1. бастауыш сынып оқушыларының ДҮниетанымы қалыптасуының теориялық негіздері


Ойын және ойын элементтерін оқу процесінде қолдану жолдары



бет11/17
Дата20.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#25933
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
1.2 Ойын және ойын элементтерін оқу процесінде қолдану жолдары

Ерте заманнан – ақ адам өзін қоршаған ортаның тылысым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте, ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшу нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты ғұлама ойыншылар, философтар, педагог – психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған.

Оның мөлдір бастауы көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Д.Ж.Локк, И.Г.Песталоци ойын арқылы балаарды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. [1]

Я.А.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрестті: „Бала неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жақсы жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет“ [1; 170]

Я.А.Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтанда оның көзқарастары бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол „ойынды біз баланың рухани және дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда келтіретіндей етіп, жүргізу қажет“, - деп көрсетті [1; 172].

Я.А.Коменский „Ұлы дидактика“ деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңі өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атады. Бұл шақта балаларға өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек, ал білім олардың есінде жақсы сақталатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді, сондықтанда білім беру ойын арқылы жүргізуге ұсынады.

Дж.Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж.Ж.Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады.

Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған да Дж.Локк та, Ж.Ж.Руссо да ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып, тәрбиелеуін ойын арқылы жүзеге асыруды қойды. [1]

Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фребель ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.

Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф. Лесгафт, тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген. [1-5]

К.Д.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу процесін жеңілдететін атап көрсеткен болатын.

Н.К.Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. [3;21]

Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.

«Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты әдісі – ойын болуы керек.

Н.К.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы – баланы мұқтияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді.

Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын –айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады деген ойды айтады. [3;27]

Ал заманымыздың талантты педагогы В.А.Сухомлинский: «ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды. Ойын арқылы бала дүниені таниды. Бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы» - деп санайды. [5;72]

В.А.Сухомлинский сөзімен айтқанда: «ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». [5;79]

Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік, дағдылары қалыптасады.

А.С.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас кәте педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет тетеді. [16]

Ал Ю.К.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі деп қарады.

Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтар Л.В.Занков, Л.С.Выготский, Д.И.Узнадзе, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.А.Люблинская, В.С.Мухиналар айналысты. [7]

Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Ойын дегеніміз не және оған балалар неліктен ынталы? Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл-қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді. Алайда мұндай көзқарас: бала бойындағы осы бір артық әл-қуат қайдан келеді деген сұраққа сәулесін түсіре алмайды. Ол оны бір ойында шығындай алмай, ойындардың жаңа түрлеріне қызыға, беріле кіріскені несі? Оған осындай ойын түрлері неменеге керек? Сәрі, ойынның психологиялық жаратылысын түсіндіруді осы сұраққа қайтарылған жауаптан бастау керек, өйтпейінше баланың бір ойыннан екінші ойынға неліктен қасарыса ұдайы көше беретіні, бір ойыншықты тастай салып, екінші ойыншыққа неліктен ұмтылатыны, үлкендер ойынды тоқтатып немесе күштеп тыйым салған кезде неге қарсыласатыны шынында да түсініксіз болып қалады. Бұл арада бізге белгілі көрнекті психолог Д.Н.Узнадзе негізін салған функциональдық тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның мәні неде?

Белгілі бір генетикалық жағынан қанға сіңген қызметтер, күш, мүмкіндіктер балаға іштен туа бітеді. Солардың кейбіреулері бала туысымен-ақ бірден немесе алғашқы күндері қозғала бастайды, ал өзге қылықтар баланың тіршілік қызметіне әртүрлі кезеңде жалғасады.

Баланың жекелеген қызметінің оның күнделікті қызметіне енуінің осы бір дәйектілігі, біріншіден, жаратылыстың алдын ала анықталуына, екіншіден, қызмет комплексінің кез-келген топтарының дер кезінде көрінуін ынталандыруға, олардың дамуы қалыптасуына ықпал етуге тиіс қоршаған ортаға байланысты. Мәселен, қозғалысқа келетін күштің генетикалық айқындалған уақыты жетпейінше бала туа сала жүріп кете алмайды, алайда оның жетіліп, екі аяғын тік басып, тәй-тәй жүруі үшін баланы қимылға тартатын, оның құламай, тік тұруына, аяқтарын тең басып жүруіне көмектесетін және үйрететін адамның қамқорлығы, қолайлы орта қажет.

Ішкі күштер әрекеттер қозғалыс импуьстерін, даму тенденциясын жасырып тұрады. Бір кезде басқадай әрекет, әрекеттер тобы белсенділік көрсете батайды, нақ сол сәтте бала бәрінен бұрын ойынға құмартып, ынтыға түседі. «Ойнағысы келетіндігі» шын мәнінде әрекетшіл күштердің баланы еркін іс-қимылға итермелегенін білдіреді және оның қандай ойынды таңдап алатыны нақ сол мезетте оны ойын қандай функциолналдық күштің итермелеп отырғанын анықтауға болады. «Енді ойнағым келмейді» дегені шын мәнінде әрекеттердің бұл тобы нақ сол сәтте өзінің «қуатын» тауып, уақытша демалыс талап ететін, бірақ осы кезде әрекеттердің басқандай тобы қозғалысқа келуі мүмкін екенін және сол кезде бала бәрінен бұрын өзінің дамуына ықпаллды ойынға кірісетінін білдірді.

Сөйтіп, қызмет бағытының мәні баланың ішкі, туа біткен күшінде қозғалыс пен даму олардың табиғи шарттары болғандығында еді. «Ойнағым келмейді» дегендер ішкі (интерфункционалдық) күштер жағдайын күйіне сезінуден басқа ештеңе емес. Ойын, демек, артық әл-қуатты сыртқы шығынданудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін-еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың комплекстері де өздерінің бағыты бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әртүрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді. Жетілгісі келіп тұрған күштердің қарбалас қимылына сәйкес келмейтін, әрі оған ықпал етпейтін ойын мен ойыншық баланы тез жалықтырады. Сонымен бірге ойындар мен ойыншықтар арқылы баланың адамға тән іс-әрекетінің көптеген элементтері мен түрлдері ойдағыдай меңгере алатындығы айқын болады.

Егер серпінді қимыл мен итерфункциональды күштердің дамуы мен қалыптасуына қарай ойынға деген құштарлық бәсеңсіп, қызметтің басқалай түрлеріне (көңіл көтеру, оқу, еңбек ету) орын беріледі. Шынында да мұның өзі осылай. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенше мейлінше жеделдете дамиды да, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды басқаратын іс-әрекеттің түріне айналады. Осындай сәтте баланың өзіндік саналар, оның шындыққа, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келеитін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу – бала талантының жеделдете дамып, жан-жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз.

Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді.

Д.Б.Элькониннің атап өткендей, мұнда балалар өзара сәйкес рольдерді тасымалдаушылар (ересектердің өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушылар болады.

Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуныны айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рольдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды. Шындығында бұл осылай, егер 6-7 жасар балада ойынға деген қажеттілік күшті болса, 12 жаста ол мүлдем әлсіз деп айтуға болады.

Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында.

Ойынның мәнін анықтайтын бірнеше ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді. Бірінші сынып оқушысы ойынға психологиялық дайындықпен кіріседі. Ол қайсібір ойыншықты өзінің қалауымен еркінше алады, белгілі бір сюжетті ойластырып, ойынға құрбыларын тартады, содан соң бәрі бірлесіп, өздері белгіленген ереже бойынша әрекет етеді. Ойын баланың өз еркіне негізделген ырықтылығын туғызады, ол баланың сезімін оятып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Ойын үстінде бала өзін-өзі жеңуге дағдыланып, шынайы қанағат сезіміне бөленеді, жеке тұлға ретінде қалыптасады.

Баланың психикалық дамуына ойынның әсері зор. Ойын әрекеті зейіннің, естің, ойлаудың, қиялдың, бүкіл танымдық процестердің дамуына әсер етеді. Ойын баланың ойын ережесінде мынадай талаптардың қамтылуын көздейді: бала құрбыларымен бірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз болуы тиіс, ол аяқ астынан күтпеген жағдайға тап болған сәтте не істеуі керек екенін тез байыптауы тиіс; ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете отырып, ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қабылдап, оның ойластырған ісіне қанағаттанатын болатындай әрекет ете білу тиіс. Сөйтіп, ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты /зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру/ шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжеттке зейін тоқтатуды талап етеді.

Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі, олардың эмоционалдық қолдауына ие болу қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді.

Ойын жағдайы, сондай-ақ, баланың ақыл-ой әрекетін дамытуға үнемі ықпалын тигізеді. Бала кез келген күтпеген жағдайға қашан да дайын болып, оны дәл сол жерде дұрыс шеше білуі тиіс, ол ойын атауына сәйкес жоқ заттың орнын басатын нәрсемен әрекет жасай білуі тиіс. Орын басатын зат ойлау үшін тірек болмақ. Сол затқа сүйену негізінде бала нақты зат туралы ойлауды үйренеді. Ойды дамытудың мәні мынада: бала тікелей қабылданатын көрнекі жағдайда зат арқылы әрекет етуді біртіндеп тоқтадады да, заттар туралы ойлауды, ойын жоспарында оларды пайдаланып, әрекет етуді үйренеді. Сөйтіп, ойын баланы түсініктер жоспарына сай ойлауға баулиды.

Сонымен бірге ойын тәжірибесі, әсіресе ойын жөніндегі нақты өзара қарым-қатынастар ойлаудың айрықша қасиетінің негізін құрайды, мұның өзі басқа адамдардың көзқарасын қабылдауға, олардың мүмкін болатын мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өз мінез-құлқын түзеуге мүмкіндік береді.

Рефлексия – бұл адамның өзінің жеке іс - әрекеттерін, қылықтарын, мотивтерін талдау және оларды жалпы адамзаттың байлықтарымен, содай-ақ басқа адамдардың іс-әрекетімен, қылықтарымен, мотивтерімен салыстыру қабілеті. Мұны адамдардың әдеттегі тілімен айтсақ, былайша тұжырымдауға болады: «Мен жайында сенің не ойлайтыныңды білемін» немесе «Сен жайында менің не ойлатынымды сен білесің». Бұл тұжырымдарда қалжың емес, басқа адамның бойындағы мотивтерін, сезімін, жай-күйі мен ниетін ұғуға деген және осыларды өз мінез-құлқында қатеріне алуға деген адам қабілетінің шынайы сипаттамасы бар. Рефлексия адамдар арасында оң мінез көрсетуге игі ықпал жасайды. Рефлексияның дамуында ойынның ықпал күшті, өйткені ойында адамдармен араласу процесін қамтитын іс-әрекеттің қалай орындалуын бақылауға нақты мүмкіндік жасалады.

Бала ойын арқылы өз сана – сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке басының қадір-қасиетін ұғынады. Ол рольді ойындарда беделге ие болуға талпынады, өзінің шамасына сай келетін рольді икемденеді, ойында өзін балдырғанның орнына қойып, ойын құқы мен міндеттерін меңгереді.

Балалар құрбыларының жетістіктерін бағдар тұтады. Сондықтан да «басқалар сияқты болу» мотиві белгілі бір дәрежеде баланың дамуына ықпал етіп, оның жалпы орташа деңгейге көтерілуіне себебін тигізеді. Сонымен бірге осы кезде бала ойында «басқалардан жақсы болуға» талпыныс білдіреді. Ол енді басты рольді иемдену жолында күресе бастайды. Бұл сырт көзге онша көп байқала қоймайды. Бірінші сынып оқушысы өзінің беделге ие болғысы келу ниетін басқалардан жасыра біледі. Өзі үшін маңызы бар рольді икемденуге емеурін білдіре отырып, бала енді бұл ниетті жүзеге асырудың нақты мүмкіндігін ұғына алады.

Алайда көп жағдайда баланың талабы оның топтағы беделіне және оның ойнап жүрген құрбыларына нақты басшылық ету мүмкіндіктеріне байланысты бола бермейді. Ол басқалардан табысты болуға, алда болуға, тіпті ең болмағанда табысқа жеткен баладан кейін қалмауға тырысады. Бұл, әрине, барлық балаға тән нәрсе емес, бірақ қалай десек те, көпшілік балалар жақсы баладан қалмауға, онымен жарысқа түсуге айқын ұмтылыс білдіреді. Ойындағы жақсы роль туралы, кімнің епті, кімнің күштірек екені сөз болғанда балалар арасында белсенділік болып жатады.

«Басқаларға қарағанда жақсы болуға ұмтылу»табысқа жетудің бірден-бір мотиві бола алады және ол балада өз қадір-қасиеті мен кемшілігін сезіну қабілетін туғызатын жағдайдың бірі болып табылады. Басты рольді именуге, басқалардың арасында жетекші болуға деген талпынысын олар өздеріне қолайлы жағдайларда білдіреді. Егер табысқа жетуге сенімі болып, оған толық мүмкіндік барына көзі жеткенде ғана бала қайсыбір рольді иемдеу жөнінде ашық түрде емеурін алады. Бала үшін оның беделге ие болсам деген сенімін нығайтатын, мұнымен бірге жолым болмайды-ау деген қаупін жоятын қосымша ресурс ретінде мынадай әр түрлі шарттардың жүзеге асқаны керек: сенімділік – бұл орайда баланың «Жеткеші мен болуға тиіспін» деген талабын басқалар мүлтіксіз қабылдайды немесе ол қалаған рольді иемденеді; бірдеңеге иелік ету – яғни өз дегенін істеткізуге басқаларды мәжбүр ету / мысалы, бәрі ойнағысы келетін допқа ие болу/; қандай да бір артықшылыққа ие болу – мәселен, дәл осы бір ойын үшін қажетті болатын қайбір қабілетті иемдену, осы ойын үшін ұл бала /немесе қызбала/ ретінде басымдылық көрсету т.б.

Бірінші сынып оқушысы тәуелділіктің не екенін де біледі, ол сондай-ақ беделге ие болғысы келетін ниетін құрбылары қабыл алмаған кезде оған өте, қиынға соғатынын да біледі. Ойында беделге ие болуға тырысушылық жеке бастың қасиеттерін / ұстамды болу, рефлексияны меңгеру, жеңіске құштарлық/ дамытады.

Бірінші сынып оқушысы қай жынысқа жатқандығына байланысты рольді иемденуге тырысушылығы әр түрлі дәрежеде байқалады. Ойында жыныстық белгісі бойынша топталады. Ұл балалар асық, аңшы, сарбаз болып ойнайды. Олар бірлескен ойындарды жақсы көреді, онда олардың әрқайсысы өзінің батылдығын, ептілігін, күштілігін дәлелдеуге тырысып бағады. Қыздар қыз-шеше болып, аурухана, балабақша ойынын ойнай жүріп. Адамдар арасында пайда болатын эмоциялық қарым-қатынастарды бейнелейді, жақсы көру, көмектесу, әлсіз, ауру адамдарға жанашырлық көрсетеді. Осындай жіктеушілікке, яғни ұл, қыз болып бөлінуіне қарамастан, олар бір-бірімен қарым-қатынасын сезімталдық, қыз сотқарлық та, қиыншылықты жеңуге талпыныс та көрсетуі мүмкін. Бірақ ойында пайда болатын басты нәрсе – баланың жынысына байланысты ойынды қалау тенденциясы.

Ойын баланың - әлеуметтік қарым – қатынас ортасы. Баланың жек басының дамуы үлкендермен өзара қырым-қатынас сипатына ғана емес, сондай-ақ құрбыларының ықпалына да байланысты болады.

Құрбыларымен араласуға деген қажеттілік ең алдымен балалардың бірлескен ойындары мен ойындағы қаракетінің негізінде дамиды.

Баланың өз пікірі топтың пікірімен сәйкес келмейтін кездегі ойын ережелеріне қатысты тәуелді қарым-қатынастар мен құрбыларына бағыну қарым-қатынастарын айыра білу керек. Көпшіліктің пікіріне бағынуды комфорымдылық деп атайды. Комфорымдылық көпшілікпен сырттай келісушілік ретінде, келіспеушілікті іштей сезіну кезінде осы көпшілік ықпалына бағыну ретінде балалардың қарым-қатынасында мектепке дейінгі жаста пайда болады. Бала комформалдылығы өз білім дәрежесіне қарамастан басқаларға дәлелдеу мен қарсы тұру қабілеті әлсіз кезде құрбыларының тобына қосылу механизмі ретінде көрінеді, «рансыз істі басқа біреудің соңынан неге қайталадың» деген сұраққа бала: «Өйткені балалар солай дейді» - деп, бір сарынды жауап береді.

Бастаушы – бұл өзінің соңынан бүкіл топты ерте алатын адам. Мектеп жасына дейінгі балада бастаушылық қасиет енді-енді дами бастайды. Ал кіші мектеп жасында балалар бұл рольді еркін атқарады. Топқа танымал, топтың сүйспеншілігіне бөленген, құрдастарымен келісім жүргізе білетін, олардың тілегін ескеріп, аратұра болып тұратын әр түрлі ұрыс-керісті қойғыза алатын бала ғана ойында бастаушы бола алады. Бұл – нағыз бастаушы.

Бірақ кейде команда, жарлық беруге құштар, тек қана білек күшіне сиынатын агрессивті, дене күші басым бала да бастаушы бола алады. Бұл – агрессивті бастаушы.

Бастаушылық бұл бала бойында үнемі сақталатын қасиет емес. 6-7 жасар балада байқалатын нағыз бастаушылық бұл мектепте одан әрі дамытуды тілейтін бастаушылықтың алғы шарты ғана болып саналады. Балалар топтарында қарым-қатынастардың белгілі бір иерархиясы қалыптасқан. Ол топ ішінде бастаушы да, көңіл күйі жоғары, балалар жақсы қабылдайтын белсенді көпшілік те бар. Алайда балалардың бірқатар топтарында құрбылары жек көретін балалар да болады. Бұл – балалар топтары үшін маңызды көрінетін көптеген себептерге байланысты болатын жағдай.

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат қоғам – бір тұтас дүние. Адам, табиғат қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені бір тұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой өрісі кеңейеді.

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бір қатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, М.И.Махмудов, А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев, Н.Б.Менчинская, П.Я.Гольперин, Д.Б.Эльконин, М.И.Левина, Ю.К.Бабанский, Т.И.Шамова, С.П.Баранов) зерттеу обьектісіне қарау жүйелі талданған.

Г.И.Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдеді. Б.П.Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс- әрекеттердің жиынтығы деп санайды. Осы жайында тіпті өз кезегінде А.Я.Коменский болса, “мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын”- деп тұжырымдайды.

К.Д.Ушинский – бастауыш сатыда жаратылыстану мен географияны оқытуға үлкен мән берген әдіскердің бірі. Ол мектепте жаратылыстану ғылымын оқытудың мәнін өте жоғары бағалап, оған балалардың қисынды ойы мен тілін дамыту құралы ретінде қарады. Оқушылардың сөз қорларын молайтып, тілін дамыту үшін ең алдымен оларды қоршаған ортаны танып білуге дағдыландыру қажеттігін ескертті. Табиғаттан білім беру арқылы оқушылардың ұғымды саналы игеруіне негіз қаланады деп есептеді. Оқушылар табиғат заңдылықтарын меңгеру үшін үнемі ақыл ой сайысына түседі. Бұл сайыс олардың жаратылыс сырын ашылуына көмегін тигізеді деп қарады. Педагог ғалым К.Д. Ушинскидің бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқыту жайында бұл көзқарасы “Ана тілі” және “Балалар әлемі” оқулықтарында жан жақты сипаттаған.

А.Я.Гердте мектеп қабырғасында оқушыларға жаратылыс пәндерінен білім беру жайында құнды пікірлер ұсынады. Ол оқыту барысында оқушының өздігінен ойлануын, байқағыштығын, танымын дамытудағы жаратылыстану пәнінің маңызын ашып көрсетті. Өсімдіктердің, жануарлардың өзінің тіршілік ортасына қарай икемділігін ашық түсіндіру керектігін ескертті. Табиғатқа бақылау жүргізу нәтижесінде оқушылар өз пікірін айтуға, байқағанын қорытуға, ойларын тұжырымдауға жаттығатынын дәлелдеді. Әдіскер табиғаттан, қоғамнан берілетін білімнің мазмұнын ашты. Ол білім беруде ең бірінші орынға оқушылар көзқарасын қалыптастыруды қойды. Тек қана кітап арқылы алған білімінің үстірт, тиянақсыз болатынын айта келіп, нақты табиғат заттарының бетпе-бет қатыс жасау арқылы алатын білімнің нәтижесінің жоғарылығын басқа ешбір көрнекілікпен салыстыруға болмайтынын айтып, уағыздады. Өзінің бүкіл әдістемелік ой пікірін “Заттық сабақтар” атты еңбегінде тұжырымдап, бастауыш сыныпта әуелі өлі табиғатты, сонан кейін барып тірі табиғатты оқыту керек деген ұсыныс жасады. А.Я.Гердтің жаратылыстану пәнінің оқытуға арналған бұл еңбегінің мәні әдістемелік тұрғыдан да, териялық жағынан да тек сол кез үшін ғана емес сонымен бірге, қазіргі кезеңде де өте құнды зерттеулердің қатарына жатады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесін жетілдіруде К.Н.Годовскиде көп еңбек сіңірді. Оның бастауыш сыныптағы жаратылыстану пәнін оқыту міселесіне байланысты көптеген еңбектері жарық көрді. Солардың ішіндегі ең бастылары: “Бастауыш мектептерде жаратылыстану сабақтары” “жаратылыстануды оқыту тәжірибесі” атты еңбектері. Бұл еңбекте де ғалым алғаш рет бастауыш саты оқушыларының табиғатты оқып үйрену және меңгерудегі психологиялық қажеттілігін ашып көрсетті.

К.Н.Годовский бастауыш мектепте оқушыларға табиғаттан берілетін білім жүйесін меңгерте отырып, балалардың табиғатпен қарым-қатынас дағдсын тәрбиелеуді көздеді. Әдіскердің бүкіл ғылыми жұмысының ққорытындысы ретінде “жаратылыстану әдістемесінің жалпы мәселелері” деген еңбегі жарық көрді. Ол осы жұмысында жаратылыстанудың әдістемесін педагогикамен, психологиямен байланыстыра жүзеге асыру арқылы балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшіліктерін ескеруге мүмкіндік туатынын, осылай еткенде ғана әдістемені қолдануды ғылыми жолға қоюға болатынын сөз етеді. Сонымен қатар, әдіскер ғалым жаратылыстану бағдарламасының мазмұны мен мақсатын да анықтайды. Бағдарламаның басты мақсаты - баланы дамыту және білімді саналы меңгерту мәселелері болу керек екенін атап көрсетті. Мұндай еңбектің педагогтар қауымы үшін ең басты құндылығы – қызыққыш, еліктегіш, сенгіш бала психологиясына сүйеніп, оларға табиғаттың сан алуан құбылысы мен байлығын түсіндірудің тиімді жолын іздестіру. К.Н. Ягодовскидің білім беру барысында оқушылардың саналы меңгеруін қамтамасыз етуге көмектесетін сарамандық сабақтарды жиі ұйымдастырып, табиғат бұрышында жүйелі бақылау жүргізуге көңіл бөлуді нұсқаған ұсынысы мұғалімдер қауымы үшін өте құнды пікір болды.

Алдыңғы қатарлы орыс әдіскерлерінің осындай пікірлері мен әдістемелік ұсыныстары Ы. Алтынсариннің “Хрестоматия” оқулығының шығуына септігін тигізді. Бұл оқулықта еңген тақырыптар қоғамға, табиғатқа, сонымен бірге адамдар арасындағы қарым- қатынасқа арналған.

Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныптар оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі. Дүниетану пәні бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, эканомикасы, ғылымы мен мәдениеті, эйтика, әдеп, эстетика, адам табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндерге кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.

Жастардың болашаққа деген бағыт бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қорщаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауаптық қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу ағарту саласының үлесіне тиеді.

Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әр бір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім стандартында “мектептің әр бір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнын толық жүзеге асуын қаматамасыз ету” талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.

Дүниетану – “дүние және тану” деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз – дүние. Сол дүниені танып білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние – қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде-бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білуімен оның таусылмас ерекшіліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асады.

Адамның әр бір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңберімен оның мәнің ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңінің психологиялы ерекшіліктеріне байланысты дүниетану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой пікірі, білім деңгейі даму керек. Керісінше дүниені танып білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана сезімі кеңейе түседі. Адамның көзқарасы сол кездері қалыптасады деп айтуға да болады.

Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным – адам санасының дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаның игеруге де үйренеді.

Таным – филисофиялық ұғым, “айналадағы материалдық шындықты адам санасында бейнеленуі”. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санадай бейнеленеді. Көру, сезіну түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер бірге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамыды.

Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді, екінші зат ендіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.

Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнені қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Таным практикалық қызмет барысында іске асады. Осылайша таным нақты дүниге, қоршаған ортада, бар заттарға негізделеді.

Қазіргі таңда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте, кеңейте түсу талабы болып отыр.

Философиялық ұғымда “дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орнына, тіршіліктің мән мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлері мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы”. Осы философиялық қағида дүние тану көзқарасының түп нұсқасы ретінде оның қалыптасу жолын көрсетеді.

Философия көзқарастың қалыптасуның теориялық мәселелерінің айналыса, оның дидактикалық жағымен педагогика ғылымы айналысады. Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды. Даму өз-өзінен тумайды. Ол тынымсыз ізденіс, қателіктер мен қиындықтарын жеңе отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Қоғамдық өмірдің дамуы, рухани дүниеде болатын өзгерістер, осыған байланысты адамның өмірлік тәжірибесінің молаюы, өзгеруі дүниеге көзқарастың да өзгеруіне әкеліп соғады. Философиялық тұрғыдан алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көзқарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі адам мен қоғам арасындағы жаңа байланысты тудырып, олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр.

Көзқарастың қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, абстракциялық ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейде көтеріледі. 1 сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4 сыныпта дүниенің әр бір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.

Оқушылардың дүниетану көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғары да айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу ағарту жұмыста әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғады. Өйткені балалар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түрінен, көрінісіне байланысты қабылдайды.

Қоғам дамуы, оқу ағарту ісінің ғылыми деңгейде көтерілуі нәтижесінде көзқарастың ғылыми мәні жоғарылайды. Білім мазмұнының тереңдеуіне байланысты дүниеге көзқараста жнақтылана түседі. Білім арқылы ғана әр заттың не құбылыстың шынайы мәні ашылады. Білім жоқ болса, көзқарастың дұрыс дамуы мүмкін емес. Дүниетанудан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние заттарының, құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің санамыздан тыс өмір сүретінін және бір-бірімен байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады. Шындыққа жету жолында өз іс - әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлдікке жеткеннен кейін алған ұғымдарына сенімі артады. Сонымен қатар, әрекет жасап, ізденіп, талпыну арқылы өз-өзінің, алдына қойған мақсатты шеше алатындығына деген сенімі артады.

Бастауыш сыныпта дүниені танытуға байланысты материалдарды оқытуда бірнеше мақсат көзделеді.

Біріншіден адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б. осы сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.

Табиғат байлығының мән мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік оқушыларға бастауыш сыныптағы дүние тану материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды.

Оқушылардың дүниетанымының қалыптасуында эмоция мен логикалық ойдың мәні зор. Бұл екеуі де адамның ішкі сезімін жан әрекеті. Сыртқы шындықтың сезімге әсер етуінен түрлі хабарлар миға жетіп, эмоция тудырады да, ой осыған орай шешім қабылдайды. Ой – қорытынды шығарып, шешім қабылдау тірегі десек, эмоция оның көзге түсетін нәтижесі ретінде сыртқа шығару күйі, түрі. Осыған қарап, эмоция мен ойдың көзқарастың қалыптасуына тікелей әсер ететіндігін көруге болады. Бір затты не құбылысты танық білуге олар үнемі қатар жүреді. Ал танып білу нәтижесінде дүгниетаным қалыптасады.

Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен ол қатынастардың әдіс тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселе, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу – мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.

Дүиетануды оқыту барысында бір жағынан қоғам туралы білім беріп, қоғамның адаммен, табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан, қоғамды дамытудағы адам еңбегінің маңызын ұғындыру мақсаты алға қойылады.

Дүниетану оқушыларды обьективті дүниемен таныстырады, соны үйретеді, сол туралы білім береді. Обьективті дүние адам санасында сәулеленеді, ойын байытады. Сана – білімніңғ жиынтығы ол таным процесі. Дүние тануды оқытудың мәні осында жатыр.

Дүниені тану, білу барысында бала эмоциясының рөлі күшті. Дүниетануды бастауыш сыныпқа оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Олардың танымына сезім мүшелердің қызметі көмегін тигізеді. Оқушы сыртқы дүниені сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Сезініп, қабылдау нәтижесінде оның ой өрісі дамып, тиянақты ұғым алады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, адамның бірнеше даму кезеңі бар екені белгілі. Сол даму кезеңінің әр қайсысына бір жетекші әрекеттің басым болуы тән. Мысалы, үш жасқа дейінгі сәби кезеңінде комуникативті әрекет, яғни қарым-қатынас әрекеті басым. Баланың маңайы мен адамдар арасындағы қарым-қатынасының нәтижесінде тілі дамиды. Тілдің дамуы оның маңайы мен қатынасын күшейтеді де, енді басқа ірекеттерді меңгере бастайды. Осыдан кенйінгі екінші кезең үш жастан басталады. Бұрын маңайы мен қарым-қатынас қатынас әрекетін меңгерген бала енді ойын әрекетінің басқа да әрекеттерімен қабысқан ерекше түріне көшеді. Бала ойын арқылы маңайы мен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге оның таным әрекеті қатар жүреді. А.Н. Леонтевтің пікірінше, бұл ерекше жаңа типті көркем шығармашылық әркет деп аталады. Үшінші кезең мектеп өмірінен басталады. Бұл кезеңдегі бүкіл әрекеттің ішіндегі жетекшісі – таным әрекеті. Оқудың мақсаттылығы жүйелілігі және оны меңгеруге оқушылардың міндеттілігі өріле бірігіп, оқушының оқуға байланысты әрекеттерінің бәрі осы таным әрекетіне тіреледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет