1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Бастауыш сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар



бет38/49
Дата02.06.2023
өлшемі141,75 Kb.
#97905
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
1. Áàñòàóûø ñûíûï î óøûñûíû ïñèõîëîãèÿñû ï í³ ìåí ì³íäåòòåð³

8.Бастауыш сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар
Барлық мектептерде жалғыз дене шынықтыру сабақтарында ғана емес, оқу жылы бойы физикалық белсенді оқуға жағдай жасайтын кеңістік пен бөлмелердің көп болғаны дұрыс. Бұл көлемдері мен формалары әр түрлі қоғамдық және ойын алаңдарын, ашық алаңдарды және жабық бөлмелерді қарастырады. Әр мектепте қимыл-қозғалыс жаттығуларын өткізу үшін ауа баптағышпен жабдықталған немесе жақсы желдеткіш жүйесі бар кем дегенде бір бөлме, ашық даладағы түрлі алаңдар болуы қажет. «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үдерісі динамикалық, интерактивті сипатта болуға тиіс және бұл білім беру бағдарламасы шеңберіндегі ауқымды міндеттер мен оқыту мүмкіндіктеріне сәйкес келетін ішкі және сыртқы бөлмелерді пайдалануға тиісті. Ішкі оқу бөлмелері желдеткіш жүйелерімен жабдықталып, жақсы жарықтандырылып, температуралық режимі сәйкес болуы тиіс. Дене шынықтыру жүктемелерінің көлеміне және қалпына келуге берілетін үзілістердің жиілігіне қарай сыртқы алаңдар сәйкес көлеңке қалқалармен жабдықталуы тиіс. Сыртқы алаңдардың жағдайлары бөлмеде оқыту мүмкіндіктерін барынша табиғи жақсарту сияқты қарастырылуы керек. Мектептерде «Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімдері үшін, сондай-ақ, басқа өңірлерден келіп жұмыс істейтін жаттықтырушылар, мұғалімдер үшін немесе білім бағдарламасын қолдайтын немесе толықтыратын нұсқаушылар үшін қауіпсіз, мамандандырылған, жақсы жабдықталған киім ауыстыру және жұмыс бөлмелерін қамтамасыз етуге тиіс. Киім ауыстыру бөлмелері жынысы мен жасына қарай бөлінуі керек, киім 13 ауыстыруға және жуынуға арналған жер кең болуы тиіс, киім, жеке және бағалы заттарды сақтайтын орын қарастырылғаны дұрыс. Дәретханалар мен душ қабылдайтын бөлмелері жеке гигиена тазалығын сақтайтындай болуы керек.
9.«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасын талдау.Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруға негізгі бағдарлар болып табылады.Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидасын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу мен шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет