112
Бұлғақтап албырт шақта-ай жүрген басым,
Жетім қып дүниеге неге қойдың.
***
Баурында Астыөзектің ін бар ма екен,
Бойында жан əкемнің мін бар ма екен.
Жылаймын күні-түні сағынғаннан,
Ойында сол əкемнің мен бар ма екен,
А-а-а.
Жағасы бұл өзеннің ойдым-ойдым,
Əкежан, ойлаудан мен қашан тойдым.
Бұлғақтап албырт шоқтай-ай жүрген басым,
Жетім ғып дүниеге неге қойдың,
А-а-а.
(«Балуан Шолақ» жинағынан)
Қалмақан ƏБДІҚАДЫРОВ
БАЛУАН ШОЛАҚПЕН
КЕЗДЕСУ
Үш атты көсем жеккен күймелі шана, қалың қарды пышақтай
тіліп, Ақмолаға қарай келе жатты. Түтеген боран бөгеп, жолдағы
бекетке екі күн түнеп қалып еді. Айналадағы елден бекетке келген
бірлі-жарымды кісілер арқылы: «Патшаның тау көтеретін палуаны
келе жатыр екен», – деген лақап ауылдан ауылға лезде тарады да
кетті.
Тізбектеліп ұшқан үйректей, күйме сүйреткен көсем аттар қары
ойылып, қайырулы тұрған қақпадан сып етіп бекеттің қорасына
кірді. Бурыл тартқан Рысбек бекетші кешкі шөбін салып, мал
қорасының есігін жаңа ғана жауып болып еді. Күймелі қонақты
қошеметпен қарсы алды.
***
Қажымұқанның жастығын биік қойып, басын жоғары көтеріп
ұйықтайтын əдеті еді. Көзі тез ілініп, тез оянатын. Албырттанып,
ештеңені аңғармайтындай болып отырып, не ұйықтаған болып жа-
тып, айтылған əңгімені түгел есітетін. Бірақ «Пəленше соны айт-
ты» деп тіс жармайтын. Біреудің сыртынан сөз айтуға қаны қас
адам еді.
113
Ас пісіп, түсіріліп жатқанда, бір күшті қол қақпаны соғып-
соғып жіберді. Оның дүмпуі ағаш үйдің іргесін солқылдатқандай
болды.
– Ойпыр-ай, мұнысы кім еді, тағы? –деп, алғашқы кесек етті
тегенеге сала берген əйел ерінің бетіне қарады.
– Дəу де болса, палуан шығар осы... Алдыңғы күні ауылына
келді деп еді. Мен шығайын, – деп, шараны жерге қойып, Рысбек
тұра жөнелді. Қақпаға жете бере:
– Бұл кім? – деді тонын иығына жамылған бекетші.
– Қақпаңды аш, Нұрмағамбет!
– Ой, айналайын-ау, аңсаған кезде дидарыңды бір көрсеткелі
құдай айдап келді-ау, сізді... – деп есікті тез ашып, атының шылауы-
на оралды Рысбек.
– Атты ықтасынға байла. Қатты жүріп терлеңкіреп қалды.
– Палуан, ат жайын өзім білем. Үйге кіре беріңіз. – Бекетшінің
əйелі төр алдында үстіне іркіп жапқан жүндес шекпен төбедей
болып жатқан мырзаға тұр дей алмай, соған таяу төрт қабаттап
көрпе төседі. Палуан сырт киімін шешіп, отырды да, үй-ішімен
түгел амандасты.
– Палуан-ай, сізді көрмегелі де көп болды-ау... Ауылға келгеніңді
естіп едік. Барып сəлемдесуге ақпанның қары үстемелеп, мойын
бұрғызбай жатыр... – деп, Рысбек есіктен кіре сөйледі.
Оған жауап қайтармай, қамшысын бүктей нұсқап:
– Есік алдындағы үйілген дөңдей күмпиіп жатқан мынауың кім
өзі? – деп, жатқан мырзаға көз қиығын салды палуан.
– Ол бір Сарытерек жақтағы мырза көрінеді. Петерборға ба-
рып, қой сатып қайтқан ба, қалай... Күймемен қайтқан екен, жол
соғып шаршап қалған көрінеді. Күн батқан соң келіп еді, демалып
жатыр.
– Кім екен?
– Білмедім, палуан, елдес деді ме, жанбілмес деді ме, бір рудың
атын айтып еді, есіме түсіре алмадым...
Балуан Шолақ көтеріңкі дауыспен:
– Онда, үйілген көң екені анық болды ғой, жатсын, –
деді.
Мырза ыңыранып барып басын көтерді де, палуанға көз
қиығын салып, үндемеді.
– Мырза, қайдан келесің?
– Петербордан.
– Я, ол жақтағы ел аман ба?
– Аман.
114
– Патшаның палуаны – Қажымұқан деген біреуі бар деп еді,
оны көрдің бе?
– Жоқ.
– Сандалып талай жерге барсаң да, ауылда мен көрген Қажы-
мұқанды көре алмаған екенсің?
– Сіз оны қалай көрдіңіз?
– Көргенде, əкесін таныттым, қар басқан бір бекетте отыр екен.
«Мен патшаның палуанымын», – деп былшылдады. Отырған же-
рінде бүріп ұстадым да, жан-жағыма алма-кезек қарап алып, атып
ұрып, далаға лақтырып жібердім.
– Өтірік айтасыз, оны көрген жоқсыз. Қажымұқанды атып жі-
беру үшін алдымен менімен бел ұстасып көру керек!
– Е, ондай да өнерің бар ма?
– Бар.
– Ендеше, орныңнан тұра ғой!
Мырза бешпентіне таққан медальдары сылдырап ұшып тұрды.
Нұрмағамбет те атып тұрып, Қажымұқанды баурына құшақтай ба-
сып:
– Атағың шығып, елдің абыройы болған бауырым, сағынып
жүргенде, сені де көрдім ғой!.. Əкел бетіңді...
Қазақтың екі палуаны бекетшінің үйінде осылай кездесті.
(«Қажымұқан» повесінен)
Борис ЕРЗАКОВИЧ
БАЛУАН ШОЛАҚ ƏНДЕРІН ЖАЗЫП
АЛУЫМНЫҢ ТАРИХЫ
Балуан Шолақтың əндерін алғашқы рет мен отызыншы жылда-
ры, Алматыда, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы
Қазақ радиохабарлары студиясында əн шырқағандар аузынан жа-
зып алдым. Сонда жазып алған 500-ден аса халық əнінің ішінде
халық композиторларының шығармалары аз емес-ті. Алайда
Балуан Шолақтың небəрі төрт-ақ əні бар болып шықты. Бұлар
Нұғыман Əбішев айтқан «Ғалия», Ілияс Шəймерденов орындаған
«Балуан Шолақ», Тұрғын Шынтеміров салған «Балуан Шолақ
əні» мен «Келмейді топ жиылмай менің сəнім» əндерінің əртүрлі
нұсқалары еді.
Бұл əндер мені еркекке лайық өзіндік əуенді-ырғағымен, күр-
делі ритмикалық əуезімен жəне поэтикалық өлеңінің қуаты, əрі
115
батырға тəн рухымен баурап алған-ды. Сондықтан да жазушы
Дүйсенбек Еркінбековпен 1938 жылы мамыр айында ауыз əдебиеті
үлгілерін, музыкалық фольклорды жинау үшін экспедицияға
аттанғандағы басты мақсаттарымның бірі Балуан Шолақтың
əндерін тауып, жазып алу болатын.
Көкшетау облысының Степняк атты кішігірім қаласында,
жергілікті тұрғындардың кеңесімен біз ауыл клубында көр-
кем өнер паздардың концертіне қатысып жүретін алтын кеніш
қосалқы шаруашылығының күзетшісі, 80 жастағы Мақам Қалап-
бергеновпен кездестік. Жасының бірталайға келгеніне қарамастан,
Мақаң ширақ, ақжарқын, əңгімеге үйір адам болып шықты. Да-
уысы жақсы сақталған, жады да таңғаларлық мықты екен. Клуб
ішінде мен Мақаңнан əнді естіген бойда нотаға түсіре бастадым.
Ол өлеңді қайталап айтқан сəттерінде шығарма əуенінен еш
ауытқымай, тіпті өлең сөзінің музыка тіліне дəлме-дəл түсуіне
көмек көрсетіп отырды. Оның үстіне Мақаң халық əндері мен
халық композиторларының, əсіресе, Біржан сал əндерін өте жақсы
білетін еді. Себебі ол көп жылдар бойы салдың жанына ерген
жігіттер тобында болып, Біржанмен талай ауылды бірге аралап,
оның əндерін естіп-үйреніп, өзі де айтатын болған.
Біржанды еске алғанда Мақаң: «Ол тəкаппар, батыл адам еді,
қызбалығы да бар-ды. Лауазымды жандарға өз ойын тіке айта ала-
тын, айтысса айтқанынан қайтпайтын, аузымен құс тістеген ше-
шен, кейде тіпті қауіпті істерге де бас тігуге əзір адам еді», – деді.
Біржанның оннан асқан əнін жазып алган соң, Мақаң Балуан
Шолақтың «Ғалия», «Шолақтың Назымы» деген екі əнін айтып
берді. Балуан Шолақтың басқа əндерін ол білмейді екен, бірақ
жаңағы əндердің өзі-ақ басқа композиторлардың шығармаларына
ұқсамайтын ерекше əуенімен мені бұрынғыдан да қызықтыра
түсті.
«Степняктан» кейін біз Дүйсенбек Еркінбеков екеуіміз Еңбек-
шілдер ауданындағы «Мəдениет» колхозына келіп, колхозшы Иса-
тай Жұмабаевтың домбырамен тартқан «Мұңды қыз» атты шертпе
күйін жəне мұғалім Қорлан Мəкенова айтқан бірнеше əнді жазып
алдық.
Жазып болған кезде мен Қорланнан:
– Сіз Балуан Шолақтың əндерін білесіз бе? – деп сұрадым.
Қорлан ойланып, сəл үнсіз қалды. Содан соң:
– Қазір оның əндерін бұл арада ешкім айтпайды. Бəлкім, оның
қызы Бəтен білетін шығар, – деді.
116
Сөйтті де бізге, Бəтеннің үйіне қалай баруға болатынын көрсетіп
жіберді.
Бəтеннің үйі балшықтан соғылған жалғыз терезесі бар жар-
тылай жеркепе екен, оның өзі ауылдағы ағаштан салынған, не
кірпіштен тұрғызылып, жан-жағы жасыл желекпен көмкерілген,
бау-бақшасы, қора-қопсысы бар үйлердің бəрінен шеткеріректе,
жападан-жалғыз тұр еді.
Дүйсенбек киіз үйдің есігіндей жіп-жіңішке аласа есікті қағып
көріп еді, бірақ ешкім аша қоймады. Үй иесі бір жаққа шығып кет-
кен болар деп ойлап, біз есік алдындағы нəн кесекке тізе бүгіп, күтіп
калдық. Көп ұзамай, үйден əріректе тұрған қауғалы құдық жақтан
ұзын бойлы, бүрмелі кең көйлек пен жіңішке беліне шақ қыналған
қамзол киген бір əйел бізге карай келе жатты. Ол мойынағашпен
шып-шып толы шелек суды көтеріп келе жатқанына қарамастан
бүгілмей, бүкіреймей, аяқтарын жеп-жеңіл басып, тіп-тік жүріп
келеді. Балуан Шолақтың қызы Бəтен Нұрмағамбетова – сол екен.
Жас болмағанымен, оның спортшыға тəн сұлу сымбаты мені таң
қалдырды. Оның кескін-келбеті – сопақша келген қараторы өңді,
кең маңдайлы, мұңды болғанымен, жылы нұр шашатын əдемі
көздері, түзу түскен мұрны, əппақ тісті кішкентай аузы – есімде
қалып қойды. Басына үлкен ақ шəлі тартқан екен, самайынан ақ
шалған қара шашы көрініп тұрды.
Əуелі Бəтен бізге жатырқай қарап қалды. Бірақ Дүйсенбек
біздің қайдан, не үшін келгенімізді айтқан соң, өңі жылып, бізді
қуана үйге кіруге шақырды (кейінірек, Бəтен əңгіме үстінде, үй
сыртында бөтен адам тұрғанын көргенде, күйеуімді алып кетуге
келгендер екен деп қатты қорықтым деді).
Біз төбесі аласа, күңгірт, еденге салынған тақтайлары қиқы-
жиқы бөлменің ішіне кірдік. Бөлмеде кішігірім сандықша, бір
үстел жəне үш орындықтан басқа ештеңе жоқ екен. Қабырғада
ұзын тілі бар арзан сағат ілулі. Бір бұрышта кішігірім плита бар
екен, сол жанып, үйге жылу беріп тұр. Екінші жақта, киізбен
жабылған аласа сөреде, қалың мақта көрпе жамылып, күйеуі Бекен
Ахметов жатыр. Оның бет-аузын тер басып кетіпті, шамасы, жаңа
ғана сырқаты асқынып, безгегі ұстап, денесін тоңдырып, мұздатып
əбігерге салған болуы керек. Бірақ ақыл-есі орнында екен. Біз жа-
нына келіп, сəлемдестік. Ол:
– Есікті қаққандарыңызды естідім, бірақ тұрып барып ашуға
дəрменім болмады, – деді.
Біз бұған дейін талай ауылда болып, нешеме үйлерге кіріп-
117
шығып жүріп, дəл мынандай жұпыны тіршілікті көрмегендіктен,
таң қалып, таңырқап отырдық.
Бəтен үстел үстіне шəйнекті, бауырсақ салынған тегешті əкеп
қойып, бізді дастарқанға шақырды.
– Біздегі бары осы, ренжімеңіздер, – деп, басқа сый-сияпат
көрсете алмайтынына қамығып қалды.
Сөйтті де, Бекеннің жанына отырып, шайды еппен, қасықтап
күйеуіне ішкізе бастады.
Шай ішіп болган соң біз орындықтарымызды Бекеннің төсегіне
жақындатып əкеп отырдық. Сонан соң біздің өтінішіміз бойынша
Бəтен əкесі жайында, өз өмірі туралы айта бастады.
Бұл, əлбетте, өз өмірлерінің қуанышы мен қайғысы жайлы ұзақ
сыр еді.
Бəтеннің үні байсалды, ол ақырын дауыспен сөйлеп отырды,
аса бір қиын сəттер есіне түскенде езуінде мысқылды күлкі пайда
болып, сəл үнсіз қалады, бұл оның басына түскен ауыр сынның
салмағын танытып жатқан-ды...
Бала кезінен-ақ оның əкесі Нұрмағамбет Баймырзаев өте күшті
əрі батыл болып өсті. Бір жылы, күзде, ол өзі теңдес балалармен
далада, жылқы күзетінде болады. Жылыну үшін балалар от жағып
қояды. Жəне кім-кімді тартып əкетеді деп күш сынасып, арқан
тартып ойнауға кіріседі. Арқаннан сақина жасап, оны қолтықтың
астынан өткізіп, балалар бір-біріне арқасын беріп тұрып екі жаққа
тартуы қажет. Бір жақта Нұрмағамбет те, ал екінші жақта оның
үш қарсыласы тұр. Нұрмағамбет бар күшін жұмсап, сақинаны тар-
тып кеп қалғанда, аналар жалп етіп құлайды, бірақ бұның өзі де
күшін тежей алмай, жанып жатқан шоққа құлайды да, оң қолының
саусақтары қатты күйіп қалады. Иығына таңып алған оң қолы
көпке дейін жазылмаған, жұмыс істегенде, ойын ойнағанда тек
сол қолы ғана жарамды болған. Сондықтан да балалар оны Шолақ
атап кеткен. Кейінірек елге əйгілі əнші, палуан болғанда, халық
оны Балуан Шолақ деп атаған. Ол 55 жасында, 1919 жылы дүние
салған екен, небəрі бес-алты-ақ күн ауырыпты.
– Мен əкеме тартқанмын, ал ағатайым шешеме ұқсаған-ды, –
деді Бəтен.
Əкесі жиі жолаушылап кететін, үй шаруашылығының бəрін
өздері жүргізетін. Ол көбінше ұл балаша киінеді екен, атқа мінуді
ұнататын, күшті де епті болып өсіп, талай рет бəйгеге де қатысқан
көрінеді. Атпен ағызып келе жатып, жердегі қойды іліп алатын
болған, қашқан құлынды жаяу қуып жетіп, құйрығынан ұстай
алғанда, ол тыпыр ете алмай қалады екен. Есебі, балуан əкесінің
118
күші қаны арқылы ұлына емес, қызына берілсе керек. Бəтен он
алтыға толғанда Бекен деген баласына алып бермек болып ірі
бай құда түседі. Бекенге ұзатылған Бəтен жап-жақсы өмір сүре
бастайды.
1928 жылы байларды кəмпескелеу басталады, олардың мал-
мүлкі тартып алынды, атасы айдауда кеткеннен елге қайтып орал-
мады. Үйлі-баранды үлкен семьяның тоз-тозы шығып, быт-шыт
болады. Ал Бекен мен Бəтен колхозға кіріп жұмыс істеді, əйтеуір
колхоз бастығы алыстан қосылатын туыстары еді, Бекен малшы,
өзі сауыншы болды. Бірақ көп ұзамай қаһарлы 1937 жыл келді.
Бұларға жылы қабақ танытқан колхоз бастығын, Бəтеннің
ағасын жəне басқа да көптеген колхозшыларды ұстап əкетті. Олар-
дан хабар-ошар болмады. Бекенді де ұстап əкететін еді, бірақ ол
осынау көзімен көргендерінің əсерінен жүйкесі жұқарған болар,
мұрттай ұшып, ауырып жатты (шамасы, паралич ұрған болуы
керек), əйтсе де баяғы байдың тұқымы деп бұларды колхоздан
шығарып тастады, өздерінің тұрған үйінен қуып шығып, қай кезде
кімнің тастап кеткені белгісіз осы ескі тамға көшірген. Міне, бір
жыл болып қалды, осында тұрып жатыр. Бəтен мектепте еден жуу-
шы болып істеп, содан тапқан-таянғанымен күн көруде, кей-кейде
көрші-қолаң огородын жинауға, басқа да шаруасына көмектесуге
шақырады, бірақ көпшілігі бұлармен қарым-қатынас жасауға
жоғары жақтағылардан қорқады. Басқа бір жаққа көшіп кетуге
мүмкіндік жоқ. Бекен тəуір болатын емес, оны емдейтін де адам
жоқ....
Бəтеннің Бекенге қарым-қатынасынан оның күйеуін сүйетінін,
жаны ашитынын, оны зор қамқорлықпен, шыдамдылықпен бағып-
күтіп отырғанын байқадық.
Біз Балуан Шолақтың əндері жайында сұрадық. Ол:
– Мен бұрын да əн айтып əуестенбеген едім. Есесіне, Бекен
əнді жақсы айтатын. Əкемнің көп əндерін біледі, бірақ қазіргідей
жағдайда ештеңені орындай алатын қауқары жоқ, – деді.
Əйтсе де біздің өтінішімізді байқаған Бəтен күйеуінің бетіне
үңіліп, оған еркелете:
– Бекен, орныңнан тұрмай-ақ, əкемнің тым құрыса бір əнін ай-
тып берсең қайтеді, – деп үн қатты.
Бекен де меселін қайтармай, ақырын дауыспен «Шолақтың
əнін» айтып берді.
Мен жазып алдым. Бəтен əннің өлеңін айтып жаздырды, əр
нотаға келер сөзді дəл табуға көмектесті.
119
Біз қайтуға жиналғанда, Бəтен біртүрлі ұялыңқырап тұрып,
қобалжи:
– Əкем жайында, соның əуеніне орай «Сағыныш» деген əн
шығарып едім... – деді.
Мен ол əнді де жазып алдым:
Бауырында Тастыөзектің əн бар ма екен,
Бойында жан əкемнің мін бар ма екен.
Жылаймын күні-түні сағынғаннан
Ойында сол əкемнің мен бар ма екем?!.
Жағасы кей өзеннің ойдым-ойдым,
Əкежан, ойлаудан мен қашан тойдым.
Бұлғақтап албырт шақта-ай жүрген басым,
Жетім қып дүниеге неге қойдың.
Жан-дүниемді толқытатын бұл əннің əуені тыныш жатқан көл
бетіндегі майда толқынның тербелісіне ұқсас еді, қыз баланың
əкесін ойлап мұңаюын – тұрмыстық жанрдағы жоқтау түріне
жатқызуға болар еді, дəстүр бойынша жоқтау кісісі қайтқан үйде
бір жылға дейінгі аралықта айтылар еді. Əйтсе де ет жақын адам-
дар ішінде одан кейінгі мезгілде де басқаша атпен, музыкалық,
поэтикалық жағынан байытылып, дамытылған əртүрлі əндер орын-
дала беретін. Əндердің бірталайы-ақ жазылып алынды. Бəтеннің
«Сағынышы» да осындай жоқтаудың бір түрі-тін. Шамасы, бұл
əннің əуенін де Бəтен өзі шығарған болуы керек, себебі ол Балуан
Шолақ əндерінің табиғатына келмейтін. Бəтен кішіпейілділік та-
нытып, əнді өзі шығарғанын ұялып айтпады-ау деймін.
Ертеңіне, мен тағы да мұғалима Қорлан Мəкеноваға оның
əндерін жазып алуды жалғастыру үшін келгенімде, Бəтен мен
күйеуінің тұрмысының тым ауыр екенін тілге тиек еттім.
– Олардың жайын жақсы білемін, – деді Қорлан, – колхозда
оларды еңбекқорлығы, адалдығы, кішіпейілділігі үшін жұрттың
бəрі қатты сыйлайтын. Колхоздан қуып шыққанда, Бекен қатты
ауырып қалды, Бəтенді біз жасырын түрде əрең деп мектепке үй
сыпырушы ғып орналастырдық. Бұрынғы байдың əйелі деп, оған
көмектесуге ел қорқады. Адамдар бір-біріне сенуден қалды, сырт-
тан жазып жібереді деп шошиды.
Бəтен туралы əңгіме үстінде Қорлан ел ішінде тарап кеткен,
оның əйелге біте бермейтін күші мен қуаты, батылдығы жайлы
мына бір-екі мысалды айтып берді. Екеуі де революцияға дейінгі
кезде болыпты.
120
Бұл Бəтеннің қыз күнінде болған окиға екен, бір жолы ол
орманға отын жинауга барыпты, содан қайтып келе жатқанда
арбаның тəртесі сынып қалады. Бəтен балтамен лайықты бір
ағашты кесіп алып, жонып, енді арбаның алдыңгы жағына бай-
лайын деп жатса, аяқ астынан, шамасы, балтаның шапқан дауы-
сын естіген болуы керек, орманшы атпен жетіп келіп, ағашты неге
шабасың деп ұрсып, қолындағы нагайкасын Бəтенге сілтеп қалады.
Бəтен асып-саспай, оның қолындағы қаруын жұлып алып, өзін
аттан сыпырып түсіріп, қол-аяғын қайырып таңып, ағашқа бай-
лайды да, өзі кетіп қалады. Орманшы бейшара «көмектесіңдер»
деп айғайлап, ақыры оның даусын əлдекім естіп келіп, қол-аяғын
шешіп босатқанша кемі екі сағаттай өтіпті дейді. Осыдан кейін ор-
маншы елге күлкі болудан корқып, басқа жерге қызметке ауысып
кетіпті.
Екінші жағдай Бəтеннің тұрмыс құрғандағы алғашқы жылын-
да болса керек. Бекен екеуі бірін-бірі сүйіп қосылғандықтан тату-
тəтті тұрыпты, не істеп, не қоям десе де күйеуі оған еш қарсылық
жасамапты. Алайда оның ата-анасы мен толып жатқан туыста-
ры Бəтен тарапынан байдың келініне жараспайтын, əрі дəстүрге
немкеттілікті танытатын қылықтарын көріп, жаратпай жүреді.
Мəселен, самауырдың түбінде үн-түнсіз отырып сағаттап шай
құйып беруге, кесе ұзатуға, ата-енесі мен үлкендер не айтса да
қарсы келмеуге Бəтеннің шыдамы жетпейді, т.т. дегендей. Баяғы
өз үйіндегідей ол сиыр саууды, бие саууды, жігіттермен қосылып
атқа шабуды, бəйгеге қатысуды, жастардың түрлі ойындарына
қатысуды ұнатады.
Шамасы, əке-шешесінің ақыл айтуымен шығар, Бекен бір жолы
келін қандай болуы керектігін келіншегіне үйретуді ойласа керек.
Бірақ жанжал үстінде Бəтен Бекенді алып ұрып, киізге орайды да,
сыртынан арқанмен таңып, шаңыраққа көлденеңінен асып қойып,
үй ішінде бесік тəрізді тербетіп отырады. Бекен қорыққанынан бар
даусымен айқай сап жатады, оның даусын естіп шуылдап жұрт
жиналады, бірақ Бəтен үйге ешкімді кіргізбейді. Киізді өзі жерге
түсіріп, өзі шешіп алады. Сөйтіп, күйеуі екеуі қайтадан татуласады.
Содан соң-ақ Бекен қиқар келіншегіне енді қайтып тəрбие
үйретпесе керек. Олар бұрынғысынша тату-тəтті өмір сүре береді...
Бұл əңгімелердің қаншалықты рас-өтірігін білмеймін, бірақ «өрт
болмаса, түтін қайдан шықпақ» деген мəтел де бар емес пе.
Бəтен мен Бекеннің жағдайына жанымыз ауырып, «Мəде-
ниет» колхозынан Дүйсенбек екеуіміз өте пəс көңілмен аттандық.
Ауаткомға не аудандық партия комитетіне барып, Бəтен мен
121
Бекенді жөнсіз қудалауды қойдырыңдар деп тілек білдіру мүм-
кін емес-ті, əрі қауіпті де еді. Ол жылдары біз сияқты сырттан
келушілерге де күдіктене қарайтын, құжаттарымызды мұқият
тек серіп, қай колхоздарға баратынымызды анықтап, кім дермен
кездесетінімізді, олардан қандай əн, күйлерді жазып алатыны-
мызға дейін сұрап қоймайтын. Мұндай күдікшіл көзқарас түсі-
нікті де еді. Басшылардың қай буыны болсын, əрқайсысы өз
басының, өз тағдыры үшін қорқып зəресі үшатын. Ол жылдардағы
қанды террор тырнағына мың-мыңдаған ешбір кінəсі жоқ адам-
дар ілі гіп, азап пен қасіретке тап болып кетіп жатқан. Бəтен мен
оның күйеуі екеуінің одан кейінгі өмірлері қандай болғанын
білмеймін. «Мəдениет» колхозына өз басым сол кеткеннен қайтып
барған емеспін.
Содан бері жарты ғасырдан аса уакыт өтсе де, баяғы Қорлан
Мəкенова жəне колхоздың басқа тұрғындары əлі аман-есен шығар,
солар тамаша халық композиторы Балуан Шолақтың, оның заты-
на лайық қызы Бəтеннің кейінгі тағдыры кандай болғанын хабар-
лайтын шығар деген үмітім əлі сөне қойған жоқ. Тағдыр салған
зор тауқыметтің бəрін бастан кеше жүріп, жүрегіндегі жылы
шуақты жоғалтпаған сол бір ғажап əйел бейнесі менің есімде
мəңгі қалып қойды.
Балуан Шолақтың Мақан Қалапбергенов айтқан екі əні жəне
Бекен Ахметовтен естіген бір əніне қоса, мен сол жолы Сол түстік
Қазақстан облысының Еңбекшілдер ауданында Дəулет Қамкеновтен
«Ей-ай-яй» (қайырмадағы сөз) əнін, Семей облысында Шайхы
Мұқашевтың орындауынан «Жастық» əнін жазып алдым.
Бұдан кейінгі менің соғысқа дейінгі сапарларымда жинап
алған 200-ден аса əндерімнің ішінде Балуан Шолақтың бар-жоғы
бес-ақ əні бар-тын, олар негізінен бұрын жазып алғандарымның
əртүрлі нұсқалары еді. Осылайша, Петропавлда 1939 жылы Жа-
мал Жетпісбаевадан «Балуан Шолак» əнін, Қарағанды облысының
Теңіз ауданында Қосымжан Бабақовтың орындауында «Ғалия»,
«Сентябрь» əндерін жазып алдым. Солтүстік Қазақстан облысы
Октябрь ауданының «Еңбек» колхозында 1940 жылы белгілі ақын
əрі əнші-композитор Молдахмет Тырбиевтің айтқанынан «Балуан
Шолақ», «Ғалия» əндерінің жаңа нұсқаларын жазып алдым.
Алайда Мұхит, Біржан сал, Ақан сері, Абай жəне басқа да халық
композиторларының жазылып алынған əндерімен салыстырғанда,
Балуан Шолақтың шығармалары жоқтың қасы еді, мұның өзі мені
|