1. Бейімделу сөзінің мағынасын ашу. Бейімделу



бет7/7
Дата10.03.2023
өлшемі64,17 Kb.
#73120
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Артпедагогика – баланы бейімдеу құралы ретінде

3.Үнемі мадақтап отыруБаланы үнемі мақтап, оның әрбір іс -әрекетіне көңіл бөлу, баланың рухани өсуіне жақсы әсер етеді. Бала өзіне сеніп тапсырылған әрбір іске сеніммен кірісіп өзінің қабілетін толық ашуға ұмтылады. Үлкендер қолдап отырғанда балалар өздерінің біліктерін бұрынғыданда табысты іске асырады. Мақтау балаға қанат бітіріп қабілеті мен мүмкіншілігін арттырады. Мақтау балаға білім беру мінезін тәрбиелеу жолындағы ең маңызды кілт болып саналады.

  1. Оқытумен тәрбиелеу үрдісі: Білім берудегі негізігі мақсат балаларды зерделі де, өнегелі адам болып өсуіне тәрбиелеу. Біліммен қатар оларға адамгершілік негіздерімен өнегелі өмір принциптерін бағалап, өздері таңдауына жол беру керек. Балаларды өз ойларын, өз пікірлерін, өз сезімдерін дәл айтып беруге үйрету қажет. Сонда ғана олар басқалардың көңіл күйін бөлісе алады. Өзіне сенімді, өз сезімдерін шын айта алады, дұрыс пікірлерін айтып басқаларға көмектесе алады.

Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі білім беру жүйесінде оқушының өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі.
Қазіргі оқушы:
Дүниетаным қабілеті жоғары;
Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, талапты: Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкірттерін, мектебін шексіз сүйетін адам.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет