорқам.  Бұл  қаланың  ұлықтарының  беті  оған 
жаман, – деді. 
Төрт-бес  күн  уақыт  өтті.  Ғалия  ояздық  мекемелердің  есігін 
түгел қақты, бірақ жылы ұшырағаны кездеспеді. Бəрі де жыландай 
ысқырынып: «Енді ол саған жоқ» деп дүрсе қоя береді. 
Ұлықтардан тауалы шағылған Ғалияның дұшпандары да таба-
лады. Амал қанша! Ғалияда бұрынғыдай өркеуделік жоқ: «Бетеге-
ден биік, жусаннан аласа». 
Бір күні кешке Қалампыр Ғалиямен ақылдасты: 
–  Шырағым! – деді  ол  Ғалияға. – Сен  ұлықтардан  түңіліп 
жүрсің. «Үмітсіз – сайтан». Егер ұнатсаң, мен саған бір ақыл ай-
тар ем. 
– Айт, апа! 
– Біздің елімізде, əткемдермен тұстас Көлбай, Жанбай деген екі 
батыр бопты. Солар патшаға қарсы шығып, неше жыл жанжалмен 
бағынбай жүріпті. Патшаның құрығы ұзын: бір күні Көлбай мен 
Жанбайды қапылыста ұстап, Көкшетаудың абақтысына қамапты. 
Көлбайдың  қатыны  Ақтайлақ  деген  кісі  ер  адам  екен  дейді. 

262
Көлбай мен Жанбайға ас апаруға ешкім бата алмағанда, Ақтайлақ: 
«Өлтірсе  мені  өлтірсін,  жаным  батырлардан  ардақты  емес»  деп, 
асты өзі апарыпты. Асы бір саба қымыз, бір семіз құлынның еті 
екен  дейді.  Түрменің  адамдары  аш  па,  я  қазақтың  асын  таңсық 
көре  ме,  қымыздан  сұрап  ішіпті,  еттен  сұрап  жепті.  Көлбай  мен 
Жанбай кедей екен дейді. Бірақ ас бергізетінін көрген соң, бүкіл ел 
боп, күніне бір саба қымыз бен бір тоқты беріпті де тұрыпты, оны 
Ақтайлақ  абақтыға  апара  беріпті,  апарған  сайын  қызметкерлерін 
суара  беріпті.  Бір  күні  Ақтайлақ: «Қымызға  қосып,  осыларға 
меңдуана берсем қайтеді», –  деп ойлапты. 
–  «Меңдуана» не, aпa? – деді Ғалия. 
–  Білмейтін бе ең, балам? 
Ғалия басын шайқады. 
–  Қурай сияқты іші қуыс, бұтақты шөп болады. Оның басы-
на  үлкендігі  тырнақ  көлеміндей  домалақ  қауашақтар  шығады, 
ішіне  тары  тəрізді  ұсақ  дəн  өседі. «Меңдуана»  дейтін  сол  ұсақ 
бүршіктер. Егер соны суға қайнатып, не шайға, не қымызға қосып 
берсе, ішкен адам есінен айырыла мас болады. 
– Арақ сияқты десеңізші! 
–  Арақты  ішкенде  тыжырына  жеркенісіп  жатады  ғой  жұрт? 
Меңдуананың  дəмін  де  білмейді;  араққа  мас  болғанда  кіресілі-
шығасылы  есі  болады  ғой,  меңдуананы  ішкен  адамда  шүнəмдай 
да  ес  қалмай,  жынды  адам  сияқтанып  кетеді;  арақ  ішкендер 
тəлтіректеп  буынын  баса  алмай  жүрсе,  меңдуананы  ішкен  кісі 
əуелі жайшылықтағы қалпынан күшейіп кетеді де, біраздан кейін, 
өлген адамдай ессіз боп құлайды. 
–  Сөзіңізді  бөлдім-ау,  апа, – деді  Ғалия, – əлгі  Ақтайлақтың 
кеңесін аяқтаңызшы!.. 
–  Өзім де соған келе жатырмын. Сонымен, Ақтайлақ бір саба 
қымызға қайнатқан бір шелек меңдуана суын қосып апарады. Оны 
білмей ішкен түрме адамдары, біраздан кейін қирай мас болады да, 
бірімен бірі төбелесіп, əуре-шікірасы шығады. Сол кезде Ақтайлақ 
абақтының есіктерін ашады да, тұтқындар да, Көлбай мен Жанбай 
да  қашады.  Көлбай  мен  Жанбай  сол  қашқаннан  Жиделі-Байсын 
өтіп кеткен дейді. Ешкімге ешкім тимейтін, қой үстіне бозторғай 
ұялаған,  қыс  болмайтын,  жері  бау-бақшалы  тамаша  жер  дейді 
оны!.. 
–  Мен де осыны істер ем, – деді Ғалия, – бірақ қайдан табам, 
меңдуананы? 
–  Ондай өнер көрсетем десең, меңдуананы алыстан іздемессің. 
Тісімнің  сырқырамасы  болушы  еді,  меңдуана  салсам  басылатын 

263
еді, соған деген бір дорба меңдуанам бар, ол осы Қараөткелдің тең 
жарысын мас қылуға жетеді. 
– Істеймін! Бер, – деді Ғалия қуанып. 
Ол  іске  кірісті.  Абақтыда  надзиратель  боп  қызмет  істейтін, 
Ғалиямен бала жастан бірге өскен, бірін-бірі туғанындай көретін 
жігіт болушы еді, аты  –  Тоқпан. Балуан Шолақ абақтыға алын-
ғаннан кейін, Тоқпан Ғалияға кеп, аянышын білдіріп, көңілін жұ-
батпақ болған. Сол Тоқпан арқылы танысса, абақтының начальнигі 
Завьялов қымызқор адам боп шықты. 
– Осы күні не көп, абақтыда жатқан қазақ көп! – деді Тоқпан 
Ғалияға. – Солардың  жақындары  күнде  ауылдан  сабалап  қы-
мызды, я басқа астарды тасиды да жатады. Келген астың көбінің 
игілігін  Завьялов  көреді.  Тегін  тамақты  аясын  ба – бізді  де  той-
ғызып тұрады. 
Ғалия  Тоқпанға  бірге  өскендігін,  көңілдестігін  айта  кеп, 
меңдуана жайын баяндады. 
– Болсын! – деп көне кетті Тоқпан. – Балуан Шолақпен істес 
боп  көрмегенмен,  қандай  жігіт  екенін  жақсы  білем.  Реті  келсе, 
қипыстан  құтылуына  тілектеспін.  Меңдуанаңды  əкел,  тапсыр-
маңды орындаймын. 
– Қорықсаң, зорламаймын, – деп шегеледі Ғалия. 
– Айтқаным айтқан, – деді Тоқпан. 
Ол  абақтының  хал-жайын,  қай  күні  орқаны  келерін  анықтап 
ап, Ғалияға хабар бермек болды. 
Тағы  да  біраз  күн  өтті.  Үкімет  Балуан  Шолақты: «Абақтыны 
тағы бұзар, я қашуға тырысар» деп, аяқ-қолын кісендеп, бір ұшын 
тас қабырғаға қаққан шығыршыққа байлап ұстады. 
Бір күні Ғалияға Тоқпан келді: 
–  Сəті  түсуге  айналды, – деді  ол. – Завьялов  бүгін  екі  саба 
қымыз, бір тоқтының етін алды да, бір сабаны күндіз ішіп, екінші 
саба мен тоқты етін іңірде ішіп-жеуге қалдырды. Бүгін бəрімізді 
қонақ қылатын болды. Меңдуанаңды бер маған, мен оны қайнатып, 
кешкі ішілетін сабаға елеусіз уақытта құяйын... 
– Қалай қайнатасың меңдуананы? 
–  Абақтының  конторында  күндіз-түні  қайнап  тұратын  сама-
уыр бар, қасында көбінесе кісі болмайды. Қымыз да сонда тұрады. 
Меңдуананы ебін тауып сол самауырға қайнатам да, сабаға құям! 
Бір дорба меңдуананы алды да, Тоқпан кетті. Сол күні ол күндіз 
демалып, күзетке кешке бармақ еді. Күн бата абақтыға барса, кон-
торда жалғыз уборщица
1
 əйел ғана отыр екен, самауыр быжынап 
1
Үй жинаушы.

264
қайнап тұр. Уборщица момындау, бейқамдау адам болатын. Тоқпан 
оның көзін алдап, самауырға меңдуананы салды. «Бір қайнаса бо-
лады»  деген  Қалампыр.  Аз  уақыттан  кейін,  Тоқпан  уборщицаны 
сырттағы  бірдемеге  жұмсады  да,  өзі  самауыр  суын  шелекке  тез 
қотарып, қайта су құйып, меңдуананың суын аз уақыт тұндырды 
да, сабаға құйды. Сабаны шайқады. Содан кейін, абақтыдағыларды 
түгендеген Завьяловқа еріп, бөлмелерін аралады. 
Балуан Шолақ оңаша бөлмеде еді. Завьялов пен Тоқпан оның 
бөлмесіне де кірді. 
– Енді неге қашпайсың? –  деп кекететін еді Завьялов, кісендеулі 
Балуанды көрген сайын. 
Бұл  сөзді  Балуан  бұрын  естігенде,  айбат  шегіп  қарсыласып 
қалатын.  Бұл  жолы  да  ол  қарсы  сөз  айтуға  ыңғайлана  беріп  еді, 
Тоқпан көзін қысып қойды. Неге өйткенін жобалай алмаған Бал-
уан, «бір мəні болар» деп түйді ішіне. 
Завьялов іңірде дежурствоға кісі тағайындап, өзі үйіне қайтпақ 
боп, абақты қызметкерлерін түгел конторға жиды. «Есік пен қақпа 
кілттеулі, қорған берік, қайда қашар дейсің» деп, ол кейде қақпа 
алдындағы күзетші мен қорған бұрышында тұратын қарауылдарды 
да шақырып қымыз беретін еді. Қарауыл мен қақпа күзетшісін За-
вьялов бұл жолы да шақырды. 
–  Үйге  қайтар  алдында  сендерді  сыйлайын  деп  ем, – деді 
мақтаншақтау Завьялов қызметкерлеріне, – кəрің бар, жасың бар, 
менен бұрын, нақ мендей начальникке кездесіп көрдіңдер ме? 
– Жоқ! – десті бəрі шулап. 
– «Жоқ»  болса,  ішіңдер  мына  қымызды!..  Жеңдер  мына  етті! 
Қалай тойғызам мен сендерді күнде?!.. Мен кетсем, көбің аштан 
инеліктей қатасыңдар! 
Абақты қызметкерлері қымызды ал кеп ішті, етті ал кеп жеді. 
Тоқпан өтірік ішкен боп көптің көзін алдады. 
Қымыз əрі қою, əрі тəтті еді. Кісі басы одан екі-үшке тастаған-
нан кейін, басы жұқалаулары қызуға айналды. 
– Қызына бастаған кезде жел соқса, тез мас болады, – деген еді 
Қалампыр. 
Көптің  көзін  алдаған  Тоқпан,  өзгеден  бұрын  өзі  қызған  боп: 
«Үй ысып кетті», – деп есікті, терезенің форточкасын ашты. Дала 
сол  күні  желкемдеу  еді.  Ашқан  форточкадан  аңқыған  сквозняк 
контордың  ішін  желдендіріп  жіберді.  Қызған  денесін  сквозняк 
салқындатқан Завьялов «жабайық» дегендерге жаптырмады. 
Жұрттың бəрінен бұрын Завьялов мас болды. Жайшылықта да 
көп сөйлейтін ол, мас болған соң желігіп кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет