1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата15.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9852
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

101
Бір сөзім қырық өгізді айдап кетіп, 
Соңымнан қуа алмады жалғыз дорақ, –
деп, қырық өгізді қуып алып, базарға сатқанын айтып, мақтанады. 
Шолақтың ойынша, ауыл тұрғындары малдарын қуып, мазаларын 
ала берсе, көшіп кетеді деп түсінеді. Халықтар достығына үнемі 
кесел жасаушы ауылдың «пысықтары» Шолақты сөйтіп қылмысқа 
айдап салып, ол бірнеше рет түрмеге де түседі. Басында аты бір 
жаман болып шыққансын, басқа бір ұрылар қуып кеткен ауылдың 
сексен  өгізінің  жаласы  да  Шолаққа  жабылып,  одан  əрең  деп 
құтылады.
Мен, Шолақ, жас басымнан болдым ояу, 
Қаңғырып Қараөткелде жүрдім жаяу. 
Жаласы сексен өгіз маған ауып, 
Алдында жалғыз оқтың тұрдым таяу, –
деп,  өзінің  ажал  аузынан  қалғанын  өлеңіне  қосады.  Біреулердің 
қот-қоттауымен  Шолақ  жəрмеңке,  базарларда  болып  тұратын 
төбелестерге  де  қатысады.  Бірақ  бері  келе  оның  бəрін  де  қояды. 
Орыс  пен  қазақ  халқының  арасында  сына  болып  тұратын  ел 
билеушілер,  əкімдер  екенін  түсініп,  кейін  əкімдермен  ұстасады. 
Қалай  дегенмен  де,  жанының  бір  жағы  өнерде  жатқан  адам,  əн 
мен сəнді қумай тұра алмайды. Өмірдің барлық мəселесі күшпен 
шешілмейтініне көзі жетеді.
Шолақтың күшін орынсыз жұмсап, ардақты атына кір келтіріп, 
біреулердің айтақтағанымен бейбіт еңбек жасап жатқан орыс ша-
руаларын мазалауын тоқтатуына тағы бір себеп оның Қараөткелде 
бір орыс шенеунігінің қызымен танысуы болады. Шолақтың əсем 
əні, көркем, күшті мүсіні, қайтпас ерлігі қызды сүйсіндіреді. «Ел 
мақтаған жігітті қыз жақтаған» дегендей, əкесіне арыз айта барған 
Шолақпен  əлгі  қыздың  көңілі  жақындайды.  Бір  күні  оңаша  жер-
де  жолығып  тұрғанда,  Шолақты  көп  адамдар  қамап,  одан  əрең 
құтылады.  Шолақтың  ойында  мұның  бəрі  қыздың  айласы,  ұстап 
бермек болып, жəй танысқан деп түсініп, қызға қатер жасай жаз-
дайды.  Кейін  оның  бəрінің  шындығына  көзі  жеткен  кезде,  қыз 
басқа қалаға ауысып, көзден ғайып болады. Бұл оқиға Шолақтың 
жігіт кезінде болса да, бəрі келе, ой түсе, басынан өткен тентектік 
«таспиығын» санап отырғанда, бұл сурет те алдына келіп көлденең 
тартылып,  адам  баласына  сену  керек  екендігін  мойындатады, 
қазақтың  да,  орыстың  да  адамымен  қатар  жаманы  да  бар  екенін 
есіне түсіртеді.

102
Шолақтың  өмірінде  үлкен  орын  алған  адамның  бірі – Ғалия. 
Өйткені Шолақтың аты аталған жерде Ғалия еске түспей қоймайды. 
Тағдыр  бұлардың  арасын  қалай  шешсе  де,  тарихта  Шолақ  пен 
Ғалияның  аты  қоса  аталады.  Мəселенің  олай  болуына  себеп  те 
мол-ақ.
Ақмолада Тілеу атты дəулетті адам болды. Ол заманда жұрттың 
көзіне түсетін сегіз бөлмелі көк төбелі үйі бар-ды. Олай Тілеудің 
күйленіп кетуі – ол Сұлтанай Қамза деген ноғай байының сенімді 
адамы еді. Руы – Арғын ішінде Аралбай, туып-өскен жері Жаңа- 
арқа, Үлкен əйелінен Ғалия, Мəрия деген екі қыз туады. Ғалия – 
сұрлау,  ат  жақты,  ұзын  бойлы,  бетінде  аздаған  шешек  дағы  бар, 
өткір, сөзге шешен, оң қолынан өнері төгілген шебер болды. Қазақ 
əдеті  бойынша  Ғалияны  жастай  Біржан  дегенге  атастырып,  бой 
жеткенсін Ғалия ұзатылып барды. Бірақ көңілі сүймеген Біржанмен 
ұзақ тұрмай, бір-екі жылдан кейін Ғалия Қараөткелге қайта келеді. 
Бір  кездерде  өзі  əбден  сынына  келіп,  əдемі  денесі  талшыбықтай 
бұралып, көп адамның діңкесін құртады.
Ақмолада  Ғалия  қымыз  сататын  əйелдің  қасында  жүреді. 
Өйткені халықтың көп болатын жері сол. Басқа ол кезде адам топ-
тасатын орын болмайды. Біреулердің айтуынша, өзі де қымызшы 
болған.  Қалайда  осы  қымыз  саудасы  үстінде  Ғалия  күндердің 
күнінде  Балуан  Шолақпен  кездеседі.  Ғалия  Балуан  Шолаққа 
ұнайды. Ғалия да Балуан Шолаққа қызығады. Екеуі есебін тауып 
жолығып, өмірді бірге өткізуге уəде байласады. Екеуі жолығысып 
жүреді. Оны Ғалияның жаңада тиген күйеуі білмейді. Ғалияны та-
банда алып кете қоюға Балуан Шолақ та дайын болмайды. Солай 
күн артынан күн өте береді.
Іскер Ғалия сүйгеніне деп арнап, сегіз қалта салып жият тігеді. 
Оған Шолақтың атын кестемен жазады. Қаншама жасырғанымен, 
абайсызда күйеуі келіп қалып, Ғалия оны тығып үлгере алмай, көріп 
қояды. Бұрын да аздап сезігі бар күйеуі, енді əбден көзі жеткенсін 
Ғалияны  көкала  қойдай  етіп  сабап,  бар  киімін  шешіп  алып,  тек 
ішкі  көйлегімен  көшеге  қуып  тастайды.  Енді  сені  желкемнің 
шұқыры  көрсін  дейді.  Ымырт  кезі  екен,  абырой  болғанда,  Ғалия 
екі  өкпесін  қолына  алып  жүгіріп  отырып,  əкесінің  үйіне  келіп, 
бір бөлмесіне кіріп кетеді. Шай ішіп отырған бəйбіше Ғалияның 
кіріп  кеткенін  көріп  қалады.  Бір  сұмдықтың  болғанын  əкесі  де 
сезіп,  қызын  шақыртады.  Əңгіменің  мəн-жайын  есіткенсін  олар 
Ғалияны  қайтадан  жібермей,  өзіне  бір  бөлмені  босатып,  осында 
тұрасың, ешқайда да бармайсың дейді. 

103
Ғалия əке-шешесінен қымыз сатуға ұлықсат алады. Енді Балуан 
Шолақпен жиі кездесіп тұрады. Жалғыз-ақ бұлардың қосылуына 
кесел – Біржаннан  алып  қойған  Тілеубайдың  қалыңмалы  бола-
ды.  Қалай  дегенмен  де,  мал  төлеген  адам  күшті,  Балуан  Шолақ 
батыр болғанмен, қалай болса олай Ғалияны алып кете алмайды. 
Сондықтан ол Көкшетауға барып, қырық жетісін алып келуге кетіп 
қалады. Азар болса ағайыннан жиып алармын деген ойы болады. 
Ал Біржан болса малын даулай, Ғалиядан күдер үзгенсін, билердің 
сотына түседі. 
Сотта Ғалияға сөзін сөйлейтін би таңдауын салады. Бірақ ше-
шен  Ғалия: «Маған  ешбір  адвокаттың  да,  бидің  де  керегі  жоқ, 
өзімді өзім қорғаймын, өз дауымды өзім ұстаймын» дейді. Осы сот-
та Ғалияның сөзі басым болып, əйелден бірінші рет дауға шыққан, 
əрі сұлу, əрі өткір Ғалия Біржанды ешуақытта сүймегенін айтып, 
оның  сабап  адамды  қорлағанын  бетіне  басып,  Балуан  Шолақты 
жақсы көретінін əшкерелеп, жеңіп шығып, басына бостандық ала-
ды. Біржан малдан да, əйелден де жұрдай болып қайтады. 
Балуан  Шолақ  Көкшетауға  келе  жатқан  сапарында  бір  үйге 
түсіп отырып, тыныштала алмай, домбырасын алып:
Ғалия айналайын қалып еді, 
Көп жылап, таңға жақын талып еді. 
Білмеймін не болғанын əңгіменің, 
Біржанмен биге түсіп қалып еді, –
деп əндетіп, алдындағы тамағын іше алмай, одан əрі жүріп кетеді. 
Көкшетау Балуан Шолақты жамандықпен қарсы алады. Жоға-
рыда айтылған сексен өгіздің жаласы жалғасып, Балуан Шолақтың 
«делосы» қалыңдап, Семейден ұрланған бір топ жылқыны да бұған 
тіркейді. Сонымен, Шолақты түрмеге жабады. 
Шолақ  кешігеді.  Ғалия  не  қыларға  білмейді,  сасады.  Оның 
үстіне  Біржанның  адамдары  жең  ұшынан  жалғасып,  ақшаға  са-
тып алған кісілері арқылы қалай да Ғалияны Шолаққа қостырмау 
жағын қарайды. «Шолақ пəлен жылға жер аударылыпты, қайтпасқа 
кетіпті», «Балуанның елде тағы екі əйелі бар екен, Ғалияны жəй 
ермек етіп жүр екен, алайын деген ойы жоқ екен» деген өсектерді 
таратады.  Өз  үйі  мен  қымыз  дүкенінен  басқа  жерге  шықпайтын 
Ғалия үшін бұл əңгімелердің бəрі де рас болып көрінеді. Ол əрі-
бері  толқып,  ойланып,  əкесінің  меңзеуі  бойынша  Есенжолдың 
Қанапиясына  шығады.  Бірақ  Балуан  Шолақты  өсектеген  жұрт 
Ғалияны шатастырады. Қанапияның да əйелі болып шығады. Сөй-

104
тіп, Ғалия тоқалдыққа келген болады. Барып қалғансын амалы жоқ 
біраз жүреді. Бірақ Қанапияға тоқал болып тұру Ғалия үшін үлкен 
азап болады. Ғалия осы арада ғана «Сабырсыз қалар ұятқа» деген 
нақылды есіне алады.
Балуан Шолақ Ғалияны сағынады. Неше саққа жүгіртіп Ғалия-
ның атын əнге қосады. Əншінің аузынан халық қағып алып кетеді.
Айдың көзін жалт еткен бұлт алсын, 
Бүйте берсең, діңкемді құрытарсың. 
Биуадан қосылған Ғалияжан, 
Қай қылығын қалқаның ұмытарсың.
Айым да сен, Ғалия, күнім де сен, 
Оң қабағым тартады, күлімдесең. 
Менің көңілім, Ғалия, дауалансын, 
Ауған түйе секілді бейімдесең.
Ғалияның қолында бұйда пышақ, 
Ғалияны көрдім де жайдым құшақ. 
Ғалия жатыр ма екен, отыр ма екен, 
Шомылған айдын көлде аққуға ұсап?!
Қараөткелде Ғалия сен емес пе ең, 
Бұл Арқаның шортаны мен емес пе ем. 
Сүмбіл шаш, құралай көз Ғалияжан, 
Ынтығымды құрытқан сен емес пе ең?! –
деп əндетіп, аяғындағы қайырмасын əлденеше құбылтып:
Ойпырмай, жан сəулем, 
Ғалия, көзіңнен. 
Қосылып ем өзіңмен. 
Бір көрінсең көзіме, 
Айрылмас ем өзіңнен!
