1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Әке (ана) болуды даулау



бет17/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
50-бап. Әке (ана) болуды даулау 
1. Осы Заңның 49-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүргізілген туу туралы жазбалар кітабына ата-ананы жазу баланың әкесі немесе анасы ретінде жазылған адамның, іс жүзінде баланың әкесі немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толғаннан кейін оның өзінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының), сот әрекетке қабілетсіз деп таныған ата-ана қорғаншысының талап етуі бойынша тек сот тәртібімен ғана даулануы мүмкін. 
2. Осы Заңның 49-бабының 2-тармағының негізінде баланың әкесі болып жазылған адамның әке болуына дау туғызу туралы талабы, егер жазу кезінде бұл адамға оның іс жүзінде баланың әкесі емес екендігі айқын болса, қанағаттандырылмайды. 
3. Заңда белгіленген тәртіппен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде келісім берген жұбайдың әке болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ. 
Басқа әйелге эмбрион имплантациясына келісім берген ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ суррогат ананың (осы Заңның 49-бабы 4-тармағының екінші бөлігі) туу туралы жазбалар кітабына ата-аналар жазылғаннан кейін ана және әке болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ. 
51-бап. Бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған 
балалардың құқықтары мен міндеттері 
Осы Заңның 46-48-баптарында көзделген тәртіппен әке екені белгіленген жағдайда балалардың ата-аналары мен олардың туыстарына қатысты бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған балалардағы сияқты құқықтары мен міндеттері болады. 
9-тарау. Баланың құқықтары 
52-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы 
1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. 
2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар. 
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. 
Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет