1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою



бет26/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

73-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою 
1. Егер ата-аналардың (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың біреуінің) талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың біреуіне) қайтарып беру туралы және осы Заңның 72-бабында көзделген шектеулердің күшін жою туралы шешім шығара алады. 
2. Егер ата-анасына (олардың біреуіне) баланы қайтарып беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланың пікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. 
74-бап. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына 
тікелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу 
1. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен) немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы. 
Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді. 
2. Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті. 
Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
75-бап. Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот 
шешімдерін орындау 
1. Баланы ата-анасынан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге байланысты шешімді мәжбүрлеп орындау қорғаншы және қамқоршы органның және баланы алатын адамның (адамдардың) міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен жүргізілуге тиіс. 
2. Баланы беру туралы сот шешімін оның мүдделеріне нұқсан келтірмей орындау мүмкін болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен тәрбие, емдеу мекемесіне немесе басқа мекемеге уақытша орналастырылуы мүмкін. 
12-тарау. Бала асырап алу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет