1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын



бет69/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

210-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын 
Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал 
актілерін тіркеу 
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде жүргізіледі. 
2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде, егер мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. 
211-бап. Азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын 
шет мемлекеттердің құжаттарын тану 
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жөнінде тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген құжаттар консулдық ресмилендірілген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. 
212-бап. Басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңдарының 
Қазақстан Республикасында қолданылуы 
Басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңдарының нормалары оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
213-бап. Халықаралық шарттар 
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарында белгіленгенінен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 
Қазақстан Республикасының 
Президенті

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет