Г. Кунц және С. О. Доннел сияқты зерттеушілердің пікірінше, басқару бұл ең алдымен өнер болып табылады. Олардың тұжырымдарына сәйкес: «барлық шынайы ситуацияда бұл ғылымды қолдану мәні болатын, басқару процесі өнер болып табылады». Дегенмен, бұл өнер мынадай ғылымға сүйенеді, яғни: «Басқару бойынша іс-әрекет өнер болғанымен де, оларды иегертін адамдар, бұл өнер ғылымының негізінде жатқандарды түсініп және қолданса ғана, жақсы нәтижеге жетеді». Егер барлық қоғамдағы топтық серіктестік тиімді әрі маңызды нәтижені көрсетсе, онда басқару- барлық өнерден де маңызды екендігін батыл айтуға болады.
Қ.Е. Құбаев пен К.Б. Бердалиев, С.Ы. Өмірзақов, Б.К. Есенғазиев «Басқару негіздері» (1997 жыл) оқу құралында басқару процесінің негізгі сипаттамалары, басқару процесінің типтері, басқарушылық шешім қабылдау себептері мен классификациясы, басқарушылық шешім қабылдау принциптері мен сатылары, басқарудағы экономикалық әдістері мен ұйымдық-әкімшілік әдістерге терең талдау жасаған [14, 15]. Басқару шешімдерін қабылдау проблемалары ұйымының практикалық жұмысы жағдайын қарастыру, басшы мен қарамағындағылардың арасындағы қарым-қатынасты, олардың өнімді ынтымақтастығының жолдарын, жанжалды жағдайларды шешу әдістеріне В.А. Розанова «Басқару психологиясы» (1999 жыл) арналады [16]. А.А. Урбановичтың «Басқару психологиясы» (2004 жыл) еңбегінде басқару психологиясының теориялық негіздерін, басшы мен бағынушылардың тұлғалық сипаттамаларын, іскерлік қарым-қатынас және өзара әрекеттесу негіздерін, қақтығыстар жағдайларын, сондай-ақ басшы қызметіндегі стрестер мен дағдарыстарды еңсерудің әдістері мен құралдарын көрсеткен [17]. 2007 жылы белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Митинның «Басқару психологиясы» оқулығы жарыққа шықты. Оқулық басқару теориясы мен практикасына негізделе отырып, адамдардың қатынас жүйесіндегі тұлғалар мен ұйымдастырушы топтарды анықтайтын ғылым саласын зерттеді. Шынында да, басқару әрдайым психологиялық мазмұнымен толықтырылады, өйткені оның басты кейіпкері өзінің қабілетімен, қажеттілігімен, зердесімен ерекшеленетін адам. Мамандар бұрын да дәлелдеген адамның кез келген ұйымдағы іс-әрекетінің тиімділігі оның кәсіби дайындық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар сол сәттегі психологиялық кейіпіне де байланысты болады. Автор басқару психологиясының пәні қандай психологиялық-басқару проблематикасында өзін көрсететінін айқындап берді.