Ойпырмай, жан сəулем, 
Ғалия, басыңнан.
Кеткім келмес қасыңнан. 
Жұпар иісі шығады, 
Қолаң қара шашыңнан!
Ойпырмай, жан сəулем,
Ғалия, қабағың. 

105
Аппақ екен тамағың. 
Қайта айналып тағы да, 
Көрер ме екем, қарағым?! –
деп, ұшы-қиыры жоқ созып, тағы бірнеше түрлендіріп кетеді. 
«Ғалия»  əні – əннің  төресі,  үлкен  жүректен,  шын  сезіммен 
шыққан  əн.  Бастаған  жерден-ақ  асқан  ынтықтың  бары  сезіледі. 
Əннің  шұбатылмай,  динамикалық  жағдайда  жүріп  отыруы  да 
ғашықтық оттың іште лаулап жатқанын көрсетеді. Қайсыбір сөз-
дерді салмақ беру үшін бір мотивте қайталайды. Ол əннің өткір-
лігін асыра түседі. Ал қайырмасын тыңдағанда Балуан Шолақтың 
алдында еркелеп отырған сұлу Ғалия көз алдыңа келеді. «Ғалия» 
əнін білмейтін кісі аз. Бірақ бабына келтіріп орындау көрінгеннің 
қолынан  келе  бермейді.  Ал  Жүсіпбек  Елебеков  орындағанда, 
«Шолақтың өзі тіріліп келсе де риза де болар еді» деп отырасың.
Қалай  дегенмен  де,  Шолақтың  ойына  қауіп  түсе  бастай-
ды.  Оттай  жанған  Ғалияның  шоқ  басып  қалуының  мүмкіндігі
барын  да  есептейді.  Өткір  сезімнің  қожасы  болған  Ғалия  бір 
нəрсеге  ұрынып  қала  ма  деп,  түн  ұйқысын  төрт  бөліп,  түрменің 
ауыр жəйін де ұмытып кетеді. 
Нұр сипатты, Ғалия, жамалыңыз, 
Ешбір жанға тимесін залалымыз. 
Аршын төс, алма мойын Ғалияжан, 
Əлде қандай болады заманымыз, –
деп, қауіпті көбірек айтатын болады. Оның үстіне Шолақты енді 
Қараөткелдің  түрмесіне  алып  келеді.  Бір  жағынан,  Ғалияның 
тұрған  қаласына  келгенде  қуанса,  екіншіден,  Ғалияның  жəйі  не 
болды екен деп тынышсызданады. Ғалияның жамандығын көргісі 
келмейді. Бірнеше күнге шейін Ғалиядан хабар ала алмай налиды. 
Тағы да шері ішіне сыймай, не қыларын білмей, ұрынуға қара таба 
алмай, еріксіздік өмірдің бұғауында қысылады.
Сəлем де, Ғалия жүрсін аман,
Артынан аяңдаған өсек жаман.
Шетіне шай орамал мейіз түйіп, 
Кісіден қатынасқан берсін маған, –
деп,  өзінше  Ғалия  мұнда  екенімді  білсе  келер  деп  дəме  етеді. 
Сүйіскен  адамнан  күдер  үзбейді.  Өзінің  жақын  арада  босанып 
қалу үмітін айтып, тағы Ғалияны өлеңге қосып, арманын сыртқа 
шығарады.

106
Сəлем де Ғалияға, ұмытпасын, 
Қасына ешбір жанды жуытпасын. 
Жұлдыздың бес кезінде барып қалам, 
Жүрекке жара салып суытпасын, –
дейді.  Бірақ  Ғалия  келмейді,  ешбір  хабар  да  болмайды.  Сөйтіп 
жүргенде түрменің бір қарауылшысы Ғалиядан суық хабар алып 
келеді.  Ғалияның  Қанапияға  кетіп  қалғанын,  оны  алдап-арбап 
қолға түсіргенін, барған жерінде жылап жүргенін айтады. Шолақ 
не айла табарын білмей, түрме əкімдерінен қора ішіндегі бір аласа 
үйдің төбесіне шығып, домбыра тартып, əн салуға ұлықсат алады. 
Ондағысы – Ғалия осы маңнан өтсе, дауысымды есітіп келер ме 
екен деп ойлайды.
Ноғайлар бал жалайды шыныменен, 
Ешнəрсе бітірмедім мұныменен. 
Ғалия, сен туралы естігенде, 
Дөңбекшіп жата алмадым түніменен.
Ғалия, ұзын бойлы ырғақтым-ай, 
Үстіңде дүрия көйлек сырғақтым-ай. 
Қазақтың сендей қызы үйінде отыр, 
Шыдамай бір-екі айға жын қақты ма-ай, –
деп,  Ғалияның  істің  ақырын  күтпей  кеткенін  күстаналайды. 
Мұның  сүйген  адамдарға  лайық  емес  екенін  айтады.  Ақыры 
баяғы  қарауылшы  Ғалия  келмеске  кеткенін  егжей-тегжейлеп 
түсіндіргенде, Шолақ та қатты ойланып, өзінің бұл жөнде басқан 
қадамының ағат болғанын сезеді. Қанша сүйгенмен, Ғалиядан оны 
қайтару сезімі болмағансын, ойланады.
Сен Тілеудің қызы едің, Ғалиям-ай, 
Ісің болды халыққа жариядай. 
Бұл қылығың қоймасаң, Ғалияжан,
Арты болып кетпесің дариядай, –
дейді,  біртіндеп  күдер  үзе  бастайды.  Бұл  кезде  Шолақ  түрмеден 
босайды.  Баяғы  жала  жайына  қалады.  Тілеудің  үйіне  барып, 
Ғалияның  жайына  қанады.  Ғалия  деп  кейінде  қалған  үй-ішінен 
безіп,  бұл  жақта  қаңғып  жүре  беруді  мақұл  көрмейді.  Ғалияның 
ажары мен ақылының сай болмағанына, жеңілдікке сайып кетуіне 
көзі жетеді. Өзінің ошағын, қатын-баласын сағынады, оларды тас-
тап кеткеніне ренжиді.

107
Атандым Балуан Шолақ мен жасымнан, 
Тартады денем ауыр қорғасыннан. 
Бетіңнің алақандай қызылы үшін 
Айрылман қияметтік жолдасымнан.
Болса да біздің қатын бостың босы, 
Жарасар жігіттікке жүрген қосы. 
Жұбымыз əлі күнге айрылған жоқ, 
«Қоса ағар алғаныңмен» деген осы, –
деп, Ғалиямен біржолата арасын үзіп, өзінің еліне қайтады. 
Ғалия Қанапиядан кетіп, Қояндыға барып қымыз сатады. Онда 
Семейден  келген  бір  байдың  баласы  Ғалияға  қызығып,  қырық 
аттың пұлын қалтасына салып, Ғалиямен еріп, Қараөткелге келеді. 
Қырық сегіз болыс Семей елі болып «еркекті əйел алып қашқанға» 
арланады. «Сырдың  суы  сирағынан  келмейтін»  Ғалия  Қалимен 
Қараөткелде  тұра  береді.  Арада  бес-алты  жыл  өткенсін  Қалиды 
ертіп Семейге келіп, оның бұрынғы əйелінен кешірім сұрап, өзінде 
бала  болмағансын  оның  бір  қызын  сұрап  алып,  бойжеткенсін  өз 
қолынан  ұзатады. 1922 жылы  Ғалия  туберкулезден 35 жасында 
қайтыс  болады.  Балуан  Шолақ  пен  Ғалияның  арасындағы  драма 
осымен аяқталады. Оқиғаның бітісі қалай болғанда да, екеуінің ар-
тында аңырап «Ғалия» əні қалады.
Балуан Шолақ халық алдында əнімен, күшімен қадірлі болады. 
Өнер адамына тəн ол бастан-ақ құдайшыл, діншіл бола қоймайды. 
Қызықты  осы  дүниеден  іздейді,  соған  халықты  үгіттейді.  Ата-
сы-туысы Ұлы жүз болғанымен, жасынан Көкшеде өскен Шолақ 
əн  дəстүрінде  Біржанның,  Ақанның  əсерінен  ауызданады.  Ол 
Жетісуға  келіп,  бір  шеті  қырғыз  ағайынды  аралап,  осы  жақтарға 
Арқаның əншілік өнерінің жаюшысы болады. Осы мақсатта үйде 
болуынан түзде болуы көп болады. Ол өзінің бір өлеңінде сол дінге 
шорқақ екенін, түзде көп жүретінін анықтап айтып береді.
Атанған мен жасымнан Шолақ едім, 
Намаз бен оразаға олақ едім. 
Айында қатын-бала бір көрмейтін, 
Мен жүрген ел шетінде қонақ едім, –
дейді.  Жас  кезінде  қыз-келіншектің  пірі  болғанын  да  Шолақ 
өлеңін де айтып жүреді.
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, 
Бойымда толып жатыр күш пен бақ, 

108
Сұлу қыз, келіншекке тынышсызбын –
Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ, –
дейді. Ел еркесі болған Шолақтың жақсы қадамы болса мадақтап, 
жаза басқан істеріне ренжіп отыратын халқы оның өнер иесі екенін 
сезіп, қатты құрметке бөледі. Ал жоғарыда айтылғандай, орыс ша-
руаларымен болған жайсыз істерін Шолақ бері келе түсініп, ондай 
қадамдардан бас тартты. Əсіресе Қазан төңкерісінен кейін Шолақ 
мүлде  өзгереді.  Баяғы  «тентектік»  мінезді  тастайды. 1918 жылы 
елге  қашып  келген  большевиктерді  ақтардан  жасырады,  оларға 
ат  беріп,  айтқан  жерлеріне  шығарып  салады.  Сөйтіп,  халықтар 
достығы арқылы ғана жақсы заманға жетуге болатынын іс жүзінде 
көрсеткен  большевиктік  платформаны  түгелдей  мақұлдап,  ендігі 
жасын сол жолда қызмет істеуге арнайды. Бірақ ол арманына жете 
алмай, 1919 жылы төрт-бес күн ғана ауырып, 55 жасында қайтыс 
болады.
Жоғарыда  айтылған  əндерден  басқа  Шолақтан: «Талды 
көл», «Ащылы  Айырық», «Қос  перне», «Кенже  қоңыр», «Құлан 
кісінес», «Діңкілдек», «Ыңғайкөк», «Желдірме», «Қос алқа», «Қос 
барабан», «Көкшетау» жəне бірнеше түрлі «Сарын» əндері қалды. 
Шолақ тың жұбайы Ғайнікейден 8 ұл, бір қыз болды. Бəти қыз да 
жасында күшті болған. Ол жөнінде мынандай əңгіме бар.
Бəтидің күшін сынайын деп, күйеуінің құрдасы бір күні алып 
келіп азғырады. «Бəти сенің көзіңе шөп салып жүр, сен оны неге 
тəлкектетіп қоясың, неге сабап, жөндеп қоймайсың» деп, өтірікті 
шындай,  шынды  жындай  қып  сөйлейді.  Бəтидің  күйеуі  аңқаулау 
адам  болса  керек,  əлгі  құрдасының  айтқанына  нанып,  бір  кезде 
Бəтиді жазықсыз сабай беретін болады. Бірақ ешбір жазығы жоқ 
Бəти: «Қояр, қайда барар дейсің» деп, мəн бермейді. Бір күні ауыл-
да ешкім жоқта күйеуі Бəтиді тағы сабайды. Бəти олай-былай қой 
десе де, ол қоймайды. Бəти ашуланып кетіп, күйеуін бүріп алып, 
екі  қолын,  екі  аяғын  артына  байлап,  белдеуге  қыстырулы  тұрған 
адалбақанға асып қояды. Күйеуі тырп ете алмай, кешке дейін ілулі 
местей  болып  тұрады.  Құрдасы  өз  үйінің  жабығынан  сығалап, 
миығынан күліп отырады. 
Осы кезде анадайдан ауылға мал қайырып келе жатқан Бəтидің 
атасы  баласының  адалбақанға  асылып  тұрғанын  көріп  қарқ-қарқ 
күледі.  Бəти  атасынан  ұялып,  жалма-жан  шешейін  деп  келген-
де,  атасы  шештірмейді: «Тұрсын,  бəлем!  Кім  көрінгеннің  сөзіне 
еретін неме ғой! Мұның аяғының осылай болатынын біліп едім! 
Рақмет,  Бəтижан!  Сазайын  əбден  тартқан  екен»  дейді.  Бəти  не 

109
дегенмен  атасынан  ұялып,  күйеуін  шешеді.  Сол  кезде  құрдасы 
да келіп, Бəтидің адал жар екенін айтып, тек оның күшін көргісі 
келгенін,  құрдасының  аңқаулығын  пайдаланғанын  əңгіме  етіп, 
күлісіп тарқайды.
Шолақтың  бейіті  Қайрақты  қаласына  жақын.  Мола  тұрған 
жерде  ел  жоқ  болса  керек.  Шолақтың  əндері,  оның  өмірбаяндық 
деректері əлі толық жиналып болған жоқ. Ел арасында көп болу 
керек. Сол сияқты Шолақтың суретін де таба алмай келеміз. Со-
лай да болса, осы бір аз ғана жарияланған деректерді оқыған адам-
дар өздерінің қолдарында барларын Шолақтың қорына қосар деп 
сенеміз.
Шолақтың əндері осы кезде радиодан, концерт сахналарынан, 
кеңес композиторларының туындылары ішінен үнемі естіліп оты-
рады. Əнші, балуан жайлы белгілі жазушымыз Сəбит Мұқанов по-
весть  жазды.  Əлі  де  Шолақ  туралы  көркем  туындылар  жарыққа 
шығады. Өйткені оның өмірі мен шығармашылық істері өнегелі.
(Ахмет Жұбанов. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1963) 
Кенен ƏЗІРБАЕВ
ҚАЖЫМҰҚАНМЕН КЕЗДЕСУ
Жайлауда қалың елді аралап, əн салып жүр едім, Шүкірбек де-
ген жігіт: 
– Кенен-ау, сені іздеп араламаған жайлау қалмады. Қажымұқан 
балуан Тоқпақ қаласында жатыр. Маған Кенен ақынды тауып əкеп 
беріндер деп, қатты сұрап еді. Кəне, жүр енді, үлкен кісі, əрі алыс-
тан келіп отыр, ұят болады, – деді.
Өзім де Қажымұқанды көруге құмар едім. Көктен тілегенімді 
жерден  берді.  Əлгі  жігітке  еріп  Тоқпаққа  жүріп  кеттім.  Келсем, 
Көксеңгір  жайлауына  ақ  үйлер  тіктіріп,  өзі  сол  үйлерді  аралап 
көріп жүр екен.
– Ассалаумағалейкүм, – деп, келіп қолын алдым. 
Саусағына  қолым  жетер  емес,  күрек  ұстағандай  болдым. 
Түрінен адам қорқатын.
– Ау, Кенен деген сен бе? Кəне, шырқашы, – деді. 
Мен ə дегеннен Балуан Шолақтың əндерін асқақтаттым.
– Бұларды қайдан үйренгенсің? – деді. 
Мен: 

110
– Ана бір жылы ауылға келгенде үйреніп қалып едім, – дедім.
– Ой, бəрекелді, енді өз əндеріңді айтшы? – деді. 
Мен  «Көкшолаққа»  салдым.  Домбырамды  қағып,  өз  тіземді 
өзім шапақтай отырып:
...Жылдам жүрші, Көкшолақ, 
Шапшаң жүрші, Көкшолақ. 
Олай жүрші, Көкшолақ, 
Былай жүрші, Көкшолақ, 
Жамандатқыр Көкшолақ, 
Арам қатқыр Көкшолақ,
Мені құрткан Көкшолақ... –
деп шырқағанымда, ол ішегі қатқанша күлді.
Ал  «Базарым-ай,  Назарым-айға»  салғанда  басын  ұстап,  жы-
лап қалды. Сөйтсем, оның да бір баласы өліп, қам көңілді болып 
жүрген кезі екен. Жұрт: «Оу, палуан, сізге не болды? – деп, əрең 
жұбатып алды. Сол жолы қасында сегіз күн болып, əн шырқадым. 
Ажырасарда риза болып, ақ батасын берді.
БАЛУАН ШОЛАҚПЕН КЕЗДЕСУ
Еркебайдың ауылына Балуан Шолақ келіпті деген сөз жер жа-
рады. Əркім əртүрлі айтады:
...Көкшетаудан Алатауға күресетін алыптарды іздеп келіпті.
...Сарыарканы, Орта жүз, Кіші жүзді адақтап, енді Жетісудағы 
Əсіреп, Шаңбай балуандарды сұрапты.
...Күрес болғалы жатқан көрінеді. Өзі дəу дейді. Əнші əрі ақын 
көрінеді...
Мен  не  де  болса  ол  кісіні  көруім  керек  деп,  қалай  барудың 
есебін келтіре алмай жүргенімде, Еркебайдан «тез жетсін» деген 
хабар келді. Келсем, ел құжынап жиналып жатыр. Алты қанат ақ 
орда  толы  сауықшылар.  Үлкендер  үйде,  жастар  далада,  бəрі  əн 
тыңдайды. Мен де тыңдап отырдым. Əндері асқақ шығады, өзінің 
де даусы зор екен. Ынтыға тындаймын. Кіріп-шығып жүрген Ерке-
бай мені көре сала: «Келдің бе?» деп, дереу үйге кіргізді де:
– Мынау Кенен ақын, – деп таныстырды. 
Ол менің бас-аяғыма қарады да:
– Ə, Кенен деген əнші сен бе? Мен сенің əндеріңді жолшыбай 
əр елден естіп келемін. Кəне, шырағым, шырқашы! – деді.
Мен əуелі «Бозторғайды», онан соң «Көкшолақты», «Көпшілік, 
тыңда  əнімді»  деген  əндерімді  айтып  бердім.  Ол  үнсіз  тыңдап 
отырды да:

111
– Пəлі, нағыз əнші өз ауылдарыңда екен ғой, дауысы да құлаққа 
жағымды екен... – деп мақтады. 
Еркебай менің жайымды түсіндіріп:
–  Бұл  баланың  бағы  ашылмай  жүр.  Ертелі-кеш  қой  соңында 
жүреді. Қу жоқшылық өнеріңді өсіруші ме еді?.. – деп жатыр.
– Тобыма қосып, шəкірт етіп алайын, – деді Балуан.
– Өзім жас, əкем қарт... – деп сылтау айтып едім, ол тағы да:
– Өнер жастықты талғамайды, үйреніп кетесің, ал əкең болса, 
ел іші ғой, бір шалды жалғызсыратпас, – деді.
Қысқасы,  Нұрмағамбет  сол  жолы  мені  Олжабай,  Ноғайбай, 
Байболат, Қасабек ауылдарына, тағы да басқа жерлерге қалдырмай 
ертіп  жүрді.  Талай  əнін  ұғып  алдым.  Өзі  тыныстаған  кездерде 
оның əнін мен шырқадым.
–  Кененім,  жарайсың,  өнерін  өрлей  берсін, – деп  маған  риза 
болып кетті.
(Кенен Əзірбаев. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1974) 
Бəтен (Бəтима) НҰРМАҒАМБЕТҚЫЗЫ
ЖЫЛАТЫП МЕНІ ҚАЛАЙ ҚИЫП БЕРДІҢ?
(Ұзатылып бара жатқанда əкесі 
Балуан Шолаққа мұң шағуы)
Үш жүзге атың шыққан Тəтем едің, 
Базарда пұлың қымбат сəтен едің. 
Жылатып мені қалай қиып бердің? 
Ортаңда ерке елік, Бəтен едім!
САҒЫНЫШ
Бауырында Тастыөзектің əн бар ма екен, 
Бойында жан əкемнің мін бар ма екен. 
Жылаймын күні-түні сағынғаннан, 
Ойында сол əкемнің мен бар ма екем?!. 
Жағасы кей өзеннің ойдым-ойдым,
Əкежан, ойлаудан мен қашан тойдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет