1. бастауыш сынып оқушыларының ДҮниетанымы қалыптасуының теориялық негіздері


Дүниетану сабағында ұлттық ойындарды пайдалану арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру



бет14/17
Дата20.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#25933
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
2.2 Дүниетану сабағында ұлттық ойындарды пайдалану арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның ішінде игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.

Ежелден-ақ оқыту әдісі ретінде аға ұрпақтың жас ұрпаққа іс-тәжірибесін беру көзі ретінде пайдаланған. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді мағыналы істер туындысы өрбитінін байқаймыз. Ойын – іс-әрекеттің бір түрі. «Ойындық жағдаяттар негізінде қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға, әрі меңгертуге бағытталған тәлім-тәрбие жүреді, әрі соның негізінде тәртіп шыңдалып, өзін өзі реттеу, жетілдіру жүзеге асырылады», - делінген анықтамада.

Ойын, оқу мен еңбек қатарындағы адам іс-әрекеттерінің ең бір негізгі түрі, біздің өмір сүруіміздегі ғажайып көрініс. Ойынды біз бар өнердің бастауы дейміз. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы дариядай болып кемеліне келгенше кездескен сандаған үлкен-кіші арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, байсалдылықты, тағы да басқа мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдығын білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді.

Педагогикалық ойынның жай қарапайым ойындардан ерекшелігі олардың мәнді белгілерінің болуында. Ол мыналар: мақсаты, нәтижесі, танымдық сипаты, анықтығы. Жұмыстың ойын түрі сабақ үстінде ойындық тәсілдер мен жағдаяттардың көмегімен жасалады да, оқушыларды оқу әрекетіне, ынталандыру, ояту құралы ретінде қолданылады.

Ойын тәсілдері мен ойындық жағдаяттар оқытуды сабақ формасында ұйымдастырған уақытта негізінен мынадай бағыттарда жүреді. Оқушылардың алдына мақсат, ойын міндеттері түрінде қойылады. Оқу әрекеті ойын ережесі мен тәртібіне бағынады, оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады, оқу әрекетіне жарыс, байқау элементтері енеді де, жақсы мағынасындағы бәсекелестік рух береді. Оқу үрдісінде ойынның орны мен ролі, оқу мен ойын элементтерінің үйлесім тауып қолдануы, мұғалімнің педагогикалық ойын жіктелуін, қызметін дұрыс түсінуіне тәуелде келеді. Халық ойындарын дүниетану сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Балалардың танымдық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы – ұлттық ойындар.

Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін, санасын қалыптастыруға арналған әдіс ретінде қолданады.

Бүгінгі және болашақ ұрпақ ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бір өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік-экокномикалық өмірінң айнасы екенін білуге тиіс.

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.

Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХҮІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. ХҮІІІ ғасырда Европа халқына монғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.

Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық, материалдарын жинаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазеревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.БукИн, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.

Е.Сағындықов өз еңбегінде қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді дей келіп, ұлт ойындарының тақырыбына, мазмұнына, ондағы көзделген мақсатына байланысты негізінен үш үлкен салаға бөліп топтастырған. Атап айтқанда, тұрмыс-салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар.

Ойын еріккеннің ермегімен туа салған дерексіз қиялдың көрінісі емес. Оның астарында қоғамдық-әлеуметтік терең мән жатыр. Байыптап қарасақ, кезе келген ойыннан халық өмірінің тікелей де, шартты да жинақталған көшірмесі делінген. Олардың ішінде әлеуметтік жағдайға («Хан», «Хан жақсы ма», «Орныңды тап», «Қамалды қорғау», «Қарамырза»), адамдар арасындағы қарым-қатынасқа («Серік-Серік», «Кім ұрды?», «Жаяу тартыс», «Белбеу тастау», «Ақсерек, көксерек»), еңбек-кәсіп шаруашылыққа («Қалай айтуды білемін», «Ақ байпақ», «Сен тұр, сен шық», «Көк сиыр», «Ай құлақ»), наным-сенімге («Шымбике», «Көне көк», «Қара құлақ», «Етек-етек»), аңшылыққа («Аңшылар», «Аңшыдан шыралғы») байлансты пайда болған.

Ойындар арқылы балалардың тәні де, жан дүниесі де ойдағыдай жетіліп отырған: көпшілік ортасында өзін-өзі ұстаудың, қысылғанда жол табудың, қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы мектепбі де осындай ойындар болған.

Ойындардың осындай қызметтерінің ішінде айрықша орын алатыны – шаруашылыққа, еңбек-кәсіпке баулу. Қазақ өмірінің негізгі күн көру кәсібі төрт түлік малға байланысты болғандықтан, олардың бейнесі ойындардан орын алған.

Дүниетану сабағында ұлттық ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып ерік-жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Бастауыш сыныптарда ойынды оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында қолданып келеді. Халықтық педагогиканың құрамы ұлттық ойындар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастары мен мінез-құлқының қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланған. Дүниетану сабағында ұлттық ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ептілігін, ой-өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу құралы болып табылады.

Ұлт ойындарына үзбей қатынасып, машықтанған адам үнемі ізденісте, толғаныста жүреді. Оның осылай іштей толғануы ілгері ұмтылуға, ізденіске итермелейді.

«Төрт түлік кеңесі» ойыны:

Ойын шарты: Қой, сиыр, жылқы, түйе төртеуі жиылып отырып кеңеседі.

Сиыр:


  • Қалың құрақ нуға бітем,

Қоры үзілген қуға бітем.

Қой:


  • Күнгейлі қара тасқа бітем,

Шаруа қуған басқа бітем.

Жылқы:


  • Бетегелі белге бітем,

Найза ұстаған ерге бітем.

Түйе:


  • Жалмаң құлақты сорға бітем,

Ел ішіндегі зорға бітем.
Тұрмыс-тіршіліктің негізінде пайда болған мал шаруашылығымен сабақтас асық ойындары да қазақ даласына кең тараған. Түрлі-түсті бояумен боялған асықтармен қорғасын құйып, арнайы даярланған сақамен сан түрлі ойындар ойналған. Кейінгі жылдары олардың көбі ұмыт болса, енді біразы жаңаша тәртіппен ойналуда.

Балалардың ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та қозғалып жүріп те ойналатын түрлері аса мол. Олардың арасынан түрлі заттарды пайдалану арқылы және сөзбен ойналатындарына мысалы, түрлі заттарды пайдалану арқылы ойналатын ойындар көбінесе қимыл-қозғалыстармен байланысты өрбиді. Ондай заттар айнала қоршаған ортада және тұрмыс-тіршілікте кездесетін тас, ағаш, балшық құм шыбық, таяқ, сүйек, сүлгі, орамал, бөрік, белбеу, жіп, ине, т.с.с. болып келеді. Кейде ойынға арнайы даярлайтын заттар да болады. Оларға тазартылып, боялған асықтарды, түрлі ойыншықтарды, қуыршақтарды, ертеректе қолданылған сиырдың түлеген жүнінен басылған допты, жонылған және кесілген ағаштарды, т.б. жатқызған. Заттарды пайдаланып ойнау кезінде іс-әрекет барысында қара сөз не өлең-тақпақтармен қосақталып айтылады. Сөз мәтіндері ойынның кезекті шартын, іс-әрекеттің себебін түсіндіреді. Мәселен, «Асау мәстек» ойынында керілген арқанның үстіне отырып, жерден еңкейіп тақия алуды былай түсіндіреді:



Ешкі сойып берейін.

Тақия алсаң еңкейіп,

Құламасаң теңкиіп,

Ерлігіңе сенейін.

Ойын шартын қабылдаған бала:


  • Асау мәстек бұл бала,

Үйретейін, көріңіз,

Оған таяқ беріңіз, - деп ортаға шығады.

Ойын жүргізуші оған:


  • Міне, саған таяқ,

Үшке дейін санақ.

Бір... екі... үш... – деп жауап береді.

Ортаға шыққан бала санақ біткенше жерден еңкейіп тақия алуы тиіс.

Сөзге незіделген ойындардың баст мақсаты – балаларға дұрыс сөйлеуді, түрлі құбылыстарды, іс-әрекеттерді түсінікті, жатық етіп сипаттауды үйрету, сөйлегенде шешен, тапқыр болуға тәрбиелеу.

Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажет заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, әлеуметтік ортаға бейімделеді.

Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады, - дейді. Сондықтан ойын адамның еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.

Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйретудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақтәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баласының алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса барады.

В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».

Міне, ойын дегеніміз – тыныс кең, алысқа мегзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік маңызы зор. Жеке адамның дамып жетілуіне қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған.

Сондықтан қазіргі кезде ұлттық ойынның көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды.

Сабақта ұлттық (дидактикалық) ойынды тиімді пайдалану арқылы балалардың білсем екен деген сүйіспеншілігін арттырып, эстетикалық сезімдерін оятып, талғампаздыққа, білімге, білсем деген құштарлығын арттырса, сабақ сапасы да жақсару оқушылардың ақыл-ой, таным белсенділігін арттыруға болады.

Сондай-ақ сабақта тақырыпқа сәйкес қолдануға мүмкіндік болатын ұлттық (дидактикалық) ойынды топтастыру арқылы, әрбір тақырыпқа халықтық педагогиканың құралдарын топтастыру арқылы жоспарл түрде өткізілсе көп жетістіктерге жетуге болады делінген.

Қазіргі қайта өркендеу ұлттық мәдениет пен салт-сананың жаңғырту кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған мақалалар, құнды еңбектер пайда бола алады. Е.Сағындықов, Б.Төтенаев, Ш.Ыбыраев, А.Саттаров, М.Әлімбаев еңбектерін атауға болады.

Олай болса, мақсатты белгілі бір жүйемен оқу матреиалдарын меңгерту мақсатында сабақты ұтымды жүргізілсе; оқушыларды ұлттық дидактикалық ойын арқылы білімін қаруландыруға болады.

Уақыт мектеп мұғалімдеріне балаларды жаңа заман талаптарына, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан оқу-тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойындарды пайдалану керек. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық іспеттес. Ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады.

Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет