1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина


Қайырмасы. Уай, сəулем, ұғып алшы бұл сөзімді,  Сендерге айтқан менің насихатым.  Қайырмасы. Құлан кісінес



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата15.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

67
Қайырмасы.
Уай, сəулем, ұғып алшы бұл сөзімді, 
Сендерге айтқан менің насихатым. 
Қайырмасы.
Құлан кісінес
Баймырза – əкем аты, атым – Шолақ, 
Кеудемде қайратым мен күшім мол-ақ, 
Көргенде қыз-келіншек – мазасызбын, 
Жалғыз-ақ бойымдағы мінім сол-ақ.
Қайырмасы: 
Ə-гə-гəй, а-гə-гə-гəк-ай, 
Ү-гі-гі-гі-гі-гі-ай, 
Ү-гі-гі, гі-гі-гі-ай, 
Ү-гі-гі-гі-гі-гі-гі, гі-гі-гі-ай.
Басында Көкшетаудың көп балапан, 
Түбінен дария тасып, су тараған. 
Сұлу қыз, əсем жігіт бəрі сонда, 
Апырмай, неге келдім сол арадан. 
Қайырмасы.
Желіп-желіп
Алайын, даусым келсе, а-а-ау, а-ау, желіп-желіп-ай, 
Гулесе басылмайтын, а-а-ау, а-ау, мен бір көрік-ай, 
Ат жалын өзім тартып мінгеннен соң, 
Сұлу қыз, келіншекке болдым жерік.
Ай, ау, ау, ау, ау,
Ау-ай-ау, ау-ай, ау-ай.
Жасымнан мен жақсыға жақын жүрмін, 
Дариядай шалқар көл боп тасып жүрмін. 
Мол күштің тəңірім берген арқасында, 
Дұшпанды жүндей төпеп басым жүрмін. 
Ай, ау, ау, ау, ау, 
Ау-ай-ау, ау-ай, ау-ай.

68
Қос перне
Болмағы қыздың сұлу қылығынан,
Етіктің су өтеді жұлығынан.
Құмардан құрт ішкендей шығар едім,
Ұстасам матор қыздың мықынынан. 
Қайырмасы:
Қа-ли-ли, ай-дай,
Ха-ли-ля-ку, ай-дай, 
И-и, ай-дай-а, а-ай.
Шығады көктемеде сыздың көбі, 
Шығады етікшіден біздің көбі, 
Кешегі он сегіздің мезгілінде, 
Біздерге құмар еді қыздың көбі. 
Қайырмасы.
Кенже қоңыр
Аяғы бір əнімнің «Кенже қоңыр», 
Тең болмас арғымақ пен қара шобыр. 
Ұлына əр атаның бір қонамын, 
Көп жатып надандарша етпей ығыр.
Əнімнің əркім əуес мұқамына, 
Бозбала, қарамаңдар тұтаныңа. 
Сайраған Көкшетаудың бұлбұлымын, 
Алатау, қонақтадым бұтағыңа.
Келмейді топ жиылмай
Келмейді топ жиылмай менің сəнім, 
Жақсы қыз еркелетсең шыбын жаның, а-ау, 
Наданға айтқан сөзің босқа кетер, 
Білмейді итке салсаң қанттың дəмін, а-ау. 
Қайырмасы: 
А-хау! Хай-ли-ли, хай-ли-ли-ли-ли, 
А-хау! Хай-ли-ли, хай-ли-ли-ли-ли, 
А-хау! Хау-ли-ли-ли, ли-ли-ли-ли, ли-ли-ли-ли, 

69
А-хау! Ли-ли-ли-ли-ли, ли-ли-ли-ли, 
Ли-ли-ли-ли, ли-ли-ли-ли-ли-ли-ли-ли-ау.
Қара күш саусағы ұзын нені іледі, 
Наданды көп мақтасаң, семіреді. 
Шолақ қой саусағы жоқ десең-дағы, 
Тісіңді көк тұқылым жеміреді. 
Қайырмасы.
Қызыл асық
Ей! Ли-ля-ля, ли-ля-ля, ли-ля, а, 
Ли-ля-ля, ли-ля-ла-лай. 
Е-ги-гай, е-ги-ги-ги-ги-ги-ги.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл асық, 
Жастар көп қыз балаға болған ғашык. 
Əзілмен ебін тауып сөйлемеген,
Жігіттің ойлап тұрсам өзі жасық. 
О-о-е-е-е-е-е.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл киік, 
Тараған тоты құстай шашын түйіп. 
Қымбатты мінездері балдан тəтті, 
Тұрады көрген жерден көңілің сүйіп.
Тұрмай ма жақсы қызға көңілің ауып, 
Əзілмен сөйлеу керек ебін тауып. 
Білетін құрбы жанын адам болса, 
Ілгегін өзі ашпай ма, есік жауып.
Жақсы қыз иісті май құтыдағы, 
Жағуға əркім құмар оны-дағы. 
Болғанда қыздар шабақ су ішінде, 
Мен шортан мұны қуған жылымдағы.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл қыршын, 
Менімен əзілдескен түрің құрысын. 
Сертіңнен күндіз берген түнде тайып, 
Қойдың ғой сипалатып жүктің бұрышын.

70
Дікілдек
Он сегізде атандым Шолақ дəу деп,
Бұл дүниені ойлаймын шолақ-ау деп,
Бұл дүниенің мал-мүлкін тəрік етпеймін,
Артымда ақыр бір күн қалады-ау деп. 
Қайырмасы: 
Айхай, дүние керуен,
Сұлу қыздар серуен,
Серуен дүние-ай, ай, ай!
Əй! Өтер-кетер, а-ай.
Əкем аты – Баймырза Нұрмағамбет, 
Жəрдем берген күшіме жаппар құдірет. 
Оязнайдың бас қосқан съезінде,
Кірдің тасын көтердім елу бір пұт. 
Қайырмасы.
Сентябрь 
(1-түрі)
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, 
Бір қолым отқа күйіп болдым молақ. 
Сұлу қыз, келіншекке тынышсызбын – 
Жазғыз-ақ тал бойымда, о-оу, мінім сол-ақ, мінім сол-ақ.
Қайырмасы: 
Əй-я, ой-я, а-хау, и-я, я-у, 
Ə-ə, ия-ия, е-у.
Бүл күнде қырық бесте менің жасым, 
Қамалдың бұзып жүрмін қорған тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында, 
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын. 
Қайырмасы.

71
Сентябрь
 (2-түрі)
Мен, Шолақ, осы күнде тасып жүрмін, 
Бау, бақша əрбір жерге шашып жүрмін. 
Соңыма дұшпан болып жүргендердің, 
Талайын шөптей таптап басып жүрмін, басып жүрмін. 
Қайырмасы: 
Ей-а-я, ей-а-я, а-а-ау, а-ай.
Ер жігіт жұртқа жағар қылығынан, 
Кеткен жоқ сілтегенім құрығымнан. 
Сан дұшпан анталаған қамаса да, 
Келмейді Сырдың суы жұлығымнан. 
Қайырмасы.
Мен, Шолақ, он сегізде өнер тапқан, 
Үкілеп Ақбоз атқа тұмар таққан. 
Басымда – пұшпақ бөрік, шекемде – үкі, 
Үстіме кидім жібек шымқай ақтан. 
Қайырмасы.
Сентябрь 
(3-түрі)
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, 
Бір қолым отқа күйіп болдым молақ. 
Сұлу қыз, келіншекке тынышсызбын – 
Жалғыз-ақ тал бойымда, о-оу, мінім сол-ақ,
 
 
 
 
 
мінім сол-ақ.
Əй-я, ой-я, а-хау, и-я, я-у,
Ə-ə, ия-я, е-у.

72
Сентябрь 
(4-түрі)
Атандым он жасымнан Балуан Шолақ, 
Бойымда толып жатыр, əй, күш пенен бақ. 
Сұлу қыз, келіншекке тынышсыздаумын –
Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ, мінім сол-ақ. 
Қайырмасы: 
Ау, и-ей-ей, а-у, и-ей-ей, 
А-ха-ха-ха, ха-ха, 
Ха-ха-ха-ха-ха, ха-ха, а-хай.
Дегенге Шөкең баяу, Шөкең баяу, 
Қыдырып Қараөткелді келдім жаяу. 
Жаласы сексен өгіз маған ауып, 
Үстінде жалғыз оқтың тұрдым таяу. 
Қайырмасы.
Сентябрь 
(5-түрі)
Атақты Балуан Шолақ – менің атым, 
Дұшпанның ерегіскен алдым датын. 
Кешегі сентябрьдің базарында, 
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын. 
Ай, а-ай, а-ай.
Апырмау, мен не қылдым жақыныма, 
Жақыным бір көнбейді ақылыма. 
Жатыр деп абақтыда қуанады, 
Шолақ қол батқан білем тақымына. 
Ай, а-ай, а-ай.
Сентябрь 
(6-түрі)
Бұл күнде жиырмада менің жасым, 
Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын. 

73
Кешегі сентябрьдің базарында, 
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын, кірдің тасын. 
Қайырмасы: 
Ха-ли-лə-лəй, лə-ли-лəй-лəй, 
Ха-лə-лə-лəу, лə-лə-лə-лəй.
Жай қоңыр
Шырқайын «Жай қоңырға» жайыменен, 
Барады етіп өмір айыменен. 
Жалғанда ер жігітте арман бар ма, 
Қосылса адал жұпты сайыменен.
Əйелің жақсы болса – атың байлар, 
Шот беріп, жаман болса, отынға айдар. 
Жігіттің алған жары жақсы болса –
Келгенде үйге мейман гүл-гүл жайнар.
Жастық
Əй, жасымда бір адамның-ау, думаны едім,
Ұмтылып əр нəрсені қуған едім.
Əй, атадан алтау туса, əй, бар жалғыздық,
Енеден мен де сері-ай, туған едім, ай!
Ахау, халілі-лай-лім, 
Ахау, халілілі-лай-лай, 
Шіркін-ай, туған едім, а-ай.
Əй, бір күнде бала болдық-ай балдырғандай,
Мейірін ата-атаның қандырғандай. 
Əй, қызығы бұл жалғанның, əй, оқу-білім, 
Панардай шамшырағын жандырғандай, ай! 
Ахау, халілі-лай-лай, 
Ахау, халілілі-лай-лай, 
Шіркін-ай, жандырғандай, а-ай.

74
Өтетін өмір
Бір жасқа жеткеніңде құндақтайсың, 
Екіде тек былдырлап, тіл қатпайсың. 
Бес жаста безіп үйден, тал ат мініп, 
Он жаста жарда ойнаған лақтайсың.
Қайырмасы: 
Қа-ла-ли, ай-дай, қа-ли, ай-ай,
Ха-ха-ах-ха, ай-ай, ах-а, ай.
Ох-ха, ох-ха, ох-у-ай,
О-ай, о-о-ой.
Келгенде жиырмаға сазда өсетін, 
Балауса бейне балғын құрақтайсың. 
Отызда ор қояндай аспанға атып, 
Қырқыңда мүшеленген құр аттайсың. 
Қайырмасы.
Елуде ақыл-ойың тегіс толып, 
Төскейден сарқыраған бұлақтайсың. 
Алпыста бар асылың түгел жайнап.
Маңыңа сəуле шашқан шырақтайсың. 
Қайырмасы.
Жетпісте тұра берсең жер таянып, 
Жарыңнан құдай қосқан жырақтайсың. 
Сексенде буындарың діріл қағып, 
Болдырған арық аттай бұрақтайсың. 
Қайырмасы.
Тоқсанда өлсең де өлдің, өлмесең де, 
Сұм дүние, енді кімге тұрақтайсың. 
Тоқсанда өлсең де өлдің, өлмесең де, 
Сұм дүние, енді кімге тұрақтайсың.
Қайырмасы.

75
Екі жирен
(1-түрі)
Көшкенде жылқы айдаймын, əй, аламенен, 
Ауылыңа барушы едім, ай, даламенен,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Түскенде сен есіме, əй, беу, қарағым,
Сағынып сарғаямын, əй, санаменен,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Қайырмасы: 
Ей! Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ау, жаным сүйген, 
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Қарағым айналайын, мейірбаным, 
Көрмеді ешбір рахат сенсіз жаным. 
Айрылып сенен, сəулем, кетіп қалсам, 
Жалғанда екі бірдей болмас мəнім. 
Ахау, халілі-лай-лім, 
Ахау, халілілі-лай-лай, 
Шіркін-ай, туған едім, а-ай.
Əй, бір күнде бала болдық-ай балдырғандай, 
Мейірін ата-атаның қандырғандай. 
Əй, қызығы бұл жалғанның, əй, оқу-білім, 
Панардай шамшырағын жандырғандай, ай! 
Ахау, халілі-лай-лай, 
Ахау, халілілі-лай-лай, 
Шіркін-ай, жандырғандай, а-ай.
Екі жирен
(2-түрі)
Көшкенде жылқы айдаймын, əй, аламенен, 
Ауылыңа барушы едім, ай, даламенен,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.

76
Түскенде сен есіме, əй, беу, қарағым,
Сағынып сарғаямын, əй, санаменен,
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Қайырмасы: 
Ей! Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ау, жаным сүйген, 
А-ха-ха-у, ха-ла-ла-у, а-ай.
Қарағым айналайын, мейірбаным, 
Көрмеді ешбір рахат сенсіз жаным. 
Айрылып сенен, сəулем, кетіп қалсам, 
Жалғанда екі бірдей болмас мəнім. 
Қайырмасы.
Өзіңе хат жазамын, қалқам, саған, 
Самарқау осы күнде көңілім шабан. 
Рахат екі дүние бірінде жоқ, 
Дариға, құр жастықпен өтті заман. 
Қайырмасы.
Сегіз келін
Шөкеңнің көңілдесі сегіз келін, 
Ішінде қызыл бұйра семіз келін. 
Келсем де жер ортасы елу жасқа, 
Қыз-келін ары жүрші дегізбедім. 
Қайырмасы: 
А-ай, жалған-ай,
Өттің өмір арманда-ай.
Əгə-гəй, ə-гə-гə, қалқаш, ə-гə-гə-ай.
Құмармын тоғызыншы бір келінге, 
Қапамын əлі таппай жүргеніме. 
Қандай сал, қандай сері болса-дағы, 
Кім қылды мендей күнə бірмен-бірге. 
Қайырмасы.

77
Шəпибаяу
Дегенде Шəпибаяу, Шəпибаяу, 
Атымды талға байлап, келдім жаяу. 
Ақ үйге алшаң басып кіріп келсем, 
Шəпи қыз жатыр екен ұйқылы-ояу. 
Қайырмасы: 
А-хау! Хай-ли-ли-хау,
А-хау! Хай-ли-ли-лау,
А-хау! Хай-ли-ли-лау, 
Пай-пай-пай-пай-пай,
Бөде-үй, бөде-үй, хай-лай-ау.
Боз үйге ай сəулесі нұрын төгед, 
Шəпи қыз сəлем айтып, келсін деп ед. 
Шомылған айдын көлге аққудай боп, 
Бұраң бел сылаң етіп шыға келед. 
Қайырмасы.
Атадан ұл тумайды
Атадан ұл тумайды мендей сабаз, 
Түрмеде жатыр екен, ай, өңшең маңғаз.
Алты күн ақ түрмеге қамаған соң
1

Түсірді меруайдан
2
, ай, маған қағаз. 
Ей-ей, ей-ей-ай.
Ақылым бір басыма емес арзан, 
Тауаным шағылған жоқ бұл қағаздан. 
Қағаздың мен түріне қарап тұрсам, 
Жеті жыл кəтіргіге
3
 мені жазған.
Меруай айдайтынын жаңа білдім, 
Ішімнен шығарар деп ойлап жүрдім. 
Айдайды деген хабар естіген соң, 
Қажымас өзіме өзім қайрат бердім. 

Басқа бір дереккөзде – «Алты күн ақ түрмеде болдым қонақ».

«Мировой судьядан» дегені, яғни патша үкіметінің сотынан. 

Каторгаға.

78
Бозбала, мықты болсаң қасты жемір, 
Тісіңде қайрат болса, тасты кемір. 
Жүрегі қамалғанның шайқалсын деп, 
Сегіз көз қабат қылып қаққан темір. 
Мен, Шолақ, осындай да көрдім жайды, 
Туғалы көрдім бе мен осындайды? 
Темірді тіземе сап қозғап көрсем, 
Секілді қоғажайдай былқылдайды. 
Бойыма күш біткенге еттім шүкір, 
Қажысам абақтыға, бетке түкір. 
Темірін
1
 екі итеріп тартқанымда, 
Кірпіші жерге түсті күтір-күтір. 
Асты ғой бұл арада менің айлам, 
Құрғаным бала жастан бəрі сайран. 
«Япырым-ай, бұл не қылған зор дажал»
2
 деп, 
Сол жерде орыс-қазақ болды қайран. 
Жігітпін тəңірі басқа жаққан шырақ, 
Күшіме не тұрады менің шыдап! 
Аяқ пен қолымдағы бұғаулардың 
Шынжырын сол арада үздім бұрап. 
Түрмені бұзғанымды етті ғажап, 
Пендеге өзім өлмей болман мазақ. 
Қиратып «терезеден шық» дегенде, 
Жығылды
3
 қорғалақтап орыс, қазақ. 
Сұрасаң, Қотыр-Шортан – біздің болыс, 
Алты күн ақ түрмеде қылдым қоныс. 
Қарғып кеп терезеден қақпа барсам, 
Күзетші қалғып отыр екі орыс. 
Қасқиып қалғығанға күліп тұрдым, 
Оларға күш жетерін біліп тұрдым. 

Тағы бір дереккөзде – есігін.

Басқа бір дереккөзде – «Япыр-ай, бұл не қылған зор тажал».

Дереккөздердің тағы бірінде – «Шықпады».

79
Екеуін екі қойып талдырдым да, 
Ілгері одан əрі жүріп бердім. 
Тəуекел алсын ерді панасына, 
Ақылдың қараңдаршы данасына. 
Қалдырып кетем бе деп Ақбоз атты, 
Меруай кіріп келдім қорасына...
1
Ақбоз ат білінбейді біздің сорға, 
Жануар, түстің бе əлде жайған торға!
Есігін конюшняның
2
 бұзып кіріп, 
Шығардым бірі – рысак, бірі – жорға. 
Ашумен еріндерім күбірледі, 
Тыңдаймын, басқа дыбыс білінбеді. 
Бір қақпа қара тастан жымдасып тұр, 
Ішінде бір зор қабан күрілдеді. 
Ойласам, мына дүние жалған екен, 
Іздеген мақсатына барған екен. 
Ақбоз ат келгенімді менің біліп, 
Аузына шойын кілтті салған екен... 
Оңдалған бала жастан менің жолым, 
Білмедім дүниенің оң мен солын
3

Бойыма осы күшім қалай сыйған, 
Кілтті жұлып алды шолақ қолым. 
Ақбоз ат алған атым топтан сайлап, 
Көп дұшпан соңға түсті одағайлап. 
Есігін тас сарайдың бұзып кірсем, 
Ішіне қойған екен фонар
4
 байлап. 
Ақбоз ат, айналайын менің қалқам! 
Сен үшін талай тасты қылдым талқан. 
Жетектеп шылбырынан шығарғанда, 
Аяғын басты атым алшаң-алшаң. 

Басқа бір дереккөзде – «Мировой келіп кірдім қорасына...» 

Атқора.

Дереккөздердің бірінде – «оңын-солын».

Шам. Басқа бір дереккөзде – «панар».

80
Жылқыны неге керек босқа мақтап, 
Атты айт, мінген ерін жүрген сақтап. 
Тоғыз жыл топқа мінген жануарым, 
Иегін салды иығыма екі жақтап. 
Ақбоз ат, бұл өнерің болды басым, 
Домалар өрге қарай тепкен тасым. 
Жасыңнан тіл үйренген тұлпарым-ай! 
Көзімнің тыя алмадым аққан жасын. 
Атадан ұл тумайды мендей сабаз, 
Түрмеде қалды шіркін талай маңғаз. 
Мировой қорлығына шыдай алмай, 
Түбіне панарының жаздым қағаз: 
«Түрмеде алты күн-ақ болдым қонақ, 
Сөйлеуге мизамыңды
1
 тілім олақ. 
Жорға мен Ақбоз атты алып кеткен, 
Сұрасаң, менің атым – Балуан Шолақ!»
2
Дегенге Шолақ баяу
Дегенге Шолақ баяу, Шолақ баяу, 
Еркім жоқ қапастамын көңілім қаяу.
Жаласы сексен өгіз бірдей ауып, 
Мылтықтың дəл аузына тұрмын таяу.
Жазығым – мықтылығым, күшім басым, 
Дұшпанның талқандадым талай тасын, 
Отырмын мен қапаста қамығумен, 
Сұм дұшпан енді маған не қыласың.

Заң деген мағынада.

Дереккөздердің бірінде:
  «Түрмеде алты күндей болдым қонақ, 
  Сөйлеуге мизамыңды тілім олақ. 
  Жорға, рысак, Ақбозды алып кеткен, 
  Сұрасаң, менің атым – Балуан Шолақ!» 

81
Сұрша қыз 
Сұрша қыз, біріншіден, көктем, дедің, ə-əй, 
Тілімді алмадың деп еркеледің, ой, о-ой. 
Екінші, уəдеңде, əй, жазда дедің, ə-əй, 
Ей, Шөке-ай, осы алдауым аз ба дедің, ой, о-ой. 
Қайырмасы:
Əндір, əндір, əндір-ай,
Ішімді оттай жандырды-ай.
Ғашық болып бас қостым,
Құмарымды қандырды-ай.
Сөйтіп жүріп, ақыры,
Сұрша қызды алдым-ай.
Қайран ашық Сұрша қыз,
Көкшетауда қалдың-ай.
О, Сұрша қыз, қалдың кейін, жөнелейін.
Үшінші, уəдеңде етектедің,
Тайлақтай мұрындықтап жетектедің. 
Онан соң, төртіншіде, күзде дедің, 
Ей, Шөке-ай, менен күдер үзбе дедің. 
Қайырмасы.
Қыздардан жаман-жұман дəндеп қапсыз, 
Бармасам адал жолмен сізге дедің. 
Онан соң барғанымда қыста дедің, 
Қолымнан енді бекем ұста дедің. 
Қайырмасы.
Онан соң оятқалы қызға бардым, 
Төсіне Сұрша қыздың мызғып алдым. 
Түкпірлеп іргеменен қайтамын деп, 
Айранға аяғымды малым алдым. 
Қайырмасы.
Қақпағын қазанының салдырлатып, 
Есікке жетіп бардым қаңғырлатып. 

82
Əкесі ұшып тұрып орынынан, 
Ұстады етегімнен тастай қатып. 
Қайырмасы.
Əкесі арқанменен байла деді, 
Ағасы шоқпарменен жайла деді. 
Шешесі ақылды екен көпті көрген, 
Қалған жол бұрынғыдан, тиме деді. 
Қайырмасы.
БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ЖЕТІСУДАҒЫ 
ƏНДЕРІ МЕН ӨЛЕҢДЕРІ
Қотыр-Шортан 
Борық тартсаң шығатын уыз сүті, 
Қотыр-Шортан мен туған – жердің құты, 
Түскен екем шыр етіп жер бетіне, 
Суға барып түскенде орыс бұты.
Қаратауда қалың ел 
Қалың ел, ризамын пейіліңе, 
Қарарсың ақыл қойып зейініме. 
Қалар ем мəңгі-бақи Қаратауда, 
Арттағы қарайлаймын кейінгіме.
Қайырмасы: 
Атақоныс Қаратау, 
Қажетіме жарады-ау, 
Ел есіме түскенде, 
Ішім күйіп барады-ау!
Қаратау кейде қарсыз, кейде қарлы, 
Қыла алар кімдер кедей бастан барды. 
Кетпейді ата-анам естен, түстен, 
Десем де ұмытайын қайғы-зарды. 

83
Қайырмасы: 
Өзен аты Шу екен,
Жүзіп жүрген қу екен.
Атақоныс малға жай,
Өне бойы ну екен.
Суындай Сусамырдың 
Мен өзім аққан судай асып жүрмін, 
Суындай Сусамырдың тасып жүрмін. 
Жаласы сексен өгіз маған ауып, 
Ұлықтан сол себепті қашып жүрмін.
Балуанның Сусамырдағы əні
Көріп пе едің Үйсіннің Сусамырын, 
Сусамырға жеттім де, сусамадым. 
Берекелі пейіліңе мың рақмет, 
Қымызыңды сіміріп тауыса алмадым. 
Елден кетіп сынып жүр менің белім, 
Кім қорғамақ ажалдан келсе өлім? 
Сонда-дағы жаныма ертіп алдым, 
Туған інім, миятым Тəуекелім.
Қырық тоғызда... 
Қырық тоғызда бұл күнде менің жасым, 
Бұзар кезім қамалдың тау мен тасын. 
Сентябрьдің кешегі базарында, 
Елу бір пұт көтердім кірдің тасын. 
Орыс, қазақ жиналған таң қалысты, 
Қаһарманнан болды деп мынау басым. 
Жетпіс бес сом залог сап күрескенде, 
Карон балуан сындырдым қабырғасын.
Бұтаңа келдім...
Жастықта ұрынбай ма жігіт дауға, 
Ол даудан аман қалсаң – басың сауға. 
Жетісу, жемісің мол ағаш едің, 
Бұтаңа келдім аз күн қонақтауға.

84
Балуан Шолақтың қырғыздағы əні
Көкайрақ басы қызыл тас, 
Шу өзені алар бас, 
Қызыл тасқа қарамай, 
Мара тартар өңкей жас.
Көкайрақ басы Сымсаусақ, 
Аю жүрер кіл маймақ. 
Алатаудан мың бастау 
Сырқырап ағып Шу бармақ.
Көкайрақ басы жиын-ды, 
Қазақ, қырғыз сыйымды. 
Жорабоза ішпесең, 
Бір басыңа қиын-ды.
Қазақ, қырғыз жорасы, 
Күнде көкпар арасы. 
Қандай қайғы кешсең де, 
Жазылар көңіл жарасы.
Келтірді қырғыз көрікті, 
Кигізді сусар бөрікті, 
Көңілді көрік ашқан соң, 
Көкірек өлең өріпті.
Қырғызбен кеттім туысып, 
Суырдан жапты сұр ішік. 
Шай орнына бал жұттым,
Көрмедім мұнда су ішіп.
Алыстан аңсап келгенде 
Қарақат көзді, сүмбіл шаш, 
Пісте мұрын, түйме бас. 
Алыстан аңсап келгенде, 
Лəззатпен, сəулем, аузыңды аш.

85
Қайырмасы:
Ал-гəк, гə-ги-гəк, гə-ги-ги-ги-гай,
Ги-гə-гай, ги-гəк, гəу-гəк, гə-гу-ги-ги-гак. 
Қарақат көзді, сым саусақ, 
Лебізің сенің – бал қаймақ. 
Жолыңа сенің сарп етпей, 
Неге керек малды айдап.
Қайырмасы.
Алда Көкшетау…
Шапырашты-ау, аман бол, Албан, Дулат-ау, 
Шипа болдың-ау дертіме жүргенде улап-ау, 
Алда Көкшетау – жердің салқыны-ай! 
Қаңлы, Ошақты-ау, Жалайыр, жалпы Үйсін-ау, 
Сайрандадым-ау аралап, аунап-қунап-ау, 
Алда Көкшетау – жердің салқыны-ай! 
Сағындым қайран халқымды-ай! 
Алда Алатау – жердің ыстығы-ай, 
Сағындым сені – елді тыстағы-ай! 
Баймырзаның баласы Балуан сері, 
Араладым Үйсінді арлы-бері, 
Алда Көкшетау – жердің салқыны-ай! 
Жетісудың жеріне аунаған соң,
Тарқап қалды ішімнің қайғы-шері. 
Алда Көкшетау – жердің салқыны-ай! 
Жетісумен қоштасу
Араладым жеріңді, Үйсін елі, 
Ой түспейтін қазақтың асқар белі, 
Жетіп едім жеріңе қаңғалақтап,
Тірі екенім белгісіз, əлде өлі.
Көріп пе едің Үйсіннің Сусамырын? 
Сусамырға жеттім де, сусамадым. 

86
Берекелі пейіліңе мың рақмет, 
Қымызыңды сіміріп тауыса алмадым.
Көріп пе едің Үйсіннің Алатауын, 
Сайрандар ма ем біржола бақша-бауын. 
Алыстағы аңсаған Көкшетауым, 
Кел-кел дейді қайталап айтып сауын.
Есті жидым, мінеки, жидым күшті, 
Арттан ерген көп иттің үні өшті. 
Өкпелеме, Дулат пен Шапырашты, 
Кезең туды тартатын елге көшті.
Үш Алматы аунадым, Талғар үстін, 
Қадіріңнен, ағайын, қашан түстім? 
Айлап, жылдап жатар ем қазақылап –
Кетсін дейтін көрінді ұлық-күштің.
Үш Алматы – Үйсіннің жер төресі, 
Көріне ме, япырмай, шер төбесі. 
Ағайыннан сырғиын, есік ашпай 
Тұрғанында ұлықтың жертөлесі. 
Шапырашты, аман бол, Дулат, Ысты, 
Əн салмасам əрəдік ішім пысты. 
Қалдым, міне, айығып, келіп едім 
Қапа билеп алған соң ішті-тысты.
Сарыүйсін, аман бол, Албан, Суан, 
Бұл жерде де ұлығың шықты жуан. 
Қимасам да кетейін, жылыстайын,
Тұрғанында шақыртпай жиын-дуан.
Бейқұтшылық, жалпақ ел, момын Үйсін, 
Ерке сүйсе, ер сүйсе, Үйсін сүйсін. 
Арқа тірер бар қазақ Алатауға,
Тіремесін дегеннің үйі күйсін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет