Байланысты: Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)
25.Басқару ілімінің ғылыму даму тарихын сипаттаңыз Менеджмент ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің даму барысында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ғылымының алғашқы белгісі «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.
Алғаш рет «ғылыми басқару» мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1986 – 1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңаық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәіспорынды басару ісін өнер ретінде қарастыра келіп, менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853–1931), Генри Форд (1863–1947), Френк Гилберт (1868–1919), Лилиан Гилберт (1861–1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.
Классик үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К.Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841–1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынандай қорытындыға келді: «басқару – кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол сондай – ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылыми жолмен ұйымдастыру принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.
Бихевиористік (мінез–құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20–шы жылдардың аяғы мен 50–ші жылдардың басында қарқын белең алды. Бұ бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880–1949) болды. Осы ілім формалық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды. Америкалық зерттеушілер де Мери Пркер Фоллет (1868–1933), Абрахам Маслоу (1908–1970) бихевиосристік (мінез–құлық) мектептің өкілдері болып табылады.
Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950–1960) қазіргі сандық негізінде басқаруда математика иен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп, «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С.Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х.Райфа.