1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Баланың аты мен тегін өзгерту



бет19/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

56-бап. Баланың аты мен тегін өзгерту 
1. Ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді. 
Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы. 
2. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады. 
3. Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес. 
4. Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы. 
5. Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның келісімімен ғана өзгертуге болады. 
57-бап. Баланың ұлты 
1. Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. 
2. Егер ата-анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. 
3. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін. 
58-бап. Баланың мүліктік құқықтары 
1. Баланың осы Заңның 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. 
2. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды. 
3. Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар. 
Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы. 
Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 22 және 23-баптарымен белгіленеді. 
Ата-ананың бала мүлкін басқару жөніндегі құқықтарын жүзеге асыруы кезінде оларға осы Заңның 114-бабында белгіленген ереже қолданылады. 
4. Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бір- бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады. 
5. Ата-аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет