1-Билет: 1-Сұрақ: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйе. Элемент атомдарының электрондық құрылысының ерекшелігі. Жай заттардың, оксидтер мен гидроксидтердің қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі



бет10/29
Дата04.06.2023
өлшемі304,73 Kb.
#98581
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
Бейіндік пәндер бойынша - 30

Көміртек айналымы – табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі организмдердегі көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарларда 34,5–40%, құрғақтағы өсімдіктер мен жануарларда 45,4–46,5%, бактерияларда 54% болады. Организмдердің өмір сүру процесі кезінде, негізінен, тыныс алу арқылы органикалық қосылыстар ыдырап, сыртқы ортаға көмірқышқыл газы бөлінеді. Сондай-ақ, көміртек зат алмасудың күрделі соңғы өнімдері құрамынан да бөлінеді. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін жойғаннан кейін де, микроорганизмдер әрекетінен шіріп, көміртектің біраз бөлігі көмірқышқыл газына айналады. Фотосинтез нәтижесінде өсімдікке сіңеді, одан көмірсуға, крахмалға, т.б. айналады, қорегі арқылы тірі организмдерге ауысады. Демек, табиғаттағы көміртек айналымы, оның жер қыртысындағы жинақталуы мен таралуы, едәуір дәрежеде атмосферадағы көмірқышқыл газының фотосинтез кезінде ассимиляцияға ұшырайтын өсімдік организмдерінің өмір сүруімен тығыз байланыста өтеді. Шіру, жану және дем алу нәтижесінде көміртектің белгілі бір бөлігі атмосфераға қайтып оралады, қалғаны органик. немесе карбонаттық қалдық түрінде бөлінеді, минералданып көмір, мұнай, әктас, т.б. кен шоғырларын түзеді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді.
2-сұрақ: Аминқышқылдары, олардың құрылысы мен биологиялық маңызы, номенклатурасы, алу
әдістері, химиялық қасиеттері. Аминқышқылдарының амин, карбоксил топтары бойынша ерекше қасиеттері. Пептидтер,полипептидтердің түзілуі.

Аминқышқылдары деп– молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы – NH2 және карбоксил тобы – СООН болатын азотты органикалық қосылыстарды айтады.Жалпы формуласы: Жалпы формуласы: (NH2)m R (СООН)n. Оларды карбон қышқылдарының туындылыры деп қарастыруға болады, себебі молекула құрамындағы СН радикалдарындағы сутегі атомын аминтопшасы орнын басқан. Ең қарапайым өкілі аминсірке қышқылы -NH2 —СН2 —СООН. Әлі күнге дейін алғашқы тарихи атауы аминсірке қышқылы- глицин деп аталады. Аминоқышқылдары белок молекуласын құрайтындықтан олардың маңызы өте зор. Аминқышқылдары – гетерофункционалды қосылыстар:
– NH2 амин тобы
– COOH карбоксил тобы
– SН тиол тобы
– ОН гидроксил тобы
Амин қышқылдарының кейбір өкілдері



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет