Оқушы — қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін қалыптастыру арқылы біз жеке тұлға қалыптастырамыз. Жеке тұлғаның мерейінің асқақтауына отбасы және мектептегі тәрбиенің маңызы ерекше.
Тәрбие — халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, балалардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.
Ал тәрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, ұлттық сана-сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің рөлі зор. Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім — тәрбиемен сусындату болып табылады. Оқушыға әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз.
Жеке тұлға үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жасөспірімдердің білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қабілеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу.
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін оқушылар ұжымы арқылы тәрбиелеу адам дамуының негізгі қаланатын бастауыш сатыдан басталатын процесс.
Жеке тұлғаны дамыту мәселелері М.В.Блонскийдің, Л.С. Выгатскийдің, Л.В. Рубенштейннің, Д.Б. Элкониннің еңбектерінің негізгі арқау болып табылады. Оқушылардың жеке тұлғасы ретінде қалыптасуына ұжымның мектептің үлкен ықпалы бар.
Оқушының тұлға ретінде дамуында үш түрлі қарым -қатынас орын алады: Тұлғаның өзіне тән қарым-қатынасы .
Тұлғаның басқалармен қарым – қатынасы.
Тұлғаның айналамен қарым – қатынасы.
Осы қатынастар арқылы адам тәрбиесі жетіледі, мінез-құлқы қалыптасады.