1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға



бет21/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға 
білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері 
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. 
2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. 
Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. 
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. 
3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 
Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. 
4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. 
63-бап. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау 
жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері 
1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. 
2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті. 
64-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей 
отырып жүзеге асыру 
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс. 
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс. 
Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет