1. бастауыш сынып оқушыларының ДҮниетанымы қалыптасуының теориялық негіздері



бет9/17
Дата20.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#25933
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі және мақсаты, нысанасы, пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу көздері, зерттеудің базасы, практикалық мәнділігі, зерттеу болжамы, зерттеудің ғылыми жаңалығы анықталған.

«Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы қалыптасуының теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері, ойын және ойын элементтерін оқу процесінде қолдану жолдары, дүниетану пәнін оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру жолдары қарастырылған.

«Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы қалыптасуын эксперименталды зерттеу» атты екінші бөлімінде дүниетануды оқытуда дидактикалық ойындардың жіктемесі және ойын элементтерін пайдалану мазмұны, дүниетану сабағында ұлттық ойындарды пайдалану арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру, Дүниетану сабағының тиімділігін арттыруда ойын элементтерін пайдалану жолдары арқылы эксперимент жұмысының нәтижесі көрсетілген.

Қорытынды бөлімінде диплом жұмысымыздың мақсатына сәйкес дүниетануды оқытуда ойын элементтерін пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру нәтижелі болатынынын зерттеу болжамының дәлелденгеніне көз жеткізілген, Жұмыстың теориялық бөлімінде ойын іс-әрекетін, дидактикалық ойындарды зерттеген ғалымдарының еңбектеріне талдау жасалып, болжамдар айтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет