Атбасармәдениеті – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Осы мәдениетке жататын тұрақтар мол шоғырланған Атбасар ауылының (Ақмола облысы) атымен аталған. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-мыңжылдықтың аяғы мен 6-мыңжылдықтың басында Арал өңірінде өркендеген Келтеминар мәдениеті мен Ойық мәдениеті негізінде қалыптасқан. Атбасар мәдениетіне жататын 20-ға жуық тұрақ зерттеліп, қазылған. Көптеген тұрақтар Солтүстік Қазақстанның Есіл мен Шағалы өзенінің ескі арналары жағалауларында орналасқан. Табылған еңбек құралдарының арасында жебенің ұштары көп. Бұл мәдениет тұсында үлкен қырғыштар мен пышақтар, шомбал балталар пайда болған. Ыдыстардың сырты өрнектермен безендірілген. Қыш ыдыстардың сынықтары тым аз табылды. Остеологиялық қалдықтар (адам сүйектері) да көп емес. Тек соңғы және ортаңғы неолит тұрақтарында жылқының, ірі қараның сүйектері кездеседі. Табылған заттардың жиынтығы Солтүстік Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықтың басында өндіруші шаруашылықтың қалыптаса бастағанын көрсетеді.