1. Бейімделу сөзінің мағынасын ашу. Бейімделу



бет6/7
Дата10.03.2023
өлшемі64,17 Kb.
#73120
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Артпедагогика – баланы бейімдеу құралы ретінде

Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету. Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынастың жетілуі олардың мінез-құлқының қалыптасуына, көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін.
Мұғалім кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Мұғалім оқушыларын өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйрететін жан.
Жалпы, үнемі үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншектің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімділік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Оқушылардың сабаққа деген қызығущылынғын арттырады, үлгерімдерін жоғарлатады, шығармашылық қабілеттерін, ынталарын арттырады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады. Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Мұғалімнің бойында төрт қарым –қатынас принциптерінің болу қажет

  1. Үнемі жылы шырай таныту: мұғалімнің әрбір сөзі оның көңіл күйін білдіреді. Мұғалімнің жылы шырай танытуы оның сөйлеген сөзінен, дауыс ырғағынан, қимыл –қозғалысынен көрінеді. Балалар туралы айтқан әрбір сөзі оған деген көзқарасын білдіреді.

  2. Ынтымақтастық: Мұғалім 40 минутта оқушыларға сабағын қызықты өткізе білсе, оқушы сол мұғалімнің сабағына жақсы дайындалып келеді. Егер мұғалім сабағын дұрыс ұйымдастыра алмаса, оқушыларға қалай болса солай сөйлесе, орынсыз балағаттай берсе, оқушымен тіл табыса аламаса, сабақ үстінде әр түрлі сылтаумен сабақ өтілмесе, мұғалімнің оқушы алдында беделі төмендеп оқушыны сабағына қызықтыра алмайды. Сондықтан ынтымақтастық мұғалімнің негізгі құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет