1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата15.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9852
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

275
–  Қалай? 
–  Бұл  түріңде  барма.  Мен  саған  кіндігіңнен  төмен  түсетін 
сақал, құлағыңа орайтын мұрт жасап берейін. Үстіңе жүнін сыр-
тына  айналдырып  тері  киім  ки,  сол  түрмен  кipсең,  саған  көздері 
түскенде-ақ есінен танады олар. 
– Дұрыс екен бұл!.. 
Ұзын  сақал,  мұрт  жасатып,  денесіне  жүнін  сыртына  айнал-
дырған  тері  тон  киіп,  аяғына  киіз  байпақ,  басына  айналдырған 
сеңсең  тымақ  киіп,  қойнына  «смит-вильсонды»  салып,  қараңғы 
түнді жамыла Балуан Шолақ жөнелді. Троицкийдің үйін қоршаған 
тас шарбаққа жеткенше оны ешкім көрген жоқ. 
Сонша  денемен  Балуан  қандай  епті!  Ол  қолының  басы  ғана 
іліккен шарбақтың үстіне қарғып шыға келді де, сымға арандамас-
тан қораның ішіне түсті. Бір жақсысы – иті жоқ екен. 
Қораның  ішінен  үйді  орағыта  байқаса – терезелерінің  қақ-
палары тарс жабылған. 
Үйдің  қаңылтырлы  биік  шатырының  қора  жағында  қақпасы 
бар  екен,  оған  өрмелеп  шығатын  басқыш  тұр.  Балуан  шатырға 
шығып, тастай қараңғы төбеден ішке түсетін тесікті əрең тапты. 
Ол  сыбысқа  құлақ  түріп  отырғанда,  үйдің  ішінен  дауыс  естілді. 
Ақырын  сипап,  қақпақты  көтеpiп  көрсе – астында  коридорға 
түсетін басқыш тұр. 
Сол  кезде  скрипка  мен  сырнай  қосылып  тəтті  бір  күйді  ой-
нап  жіберді.  Балуанға  скрипка  мен  сырнайдың  емес,  жүрегінің 
қылы күй толғағандай боп, тұла бойы шымыр-шымыр етті. Орыс 
халқының күйі мен əнін ол тамаша жақсы көретін еді.«Енді əн айт-
са жарар еді!»деп аз отырып еді, күй бітті, əн айтылмады. 
«Ендігісін күтпей-ақ қояйын, басқа қызығын бірдей көрейін» 
деп ойлаған Балуан, басқышпен коридорға сыбдырсыз еппен түсті 
де, шу естілген есіктен кіріп барды, қолында мылтық. Бөлме кең 
екен. Тамаша киінген жиырма шақты əйел-еркек, тамақ пен араққа 
толған  жалпақ  үстелді  айнала,  əлденеге  мəз-мейрам  боп  күлісіп 
отыр. Татьяна орталарында. 
Балуанға өзгеден бұрын көзі түскен бір əйел, екі көзі шарасынан 
шыға «ах!» деп ышқына бір дауыстап қалды да, үстел-мүстелімен 
шалқасынан  құлады.  Өзгелері  Балуанды  көрмегендей,  құлаған 
əйелге ұмтыла бергенде, Балуанның «көтер, қолдарыңды!» деген 
даусы күр ете түсті. 
Бəрі оған жалт қарады да, кескіндері құп-қу болып, қолдарын 
көтеріп,  тұрған  жерлерінде  тікелей  қата  қалысты.  Балуан  аяғын 
алшаңдай басып жақындады. Бірнеше əйел шыңғырып жіберді. 

276
Балуан  Шолақты  жазбай  таныған  Татьянаның  барлық  қаны 
басына  шыққандай,  дірілдеген  денесі  оттай  лаулап,  буындары 
селкілдеп кетті. 
Үрейленгендерді  көріп  масаттанғандай  болған  Балуан,  сол 
бөлмедегі  погребтің  аузын  ашты  да,  басы  ояз  қып,  барлық  ер-
кекті  қаһарлы  ыммен  ішіне  біріндеп  түсіре  бастады.  Осы  кез-
де  Татьянаның  көзі  күйеуіне  түсіп  еді,  əлгі  кезде  өліктей  бозара 
қалған кескініне қан жүгіріп, бетінде ашу толқыны ойнай қалған 
екен, шалбарының оң жақ қалтасынан браунингін суырып келеді 
екен. Ісіне масаттанған Балуан оның қимылын аңғарар емес. Та-
тьяна  күйеуінің  браунингті  суырған  қолын  сырт  жағынан  шап 
беріп ұстай алды да, жұлып алмақ болып еді, қол мылтыққа тас боп 
қатып қалған, босатар емес. Балуанға байқатпай, Татьяна күйеуіне 
ашулы көзін қадай қойды. Қосылуларына аз уақыт болғанмен, ол 
күйеуінің еркін билеп үлгірген еді. Күйеуін ықтырарда, ол көбінесе 
сөзін емес, көзін жұмсайтын. 
Браунингті  жібергісі  келмеген  күйеу,  Татьянаның  біздей 
қадалған  көзіне  шыдай  алмады  да,  босатты,  қолына  алған 
мылтықты  Татьяна  ешкімге  сездірмей,  арқасын  таяп  тұрған 
қабырғадағы айнаның артына қоя қойды. 
Татьянаны  Балуан  есіктен  кіре  таныды.  Көкшенің  кеудесінде 
бірге  тұратын  күндерден  ол  көп  өзгерген:  бойы  одан  биіктеген 
сияқты, денесі толығып, арық беті еттеніп, бұрынғы сопақтау беті 
дөңгеленген  сияқты,  бұрынғы  сыптығыр  кеудесі,  енді  төстеңдей 
көтеріліп, иек салбыраңқы бұғақ бітіп, кəдімгі байсалды келіншек 
болыпты! 
Еркектерді погребке қамап жүргенде, Балуан Шолақ Татьянаға 
қарамауға тырысты. «Егер қарасам, – деп ойлады Балуан, – менен 
емексіп, қимылыма бөгет болар!»
Ең соңғы еркек – Татьянаның күйеуін Балуан Шолақ погреб-
ке түсіріп, қақпағын жауып жатқанда, есі жиналған Татьяна қатар 
бөлменің  жабулы  есігін  ашты  да,  үрейленген  əйелдерге: «мында 
келіңдер» дегендей ымдады. Əйелдер Балуаннан үрке, біріне бірі 
соқтыға, Татьяна ашқан есікке жүгіріп кірісті. Балуан оларға көз 
қырын ғана салып, есік жақта тұрған қаңылтырлы үлкен сандықпен 
погребтің қақпағын бастырды. 
Əйелдер  кірген  бөлменің  есігін  Татьяна  жапты  да,  адымын 
нықтай басып, Балуанның қасына келді. 
–  Мен  бəрін  де  естідім! – деді  ол. – Сіздің  не  оймен  мұнда 
келгеніңізді  айтпай-ақ  түсіндім.  Бет  алған  жақтан  қайтпайтын 
қаталдығыңыз болатын еді, сонда да, өмірімде сізден тілек тілеп 

277
көрмегенімді есіңізге сап, алғашқы да, соңғы да тілегім деп, өтініш 
айтқалы тұрмын, қабылдайсыз ба? 
– Ретіне қарай көрермін! – деді Балуан. 
–  Сіздің  мына  погреб  астындағыларды  өлтіруге  келгеніңізді 
білмей тұрған жоқпын. Қиыңыз маған осы құрмалдықтарыңыздың 
жанын! 
Балуанның  бұл  жолы  рақымсыздыққа  тастай  қатқан  жүрегін  
Татьянаның  сөзі  жібіткендей  болды.  Сол  кезде  көзін  жапқан  қан 
тарап, денесін сірестіре буған ашу ыдырап, жұмсақ жүзімен: 
–  Болсын,  Тəнəйжан, – деді  ол, – мен  сенің  тұтқынға  түскен 
жақындарыңды  босатайын,  сонда,  менің  тұтқын  болған  жақын-
дарымды кім босатады? 
– Əрине, мен! –  деді Татьяна нық дауыспен. 
Балуан  Шолақтың  жақындары  абақтыға  түскенін  Татьяна 
естіген еді. Соларды босаттыру мақсатымен: 
– Погребтегі тұтқындарды босатыңыз! –  деді Татьяна Балуанға. 
Балуан сандықты көтеріп апарып орнына қойды да, погребтің 
қақпағын  ашты.  Іннен  шыққан  суырдай  боп,  қамалған  адамдар 
бірінен соң бірі погребтен сүйретіліп шыға бастады. Бəрі шығып 
болғаннан кейін, Татьяна Троицкийге бірдеме дегелі ыңғайланып 
келе жатыр еді: 
– Бəрін естідім, –  деді ол. – Балуан Шолаққа берген уəдеңіз 
орындалады... 
Кешікпей ояздың қорасынан тарантасқа жегіліп шыққан пар ат 
Қалампыр, Тілеу, Балуан, Ғалия – төртеуін үйіне апарып салды... 
***
Ертеңіне  Троицкий  Балуан  Шолаққа  паспорт  жəне  «ешкім 
тимесін» деген қағаз жібертті. 
Үй-ішіне  амандасып,  Балуан  Шолақ  Жетісуға  жүріп  кетті. 
Бірақ оның қайда кеткенін өз үй-ішінен басқа ешкім білген жоқ... 

278
29. БАЛУАН БІРІКТІРГЕН ƏН-КҮЙ 
Тау көрмедім Көкшенің биігіндей, 
Бауырында ойнап ем киігіңдей; 
Кіндік кесіп, кір жуған қайран жердің 
Болмайды екен еш қайғы күйігіндей.
(Балуан Шолақ өлеңінен)
Ақмоладан  аттанарда  Балуан: «Жолшыбай  танымайтын  ел, 
ойдағы жеріме жете алам ба, əлде тоналып қаңғырып өлем бе?» –  
деп қауіптенген еді. Ол қауіп Ақмоладан шыға бере-ақ жойылды, 
қай ауылға кездессе де, оны құшақ жайып қарсы алды. 
Қазақтың  кең  даласына  атағы  түгел  жайылғанын  Балуан 
Шолақ сонда ғана көрді. Жолында кездескен ауылдардан өзі тура-
лы неше түрлі ертегілер естіді. Мəселен, оған жолдағы жұрт мы-
надай сұраулар қойды: 
«Қамаған қарағай үйдің бір бұрышын көтеріп шығып кеткенің 
рас па?» 
«Абақтының  төбесін  иығыңмен  көтеріп  аударып  тастағаның 
рас па?» 
«Абақтының  қалыңдығы  жарты  кез  сəкі  тақтайын  теуіп,  қақ 
ортасынан қақ бөлгенің рас па?» 
«Сот болғанда сенен: «Неге бұлай бұзақылық істейсің?» –  деп 
сұрапты  ғой.  Сонда  сен: «Бойыма  күшім  сыймайды», –  депсің 
ғой. Сонда олар: «Сол күшіңді көрсетші», –  депті ғой. Сонда сен: 
«Егер босататын болсаң, осы үйдің екі терезесінің аралығындағы 
қабырғаны басыммен сүзіп құлатам», –  депсің ғой. Судья: «Оны 
құлатсаң босатам», –  деп, қолынан шарт жазғанда, сен қабырғаны 
сүзіп құлатып кетіпсің ғой!.. Осы рас па?!» 
«Аққошқар»  дейтін  аруағың  бар  деп  есітеміз.  Ол  қасыңда 
жүргенде  сені  отқа  салса  күймейді,  суға  салса  батпайды,  найза 
өтпейді,  қылыш  кеспейді  дейді,  сол  рас  па?..  Бір  рет  мылтықты 
мың солдатпен соғысып, бəрін сойылмен ұрып жыққаның рас па?» 
«Кісінің  көзін  байлайды  дегенді  айтады.  Бір  күні  үйіңе  сені 
ұстаймын  деп  үш  жүз  солдат  келгенде,  көзін  сиқырмен  байлап, 
көрінбей қалғаның рас па?» 
«Ақбоз» дейтін атың осы ма? Мұның мықынында құс сияқты 
қанаты бар дейтіні қайда? Қысылған жерде құс боп ұшады дейтін 
еді ғой? Өзі сен айтқан сөздің бəрін ұғады дейтін еді ғой?.. Басыңа 
төнген  қауіпті  күн  бұрын  сезіп,  хабар  береді  дейтін  еді  ғой?.. 
Жауыңмен  алысып,  алдына  келсе  тістейді,  артына  келсе  тебеді 
дейтін еді ғой?.. Қуаныш, қайғыңа ортақ еді ғой?.. Сол рас па?» 

279
Енді  біреулер: «Сенің  бойыңды  тік  тұрған  нар  түйеден  биік 
деп  еді,  құнажын  байталдың  етін  жеп  қояды  деп  еді,  жылқының 
жілігін  қойдың  жілігіндей  кеміреді  деп  еді,  бір  саба  қымызға 
қанбайды деп еді, бір ұйықтаса қырық күн ұйықтайды деп еді, бір 
ұйықтамаса қырық күнге шыдайды деп еді... сол рас па?» –  деп 
сұрады. 
Тағы  біреулер: «Баяғы  Қобыланды,  Қамбар,  Алпамыс,  Ер 
Көкше, Ер Қосай, тағы сондай батырлардың аруақтары сені қор-
шап,  жебеп-желеп  жүреді  дейді  ғой...  Сен  оларды  көресің  бе? 
Сөйлесесің бе?» –  деп сұрады. 
Балуанның  дағдылы  адам  екенін,  оның  қашып  жүргенін 
естіген  біреулер: «Сені  дария  деп  естіп  ек,  шұқанақтай  жоқ 
екенсің ғой, тəйірі!.. Сені асқаралы тау деп еститін ек, төмпедей 
жоқ екенсің ғой, тəйірі!.. Жортуылшы батыр деп естіп ек, жымып 
жүрген қашқын екенсің ғой, тəйірі!..» –  деген сияқты ренішін де 
жасырмады. 
Балуан  мақтағанға  қуанған  жоқ,  жамандағанға  ренжіген  жоқ. 
Несіне қуанып, несіне ренжісін – қуанайын десе, елдің жүктеген 
үмітін ақтаған жоқ; ренжиін десе, елдің оны сынап айтқан сөздері 
өтірік емес, шын. 
Елдің  өзі  туралы  айтқан  сөздеріне  қуанбай  да,  ренжімей 
де,  салқын  қанмен  ғана  тыңдап  келе  жатқан  Балуан  Шолақтың 
ұққаны – əрі орыстың əкімдері мен байларынан, əрі өзінің əкімдері 
мен  байларынан  қорлық-зорлық  көріп  отырған  қазақтың  момын 
қалың көпшілігі, сол қорлық-зорлықтан құтқаратын басшы іздейді 
екен, «сондай  басшы – Балуан  Шолақ  болып  қалуы  мүмкін»  де-
ген хабар естиді екен, үміті сондай болғандықтан, ел оның атын 
дағдылы қалғанынан əлденеше рет өсіріп, ертегінің батырына ай-
налдырып жіберген екен. 
Енді,  сол  халықтың  өзімен  көзбе-көз  жолғасқанда,  қорлық-
зорлықтан  құтылу  туралы  олар  берген  сұраудың  ешқайсысына 
Бал уан жауап бере алған жоқ. Ендеше, неменесіне қуанады ол?.. 
Іске емес, даурыққан дақпыртқа ма?.. 
Қуанудың  орнына  қайғырды  ол!..  Елдің  қол  созған  биігіне 
көтеріле алмауына қорланды ол!.. Бірақ қорланғанда не істесін!.. 
Бойынан биік қалай қарғысын!.. 
Жұрт көзінде өзін солай қомсынғанмен, халық Балуан Шолаққа 
қайда  барса  да,  төбесінен  тік  тұрып  құрмет  етті.  Оған  екі  себеп 
болды: бірі – халықтың басында бар қайғы өз басында да барын, 
бірақ  бұл  қайғыны  кетірерлік  күш  халықта  болмаса,  мұнда  да 
жоғын, бұл да халықпен бірге, сондай күшті іздеу жолында екенін, 

280
əлі  ондай  күшті  таба  алмағанмен,  табуға  үміті  барын  жасырма-
уы;  екіншісі – халықты  батырлық  ісімен  сүйсіндіре  алмағанмен, 
өнерімен сүйсіндіруі. 
Батырлық  күші  болмағанмен,  балуандық  күшінің  өлшеусіз 
молдығы,  осы  күшін  қара  күштен  өнерге  айналдырып,  бұрын 
көрмеген  неше  түрлі  қызықтарды  көрсетуі  халықты  қайран 
қалдырды. 
Елдің  балуандары  бірін-бірі  жығып  қана  атаққа  шықса,  бұл 
атан  түйелерді  арқалай  жөнеледі;  əлденеше  жігіт  жабылып  əрең 
тоқтататын  асау  аттарды  бұғалықпен  жалғыз  тоқтатып,  жалғыз 
ерттеп,  жалғыз  үйретеді,  шапқан  аттың  үстінде  ұршықтай 
үйіріліп  ойнайды;  дене  өнерін  көрсеткенде,  сүйектері  сымдай 
иілген  сияқтанады;  оқтаудай  жуан  темірлерді  білегіне  бұраудай 
орайды,  бақыр  ақшаларды  қамырдай  илейді;  арқанмен  тартқан 
оншақты жігітті жаяу сүйреп кетеді, олар бұны орнынан да қозғай 
алмайды... 
Күш өнері сондай болса, қол, тіл, үн өнері одан да қызғылықты: 
қайысты да шебер өреді ол, етікті де шебер тігеді, оюды да шебер 
өрнектейді, киімді де шебер пішеді ол, соның үстіне, «бармағынан 
балы тамған» домбырашы... Домбыраны ол төпеп тартпай, ішекті 
шолақ саусағымен іліп-қағады да, сол қолының салалы саусағымен 
пернелерді  басқанда,  неше  түрлі  тамаша  үндер  шығарады.  Ескі 
күйлер мен ескі əндерді шертуге шеберлігімен қатар, өзі шығарған 
əндер  мен  күйлерді  ойнауға  да  жүйрік.  Оның  алыстағы  көшпелі 
ауылға  алып  барған  бір  жаңалығы – сырнай.  Баяғыда,  Қайрақты 
қаласында  сырнайға  аса  шебер  Андрейдің  қасында  ойнауға 
қорынатын  ол, «сырнай»  дегенді  көпшілігі  көрмеген  көшпелі 
ауылда  ешкімнен  жасқанбады  да,  жобалғы  ойнаған  түрінің 
өзімен «сыр найшы» атанып кетті. Бұрын мұндай музыка құралын 
көрмеген  жұртқа,  Балуанның  сегіз  пернелі  кішкене  сырнайының 
өзі, «дауысы  даланы  басына  көтерген...  даусынан  бейістің  үні 
шыққан тамаша құрал» боп кетті... «Балуанның сырнай тартқанын 
көруге келдік» деушілер құлақ естір жерден жиналды, ойын-тойда 
жұрттың Балуаннан бірінші өтініші – сырнай тарту болды... Бал-
уанды еліктеп, елде сырнай үйренушілер көбейе бастады... жақын 
жердегі қалалардың базарына шыққандарға пұлы барлар «сырнай 
ала кел» деген аманат қосты... саудагерлер де мұнымен пайдала-
нып, қаладан əкелген сырнайларын «аттың құны, нардың пұлына» 
сатты... 
Музыкалық өнері сондай Балуан əндерді, əсіресе өзі шығарған 
əндерді  айтуға  шебер  болды.  Бұрынғы  шығарған  əндері  Ғалияға 

281
ғана  арналған  ол,  елінен,  жерінен  алыстаған  сайын  сағынып, 
бірталай  əнді  осы  сағыныштарына  арнап  шығарды.  Оның 
қоңырлау  дауысы  зор  болмағанмен,  екпінді,  нақышты  еді.  Үнін 
аздап мұрнына жібере айтатын еді ол. Əндерін осы үнімен айта-
тын ол, тыңдаушыларын кей əнімен күлдірді, кей əнімен жылатты. 
Адамның туған ел, туған жерін қандай жақсы көруін Балуанның 
сол  тақырыпқа  арналған  əндерін  естіген  тыңдаушылар  ерекше 
ұқты, бұл əндер тыңдаушыларға ерекше ой салды. 
– Шіркін, адам туған елі мен туған жерін сүйсе осылай сүйсін! –
деп күрсіне тыңдады олар... 
Алыстағы көшпелі ауылдарға Балуанның əнінен басқа апарған 
тағы бір жаңалығы – бұл барғанға дейін, ол елдің қыз-бозбаласы 
əнді  ең  көп  дегенде  екеу-екеу  боп  қана  қосылып  айтатын  еді, 
əйтпесе жекелеп айтатын еді. Əнді көпшілік қосылып айтуды орыс 
селосында көрген ол, осылай айтуды ауылдың қыз-бозбалаларына 
үйретіп еді, тамаша боп шыға келді. 
«Балуанның  аралап  бара  жатқаны – көшпелі  ауылдар»  дедік 
қой.  Ол  елде  арба  атаулы  жоқ  екен,  көшкенде  жүгін  түйеге  ар-
тады  екен,  ойын-тойларына  салт  атпен  барады  екен.  Балуан 
ұйымдастырған хорға аз ғана адам емес, ойын-тойға салт баратын 
қалың жас түгел қосылып, шетсіз-шексіз кең дала, театрдың шет-
шегі жоқ сахнасына айналып кетті. 
–  Бəсе,  даланың  көркі  енді  кірді  ғой! – деп  шаттанысты, 
жүздеген,  мыңдаған  бұл  хорды  естіген  қарттар. –  Бұрын  киіз 
үйдің, одан асса – алтыбақанның төңірегінен аспайтын əн, Балуан 
Шолақ  келген  соң,  кең  даланы  керіп  кетті  ғой!..  Е,  бəсе,  осылай 
айтылу керек қой, əн!.. Отбасы, ошақ қасындағы аз ғана адам емес, 
қалың ел осылай түгел есіту керек қой əнді!.. Өркенің өссін, Бал-
уан Шолақ, əннің еңсесін осылай көтерген!.. 
Бұл алғысын халық сырттан ғана емес, көзіне де айтқан соң, 
сезімі де ерекше серпілген Балуан ауылдағы əн-күйдің музыкаға 
ойналуына  да  бұрын  болмаған  жаңалық  қосты:  ауылдың  бұрын 
жеке ойналатын құралдары – домбыра, қобыз, сыбызғының басын 
біріктіре  ойнатып,  оларға  сырнайды  қосып,  ауыл  бұрын  көрмек 
түгіл, естімеген оркестр жасады. 
– Бұл да қызық болды-ау! – деп қуанысты ауыл. –  Əннің ғана 
емес, күйдің де басын қосты-ау бұл Балуан Шолақ!.. 
Балуан  басын  біріктірген  əн-күй  көшпелі  ауылдардың  ішіне, 
сол ауылдардың өздері сияқты, ұзай көшіп тарап жатты... 

282
30. ЖОЛБАРЫСПЕН ЖҰЛҚЫСУ 
Алыстағы көшпелі ауылдарға думан бола барған Балуанға: 
–  Осы  арада  орнықсаң  қайтеді? – деген  ұсыныс  жасады  то-
қыраған елдері. –  Хал-жайыңды сыртыңнан да естіген едік, өзіңнен 
де естідік. Туған жеріңде орнығып отыратын болсаң, бірсəрі. Онда 
айтар сөзіміз жоқ. Ол жерде орныға алмайтыныңды өзің де айттың. 
Ендеше, Үйсінге бардың не, осында қалдың не? «Шебердің қолы, 
шешеннің тілі ортақ» демеп пе еді аталарың?.. Ақын да, əнші де 
ортақ емес пе еді елге?.. Қазақ атаулы елге ортақ болып туған ұл 
екенсің – өзің жатырқамасаң, біз жатырқамайық, сені. Осы арада 
тоқта. Үкіметтің құрығына алыстау жер бұл. Жан тиыштығыңа да 
қолайлы  бұл  ара.  Бұған  көнсең,  еліңдегі  əке-шешең  мен  қатын-
балаңды да көшіріп алайық. Үстіңе үй тігіп берейік, алдыңа мал 
салып берейік, осы елдің бір баласы боп отыра бер!..» 
Алыс  жолдың  жүрісінен  де  қажыған,  барған  елінен  құрмет 
те  көрген  Балуан  Шолақ  жаңағы  айтқан  сөздерге  кейде  елігіп  те 
қалғанмен,  ықтиярынан  тысқары,  бұзылған  сабындай  ыдырайды 
да кетеді. Оған себеп төмендегідей. 
Жабайы  халық  жақсы  көргенмен,  Балуан  Шолақты  елдегі 
болыстар,  билер,  старшындар  жақсы  көрмеді.  Оның  үкіметке 
жағымсыз  қылығын  естіген  олар: «Елге  осындай  бұзақы  келді, 
көпшілікті  ұйытып  əкетті,  мұны  қайтеміз?»  деген  қағаздарды 
үкімет орындарына жаудыра бастады. Бұл хабарға жоғарғы үкімет 
басшыларының астыртын қайтарған жауабы: «Елді дүрліктірмей, 
амалын жəне қапысын тауып өлтіре салыңдар!» 
Ондай  іс  қолдарынан  келмеуіне  көздері  жеткен  жергілікті 
əкімдер  арызды  жоғарырақ  айдап: «Балуан  Шолақ  қазақ  халқын 
көтеріліске ұйымдастырып жүр», –  деген хабарды Петербургтегі 
патшаның  өзіне  жолдады.  Ол  кездегі  патша – Үшінші  Алек-
сандр,  Балуан  Шолақ  жүрген  даланы  айнала  қоршаған  Ақмола, 
Қарқаралы,  Семей,  Аягөз,  Қапал,  Алматы,  Əулиеата,  Шым-
кент,  Түркістан,  Ақмешіт,  Ырғыз,  Торғай,  Атбасар  қалаларының 
ұлықтарына: «Ұстаңдар,  мүмкін  болса,  Петербургке  жіберіңдер, 
əйтпесе  өлтіріңдер,  бірақ,  не  істесеңдер  де,  айламен  істеңдер, 
үркітіп я елді көтеріп алмаңдар!» –  деген жасырын жар таратты. 
Ауылдың  əкімдері  бұл  бұйрықты  да  орындай  алмады.  Оған 
себеп, – кімнен қалай еститінін кім білсін, – жоғарылы-төменділі 
үкімет  орындарының  Балуан  Шолақ  туралы  жергілікті  үкімет 
орындарына берген жасырын бұйрық-жарлықтары ел ішіне лезде 
тарай қалады. Сол хабарға жарыса, елдің ой-пікірі де лезде мəлім 

283
бола  қалады. «Балуан  Шолаққа  ешкім  де  ондай  қастықты  жасай 
алмас, – деп гуілдеседі қалың көпшілік, – егер жасаса, күн көріп, 
жер басып жүре де алмас. Тұқымымен құртып жіберерміз, ондай 
адамды!» 
Бұл  сөзден  зəресі  кеткен  жергілікті  əкімдер  Балуан  Шолаққа 
қолдарын  көтере  алмайды,  жасағысы  келген  қастығының  реті 
келіп тұрса да, жасай алмайды... 
Тоқыраған  елінде  өзі  жайында  қандай  сөздер  болып  жатуы  
Балуан Шолақтың да құлағына күнбе-күн жетіп тұрады. Біреулер 
оған: 
–  Жарқыным,  сақтан!..  Аңдушы  алмай  қоймайды...  Қапыңды 
табады ол!.. – десе, енді біреулер: 
– Ілгері жылжығаның жөн, орын ауыстырғаның жөн! – деген 
ақыл береді. 
Ел ішінде көбейген бұл қаңқудан Балуан Шолақтың ет жүрегі 
түршігіп, тоқырайын десе де, тоқырай алмайды, ол бет алған жа-
ғына қарай, өзенде қалқыған жаңқадай жылжи береді... 
Осылай жылжыған Балуан, Ақмоладан аттанған жолаушы, ат я 
түйемен суыт жүрсе бірер айда жететін Жетісуға бес-алты жылда 
əрең жетті. Ұзындығы Ақтөбеден Семейге, көлденеңі Ақмоладан 
Алматыға шейін созылған кең дала – Сарыарқаны сайранмен бес-
алты жыл аралаған Балуан Шолақ, Балқаш көлінің батыс жағасын 
жаралап, іздеген елі – Үйсінге тартты. Қасында атақты əнші-ақын –
Қошқарбайдың  Шашубайы  жəне  бес-алты  жігіт.  Жол  білетін 
жігіттің айтуынша, Арқадан Бетпақ шөлін басып, Шуға тартатын 
жарты  айлық  жолдың  бойы  елсіз  шөл,  онда  тек  жер  жағдайына 
кəнігі кісі ғана табатын құдықтардан басқа су жоқ. Осындай қиын 
жолға түсетін жолаушылар, шөл шетіне жақын елден сүрлеген ет, 
құрт,  ірімшік  сияқты  шыдамды  азық  алды,  сусыны – жолда  кез-
дескен құдықтардан торсыққа құйып, ішіне ащы құрт тастаған су 
болды. Жортқан аттың үстінде торсық шайқалып, құрт езіледі екен 
де, əрі сусын, əрі тамақ болады екен. 
Бұл  жолдың  басшысы – Шашубай,  Балуанға  ерген  топты 
адастырмай,  шөлге  ұрындырмай,  арытпай,  ашықтырмай,  атта-
рын қажытпай, бірнеше күн өткенде Шу өзеніне жеткізді. Шуды 
қыстайтын қалың ел бұл кезде Арқаны жайлап жүргендіктен, өзен 
бойы құлазып бос тұр екен. 
–  Шудың  бұл  тұсында  өзен  арнасы  жіңішке,  суы  атқа  өткел 
береді, – деді Шашубай, – бірақ екі жағаға өскен қалың қамыс тың 
көлденең ені – он бес, жиырма шақырымнан кем емес. Осы кезде 
қалың қамыстың ішінде қабан қойдай өреді. Соларды аулап жол-

284
барыстар да жүреді дейтін. Егер кездесе қалса атқа да, адамға да 
шабуы мүмкін. 
– Сақтану керек! – десті жігіттер де, Балуан да. 
Шашубай  мерген  еді.  Ол  шиті  мылтықпен  кешке  киік  атып 
əкеп, сексеуілді өртей жаққан жолаушылар, киіктің семіз етін отқа 
қақтап  жеді...  Тастай  қараңғы  түн  басталды...  Жолдан  шаршаған 
жолаушылар ұйқыға бейімделді. 
– Жолбарыс оттан қорқады, – деді Шашубай, – сексеуілді маз-
датып түн бойы жағып қою керек. Аш аттарды осы маңайға матас-
тыра тұсап оттату керек, кезекпен күзету керек!.. 
Аттар маталды. «Менің атымның аяғы бос жүрмесе оттамай-
ды, менен ұзап ешқайда кетпейді ол» деп, Балуан Шолақ Ақбозды 
тұсатпады. 
«Ат  терінің  иісіне  жылан  жоламайды»  деген  сөзбен,  жолау-
шылар  ер-тоқымын  бастарына  жастана  жатты.  Отқа  ен  бойымен 
əкеп тастаған жуан сексеуілдер бытырлай жанып, маздап тұр. Түн 
көзге түртсе көрінбейтін қараңғы. Іңірде көтерілген жел, түн бола 
күшейіп,  шайқалған  қамыстар  біріне-бірі  соқтыға  шулайды.  Ай-
налада əлдене ұлығандай, ырылдағандай, шыңғырғандай болады... 
«Сен күзет» деп от басына отырғызып қойған адам, аздан кейін 
қылжиып  ұйықтап  қалды.  Жолаушылардан  жалғыз-ақ  ұйықта-
маған – Балуан Шолақ. 
Көппен бірге ер-тоқымын жастана қисайған Балуан əуелі мау-
жырап қалғып бара жатыр еді, қасынан бірдеме ырылдап өткендей 
болған  соң  ұйқысы  шайдай  ашылып,  басын  көтере  түрегелді. 
Бойы түршіккен ол жан-жағына қарап еді, көзіне ештеңе ілікпеді. 
Елегізген ол түрегеп аттарды араласа, бəрі де оттап жатыр, Ақбоз 
оңашалау оттап жүр, күзетші шырт ұйқыда... 
Балуан  Шолақ  қасына  барғанда  Ақбоз  оқыранып,  қасына 
келді де, сипа дегендей иегін тосты. Сол арада есіне ауылы, əке-
шешесі, Ғалия, туған жер түсіп, Балуан аттың жалына бетін төсей 
сүйеніп еді, көзінен жас қалай шыққанын да білмей қалды. Бала-
ша солқылдап жылаған оның еңіреген дауысы шығып кетті. Ол өз 
даусынан  сескенді  де, «мұным  не?»  дегендей  көз  жасын  тыйып, 
бетін  аттың  жалымен  сүртті.  Сол  арада  оның  ойына  Махамбет 
батырдың: 
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! 
Сені көлден айырған – 
Лашын құстың текпіні. 
Мені елден айырған – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет